Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 14 мамыр №129 Қызылорда облысының экономика



жүктеу 22.25 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі22.25 Kb.


Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы

2012 жылғы 14 мамыр

129



«Қызылорда облысының экономика

және бюджеттік жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015

жылдарға арналған стратегиялық

жоспарын бекіту туралы» Қызылорда

облысы әкімдігінің 2010 жылғы

30 желтоқсандағы № 1011 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы 12 сессиясының №61 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №704 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі №100 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1011 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«7. Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде:

«7.1. Бюджеттік бағдарламалар» бөлімшесінде:

«001 – Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау және облысты басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметтері» бюджеттік бағдарламасының:

«2013 жыл» бағанындағы:

«Бюджет шығыстарының көлемі» жолындағы «105456» деген сандар «105430» деген сандармен ауыстырылсын;

«108» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«003 - Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу»;

«003 - Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының:

«2013 жыл» бағанындағы:

«Бюджет шығыстарының көлемі» жолындағы «361094» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;

«7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы» бөлімшесінде:

«2013 жыл» бағанындағы:

«Бюджет шығыстарының барлығы:» жолындағы «793750» деген сандар «432630» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» жолындағы «793750» деген сандар «432630» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Годуноваға жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.




Қызылорда облысының

әкімі Қ. Көшербаев




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет