Кіріспе
Қызылорда облысының ауылдық аумақтарын дамытудың аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті 2003-2005 жылдарды «Ауылды дамыту және қолдау жылдары» деп жариялауына байланысты, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, “Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы №838 қаулысына, облыс әкімінің 2002-2004 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасына және 2010 жылға дейінгі Қызылорда облысының стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.
Ауылдық жерлердегі халықтың жағдайын жақсарту негізінен экономиканың ауыл шаруашылығы саласының көтерілуіне және әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын шешуге байланысты болғандықтан бағдарламаны дайындауға облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы ХҮІІ сессиясында бекітілген «Қызылорда облысының 2003-2005 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік жоспары», сонымен бірге облыс халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға арналған мына:
2003-2005 жылдарға арналған «Кедейлікті төмендету» жөніндегі аймақтық бағдарлама;
Қызылорда облысында денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы;
Аймақтық білім беру саласын дамыту бағдарламасы;
«Сыр мәдениеті - жаңа ғасырда» бағдарламасы;
Жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру және жер байлығын қорғау бағдарламасы;
«Су - жер нәрі» бағдарламасы;
«Таза су» бағдарламасы;
«Жолаушы» бағдарламасы;
«Азық-түлік» бағдарламасы;
Кіші кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы;
Шағын несиелеу бағдарламасы;
Жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарын дамыту бағдарламасы пайдаланылды.
Дайындалып отырған осы бағдарлама облыстың ауылдық аумақтарын дамыту тетіктері мен басымдықтарын анықтайды, сонымен қатар ауыл мен оның тұрғындарын төменгі күнкөріс деңгейімен қамтамасыз етуде қиыншылық көріп отырған ауыл экономикасын көтеруге ықпал жасайды және ауылдың өз тіршілік деңгейін көтерудегі әлеуеттік мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған.
1. Бағдарламаның тұжырымдамалық негізі, мақсаты, міндеттері және жүзеге асыру кезеңдері
1.1.Тұжырымдамалық негізі
Ауыл шаруашылығы саласының басқа салалардан айырмашылығы мен ерекшелігі – ол тек өндіріс саласы ғана емес, сонымен қатар ауылдық елді мекендердегі көпшілік бұқараның тіршілік аясы болып табылады.
Елді мекендер мен ауыл экономикасы ажырамайтын байланыста: АЕМ-дер ауыл шаруашылығы саласы өндірісінің негізінде тарихи қалыптасқан. Ауыл шаруашылығы өндірісінде орын алған тоқырау елді мекендердегі халықтың көшуіне және АЕМ-ң тіршілік жүйесін дағдарысқа ұшыратты, бұл жағдай күні бүгінге дейін жалғасуда.
Ауылға қолдау көрсету мәселесі кешенді сипатта және мемлекет тарапынан қолдау шаралары ауыл тіршілігінің барлық бағытында жүргізілуі керек.
Президент Жолдауында адамның тіршілігі мен нарықтық қатынастардың жүруі тұрғысынан болашағы бар АЕМ-і қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың қажеттілігі ерекше атап көрсетілген.
АЕМ – тұрғындары аумақта шоғырлана қоныстанған және негізінен ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын елді мекен. АЕМ - дайындалған бағдарламаның нысаны болып табылады.
Облыс бойынша тіркеуден өткен 274 АЕМ-ң 41-де тұрғындар саны 50-ден кем. Облыстың ауылдық елді мекендерінде жалпы саны 360 359 адам тұрады. Ауыл тұрғындарының саны облыс халқының жалпы санының 43 пайызын құрайды.
Бағдарламада ауылдық елді мекендердің элеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттайтын өлшемдер тобы бойынша ауылдық елді мекендердің жіктемесі беріледі, олардың ішінде экономикалық әлеуетін бағалау басым болып табылады. Әлеуметтік қолдау шаралары әуелі ауыл тұрғындарының қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғары ауылдық елді мекендерге тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады.
1.2. Мақсаттары мен міндеттері
Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуда жан-жақты шаралар жүргізу арқылы жұмыссыздықтың деңгейін төмендету, тұрғындардың орта және кіші кәсіпкерлікпен айналысуын ұлғайту, елді мекенді мемлекеттік қолдау, өңір тұрғындарының еңбек әлеуетін толық пайдалану, елді мекендердегі тұрғылықты халықтың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мекемелерінің қызметіне қол жеткізімділігін арттыру бағдарламаның басты мақсаты болып табылады.
Бағдарламаның мақсатына жету үшін төмендегі міндеттерді шешу қарастырылады:
инвестиция тарту арқылы жергілікті және республикалық бюджет есебінен әлеуметтік салалардың құрылыстарын салу арқылы жұмыспен қамтуды жақсарту, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау, несие беру тәжірибесін кеңейту есебінен жеке шаруа қожалықтарын дамыту, жұмыс берушілермен (инвесторлармен) келісім-шартқа отырғанда еңбек ақысының көлемін көбейтуге көмектесу және қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысын көбейту;
ауылда өндірісті дамыту және өнімдерді өңдеу өнеркәсіптерін жетілдіру, ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізу, өндірісті әртараптандыру және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жолымен өндірісті бірқалыпты дамыту;
мемлекет кепілдендірген денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларының тиімділігі мен көрсетілетін қызметіне қол жеткізімділікті қамтамасыз ету, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылдық жерлердегі жолдарды қалпына келтіру, аяқ суға қол жеткізу, коммуналдық және телекоммуникация қызметімен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде тұрғын үй қорын құру жолымен әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту;
жоғары білікті жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыл мамандарының біліктілігін жетілдіру жолымен ауылдың кадрлық әлеуетін күшейту;
мемлекеттік басқару деңгейлер арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджет аралық қатынастарды жетілдіру, үкіметтік емес ұйымдарды дамыту және ауылшаруашылық консорциумдарын құру жолымен ауылдық жерлерде басқару жүйесін жетілдіру;
экономикалық келешегі жоқ және экологиялық жағдайы қолайсыз ауылдық елді мекендердің тұрғындарын көшіру мен жұмысқа орналастыруға көмек көрсету жолымен ауыл халқын оңтайлы орналастыру.
1.3. Бағдарламаны іске асыру мерзімдері
Бағдарлама шеңберінде шешілетін мәселелердің ауқымы мен жаңалығы, әзірленіп отырған шараларды республикалық және жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерімен үйлестіру қажеттігі, оның екі кезеңде іске асырылуын негіздейді.
Бірінші кезең - 2004-2006 жж.
Екінші кезең - 2007- 2010 жж.
2.Ауылдық аумақтардың жай-күйін талдау
2.1. Ауыл тұрғындарының экономикалық дамуы және табыстарының деңгейі
Ауыл шаруашылығы саласын реформалау күтілген экономикалық өсуді бермей отыр. Облыс суды көп талап ететін күріш өндірісіне мамандандырылған (еліміздегі күріштің 84-85 пайызы өндіріледі), сондықтан сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей, егін шаруашылығының тұрақты өсімі болмайды.
Мал шаруашылығы 90-шы жылдары 45 пайызға дейін мал басын жоғалтты, мамандандырылған қаракөл қойын өсіретін шаруашылықтар сала ретінде жойылды, 2001 жылға дейін сүт өндіру кеміп келді. Мал шаруашылығы саласының барлық өнімі – айналым қоры және тұрақты өнім өткізу рыногі жоқ жеке қожалықтар мен шаруа қожалықтарында өндірілді. Соның салдарынан ауыл шаруашылығында жалпы өндірілетін өнімнің көлемі 1 тұрғынға шаққанда 26,4 мың теңгені құрады. Ауыл шаруашылығын несиелендіру қиындығы негізінен кепілге қоятын дүние-мүліктің өтімсіздігі мен банктер кепілдікке ауыл шаруашылығына пайдаланып отырған жерді қабылдамауында болып отыр.
Облыс үшін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу ең маңызды мәселе болып табылады. 2002 жылы нақты өндірілген өнімнің көлемі 2001 жылмен салыстырғанда 87,4 пайыз ғана болса, 2003 жылдың I-ші жартыжылдығында 2002 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 147,7 пайыз болды.
Сонымен қатар, тұрғындардың өздері өндірген өнімін пайдаланудың арқасында жылма-жыл өзін-өзі қамтамасыз ету жағдайы біртіндеп жақсаруда. Облыс тұрғындары күріш, картоп, көкөніс және бақша өнімдерімен толық қамтамасыз етілген болса, ет және ет өнімдерімен - 50,7 пайызға, сүт және сүт өнімдерімен - 54,4 пайызға, жұмыртқамен - 45,7 пайызға, нан және нан өнімдерімен (ұнға айналдырғанда) - 24,1 пайызға қамтамасыз етілуде.
Облыста кіші кәсіпкерлікті белсенді түрде дамыту бойынша жұмыстар мына екі қаржы көзін пайдалану арқылы жүргізілуде: а) бюджет және банк қаражаты арқылы несиелендіру; б) халықаралық ұйымдардың гранттары мен демеушілік көмектері. 2002 жылы облыстық бюджеттен несиелендіру көлемі 65,9 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері барлық бөлінген несие көлемінің 23,3 пайызын ғана ала алды. Облыстың шағын және орта бизнесті қолдау органдарына түскен жобалар көлемі 1,4 млрд. теңгеден асады, бірақ түскен жобалар көлемдерінің тежелуі негізінен кәсіпкерлердің төрттен бірінің ғана өтімді дүние мүлік қоюға мүмкіндігінің болуынан болып отыр.
Ауыл тұрғындарының 75 пайызы шартты жер үлесін алғанына қарамастан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен тұрғындардың табыс табу деңгейі әлі де төменгі дәрежеде.
Ауыл шаруашылығында жалданып жұмыс жасайтын жұмысшылардың еңбекақысы облыстың орта көрсеткішінен екі есе төмен .
Ауыл тұрғындарының табысына жасалған талдау нәтижесінде, облыс бойынша жан басына шаққанда жылдық табыс көлемі бір ауыл тұрғынына 27181 теңге болып отыр, оның ішінде бюджеттік мекемелердің еңбекақысының есебінен жан басына шаққандағы табысы 7603 теңге, немесе 27,9 пайызды құрайды, ал ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 8902 теңге болып отыр.
Жан басына шаққандағы жылдық табысқа құрылысқа инвестиция салу, әлеуметтік сала нысандарын жөндеуге жұмсалған қаржының әсері 328 теңге құраса, қоғамдық жұмыстан - облыс бойынша орташа 92 теңге, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы және әлеуметтік қолдаудан - 1361 теңге болып отыр.
Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындардың тіршілік жағдайын зерттеу, негізгі табыс көзін анықтау мақсатында облыстың барлық аудандарында әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізілді, 3000 отбасының жағдайы зерттелді. Осы зерттеудің нәтижесінде ауыл тұрғындарының отбасының негізгі табыс көзі: еңбекақы (42,1 пайыз), зейнетақы (20,3 пайыз), атаулы әлеуметтік көмек (18,6 пайыз), жеке кәсіпкерліктен тапқан табысы (6,5 пайыз) болды.
Жүргізілген социологиялық сауалнама қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарының қосалқы шаруашылықтарынан табатын табысы 2 пайыздан төмен.
Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша 2003 жылдың 1 шілдесіне ауылдық жерде атаулы әлеуметтік көмек алғандардың саны 26,3 мың адам құрайды.
Жұмыс орындарының жетіспеуінен тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі өте қиындап тұр.
Облыста жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту шаралары жүргізілуде. 2003 жылдың 6 айында ауылдық жерлерде қоғамдық жұмыстарға 2429 адам жіберілді (жұмыспен қамту орталығына тіркелгендердің 18,9 пайызға). Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға бюджеттен 19,9 млн. теңге қаржы бөлінді.
2.2. Инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі
Сумен қамтамасыз етілуі
Ішуге пайдаланылатын судың тазалығы ешқандай санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейді. Ауылдық елді мекендердегі пайдаланылып отырған ауыз судың сапасының төмендігі - ішек және сары аурудың көптеп таралуына әсер етуде.
Ауыл тұрғындарының жартысынан астамы құбырлы су жүйесімен келетін суды пайдаланады. Облыста ауылдық елді мекендердің 12 пайызы (33 АЕМ) суды тасып ішеді, 24 елді мекені каналдар мен дария суын пайдаланады, ал 54 пайызында ұңғымалар және су құбыры жүйесі жұмыс істейді.
Көлік инфрақұрылымы
Қызылорда облысының күрделі табиғи-климаттық жағдайына және тұрғындардың сирек қоныстануына байланысты көлік инфрақұрылымы нашар дамыған, автокөлік жолдарымен төменгі дәрежеде қамтылған (1500 км. – жергілікті маңыздағы, 1112 км – республикалық маңыздағы жолдар), жолаушылар таситын автокөлік дамымаған. Тек облыстың жалғыз теміржол магистралында ғана билет құны аз қамтылған тұрғындарға мүмкін деңгейдегі жергілікті поездардың қозғалысы ретке келтірілген.
Байланыс
Облыс бойынша 2003 жылдың 1 қаңтарына 7362 нөмірлік 73 ауылдық АТС пайдаланылуда, оның 71-і аналогтық, 2-і цифрлық. Қазіргі кезде ауылдық телефон жүйесінде 5254 нөмір пайдаланылуда, оның - 4926 нөмірі немесе 93,7 пайызы пәтерлік телефондар. Ауылдық жерлерде 100 адамға шаққанда телефонмен қамтамасыз етілу деңгейі 1,2 нөмірден келеді.
Байланыс желісінің техникалық жағдайын жақсарту, пайдалану мүмкіндігін ұлғайту мақсатында жыл сайын оларды жаңалау және жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. 2002 жылы Сырдария ауданында (Шаған ауылында) 128 нөмірлі М-200 типті, Жаңақорған ауданында (Талап ауылында) 50 нөмірлік АТСК-50/200 типтік АТС құрылды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласында (Қараөзек ауылында), Сырдария ауданында (Қоғалыкөл, Амангелді, Айдарлы ауылдарында), Шиелі ауданында (Алмалы қыстағында), Арал ауданында (Қамыстыбас ауылы мен Сексеуіл кентінде) қалааралық және халықаралық нөмірлерді автоматты түрде алатын аппаратуралар қондырылды. Шиелі, Жалағаш, Сырдария, Қармақшы аудандарында номірлерді автоматты түрде анықтайтын релейлік қондырғылар орнатылған.
Облыстық телекоммуникация дирекциясы телефон құруға жеңілдік берілетін күндерді ұйымдастыруды тәжірибеге енгізіп отыр, ауылдық жерлердің тұрғындарына телефон орнату ақысын 400 теңгеге дейін арзандатуда.
Тұрғын үй және коммуналдық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
Облыс бойынша ауылдық жерлерде тұрғын үй қоры 4121 мың шаршы метр, яғни әр ауыл тұрғынына 10,4 шаршы метрден келеді. Аймақ халқының тұрғын үймен қамтамасыз етілуі республика бойынша ең соңғы орындардың бірінде, халықтың көпшілік бөлігінің табысының төмен болуына байланысты үй сатып алуға немес үй салу үшін несие алуға мүмкіндігі жоқ. Облыс бойынша тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 1 шаршы метрі 2003 жылдың I-ші жарты жылдығында 4,2 мың теңге (республикада – 20,9 мың тенге), оның ішінде ауылдық жерде 2,4 мың теңге болды.
Тұрғын үй қорын көркейту деңгейі бойынша облыс ең төменгі дәрежеде. Облыс халқының орталық жылу, су құбырлары және кәріз жүйелерімен қамтылуы Республиканың орта деңгейінен 2-3 есе төмен. 14 АЕМ (негізінен Арал, Қазалы аудандарында) электр энергиясын тұрақты пайдаланып отырған жоқ.
Негізгі энергиялық ресурстардың облыстан тыс жерлерден әкелуіне байланысты облыста тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін төлемақы республикадағы ең жоғарғылар қатарында.
2.3. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі
Денсаулық сақтау
2002 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінген қаржы бюджет шығыстарының 24,4 пайызын құрады. Дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілуі республиканың орта көрсеткіштерімен деңгейлес (10 мың адамға тиісінше 27,8 және 93,7). Денсаулық сақтау саласындағы бұрыннан қалыптасқан мемлекеттік мекемелер желісі толығымен сақталған. Ауылдық жерлерде 20 амбулаторлық-емхана мекемесі, 57 фельдшерлік-акушерлік, 72 фельдшерлік пункт, 26 ауылдық аурухана қызмет көрсетуде. Сонымен бірге аудан орталықтарында 7 орталық аудандық аурухана жұмыс істеуде.
Ауыл тұрғындарына алғашқы жедел жәрдем көрсетуші медициналық мекемелер желісі ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың төменгі мемлекеттік стандартына сәйкестендірілген. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың 95 пайызы негізгі жұқпалы ауруларға қарсы алдын-ала егумен тегін қамтылған. Туберкулезге қарсы дүниежүзілік дәрігерлік ұйымның стратегиясы және ЮНИСЕФ-ң қан аздықпен күресу бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Білім беру
Облыстық бюджеттен ең көп қаражат білім беру саласына жұмсалады (33,4 пайыз), облыс халқының 26,6 пайызын мектеп және орта кәсіптік оқу орындарының оқушылары құрайды.
Ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдары негізінен мұғалім кадрлармен толық қамтылған. 90-шы жылдардың ортасында басталған мектептердің санын қысқарту үрдісі тоқтатылған. 2003 жылғы 1 қазанға ауылдық жерлерде аудан орталықтарын қоса есептегенде (Арал және Қызылорда қалаларын қоспағанда) жалпы білім беру мектептерінің саны 244 болды, оның ішінде 192 - орта, 29 - негізгі, 23 - бастауыш мектептер.
Облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 17 сәуірдегі ХХ сессиясының №204 шешімімен “Ауыл мектебі” аймақтық бағдарламасы бекітілді, бұл бағдарламада ауыл мектептерінің дамуына, материалдық-техникалық базаларын нығайтуға, мектеп жанындағы интернаттарды салуға басты назар аударылуда. 2003 жылдан бастап ауылдық мектептерді автокөліктермен қамтамасыз ету жұмыстары басталды, сонымен бірге, жоғары білікті жас мамандарды тарту мақсатында жергілікті бюджеттен тұрғын үйлер салынып, ауыл мұғалімдеріне берілуде.
Тұрмыстық жағдайы нашар отбасыларының балаларына көмек көрсету мақсатында мектеп жанындағы интернаттар желісін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Шалғай орналасқан елді мекендердің оқушыларын 5 мектепке арнаулы автокөлікпен тасымалдау қамтамасыз етіліп отыр. «Жаппай білім беру» бағдарламасы бойынша мектептер мұқтаж балаларға тегін оқулықтар комплектісін, киім және ыстық тамақ бөлуді қамтамасыз етуде.
Мәдениет және спорт
Облыс бойынша мәдениет мекемелерінің желісінде 455 бірлік нысан бар, оның 377-сі ауылдық жерлерде, оның ішінде 163-і кітапхана, 141-і мәдениет үйі мен клуб мекемелері, 2-мұражай, 71 киноқондырғы. 2002 жылы 12 мәдениет мекемесі ашылды, оның 4-і кітапхана, 8-і мәдениет үйі мен клуб мекемелері.
Соңғы жылдары ауылдық жерлерде спорт және дене тәрбиесін дамыту бағытында оң өзгерістер бар: қазіргі бар спорттық базалар ретке келтірілуде, 2002 жылы Жалағаш ауданында жаңадан теннис корты салынды, бұл облыс бойынша ауылдық жердегі бірінші теннис корты, Шиелі ауданында аумағы 60 х 30 метр келетін өнеркәсіп модулі қайта жөндеуден өткізіліп, спорт кешеніне айналдырылды.
Облыс аудандарында 16208 адам жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Ауылдық жерлерге 638 штаттағы дене тәрбиесі қызметкерлері дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруда. Облыс бойынша ауылдық жерлерде 2003 жылдың 1-ші жарты жылдығында 126 спорттық іс-шара өткізілді, бұған 13600 адам қатысты.
Облыс аудандарында үздіксіз арнайы жарыстар мен турнирлер өткізіліп тұрады. Соған қарамастан ауылдық жерлердегі дене шынықтыру мен спорттың жалпы деңгейі мен даму қарқыны қойылған талаптардан төмен болып отыр.
2.4. Экологиялық жағдайы
Соңғы 10 жыл көлемінде Арал теңізінің құрғауына және облыс аумағында Байқоңыр ғарыш айлағының пайдаланылуына байланысты облыстың экологиялық ахуалының нашарлауы аймақ халқының жағдайын одан әрі ушықтырып отыр.
Жер асты сулары мен топырақтың тұздануы, топырақ құнарлылығының нашарлауы салдарынан жыл сайын суармалы жерлердің 10-15 пайызы егіс айналымынан шығуда. 10875,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерінің 4989,9 гектары тұзданған. Арал аймағының оңтүстік бөлігінің шөлді мекенге айналуына байланысты жайылым жерлердің 20-25 пайызы жарамсыз болып қалды.
Қазіргі таңда 172,2 мың гектар инженерлік тегістелген жерлердің 66,9 мың гектары қанағаттанғысыз жағдайда, оның ішінде 61,12 мың гектары – жердің тұздануына, батпақтануына және басқа да себептерге, ал 0,8 мың гектары коллекторлық-дренаждық желінің ақауларына байланысты.
Негізгі су көзі – Сырдария өзені ең жоғарғы деңгейде ластануымен ерекшеленуде. Өндірістік, тұрмыстық-шаруашылық және коллекторлық-дренаждардың сулары осы ластаудың негізгі көзі болып отыр.
Облыс аумағына дейін Сырдария өзеніне 140 коллектрден лас су тасталады. Судың ластану индексіне сәйкес Сырдария өзені облыс көлемінде орташа дәрежеде ластанған су объектісіне жатады (3 класты сапа). Арал аймағында қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жұқпалы аурулардың, қатерлі ісік, аллергиялық аурулардың шектен тыс жоғары деңгейімен сипатталады. Облыстың радиациялық фоны орташа есеппен 7-12 мкр/сағатты құрайды.
2.5. Ауыл тұрғындарының өсімі мен көші-қоны
Облыс тұрғындарының жалпы саны 2003 жылдың 1 қаңтарына алдын ала есеп бойынша 603,8 мың адам болды.
2003 жылдың қаңтар-мамыр айларында табиғи өсім 3134 адам болды. Облыс бойынша туылған сәбилер саны осы кезеңде 5167 адамды құрап, 2002 жылдың тиісті кезеңінен 509 адамға немесе 10,9 пайызға үлғайды.
2003 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында тұрғындардың көші-қоны бойынша көшіп келушілерден көшіп кетушілер саны көбейді: облысқа көшіп келушілер саны 1607 адам болса, көшіп кеткендер - 2578 адам болды. Сонымен қатар жақын және алыс шетелдерден өздерінің тарихи отанына оралушы оралмандар келуі арта түсуде.
3. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша АЕМ-ді бағалау әдістемесі мен өлшемдері
3.1. Бағалау өлшемдері
Ауылдық аумақтардың келешектілігін анықтау әлеуетке қол жеткізуге әсер ететін факторларды зерттеуді және олардың негізінде ауылдық елді мекендердің өсу мүмкіндіктерін іске асыру үшін қолда бар әлеуеттің жиынтық көрсеткіші бойынша жіктеуді талап етеді.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткіштері бойынша болашақтағы дамуы үшін қолайлы ауылдық аумақтар олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау өлшемдерінің негізінде айқындалады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі өлшемдерін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 130 түрлі негізгі көрсеткіш бойынша әрбір ауылдық елді мекенге төлқұжаттау рәсімін жүргізді. Бағалау өлшемдерін таңдаған кезде, негізінен еліміздің ауылдық елді мекендерінде қалыптасқан өлшемдер негізге алынған. Бұл өлшемдерді іріктеп алуда техникалық көмек шеңберінде АЕМ-ің бейімделген сипаттамасына байланысты Азия даму Банкісінің халықаралық кеңесшілері дайындаған әдістемелері негізге алынған.
АЕМ-нің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен олардың келешектілігін бағалайтын аса маңызды параметрлер болып өлшемдердің 4 тобы анықталды: экономикалық әлеует, инженерлік инфрақұрылымның даму деңгейі, әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етілуі және экологиялық қауіпсіздік, олар 21 жиынтық көрсеткішті қамтиды. Өлшемдерді іріктеп алу көптеген параметрлер бойынша бекітілген салалық нормативтер мен стандарттардың болмауынан қиындықтар тудырды.
АЕМ-ң әлеуетін бағалау кезінде экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып, әрбір көрсеткішке салмақ берілді, бұл олардың мәнділігін балдардың жиынтық мөлшері сомасында сипаттайды. Экономикалық әлеует көрсеткіштері неғұрлым үлкен салмақты иеленді – ең жоғарғы жиынтық балл 60, инженерлік инфрақұрылым көрсеткіштері 30 балдан аспайды, әлеуметтік нысандармен қамтамасыз етілу сипаттамалары 10 балға дейінгі салмақты иеленді. Ауылдық елді мекендердің даму деңгейіне экологиялық параметрлердің әсері түзету коэффициенттері арқылы бағаланады. Ауыл аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау өлшемдері Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі №1149 Жарлығымен бекітілген.
3.1.1. Экономикалық әлеует
1) «Топырақтың құнарлылығы» - 12 балл. Топырақтың сапасы мен құнарлылығын топырақтың бірқатар сипаттамаларын ескеретін баға балдарында көрініс табатын егістікті бағалау сипаттайды және 1-ден 100-ге дейінгі мәні болуы мүмкін. Көрсеткіштің бастапқы мәндері топырақ қабатының сапасын 10 балдық қадаммен, «15 балдан төмен» көрсеткішінен республикадағы ең үлкен көрсеткішке дейін «45 балдан жоғары» ретпен орналасуын көздейтін Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес белгіленген.
2) «Өткізу рыногынан шалғайлық дәрежесі» - 9 балл. Республиканың ауылдық аумақтарының ерекшелігі - аграрлық тауар өндірушілері мен тұтынушылардың арасы өте шалғай. Көлік шығыны өнімді рынокқа жеткізудің жалпы құнының елеулі бөлігін құрайды. АЕМ-ден аудан орталығына, темір жол бекеттеріне, автокөлік жолдарына дейінгі ара қашықтықты тұтыну рыногына қол жеткізімділік көрсеткіші үшін негіз ретінде пайдаланылды. Төменгі мән ретінде 20 шақырымға тең және одан төменірек, 9 балға бағаланған ара қашықтық қабылданған. Бұл мән барлық АЕМ-ң ең төмен және ең жоғары орташа ара қашықтықтарын есептеу арқылы айқындалған. Қадамның мөлшері 40 шақырымды құрайды, ал көрсеткіштің ең жоғары бастапқы мәні ретінде 100 және одан жоғары қашықтық алынған.
Аумақтың қарқынды дамуының ықтимал мүмкіндіктерін айқындайтын абсолюттік көрсеткіштерден (мысалы: ауыз суының болуы) өзге, келешекте даму үшін жағдайлардың болуын сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер бар. Салыстырмалы көрсеткіштер бойынша қалыптасқан орташа республикалық деңгейі көрсеткіштің өлшемдік шамасының оңтайлы деңгейі ретінде алынады, ал бастапқы мәндер республика бойынша орташадан ауытқып отырады. Оларға жататындар:
3) «Кәсіпкерлік белсенділігі»-5 балл, нақты ауыл аумағындағы халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейін айқындап, шаруашылық жүргізуші субьектілер саны 100 тұрғынға шаққандағы арақатынасымен есептеледі. Осы көрсеткіштің бастапқы мәндерінің қадамдық түрленуі 1-ден 5 балл арасында ауытқуы мүмкін.
4) «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту» - 5 балл. Тиісті аумақта қосылған құнның өсу мүмкіндіктерін сипаттайды, нақты ауыл шаруашылық өнімін өңдейтін нысандар санымен анықталады. Көрсеткіштердің бастапқы мәндері бір ауылдық елді мекенде 0-ден 4-тен асатын қайта өңдеуші цехқа дейін өзгермелі болады.
5) «Ауылшаруашылық техникаларымен қамтамасыз етілу» - 8 балл. 100 га егістікке тракторлар мен комбайндардың саны 2-ге бөлінеді. Бастапқы мәндердің шамасы га/1 трактор – 200 және га/1 комбайын – 300 нормативтік жүктемеден ауытқулармен айқындалады.
6) “Суландыру жүйесін пайдалану” – суармалы егіншілікті дамыту жөніндегі мүмкіндіктер суландыру жүйелерінің болуы мен пайдаланылуын бейнелейді. Көрсеткішті қамтамасыз етілу дәрежесі бойынша тәптіштеу қиын, суландыру жүйелері не бар, не жоқ. Суарылатын жерлер телімі (суарылмайтын) егіншілікке немесе жайылымдарға қарағанда ауыл халқының едәуір көп мөлшеріне табысты қамтамасыз ете алады. Суландыру жүйесі бар және пайдаланылатын аумақтар 7 балмен, ал жоқтары - 0 балмен бағаланады.
7) «Егістік жер»- 7 балл, егіншілікті дамыту мүмкіндіктерін анықтайды. Бастапқы мәндер бір ауыл тұрғынына шаққанда келетін егістік жер шамасының осы көрсеткіштің республика бойынша орташа шамасынан - 1 ауыл тұрғынына 5 гектарға тең ауытқумен айқындалады.
8) “Шабындық жайылым” - 7 балл. Жем-шөппен іс жүзінде және ықтимал қамтамасыз етілуді сипаттайды және жайылымдардың нормативтік толтырылуының негізінде есептеледі – 1 гектарға 3-4 бас ірі қара малы. Негізгі мәндер ретінде нормативтік көрсеткіштен ауытқулар қабылданған.
3.1.2. Инженерлік инфрақұрылым
1) Сумен қамту – 7 балл. Ауылдық аумақтардың келешектілігін анықтайтын факторлардың бірі - АЕМ-і сумен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сумен қамту жүйесінің жай-күйін бағалау жеке тұтыну үшін қандай судың қандай көздерден алынатындығы бойынша жүргізіледі. Су құбырлары бар АЕМ-дер суды жергілікті көздерден, ашық су қоймалары және тасып әкелінетін суды пайдаланатын АЕМ-ге қарағанда жақсырақ жағдайда. Сумен қамту жүйесі бойынша мәндердің шамасы су құбыры бар АЕМ-де 7 баллдан, тасып әкелінетін суды пайдаланатын АЕМ-де - 0 балл, 5 және 3 балл қадамдармен ауытқиды.
2) «Жол» - 7 балл. Жол жүйесінің жеткіліктілігі оның тығыздығымен (алаң бірлігіне шаққанда - 1 шақырым) және пайдалануға жарамдылығымен бағаланады. Әрбір ауылдық елді мекенді бағалау үшін жолдың тығыздығының халықтың жан басына шаққандағы нормаға қатынасы негізінде ауыл жолдарының жай-күйін айқындайтын индексті пайдалану жөн болар еді. Мұндай индексті есептеп шығару мүмкін болмады, өйткені ауыл жолдарының ұзақтығы жөнінде мәлімет алынбады. Бұл мәліметті алдағы уақытта пайдаланылады деп күтілуде. Жол инфрақұрылымын бағалау және бастапқы мәнін анықтау үшін осы кезеңге ауыл жолдарының түрлері алынды: қатты төсемді жолдар - 7 балл, топырақ төсемді жолдар - 3 балл, далалық жолдар - 0 бал.
3) “Газбен қамтамасыз етілуі”- 3 балл. Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын инфрақұрылымның негізгі даму көрсеткіші. Бастапқы мәндер АЕМ-дің газбен қамтамасыз етілуіне немесе қамтамасыз етілмеуіне байланысты - 3 балл. Газбен қамтамасыз етілмегені - 0 балл.
4) “Электр қуаты” - 7 балл. Халықтың тұрмыс деңгейінің және аумақтың экономикалық белсенділігінің аса маңызды көрсеткіші. Энергиямен қамту – шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды фактор. Бастапқы көрсеткіші АЕМ-нің электр қуатымен қамтамасыз етілгендігімен немесе қамтамасыз етілмегендігімен айқындалады.
5) «Байланыс» - 6 балл, ауылдың телефон жүйесімен қамтамасыз етілу деңгейімен анықталады. Көрсеткіштің мәні агробизнес және кәсіпкерлік саласында Интернет жүйесін пайдалану мүмкіндіктерінің өсуімен едәуір артады, мұның өзі орасан зор аумағы бар Қазақстан үшін елеулі болып табылады. Көрсеткіштің бастапқы мәні нақты аумақтағы телефон жүйесімен қамтамасыз етілуі немесе етілмеуімен айқындалады.
3.1.3. Әлеуметтік даму
Ауылдық аумақтарды дамытуда басым бюджеттік қаржыландыру негізінен әлеуметтік саланы (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік инфрақұрылым) қаржыландыруға бағытталатын болады. Жеткілікті экономикалық әлеует пен аумақтарды дамытудың әлеуметтік және басқа да мәселелерін шешу үшін мемлекеттік шығыстарды мейлінше аз талап ететін АЕМ-ге инвестиция тұрғысында басымдықты болады.
-
“Білім беру” - 3 балл. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпанындағы «Білім беру мекемелерінің кепілді норматив жүйесі туралы” №300 қаулысымен ауылдық жерлерде білім беруді дамытудың стандарттары мен мемлекеттік нормативтері бекітілген.
Әрбір АЕМ-ге оқушылар саны:
1. Бастауыш мектеп жасындағы 5 және одан да астам балаларға – жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекеменің бастауыш сатысының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
2. Бастауыш және орта мектеп жасындағы 41 және одан астам балаларға – бастапқы және негізгі сатылар жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орындарының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
3. Бастауыш, орта және ересек мектеп жасындағы 81 және одан астам балаларға – жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.
Білім беруді дамыту көрсеткішін бағалау – білім беру нысандарының белгілеген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және олардың нақты елді мекенде бар болуына байланысты.
2) “Денсаулық сақтау” - 3 балл.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі “Ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсетуді жақсарту шаралары туралы” №472 қаулысына сәйкес тұрғындарының саны төмендегідей АЕМ-е:
50-300 адам бөлек жайы болмай-ақ дәрігерлік жәрдем көрсететін 1 медицина қызметкері;
300-800 адам – фельдшерлік пункт болуы (ФП) керек, дәрігерлік көмек ауруларды қабылдайтын арнайы медициналық және шаруашылық заттармен жабдықталған бөлмеде өтуі тиіс;
800-2000 адам – фельдшерлік акушерлік пункт (ФАП) болуы тиіс;
2000-5000 адам – отбасылық дәрігерлік амбулатория (ОДА) болуы және онда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілуі тиіс;
5000 және одан көп адам – тегін кепілдікті көлем шеңберінде білікті медициналық көмек көрсететін, бекітіліп берілген ФП, ФАП, ОДА-ның қызметін үйлестіретін ауылдық аурухана (АА) болуға міндетті. Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін бағалау олардың белгіленген нормаларға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі және АЕМ-де бар болуы негізінде жүргізіледі.
3) «Тұрғын үймен қамтамасыз етілу» - 2 балл, тұрғын үй инфрақұрылымының даму деңгейі мен қоныс аударушыларды қабылдаудың ықтимал мүмкіндіктерін айқындайды. Талданатын көрсеткіштің бір ауыл тұрғынына келетін 15,6 шаршы метрге тең тұрғын алаңға тең өлшемнің орташа республикалық мәніне арақатынасымен айқындалады.
4) “Жұмыспен қамтамасыз етілу” - 1 балл, талданатын АЕМ-дегі жұмыспен қамтылу көрсеткіштерінің ауылдық жердегі еңбекке қабілетті халықтың 100 адамға шаққанда 93,5-і жұмыспен қамтылғандарына тең орташа республикалық шамадан ауытқуын сипаттайды.
5) “Кедейлік” - 1 балл. Нақты елді мекен халықының әл-аухат деңгейін сипаттайды, талданатын көрсеткіштің ауылдың 100 тұрғынына шаққандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын 13 адамға тең орташа республикалық шамасына арақатынасымен бағаланады.
3.1.4. Экологиялық қауіпсіздік
Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауылдық аумақтардың дамуына елеулі кедергі келтіретін экологиялық проблемалар көптеп саналады. Осындай қолайсыз факторлардың күрделі көріністері өсу әлеуетінің қандай да бір елеулі іске асырылу келешегіне күмән келтіруі мүмкін.
1. Өлшемдердің бірінші блогы мынадай көрсеткіштер бойынша орналасқан:
1) «Радиациялық фон» - ядролық сынақтардан зардап шеккен ауылдық аумақтар неғұрлым экологиялық қолайсыз болып табылады, онда радиацияның мөлшері әлі де нормадан артық. Адам өміріне қауіпті радиацияның мөлшері негізінен: уран кенін өндіруден, таулы аумақтардағы кен өндірісінде қауіпті материалдарды сақтаудан және әскери полигондардан шығарылатын зиянды тастанды заттар әсерінен қалыптасты.
Экологиялық қауіпсіздік радиациялық фон мөлшері параметрімен бағаланады.
Радиацияның өлшем бірлігі мкр/сағат, бұл өлшем талдау жасау үшін былай белгіленген. Елді мекендердің аумағындағы радиацияның мөлшерін көрсететін көрсеткіш болып экпозициондық дозаның қуаты сыртқы гамма сәулесі есептелінеді, ол 0,3 мкЗв/сағаттан (33 мкР/сағат) аспауы керек.
Ауылдық елді мекендерде радиацияның мөлшері 33 мкр/сағаттан асатын болса, басқа көрсеткіштерге қарамастан АЕМ ерекше қолайсыз келешегі жоқ елді мекендердің қатарына жатқызылады.
2) «Топырақтың тұздануы» - ауыл шаруашылығы егіс алқаптарының құнарлылығына кері әсер ететін бірнеше қасиеттері бар. Осындай негізгі белгілердің бірі - топырақтың тұздануы болып табылады.
Егістік жерлердің теріс қасиеттерін еңсеру ірі инвестицияны талап етеді. Топырақ құрамының тұздануы 10 пайыздан жоғары болса, ондай жер егіншілікке жарамсыз деп есептеледі.
Топырақ құрамында тұз мөлшерінің бұдан төмен болуының өзі тұзға төзімді күріш секілді дақылдарды егуге ғана мүмкіндік береді, бірақ өнім деңгейінің өте төмендеуіне көптеген арнайы агротехникалық іс-шараларды жүргізуді: гипс енгізу, агротехникалық суландыруды қолдану талап етеді. Суармалы егістікте дренаждық жүйелерді қалпына келтіру және жаңадан құру қажет.
-
«Судың сапасы» - ауылдық елді мекендегі ауыз судың сапасын айқындайтын параметр алдыңғыларды нақтылаушы және тіршілік ету жағдайлары тұрғысынан, яғни қуаты мен әсерінің тереңдігі жағынан қалған параметрлердің ең негізгісі болып табылады. Бұл параметрлерді реттеу белгілі бір жағдайда жүзеге асырылады, ол тек істелетін жұмыстың ауқымына байланысты болады. Параметрлерді реттеу белгілі бір жағдайда жүзеге асырылады, одан бірінші кезекте қажетті ресурстардың болуы және пайдалануға болатындығына көз жеткізгеннен кейін анықталады.
Ауыз суды пайдалануға болатындығы, негізінен судың тұздылығының деңгейіне байланысты. Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері 1998 жылғы 15 желтоқсанда №3.01. 067-97 бекіткен гигиеналық талабына сәйкес пайдаланылатын ауыз судағы минералдық тұздардың қоспасы (құрғақ қалдықтың) 1 литр судың құрамында 1,5 грамнан аспау керек.
3.2. АЕМ-нің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағалау алгоритмі
Барлық жіктеу факторлары бойынша көрсеткіштердің жиынтық қосындысы әрбір АЕМ бойынша айқындалады. Бұл үшін олардың бастапқы мәндерін анықтау негізінде зерттеліп отырған жиынтық көрсеткіштерін топтастыру мақсатында бөлу қатарларын тұрғызу жүзеге асырылады.
Өлшемдердің үш блогы бойынша жинақталған АЕМ балдарының жиынтық қосындысы экологиялық қауіпсіздігі және ауыз сумен қамтылуы жөніндегі түзету коэффициентіне көбейтіледі. Оған әлеуетті бағалауға нақты аумақтардың экологиялық жай-күйіне түзету енгізуге мүмкіндік беретін 0 ден 1-ге дейінгі мәндер берілген.
Бұл белгілі елді мекеннің әлеуетін бағалауда нақты экологиялық жағдайына байланысты түзету енгізуге мүмкіндік береді. АЕМ-ң экологиялық жағдайы қолайлы болса, 1–ге тең мағынасы алынады, оның жалпы жиынтық балына әсері болмайды, экологиялық проблемалары бар елді мекендер проблемалардың өткірлігіне байланысты 0,25 және 0,75 балға тең балл беріледі, бұл АЕМ әлеуетінің қортынды бағасына әсер етеді.
Әрбір АЕМ үшін әрбір фактор бойынша көрсеткіш әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің жиынтық балын көрсету үшін жалпыланып қорытылады.
Экологиялық проблемалары бар АЕМ - дер аса қолайсыз болып саналады. Кейбір осындай АЕМ-дің тәп-тәуір өсу болашағы бар, бірақ оларда тұру денсаулыққа аса қауіпті.
Жиынтық балл қосындысы негізінде АЕМ-дер 4 санатқа (топқа) топтастырылады:
-
даму әлеуеті жоғары АЕМ-дер – 70 балдан жоғары;
-
даму әлеуеті орта АЕМ-дер – 35-69 балл;
-
даму әлеуеті төмен АЕМ-дер – 1-34 балл;
-
дамыту әлеуеті жоқ АЕМ-дер – 0 балл.
4. Ауыл аумақтарын әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу.
4.1. АЕМ-ді өлшемдер топтары бойынша топтастыру.
Облыстағы барлық 274 АЕМ өлшемдердің әрбір тобы тұрғысында бағаланды (1 кесте)
Өлшемдер топтары тұрғысында келешектілік
деңгейі бойынша облыстағы АЕМ-ді топтастыру
№1 кесте
Аудандар |
Тұрғын саны
|
АЕМ саны
|
Экономикалық әлеует
|
Инженерлік инфрақұрылым
|
Әлеуметтік даму
|
Даму әлеуеті
|
Даму әлеуеті
|
Даму әлеуеті
|
төмен
|
орта
|
жоғары
|
Төмен
|
орта
|
Жоғары
|
төмен
|
орта
|
жоғары
|
0-15
|
16-40
|
41-60
|
0-14
|
15-24
|
25-30
|
0-4
|
5-8
|
9-10
| Арал |
37843
|
57
|
27
|
30
|
0
|
13
|
41
|
3
|
17
|
35
|
5
|
Қазалы
|
35954
|
57
|
19
|
38
|
0
|
22
|
21
|
14
|
26
|
31
|
0
|
Қармақшы
|
49148
|
30
|
15
|
15
|
0
|
15
|
8
|
7
|
32
|
25
|
0
|
Жалағаш
|
38593
|
18
|
2
|
16
|
0
|
1
|
4
|
13
|
15
|
15
|
0
|
Сырдария
|
39100
|
15
|
1
|
14
|
0
|
2
|
11
|
2
|
2
|
16
|
0
|
Шиелі
|
75263
|
40
|
8
|
32
|
0
|
9
|
21
|
10
|
0
|
10
|
5
|
Жаңақорған
|
68008
|
39
|
5
|
34
|
0
|
2
|
18
|
19
|
12
|
28
|
0
|
Қызылорда қ-сы
|
16450
|
18
|
1
|
17
|
0
|
4
|
8
|
6
|
7
|
30
|
2
|
Облыс бойынша
|
360359
|
274
|
78
|
196
|
0
|
68
|
132
|
74
|
92
|
169
|
13
|
Достарыңызбен бөлісу: |