Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
Облыстың орта медициналық персонал мамандарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
Оқыту жоспарына сәйкес, ел ішінде дәрігерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
Жалпы практикалық дәрігерлерді даярлау және оларды мамандықтарына қарай жұмыспен қамту;
Мастер класстар өткізу үшін мамандарды шет елдерде оқыту және шетелдік емханалардан мамандар тарту;
Аса қажет мамандықтар бойынша денсаулық сақтау саласының дәрігерлерін даярлау үшін облыс әкімінің гранттарын бөлу;
Ауылдық жерлерге барған жас мамандарды әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз ету (тұрғын үй, көтермелеу жәрдемақы);
«Фармация» БК қаржысы есебінен медицина мекемелерінің тапсырысына сәйкес емдік препараттар Бірыңғай дистрибьютерлік жүйе арқылы сатып алу;
Медицина мекемелерінде дәрігерлік құралдар есебін жасайтын автоматтандырылған бағдарлама ендіру;
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы тарапынан ұсынылған Халықаралық бағдарламаларды енгізу: «Әйелдерді қауіпсіз жүктілікпен қамтамасыз ету», «Бала жастан ауруларды интегралды жүргізу»;
Медицина мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау үшін санитарлық автокөлік құралдарын және медициналық жабдықтар сатып алып беру;
Денсаулық сақтау мекемелерін күрделі жөндеуден өткізу;
Қызылорда қаласында 200 орынға арналған көпсалалы балалар ауруханасының құрылысын салу;
Онкологиялық диспансерді орналастыру үшін облыстық медицина орталығына 175 орынға арналған қосымша құрылыс салу;
Жалағаш ауданының Жалағаш кентінде орталық аудандық аурухана құрылысын салу;
Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде орталық аудандық аурухана құрылысын салу;
Емханалар, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулаториялар құрылыстарын салу (Жалағаш, Жосалы, Шиелі, Жаңақорған, Тереңөзек кенттерінде);
Қызылорда қаласының шет аймағында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы;
Облыстың ауылдық елді мекендерінде медицина пункттері ғимараттарының құрылысын салу немесе сатып алу;
Медицина мекемелері қызметтеріне мониторинг жүргізіп, статистикалық қадағалау мақсатында нақты әр уақытылы медицина-статистикалық, қаржы-экономикалық мәліметтер беру үшін жинақтау және өңдеу, сақтау және талдау және өзге де мәліметтерді ұйымдастыру және ұсыну;
Мақсаттық тұрғындар топтарын профилактикалық қарау және скринингтік зерттеулер жүргізу;
Амбулаториялық деңгейде бөлек категориялы тұрғындарды емдік тағамдармен қоса дәрілік құралдармен және балаларға арнайы дайындалған тамақтармен қамтамасыз ету;
Жүкті әйелдерді ана қауіпсіздігі принциптеріне, ана сүтімен қоректендірудің артықшылығы туралы насихаттау;
Азаматтардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында тұрғындарға арнайы емдік-диагностикалық, психикалық, сауықтыру көмектерін көрсету;
Халықты кезек күттірмейтін, тәулік бойына жедел көмек көрсететін білікті жедел қызметпен қамтамасыз ету;
Бөлек категориялы азаматтарға кепілдендірілген тегін тіс көмегін көрсету;
Балалардағы пневмониямен ЖРВИ-дің алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
ауру профилактикасы, гигиеналық тәрбиелеу, жағымсыз факторлардың әсер етуін ескерту бойынша оқыту бағдарламаларын даярлау, сондай-ақ ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарын өткізу;
фертильдік жастағы әйелдерді контрацептермен (жүкті болдырмауға арналған құралдармен) қамтамасыз ету;
халықты медициналық иммундық биологиялық препараттармен және өзге де вакциналармен қамтамасыз етіп, жұқпалы ауруларды төмендету және профилактика жасау;
халықты сапалы қан препараттарымен қамтамасыз ету;
жетім балалардың, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу, сауықтыру және денсаулықтарын нығайту;
шалғай ауылдардағы азаматтардың емделуі үшін тегін жолақымен қамтамасыз ету;
патогистологиялық зерттеулерді тез әрі сапалы жүргізу, олардың сапасын арттыру, макроскопиялық және микроскопиялық зерттеулер жүргізе отырып, аурудың диагностикасын дәлелдеу;
жұмылдыру дайындығымен қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарына облыс көлемінде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
ерлердің өмір сүру ұзақтығын арттыру, олардың денсаулығын жақсарту үшін емдік- диагностикалық шараларды жүргізетін ерлер денсаулығы орталығын;
жедел жәрдем көрсету сапасын жақсарту үшін Қызылорда қаласындағы жедел жәрдем көрсету стансасында қосымша 2 бригада ашу;
Арал ауданындағы жедел жәрдем көрсету бөлімшесінде қосымша 1 бригада ашу;
балалардың есту қабілетінің бұзылуын ерте бастан айқындау мақсатында облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында сурдологиялық кабинетін ашу;
репродуктивтік денсаулық жөнінде жастарды ақпараттандыруды арттыру, салауатты өмір салтын ендіру дағдысын үйрету, қоғамда жастардың құқығы туралы сауаттылығын көтеру мақсатында 2 жастар орталығын ашу;
әскери қызметке шақырылу және қосылу кезінде азаматтарды медициналық куәландыру;
ауылдық жерлерге практикалық және оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін облыс орталығындағы медицина ұйымдары қатарынан шығу бригадаларын жасақтау.
Халықты әлеуметтік қорғау
Мақсат: Облыс халқының ахуалын және өмір деңгейін арттыру
|