Қызылорда облысының білім басқармасының



бет8/9
Дата15.03.2023
өлшемі1.59 Mb.
#470805
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚАЗАН қмж

Сынып сағатының міндеті:

Ой — өрісі, сөйлеу тілі мен жазба тілі, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу.
Татулыққа, достыққа, адал дос таба білуге тәрбиелеу.

Сынып сағатының түрлері:

дамыту,ойын

Ресурстар

интерактивті тақта, плакаттар, мақал - мәтелдер

Сынып сағатының өтілу барысы:

Басы:

Ортасы


Соңы

Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші:
Ауылым туған, гүл тергем сенен алғашқы,
Көгілдір аспан, көк жиек, орман-шарбақты.
Көзіме алғаш кезіккен қайда бозторғай,
Көкегім қайда жамылған жолақ шарқатты,
Сыңғырлы Жайық, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,
Өздерің болып санама бала тұнды жыр.
Көгімнен құлап, көңілімді жатты жылытып,
Көзімнен ойнап, күміске бояп күлкі нұр.
2-жүргізуші:
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
2-жүргізуші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні
1-жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.
2-жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
1-жүргізуші:
Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.
Әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады. Олар өз өнерлерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет