Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы желтоқсандағы



бет2/10
Дата09.07.2016
өлшемі0.87 Mb.
#186505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Агроөнеркәсіптік кешен.

2011 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,0 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде егін шаруашылығында – 1,8 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 0,9 млрд. теңге. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 101,3 пайызды құрады.

2012 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,2 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде егін шаруашылығында – 2,0 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 0,9 млрд. теңге. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 110,5 пайызды құрады.

2013 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,9 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде егін шаруашылығында – 1,9 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 1,0 млрд. теңге. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 100,6 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2014 жылдың қаңтар-қазан айларында 3386,4 млн.теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 105,0 пайыз көлемінде.

Оның ішінде егін шаруашылығында – 31,8 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 15,2 млрд. теңге. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,5 пайызды құрады.



Егін шаруашылығы.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы:

- егіс көлемі 6563 га-дан 7023 га-ға артқан (+460 га), оның ішінде мал азығындық дақылдар 939 га-дан 1522 га-ға артқан (+583 га), күріш дақылы 203 га-ға кеміген.

- алынған орта өнім бойынша күріштің әр гектарынан 1,5 центнер, көкөністен 2 центнерден өнім артық алынған.

Ауыл шаруашылығы саласын мемлекет тарапынан қолдау мақсатында соңғы 3 жылда субсидиялау көлемі 1,7 есеге өсіп, 182,2 млн.теңгеге жетті. Оның ішінде егін шаруашылығы бойынша дақылдардың егіс көлемін субсидиялау 1,5 есеге, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру бойынша 32,8 пайызға артса, мал шаруашылығы саласында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау 3 есеге жуық артты.

Егін шаруашылығының даму динамикасы



Егіс көлемі, гектар




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.жедел мәлімет

Жалпы егіс көлемі, гектар

6590

6563

6725

7023

Дәнді дақылдар

3233

3113

2386

2990

оның ішінде: күріш

3233

3113

2377

2910

картоп

1000

1000

1000

1000

көкөніс

931

931

929

931

бақша дақылдары

580

580

581

580

мал азығы дақылдары

846

939

1829

1522

Барлық жиналғаны, тонна

оның ішінде: күріш

10321

10501

8379

12571

картоп

11281

13839

11130

11294

көкөніс

11352

13321

11934

12010

бақша дақылдары

7014

8803

7540

7673

мал азығы дақылдары

1993

2341

2806

3835

Орташа өнімділік, ц/га

оның ішінде: күріш

31,9

33,7

35,2

43,2

картоп

112,8

138,4

111,3

112,9

көкөніс

121,8

143,1

128,5

129,0

бақша дақылдары

120,9

151,7

129,8

132,3

мал азығы дақылдары

29,1

30,2

15,3

25,2

Мал шаруашылығы.

Мал шаруашылығы саласында соңғы үш жыл мерзімде «Сыбаға» бағдарламасы аясында 19 шаруа қожалығына 160,3 млн.теңге көлемінде несие беріліп, барлығы 843 бас аналық мүйізді ірі қара мен 43 бас асыл тұқымды бұқалар алынды. Атап айтсақ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 2012 жылы 43,0 млн.теңге, 2013 жылы 41,7 млн.теңге, 2014 жылы 50,2 млн.теңге несие берілген.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде мал басының саны өткен жылмен салыстырғанда: мүйізді ірі қара саны 14484-тен 14931-ге немесе 103,1 пайызға артты; қой және ешкі басы 16384-тен 18564-ке немесе 113,3 пайызға артты; жылқы саны 2768-ден 3217-ге немесе 116,2 пайызға артты; түйе саны 1091-ден 1361-ге немесе 124,7 пайызға артты.

2011-2014 жылдардағы мал басының өзгеру динамикасы

мың бас

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

01.11.

2014ж.


01.11.2014 жыл

01.11.2013 жылға пайызбен



Мал басы:
















Мүйізді ірі қара

12,9

14,4

14,7

14,7

101,3

оның ішінде: Сиырлар

6,1

7,2

7,4

7,0

95,4

Қой мен ешкілер

44,2

17,7

16,0

17,3

108,0

Жылқылар

2,0

2,7

3,0

3,1

108,4

Түйелер

0,9

1,1

1,1

1,4

121,1

Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі жыл сайын артуда. Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша жыл басынан бері 1200,2 тонна ет (тірілей салмақпен), 3553,5 тонна сүт, 491,5 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне тиісінше 104,4%, 100,9% және 100,9% құраған.

Агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі жалпыжүйелік мәселелері:



  • қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жетуі;

  • шаруашылық құрылымдардың қажетті көлемде техника сатып алуға мүмкіншіліктерінің жоқтығы;

  • ауыл шаруашылығы өндірісінің майдалануы;

  • азық-түлік тауарларының ішкі нарығында терең өңделген өңірлік тауарлар үлесінің төмендігі;

  • экономиканың аграрлық саласына инвестиция тарту деңгейінің төмендігі;

  • жайылымдық жерлердің тозуы;

  • өңірде мал шаруашылығы өнімдерін (жүн, тері, елтірі) өңдейтін кәсіпорындардың болмауы.

  • инновациялық жетістіктерді нашар енгізу, өнімнің жекелеген түрлеріне төмен деңгейдегі бәсекелестік;

  • асыл тұқымды емес мал санының көбеюі (93 % мал үй шаруашылығында), көп еңбекті қажет ететін технологиялық процестерді мехникаландыру деңгейінің төмендігі;

  • ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту бойынша: ауылдық жерлерде орналасқан өңдеу кәсіпорындарының өнім шығару қуатылығының аздығынан және оларды техникалық қайта жабдықтауға айналым қаржының жеткіліксіздігі, сапалы шикізаттың жоқтығынан және дайындап өткізу жүйесінің нашар дамуынан өңдеуші кәсіпорынның қуаттылығы төмен деңгейде.

Шағын және орта бизнес, сауда.

2011 жылы қала бойынша тіркелген кәсіпкерлік субьектілерінің саны – 21194 бірлікті құраса, 2012 жылы 21162, 2013 жылы 4942 бірлікке артып 26104 құрады.

2014 жылы облыстық салық басқармасының мәліметіне сәйкес қалада 26488 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде заңды тұлғалар – 6249, жеке кәсіпкерлер – 20239. Тіркелген нысандардың 76 пайызы белсенді қатарында.

2014 жылдың 1 қарашасына қалада кәсіпкерлік саласында 1874 жаңадан жұмыс орны ашылды, оның ішінде 426 - білім және денсаулық сақтау саласында, 276 – сауда саласында, 121 – өнеркәсіп саласында, 220 - уақытша және маусымдықта, ауылшаруашылығында – 40, 791 – басқа да қызмет түрлері бойынша жұмыс орындары ашылды. Соңғы үш жыл мерзімде Қызылорда қаласында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 25%-ға немесе 5326-ға артып, 3,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылған.



Облыс бойынша шағын кәсіпорындармен өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемінде Қызылорда қаласының үлесі соңғы жылдары 88 пайыздан 92 пайызға артып, 2013 жылы 145,9 млрд.теңгеге жетсе, 2014 жылдың жартыжылдық қорытындысымен 32,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтері көрсетілген.

Қаланың бөлшек сауда тауар айналымы 2011 жылы 68,4 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылға 121,6 пайыз, 2012 жылы 93,5 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылға 130,5 пайыз, 2013 жылы 111,4 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылға 115,7 пайыз. 2014 жылдың басынан бері 119,0 млн.теңге немесе өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 125,0 пайызды құрады.

Жалпы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы халықты жұмыспен қамту деңгейінің артуына және кедейшіліктің төмендеуіне жағдай жасайды.

Шағын өнеркәсіптегі өзекті мәселелер:



  • сауда нарығындағы көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі;

  • несиелік ресурстарға шағын кәсіпкерліктің қолжетімділігінің төмен деңгейі (банктік құрылымдардың несиелік ресурстарды берудегі жоғары талап қоюы);

  • ішкі саудадағы инфрақұрылымның жеткіліксіз даму деңгейі;

  • инновациялық экономикаға шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысуларының жеткіліксіздігі, яғни бизнесті жүргізу барысында жаңа ғылыми жаңалықтар мен технологиялар енгізудің жеткіліксіз қолданылуы.

Инновация және инвестиция. Қалада экономикалық әлеуеттің дамуына қолайлы инвестициялық ахуал орын алып отыр. Соңғы үш жыл мерзімде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 557,8 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық салымдарының үлесі жыл сайын артып, 61%-дан 83% құрады.

2011 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 184,7 млрд. теңгені құрады немесе 2010 жылға 93,5 пайыз, оның ішінде қаржыландыру көздері бойынша: бюджет қаражаттары – 12,1 млрд.теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың қаражаты – 113,9 млрд.теңге, шетел инвестициялары және қарыз қаражаттары – 56,3 млрд.теңге.

2012 жылы 195,7 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылға 102,3 пайыз. Инвестиция құрылымында басым үлесті кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың қаражаттары алады – 63,8 пайыз (124,8 млрд.теңге).

2013 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 179,5 млрд.теңге немесе 2012 жылға 88,8 пайызды құрады.



2014 жылдың 10 айында 112,8 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86,6 % құрады. Айта кету керек, облыстағы үлесі 51,8 %. Салыстырмалы түрде қарасақ инвестиция тарту бойынша Қызылорда қаласы Республикадағы 14 облыс орталықтарының ішінде Атырау, Ақтөбе қалаларынан кейін 3 орында.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасының аяқталуынан 2014 жылы инвестиция көлемінің серпіні 2013 жылға қарағанда едәуір төмендеді. Дегенмен, қала аумағында жеке кәсіпкерлермен бірқатар нысандар (мейрамхана, қонақ үйлер, коммерциялық тұрғын үй, сауда үйлері т.б) құрылыстары қарқынды салынуда.

Инновациялық технологияларды дамыту шеңберінде:

Ағымдағы жылы «Smart Rabber» ЖШС ескі автөкөлік дөңгелектерін қайта өндеу арқылы резеңке ұнтақтары мен жер асты суару түтіктерін шығаратын өндіріс орыны ашылды. Бұл жоба - инновациялық технология қолданатындықтан біріншіден инновациялық жоба болса, екіншіден «Жасыл экономика» саясаты аясында қалдықсыз өндіріс орны болып табылады.

«Эко-н сервис» ЖШС «Құрамында уландырғыш сынап бар энергия үнемдеуші шамдарды жинау және залалсыздандыру» жобасын жүзеге асырды.

Облыста химия саласында химиялық реагенттерді көп мөлшерде шығаруды жүзеге асырушы жалғыз жоба бұл «Қызылорда қаласындағы Хуа Ю Интернационал» ЖШС-нің жобасы. Нысан ағымдағы жылдың қаңтар айында пайдалануға берілді.

Өзекті мәселелер:

- әлсіз салааралық экономикалық интеграция;

- өндірістік инфрақұрылымның дамымауы;

- кәсіпорынның жалпы техникалық және технологиялық тозуы;

- ғылым мен өндірістің тиімді байланысының болмауы;


  • инновациялық бизнес белсенділігінің төмен деңгейі.

Әлеуметтік сала.

Білім. Мектепке дейінгі білім. Жыл сайын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны артуда.

2011 жылы 75 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасап, онда 10194 бала тәрбиеленді. Қамтылу деңгейі 66 пайыз.

2012 жылы бұл көрсеткіш 24 бірлікке артып 99 құрады, тәрбиеленген бала саны 13338, яғни 71 пайыз.

2013 жылы 112 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасады, онда 14576 бала тәрбиеленіп, балабақшамен қамтылғаны 74,9 пайызды құрады.

2014 жылы 134 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында барлығы – 17726 (3-6 жас аралығындағы) бала қамтылып отыр. Оның ішінде, 24 мемлекеттік балабақшада 4757 бала, 40 шағын орталықта 2241 бала, 70 жеке балабақшада 6487 бала. Қалада 3-6 жас аралығындағы бала саны – 21305. Балабақшамен қамтылу деңгейі 74,9%-дан 83,2%-ға өскен.

Мемлекеттік балабақшалар саны 20-дан 24-ке көбейсе, шағын орталықтар саны 38-ден 40-қа көбейді, тиісінше қамтылған бала саны 1448 балаға немесе 26% артты.

Мемлекеттік тапсырыс арқылы жеке балабақшалар саны 41 бірліктен 70 бірлікке жетті, тиісінше қамтылған бала саны 3319 балаға немесе 2 есеге артты.

«Балапан» бағдарламасына сәйкес коммуналдық меншікке қайтарылған Ақжарма ауылындағы 100 орындық «Гүлдәурен» балабақшасы, Қазақ-Түрік лицейінің интернаты болған 140 орындық «Сказка» балабақшасы, № 14 «Самал» балабақшасының 100 орындық блогы және Ақсуат ауылындағы 140 орындық «Жауқазын» балабақшасы ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге қалалық бюджеттен 5,5 млн.теңге бөлінді.

Сонымен қатар қалалық бюджеттен 65,8 млн.теңге бөлініп, Талсуат ауылдық округіндегі коммуналдық меншікке қайтарылған «Ласточка» балабақшасы күрделі жөндеуден өткізілді.



2012-2014 жылдары іске қосылған балабақшалар:

Республикалық бюджет есебінен екі 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, іске қосылды («Сыр бөбегі» б/б Саяхат тұрғын ауданында, «Сыр еркесі» б/б Ипподром тұрғын ауданында).

Жергілікті бюджет есебінен екі 140 орындық балабақша құрылысы аяқталып, іске қосылды («Сыр жұлдызы» б/б Ал Фараби т/а, «Сыр самалы» б/б Наурыз т/а).

Республикалық бюджет есебінен бір 280 орындық балабақша құрылысы аяқталып, іске қосылды. («Сыр дидары» б/б Қызылжарма ауылдық округінде)

Үш жылда атқарылған шаралар нәтижесінде:


  • мектепке дейінгі тәрбие берумен қамту 83,2% (21305 баланың 17726-ы балабақшамен қамтылған).

  • мектепке дейінгі даярлықпен қамту 100%.

Жалпы орта білім. 2010-2011 оқу жылында қалалық білім бөліміне қарасты 51 мектепте 41296 оқушы білім алды.

2011-2012 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде қамтылған оқушы саны 42516. Қазіргі таңда 54 жалпы білім беретін мектеп және 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды. Олардың ішінде 7 мектеп-лицей (№№ 3, 5, 10, 15, 23, 136, 264), 3 мектеп-гимназия (№1, №9, №212), 1 «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектебі (№2) бар. Қамтылған бала саны 45950.

2014-2015 оқу жылында қала мектептерінде білім алатын 45950 оқушыға 5334 мұғалім дәріс береді. Олардың 4982-і жоғары білімді және 352-і арнаулы орта білімді мұғалімдер. Педагогтардың 481-і жоғары санатты, 1946-і І санатты, 1499-і ІІ санатты мамандар.

Жыл сайын мектеп оқушыларының арасында ҰБТ бойынша орташа балл көрсеткіші 2012 жылы 69,1 болса, 2013 жылы ҰБТ-ден орташа балл 76,8 болды, ал 2014 жылы 75,2 болды.

2013 жылы 21 мектеп бітіруші «Алтын белгіге» белгісіне ие болса, 2014 жылы 39 бала иеленіп, олардың саны 18 артты.

Тұрмысы төмен отбасы балаларын ыстық тамақпен қамту - 100 пайыз, ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны - 5063 бала. Тасымалдауды қажет ететін 390 оқушы мектептерге бөлінген автобустармен 100 пайызға тасымалдануда.

Балаларды қосымша біліммен қамтуды көбейту мақсатында балалардың спорт, өнермен шұғылдануына арналған №264 мектеп базасында қосымша білім беру орталығы және Тасбөгет кентінде №176 мектеп жанынан «Оқушылар үйі» ашылды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 5 мектеп пен 1 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 379,8 млн. теңге және облыстық бюджеттен 53,2 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар қалалық бюджеттен бөлінген 241,5 млн. теңгеге 10 мектеп, 1 бала бақша және 1 оқушылар сарайына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін №4, 7, 211, 222 мектептер жанынан 4 логопедтік пункт, №264 орта мектеп базасында және «Сыр жұлдызы» балабақшасы жанынан мүгедек балалар үшін арнайы инклюзивті топ ашылды;

Облыстық бюджет қаржысы есебінен Қарауылтөбе ауылдық округіндегі апаттық жағдайдағы №179 мектептің және Талдыарал елді мекенде № 215 мектептің орнына жаңа мектеп құрылысы салынып, пайдалануға берілді;

-жергілікті бюджеттен Наурыз мөлтек ауданында 300 орындық мектеп құрылысы аяқталып, іске қосылды;

- Досан елді мекенінде мемлекеттік жеке әріптестік негізінде 100 орындық мектеп құрылысы аяқталып іске қосылды;

- жергілікті бюджеттен Бірқазан елді мекенінде 20 орындық балабақшасымен 50 орындық мектеп құрылысы аяқталып іске қосылды;

- Түркістан көшесінде 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталып, іске қосылды.

- жергілікті бюджет есебінен № 4 мектептің ғимараты кеңейтіліп, спорт залы, кітапхана және шеберхана ғимараттарының құрылысы салынды;

- республикалық бюджеттен Қорқыт ата көшесінде 900 орындық мектеп құрылысын аяқтап іске қосу 2014 жыл аяғына жоспарланды.

Жастар саясаты. Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 14-29 жас аралығында қала бойынша 69221 жас тіркелген. Оның ішінде ауыл жастары – 10705. Бұл қала тұрғындарының 28,03 пайызын құрайды.

Жыл сайын жастар қоғамдық ұйымдарының, жастардың әлеуметтік маңызды жобаларының және іс шараларының саны артуда.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары өңірдегі жастар ұйымдарының саны оннан аспайтын болса, қазіргі таңда олардың саны елуге жуық және оның ішінде 22 жастар ұйымы белсенді жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бөлінетін қаржы көлемі де бірнеше есеге ұлғайды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 2011 жылы 4,2 млн. теңге, 2012 жылы 4,9 млн теңге, ал, 2013 жылы 12,7 млн. теңге, 2014 жылы 16,7 млн теңге қаралды, яғни соңғы төрт жыл ішінде 4 есеге жуық өсті.

Биыл «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру» кызметі бойынша 10 әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылды. Аталған жобаларды “Самұрық” инновациялық идеяларды дамыту орталығы, “Қызылорда жастары”, “Ақиқат айнасы” және “Қазақстан студенттер Альянсы Қызылорда қалалық филиалы” секілді қоғамдық бірлестіктері мен қорлар жүзеге асырды.

Жастардың белсенділігін арттыру, жас көшбасшыларды тәрбиелеу және олардың шешендік өнерін дамыту мақсатында бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан “Эрудит” жас көшбасшылар мектебінің өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. Қазіргі таңда осы мектепте 400 жас тұрақты дәріс алады. Осы қоғамдық мектепте өз саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген білікті әрі тәжірибесі мол мамандар, облыстық басқарма басшылары шеберлік сабақтарын өткізіп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен ой бөлісіп, бағыт-бағдар берді. Қазіргі таңда жоба аясында 82 шара өткізіліп, жалпы қамтылған жастар саны 3000.

Өзекті мәселелер:

- 12 жылдық білім беруге ауысуына байланысты мектептердің материалдық базасын толықтыру қажеттілігі;

- жастар арасында патриоттық сезімнің жеткіліксіз деңгейі;

- жұмыспен қамту нарығында жоғарғы білімі бар болуымен дара мамандықтарға сұраныстың жоқ болуы;



Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау саласында бюджет 2013 жылы 23 733 699,0 мың теңгені құрады, 2012 жылы 19 213 499,0 мың теңге. 2012 жылға қарағанда 19 пайызға жоғары. 2014 жылғы бюджет 30 396 139,0 мың теңгені құрады. Ана өлімі мен сәбилер өлімі соңғы 3 жылда қарқынды төмендеуде. Соңғы 3 жылда ана өлімі көрсеткіші 88 пайызға, сәби өлімі 43,5 пайызға төмендегені байқалды.

жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда өткен жылмен салыстырғанда 4 % төмендеген (2013 жылдың 10 айында 4,1; 2014 жылдың 10 айында-4,1).

қатерлі ісіктермен аурушаңдық көрсеткіші облыс бойынша 100 мың адамға шаққанда 112,3 (2013 жылдың 10 айында – 110,9) құрап, 1,0% жоғарылап отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет