Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет2/8
Дата23.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#4602
1   2   3   4   5   6   7   8

2011 жылы алғаш рет облыста аудандардың елді мекендеріндегі жолдарды орташа жөндеуге 1 млрд. теңге, Қызылорда қаласының жолдарын орташа жөндеуге 1 млрд. теңге бөлінді.


Адами ресурстарды дамыту бойынша біршама жұмыстар атқарылуда

2011 жылы білім беру саласында 5 мектеп, 5 балабақша құрылысы салынды


(2460 орындық), 18 жеке балабақша ашылды, 4991 баланы қамтитын 100 шағын орталық құрылды, аз қамтылған отбасылардың балалары 100 пайызға ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Денсаулық сақтау саласында 30 жылдан бері алғашқы рет облыстың шалғай аймақтарынан ауруларды жеткізу үшін санитарлық авиацияны пайдалану тәжірибесі қайта қолға алынды. Қазіргі таңда аталған көмек әдісімен ауылдардың 10000-дай тұрғынына көмек көрсетілді. 2011 жылы қосымша жедел медициналық көмек бригадасы құрылды,


2012 жылы тағы бір бригада ашылды.

Медициналық кадрларға жетіспеушілік мәселесі шешілуде. Жалпы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 113 жас дәрігер аудандық, ауылдық денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілді. 2011 жылы облысқа 90-ға жуық жоғарғы медициналық оқу орындарының түлектері қосылды, оның ішінде 41 ауылдарға жіберілді. Нәтижесінде соңғы үш жыл ішінде ауылдық жерлерде дәрігерлерге қажеттілік 52,3-тен 37,8 пайызға төмендеді.

Медицина қызметкерлері үшін шетелдің жетекші мамандарын тарту арқылы
шебер-класс өткізу, сонымен қатар дәрігерлердің шетелде біліктілігін арттыру бағытында тәжірибе жалғасуда. 2011 жылы шебер-класс бойынша 30 дәрігер, 183 акушер-гинеколог білім алды.

2011 жылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек желісі 124 әлеуметтік мамандармен толықтырылды. 2011 жылы 40 бірлік санитарлық автокөлік, 3 тез әрекет жасауға дайын медициналық кешен – көлік клиникасы, 3 арнайы машина, 3 реанимобиль сатып алынды.

Жаңа туылған сәбилерді, аяғы ауыл әйелдерді скринингілік зерттеуден басқа,
2011 жылы бірінші рет диабет және артериалдық гипертензия ауруларына скринингілік зерттеу жүргізілді.

Салада қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде 2011 жыл ішінде жалпы аурушаңдық 14,6 пайызға, онкология ауруы 1,3 пайызға, қатерлі ісіктерден өлім


16,2 пайызға, жүрек-тамыр аурулары 18,8 пайызға, туберкулез ауруы 8,8 пайызға, ана өлімі 70 пайызға, сәбилер өлімі 10,7 пайызға, жалпы өлім 5,1 пайызға төмендеді.

Жыл сайын бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны артуда, 2011 жылы олардың саны 148,5 мың адамды құрады.

Соңғы 6 жылда жасөспірім балалар үшін спорт мектептерінің саны 17-ден 22-ге жетті, қазіргі таңда оларда спорттың 29 оның ішінде 17 олимпиядалық түрі кең тарауда.

2009 жылдан бастап, жыл сайын ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту мақсатында бюджет қаражаты есебінен 20-ден астам спорттық инструкторлар тартылуда.

Соңғы 2 жыл ішінде облыс бойынша 130 спорт алаңы салынып, тағы 100-ге жуығы салынуда.

Аралда денешынықтыру-сауықтыру кешені, теннис корты пайдалануға берілді, мұз айдыны бар спорттық кешеннің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, бұқаралық спортпен қамту көрсеткішін 2015 жылы 25 пайызға жеткізу бойынша жоспар 2008 жылғы 7,2 пайызға қарағанда қазіргі таңда 21 пайызға жетіп отыр.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет Қызылордалық спортшы – Илья Ильин олимпияда ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.

Қазіргі кезде мемлекеттік-жеке әріптестік аясында білім, спорт және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын салу қарқынды дамуда.

Мәдениет саласы бойынша 2011 жыл ішінде 8746 мәдени-бұқаралық шаралар, оның ішінде «ТҮРІК» халықаралық ұйымымен бірлесіп «Қорқыт және Ұлы дала әуендері» атты тақырыпта халықаралық фестиваль өткізілді, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған үш облыстың мәдениет күндері өткізілді, бірлескен концерт аясында Бейбітшілік және Келісім сарайында өнер шеберлері өнер көрсетті. Сонымен қатар, республиканың астанасы болған – Орынбор, Ақмешіт, Алматы, Астана қалаларына өнер керуендері ұйымдастырылды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығының құрметіне «Елім менің» тақырыбында 20 номинация бойынша облыстық шығармашылық байқауы өткізілді.

Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығының құрметіне А. Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапхананың облыстық базасында «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан кітапханалары: даму жетістіктері мен басымдықтары» атты тақырыпта республикалық конференция және «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» атты республикалық суретшілер және мүсіншілер симпозиумы өткізілді.

2011 жылы «Сыр саңлақтары» атты атақты жыршы, жырау, ақын мұраларына арналған жинақ, Ж.Аққұловтың орындауындағы Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығының аудио-кітабы, «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» альбомы, қолөнер шеберлерінің туындыларына арналған «Көненің көзі» альбом-каталогы жарыққа шықты.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығының құрметіне республика бойынша бірінші рет 225 ақын, жазушы, композитор, әнші, жыршы-термеші, домбырашы және басқа да облыста аты аңызға айналған мәдениет өкілдерінің дауысы жинақталған бірегей музыкалық антологияны шығару ұйымдастырылды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығының құрметіне мәдениет және өнер мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлкен көңіл бөлінуде.

Облыстың барлық аудандық мұражайларында «Тәуелсіз Қазақстан» залы ашылды.

Аудандардың барлық мәдениет үйлері үшін және Арал, Жалағаш аудандарында екі ауылдық мәдениет үйлеріне автобустар алынды. Концерттік киімдер тігіліп, облыстық музыкалық-драма театрына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, тарихи сәулет-ескерткіштері Айтбай мешіті, Түмен әулие кесенесі ғимараттарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жанқожа батыр ескерткіші жөндеуден өтті. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының фасады қайта жаңартылды.
Әлеуметтік қорғау

2011 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес, тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға ықпал ету жолымен тұрғындардың табысын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы (одан әрі – «Жұмыспен қамту 2020») іске асырыла бастады. Облыста бағдарламаны іске асыру мақсатында Іс-шаралар жоспары бекітілді.

Аудандар және Қызылорда қаласында жұмыспен қамту мәселесі бойынша құрамында мәслихат депутаттары бар өңірлік комиссия құрылды.

Жұмыспен қамту бағдарламасын тиімді іске асыру үшін 8 жұмыспен қамту орталықтары құрылды.

2011 жылы бағдарламаны іске асыру мақсатында жалпы 2,8 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде 1,9 млрд. теңге ауылға бағытталды.

2011 жылы бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша жұмыспен қамту органына


4985 адам хабарласты, оның ішінде 4627 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалды.

Бағдарлама үш бағыт арқылы іске асырылды.

Бірінші бағыт-«Жұмыспен қамтуға ықпал ету және оқыту» бойынша 2011 жылы гранттық көмек негізінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 2927 жас үшін, шәкірт ақы, көлік және тұру ақысы төленетін, колледждер мен лицейлерге түсу үшін.

Оқуға барлығы 4232 адам бағытталды, оның ішінде кәсіби дайындықтан 2927 адам, қайта даярлаудан 963 жұмыссыз өтті, олардың 329-ы адам жұмыспен қамтылды, кәсіби біліктілігін 342-і адам, оның ішінде 92-і жұмыспен қамтылды.

Облыстың 430 мекемесі мен ұйымдарында әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды, оған 2203 адам, яғни жоспарланған көрсеткіштен 2 есе артық адам жұмысқа орналасты.

Екінші бағыт-«Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету» бойынша қатысушылардың саны 600-ден асты. Облыста шағын несие бойынша уәкілетті өңірлік мекеме болып «Қызылорда ӘКК» АҚ-ы танылды.

Үшінші бағыт-«Еңбек ресурстарын жұмылдыруды жоғарылату» бойынша 39 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде:

Арал ауданында -1 үй;

Қазалы ауданында – 8 үй, құрылысы 2012 жылы жалғасуда.

Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылында – 30 үй, құрылысы 2012 жылы жалғасуда.

Қызылорда қаласында 60 пәтерлік үйдің құрылысы жүргізілуде.

2012 жылы аталған бағдарлама бойынша 5,6 млрд. теңге бөлінді, яғни 2011 жылмен салыстырғанда екі есе артық, онда тұрғын үй құрылысының және инженерлік-коммуникациялық жүйелердің, кадрлардың біліктілігін артыру және даярлау, қайта даярлау, кәсіпкерлікке оқыту шығындары, шағын несиелер беру, әлеуметтік жұмыс орындары – еңбек ақыны субсидиялау, көшу үшін субсидия ұсыну, тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарының қызметін және жастар тәжірибесін қамтамасыз ету шығындары есепке алынған.

2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына тағы бір бағыт-«Елді мекендерді абаттандыру және дамыту» қосылды, бұл бағытқа республикалық бюджет есебінен 456,1 млн. теңге бөлініп, 21 ауылдық елді мекендерде көркейту жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша да біршама жұмыстар атқарылды. 2011 жылы халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа 26 өкілдіктері мен филиалдары ашылды. Орталықтарда 73 қызмет түрлері бойынша кеңес берілуде: паспорт беру, жеке куәлік, туу, неке, өлім туралы куәліктер, басқа да анықтамалар, сонымен қатар, заңды және басқа да тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді рәсімдеу. Егер 2010 жылы 355 мыңнан астам құжат рәсімделсе, 2011 жылы бұл көрсеткіш 400 мыңға дейін артты.

Тұрғындарға қызмет көрсету процесін жетілдіру мақсатында ақпараттық жүйе «Электронды үкімет» өңірлік реттегіш тоспа» аясында облыстың мемлекеттік органдарында 19 қызмет тираждан өтті.

Облыстың 30 жергілікті атқарушы органдары, оның ішінде 22 облыстық басқарма мен аудан, қала әкімдіктері бірыңғай электронды құжат айналымымен қамтылған.

Ведомствоаралық электрондық құжат айналымы үшін мемлекеттік органдар орталығын куәландыратын 200 шақты электрондық-сандық қолтаңба белгіленген. Сонымен қатар, 1000-нан астам мемлекеттік қызметшілер мен тұтынушылардан жүйені пайдалану дағдысы бар.

Облыс бойынша мемлекеттік органдардың электрондық қызметке кеңінен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 47 қоғамдық пункттер қызмет етуде (одан әрі - ҚҚП).


Этникалық қатынас

Өңірде 11 этномәдени бірлестік қызмет етуде. Олардың қызметі-ұлттық


салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптарды, тіл және өңірдің мәдениет саласында басқа да этносын дамыту және сақтап қалуға бағытталған.

Облыстың этномәдени орталықтары тарапынан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау аясында конференция, акция, форумдар және байқаулар форматында 27 шара өткізілді.

Сонымен қатар, тұрғындарды облыста құрылған жалған дін ұйымдарының жұмыстары туралы ақпараттандыру және алдын алу мақсатында дін саласында мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат топтары құрылып, жұмыстар атқаруда. Қаладағы және аудандардағы жоғары, орта және орта арнаулы оқу орындарында
3 мыңнан астам адам қамтылған 107 кездесу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, ақпараттық-насихатшы тобының қызметінде, бұл жұмыстар басқа бағыттарда жүргізілуде: бұқаралық ақпарат құралдарында сюжеттер жариялау, көзбен шолу жарнамасын қолдану және т.б.

Облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде «Дін-адамдық айнасы» және «Религия и общество» айдарлары құрылды және ашылды. Жалған және теріс ағымдағы дін ағымдары ықпалының алдын алу бойынша 41 бейне сюжет, 23 мақала жарияланды.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін облыстың ақпараттық инфрақұрылымы электрондық және баспасы бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыруда. Қызылорда облысының аумағында 82 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген және жұмыс атқаруда, оның ішінде 7-і электрондық, 75-і басылымдық. Облыстың барлық аумақтарына таратылатын және жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдарының саны


17 пайызға артты. 15 газет пен журнал шығарыла бастады.

Облыс аумағында ілінетін және таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарының арасында мемлекеттік тапсырысты ұсыну арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін қолайлы жағдай қалыптастырылуда.

Өңірде құқықтық тәртіпті және азаматтардың тұрақтылығын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші дәрежедегі маңызға ие.

Ішкі істер департаментінің жүйесі қосымша 30 қызметтік машинамен, 200 бірлік компьютермен нығайтылды. Жолдарда тәртіпті жүргізу үшін МАИ қызметкерлері үшін «Поток» жедел- ақпараттық кешен, 20 «Визирь» жылдамдық өлшеуіш алынды.

Арал аудандық ішкі істер бөлімінің және көші-қон полициясының әкімшілік ғимараты, Қызылорда қаласында кинологиялық орталық пайдалануға берілді.

Көп қабатты үлердің аулаларында, көшелерде және қоғамдық орындарда қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 102 бейне камералар орнатылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жолдардағы апаттардың саны 1,4 пайызға, топтық қылмыстардың саны 13,6 пайызға төмендеді.

2011 жылы облыстағы құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау аясында көші-қон саясаты жүйесіндегі қызметтер, сонымен қатар паспорт тәртібін қадағалау бойынша қызметтер республикалық деңгейден жергілікті деңгейге берілді.


Экология

Экологиялық тепе теңдікті сақтау мақсатында облыста жайылымдық және шабындық жерлерді, көлдер мен су айдындарын суландыру жұмыстары жүргізілуде.

2011 жылы 4 магистралдық канал және Шиелі, Жалағаш, Қармақшы және Қазалы аудандарындағы коллекторлар жаңғыртылып, қайта қалпына келтірілді. Жалағаш ауданының 15 мың гектардан астам жердегі ирригация және дренаж жүйелерінің төл құжаттарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар иесіз қалған су шаруашылығы және гидромелиоративтік нысандарды облыстың коммуналдық меншігіне өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

16 каналды тазалау және 34 суқұрылғыларын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалпы көлемі 2 мың гектар телімде 12 мыңнан астам отбасы үй маңы шаруашылығын жүргізуге мүмкіндік алды.

20 мыңнан астам жайылымдық және шабындық жерлер суландырылды, 4 мың гектар алаңдағы көлдер суға толды.

4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар және нәтижелі көрсеткіштер


1 бағыт. Өңір экономикасын дамыту

Өңірлік мароэкономика



Мақсаты: Өңдеуші өнеркәсіп саласын дамытуды қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті, мамандандырылған аймақты қалыптастыру, инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау




Мақсатты индикаторлар/тікелей нәтижелер көрсеткіштері

өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындаушы

нақты

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен

%

105,5

105,4

105,0

104,5

104,8

ЖАО




Міндет 1. Жалпы өңірлік өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляциялық процестерді тұрақтандыру




1.1. Жалпы өңірлік өнім көлемі

млрд. теңге

1067,2

1164,2

1222,4

1277,4

1338,7

ЖАО




1.2. Экспорт

млн. АҚШ долл.

5036,3

4732,7

4780,0

4837,4

4929,3

«ҚО КжӨБ» ММ




1.3. Импорт

млн. АҚШ долл.

198,4

360,1

363,7

368,1

375,1

«ҚО КжӨБ» ММ




1.4.Инфляция деңгейі

%

107,4

107,0

107,0

107,0

107,0

«ҚО КжӨБ» ММ

Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:

Экономиканың маңызды салаларында жыл сайынғы жоспарланған өсу қарқынын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі макрокөрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүргізу және алға қойған индикаторларға жету мақсатында жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдау;

ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 жарлығымен бекітіліген Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылатын инвестицилық жобалардың есебінен экономиканың нақты секторындағы (өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы, қызметтер) өндірілетін өнім көлемін ұлғайту есебінен ЖӨӨ өсімін қамтамасыз ету және жобалардың толық жобалық қуатын, сондай-ақ салалық бағдарламалар аясында басқа да инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды қамтамасыз ету;

Негізгі тауар түрлеріне бағаны тұрақтандыру бойынша шараларды жалғастыру, тиімді тариф саясатын жүргізу, тариф пен бағаның айтарлықтай өсуіне жол бермеу;

2011-2015 жылдары тұтыну бағасының индексі 106-108 пайыз шамасында қалыптасады.


Өнеркәсіп

Мақсаты: Өңірдің өнеркәсіп саласын дамыту және бәсекеге қабілетті өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі





Мақсатты индикаторлар/тікелей нәтижелер көрсеткіштері

өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындаушы

нақты

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2

Мақсатты индикатор: Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі

%

100,2

100,2

97,3

96,5

96,5

«ҚО КжӨБ» ММ




2.1.Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп өнімінің үлесі

%

49,4

49,5

49,4

49,6

49,8

«ҚО КжӨБ» ММ




2.2. Өнеркәсіп өніміне қосылған қосымша құнның өсуі

млн. тенге

517,0

550,5

535,6

516,8

516,8

«ҚО КжӨБ» ММ




Міндет 1. Экономканың өңдеу өнеркәсібін дамыту

3

Мақсатты индикатор: Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі

%

100,5

101,2

101,4

101,6

101,8

«ҚО КжӨБ» ММ




3.1. Жалпы өңірлік өнім құрамындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі


%

2,3

2,4

2,5

2,6

2,7

«ҚО КжӨБ» ММ




3.2. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі

%

100,9

100,9

101,2

101,4

101,6

«ҚО КжӨБ» ММ




3.3. Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортталатын өнімнің өсуі

%

1,5

1,7

1,9

2,1

2,3

«ҚО КжӨБ» ММ

4

Мақсатты индикатор: Электр энергиясын өндіруді арттыру

млрд. кВт. Сағат

0,776

0,601

0,601

0,601

0,982

«ҚО Эж КШБ» ММ




Міндет 2. Балама энергия көздерін пайдалануды дамыту




4.1. Энергия тұтынудың жалпы көлемінде балама энергия көздерін пайдалану үлесін арттыру

%

0,03

0,03

0,03

1,2

1,5

«ҚО Эж КШБ» ММ

Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:

Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында өңірлік деңгейде инвестициялық жобаларды іске асыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет