Қызылорда облысының білім басқармасының



бет4/9
Дата15.03.2023
өлшемі1.59 Mb.
#470805
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚАЗАН қмж

Сыныбы: 6 «Б»

Уақыты:

Сынып жетекшісі: Рысбаева С.Е

Кабинеті:

Мерзімі: 10.10.2022ж.

Сынып сағатының тақырыбы:

Ашуыңызды тежей білесіз бе?

Сынып сағатының мақсаты:

Ашуға ерік бермеу, ашуды ақылға жеңдіру, ойлана білу, адамгершілік құндылықтарының мән - мағынасын ашу;

Сынып сағатының міндеті:

 Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;
- Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;
- Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;

Сынып сағатының түрлері:

Сұрақ-жауап

Ресурстар

интерактивті тақта, плакаттар, мақал - мәтелдер

Сынып сағатының өтілу барысы:

Басы:

Ортасы


Соңы

Ұйымдастыру кезеңі
І. Кіріспе
Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. М. Әуезов
Адам пенде болғаннан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады. Соның бірі, адамдар арасындағы жағымды қарым – қатынасқа, өкпе – реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарау керек.
Өкпе, реніш адамның көңіл - күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау, түрлі ауруларға шалдықтырады.
Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен қателесу болады. Қателесу – кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал қатесін түсініп түзеу - ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.
Іс - әрекеттің байыбына бара алатын, ұстамды, сабырлы, ақылды, жақсы мен жаманның арасын айра алатын, әрі іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.
Бойдағы ашуды жеңу үшін Данышпан атаның кеңесін жаттап аламыз
І. Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.
ІІ. Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
ІІІ. Жақсы іс туралы ойла
ІV. Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
VІ. Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
VІІ. Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
VІІІ. Ашуды ақылға жеңдір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет