Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған



жүктеу 289.21 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі289.21 Kb.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 39, 495-құжат


      1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 


Үкіметінің    
2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 571 қаулысымен  
бекітілген   

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген
зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған
заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының
азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге
асыру қағидасы

      Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі -Қағида) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


      1) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) ай сайынғы төлемдер - банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне және бұрынғы қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен адамдар (бұдан әрі - зардап шеккен адамдар) - Қазақстан Республикасының азаматтарына зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан (зардап шеккен адамдар 70 жасқа жеткен, бірақ заңды тұлға банкрот деп танылған күнінен бастап 10 жыл өткеннен (120 айдан) ерте емес) кейін жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;
      3) ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым - банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
      4) ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
      5) ай сайынғы төлемдерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      6) капиталдандыру кезеңі - капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;
      7) капиталдандырылған төлемдер сомасы - зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай нысанда өтелген сот актісі (актілері), кредиторлар тізілімі, анықтама-есепте көрсетілген сома;
      8) Орталықтың бөлімшелері - Орталықтың қалалық және аудандық бөлімшелері;
      9) Орталықтың Орталықтандырылған дерекқоры (бұдан әрі - ОДҚ) - ай сайынғы төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқоры;
      10) Орталықтың филиалдары - Орталықтың облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.28 № 1622 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Ай сайынғы төлемдерді тағайындау

      2. Ай сайынғы төлемдерді алуға құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Орталықтың бөлімшесіне қажетті құжаттарды және олардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайларды қоспағанда, құжаттардың көшірмелері ұсынылған түпнұсқалармен салыстырылғаннан кейін оларды Орталық бөлімшесінің бастығы куәландыруға тиіс.


      Ай сайынғы төлемдерді тағайындау үшін өтініш пен қажетті құжаттарды үшінші тұлғалардың ұсынуы ай сайынғы төлемді алуға құқығы бар адамның нотариалды расталған сенімхаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, паспорты) көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің (СТН) көшірмесі (2012 жылғы 1 қаңтарға дейін беріледі);
      3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);
      4) ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдағы банктік шотының не түзеу мекемесінің арнайы шотының нөмірі туралы мәліметтер;
      5) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған соманы алу құқығын растайтын сот актісінің (актілерінің) көшірмесі:
      капиталдандырылған төлемдер сомасын мемлекеттен алу кезінде - зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);
      таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған сомаларды алу кезінде - бірінші кезектегі әрбір кредит алушы бойынша таратып жазылған материалдарды қамтитын конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғандығы туралы ұйғарым (шешім).
      Капиталдандырылған соманы алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжатымен растауға болады;
      6) зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:
      денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде - кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедекке зиянды өтеу кезінде - мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
      Капиталдандырылған соманы алуға құқықты растайтын сот актісінде не мұрағат құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу немесе мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, бұдан кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайларды қоспағанда, Орталық бөлімшесінің бастығы құжаттардың көшірмесін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін куәландыруға тиіс.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.28 № 1622 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3.1. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды жинауға жәрдемдесу туралы жазбаша өтініші бойынша Орталық бөлімшесі өтінішті қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, органдарға және ұйымдарға тиісті сұратулар жібереді.
      Егер сұратулар бойынша екі айдың ішінде жауап алынбаса, бұл туралы осы мерзім өткен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді. Сұратуларға өтініш берушінің ай сайынғы төлемдерге құқығын растайтын жауаптар келген кезде өтініш беруші жауаптар келіп түскен күнінен бастап екі күн ішінде ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы өтініш беру үшін шақырылады.
      Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.28 № 1622 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. 2011 жылы жүгінген, ай сайынғы төлемдер 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалатын адамдарды қоспағанда, ай сайынғы төлемдер жүгінген күнінен бастап тағайындалады, бірақ капиталдандыру кезеңінің аяқталуынан ерте болмауға тиіс.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.28 № 1622 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы өтініш осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркеледі.
      6. Орталықтың бөлімшесі өтініш берушіден өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші осы Қағидаға сәйкес ұсынған құжаттардан қалыптастырылған қағаз жеткізгіштегі іс макеті (бұдан әрі - іс макеті) мен электрондық цифрлық нысанда қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған өтініш берушінің электрондық іс макетін (бұдан әрі - электрондық іс макеті) қалыптастырады.
      7. Орталық бөлімшесінің маманы электрондық іс макетін қалыптастыру үшін іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкестігін тексереді, осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда шешімнің жобасын қалыптастырады, ай сайынғы төлемнің мөлшерін есептеуді жүргізеді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Ай сайынғы төлемдерді есептеу әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Шешімнің жобасы ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжат (бұдан әрі - шешімнің жобасы) болып табылады.
      Орталық бөлімшесінің басшысы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкестігін, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, ай сайынғы төлем мөлшерін есептеудің, шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      8. Орталықтың бөлімшесі электрондық іс макетін шешімнің жобасымен және осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған электрондық хабарламамен қоса, электрондық байланыс арқылы Орталықтың филиалына жібереді.
      9. Орталықтың филиалы келіп түскен электрондык іс макеті мен шешімнің жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептің және шешімді ресімдеудің дұрыстығын тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді. Шешімнің жобасы Орталық филиалы маманының және басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      10. Электронды іс макеттері келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған жағдайда электронды шешім жобасы басқарма (бөлім) маманының, бастығының және ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      Ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның маманы электронды шешімді осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық журналда нөмір бере отырып, автоматты режимде тіркейді, электронды шешімді Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте электрондық хабарламаның қағаз жеткізгіштегі бір данасы электрондық іс макеттерін есепке алу үшін уәкілетті мемлекеттік органның маманында қалады.
      11. Орталықтың бөлімшесі ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін, осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысандағы журналда іске нөмір береді, одан кейін қағаз жеткізгіштегі шешімді өтініш берушінің іс макетіне қосып тігеді.
      12. Сканермен көшірілген электрондық іс макетінің берілген құжаттарында күмән туындаған жағдайда ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электрондық іс макетімен салыстыру үшін Орталықтың бөлімшесінен іс макетін сұратады.
      13. Орталық бөлімшесінің қызметкері ай сайынғы төлемдерді алушының іс макетін ресімдеу кезінде қателер жібергені анықталған жағдайда, ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электрондық іс макеті Орталық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қателерді жою үшін электрондық іс макетін Орталық бөлімшесіне осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес электронды хабарламада қайтару себебін көрсете отырып дұрыс ресімдеуге қайтарады.
      14. Өтініш берушінің ай сайынғы төлемдерге құқығының болмауы ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
      Өтініш берушінің ай сайынғы төлемдерге құқығының болмауына байланысты ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электронды шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
      Электрондық іс макеті электрондық хабарламамен және ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бас тарту себептері туралы хатымен қоса, электрондық байланыс арқылы Орталықтың бөлімшесіне қайтарылады.
      15. Орталықтың бөлімшесі Орталық бөлімшесіне электрондық іс макеті түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бас тарту себебі туралы хатымен бірге өтініш берушіге қайтарады.
      16. Ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне жоғары тұрған органдарға не сот тәртібімен шағымдануға болады.
      17. Ай сайынғы төлемді алушы республиканың басқа өңірлеріне кеткен жағдайда, оны төлеуді жаңа тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесі ай сайынғы төлемді алушының өзі немесе оның сенім білдірілген адамы осы Қағиданың 3-тармағы 1-4) тармақшаларына сәйкес ұсынған қайталама өтініші мен құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
      18. Республиканың басқа өңірлеріне кеткен ай сайынғы төлемдерді алушының ісі Орталықтың басқа бөлімшелерінің сұратуы бойынша осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.
      19. Түзеу мекемесінде жүрген ай сайынғы төлемді алуға құқығы бар адамға ай сайынғы төлем өтінішінің және түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталықтың бөлімшесіне түзеу мекемесінің әкімшілігі ұсынатын, осы Қағиданың 3-тармағында көзделген құжаттардың негізінде тағайындалады.
      20. Егер ай сайынғы төлемді алуға құқығы бар адам түзеу мекемесінде жүрген кезінде ай сайынғы төлем алушы болып табылатын болса, түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталық бөлімшесі көрсетілген адамның осы Қағиданың 17 және 18-тармақтарына сәйкес түзеу мекемесінің әкімшілігі ұсынған өтінішінің негізінде ай сайынғы төлем төлеуді жүзеге асырады.
      21. Түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталықтың бөлімшесі істі алғаннан кейін оны есепке қояды және түзеу мекемесінің арнаулы шотына ай сайынғы төлемді толық көлемде аудару үшін деректемелерін көрсете отырып, сотталушының деректерін ОДҚ-ға енгізеді.
      22. Медициналық-әлеуметтік мекемеде жүрген ай сайынғы төлемдер алуға құқығы бар адамға медициналық-әлеуметтік мекеме орналасқан жердегі Орталық бөлімшесі ай сайынғы төлем төлеуді осы Қағиданың 17 және 18-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.
      23. Медициналық-әлеуметтік мекемеде тұратын іс-әрекетке қабілетті адамдардың ай сайынғы төлемдері ай сайынғы төлемдер беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылатын банк шоттарына аударылады.
      24. Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға (бұдан әрі - іс-әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағылар) ай сайынғы төлемдер олардың қамқоршылары (қорғаншылары) ай сайынғы төлемдер беру жөніндегі ұйымда ашатын банк шоттарына есептеледі.
      25. Қамқоршы (қорғаншы) Орталық бөлімшесіне осы Қағиданың 3-тармағында санамаланған құжаттардан бөлек, адамды іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің және іс-әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағы адамға медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің қамқоршылық (қорғаншылық) белгілегендігі туралы қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесін ұсынады.
      26. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруларға байланысты ай сайынғы төлемдердің мөлшерін өзгертуді ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесі дайындаған электронды шешім жобасының негізінде жүргізеді.
      27. Ай сайынғы төлемді алушылардың жоғалған немесе (өрт, су тасқыны және басқа жағдайлар кезінде) жарамсыз болған істерінің телнұсқаларын Орталық бөлімшесі жоғалғаны (ісінің болмауы) туралы актінің, ай сайынғы төлемді тағайындау жөніндегі комиссия шешімінің хаттамасынан үзінді көшірменің және (немесе) азаматтардың ай сайынғы төлемдерді тағайындауға берген өтініштерін тіркеу журналының, істердің электронды мұрағатының негізінде қалыптастырады және оны ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Орталық бөлімшесі азаматтардан осы Қағиданың 3-тармағында көзделген құжаттарды сұратады.
      28. Ай сайынғы жәрдемақыларды алушылардың жоғалған немесе жарамсыз болған істерін қалпына келтіру заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      29. Ай сайынғы төлем тоқтатылған істер алушының өзі жүгінгенге дейін «Бақылауда» деген белгімен қолданыстағы істерден бөлек сақталады. Алты ай өткеннен кейін іс соңғы төлемнің күні мен сомасы көрсетіле отырып есептен алынады және Орталық бөлімшесінің мұрағатына тапсырылады. Алты айдан артық мерзімге тоқтатыла тұрған істер бойынша ай сайынғы төлемді төлеуді Орталық бөлімшесі ай сайынғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша тоқтатылған күнінен бастап қайта жаңартады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.28 № 1622 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      30. Алушының қайтыс болуына, кетуіне немесе басқа да себептер бойынша ай сайынғы төлемнің электронды есепке алу карточкасы жабылған кезде Орталық бөлімшесі алушының ісіне себебін, күнін көрсете отырып, есептен шығарылғаны туралы белгі қояды және ол Орталық бөлімшесі бастығының қолымен және мөртабан бедерімен расталады.
      31. Мұрағаттық істер әліпби және істердің жабылу жылдары бойынша он жыл бойы Орталықта сақталады, сақтау мерзімі өткеннен кейін акт бойынша жойылады.
      32. Сақтау мерзімі өткен мұрағаттық істерді жою кезінде Орталық филиалының шешімі бойынша істерді жою жөнінде комиссия құрылады, оның құрамына ай сайынғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (келісім бойынша), Орталық мұрағатының (келісім бойынша) өкілдері, Орталықтың филиалы мен бөлімшесінің қызметкерлері кіреді.
      Жойылатын істердің тізімдері, жойылған күні көрсетілетін мұрағаттық істерді соңғы түгендеу деректерімен салыстырып тексеріледі.

3. Ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру

      33. Ай сайынғы төлемдерді Орталық өтініш берушінің таңдауы бойынша ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.


      34. Ай сайынғы төлемдерді тағайындау және олардың мөлшерін өзгерту кезінде тиынмен есептелген барлық сома тиын сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенуге тиіс.
      35. Ай сайынғы төлемдер ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қабылдаған шешім негізінде облыстар, Астана мен Алматы қалалары бөлінісінде ай сайынғы төлемдерді төлеу жөніндегі Орталық құрастырған кестеге сәйкес ағымдағы ай үшін ай сайын төленеді.
      36. Төлемді тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған ай сайынғы төлемдердің сомасы өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей бір уақытта төленеді.
      37. Ай сайынғы төлемді алушы қайтыс болған жағдайда төлем ол қайтыс болған ай өткеннен кейін тоқтатылады.
      Ай сайынғы төлемді алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда, ай сайынғы төлем ішкі істер органдарында тіркеуден шыққан айға қоса төленеді.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен және қайта оралған адамдарға тоқтата тұрылған ай сайынғы төлемдер жүгінген күннен бастап өтініштің және осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес олар ұсынған құжаттардың негізінде қайта жаңартылады.
      Бұл ретте ай сайынғы төлемдер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қайта жаңартылады, Егер кету кезеңінде ай сайынғы төлемдерді арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері өтініш берілген сәттегі осы арттыруларды ескеріп белгіленеді.
      38. Тегі, аты немесе әкесінің аты, шот нөмірі, туған күні, тұратын жері өзгерген жағдайда алушы Орталық бөлімшесіне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен қоса, осы өзгерістер туралы өтініш береді. Деректемелердің өзгеруі туралы белгі ай сайынғы төлемді алушы ісінің мұқабасына жасалады, сондай-ақ ОДҚ-ға тиісті өзгерістер жасалады.
      39. Орталық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары, селолық (ауылдық) әкімдер, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары ұсынатын қайтыс болғандар мен қайтыс болды деп жарияланған адамдардың тізімдерін, ішкі істер органдары ұсынатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендердің тізімдерін ай сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.
      40. Ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдар шоттарында үш және одан да көп айлар бойы қозғалыс жоқ ай сайынғы төлемдерді алушылардың тізімдерін соңғы операцияның күнін, сондай-ақ сенімхат бойынша алушылардың шоттарынан ай сайынғы төлемдердің алынғаны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тоқсан сайын Орталық бөлімшелеріне ұсынады.
       41. Орталық ай сайынғы төлемдерді алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету не алушының қайтыс болу фактісін анықтаған жағдайларда Орталық бөлімшесі ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің негізінде ай сайынғы төлемдерді тоқтата тұрады.
      42. Орталық бөлімшесінің қызметкерлері ОДҚ-ға қайтыс болу, кету фактілері, ай сайынғы төлемді тоқтата тұру, ай сайынғы төлемді қайта жаңарту туралы, сондай-ақ алушылардың қайтыс болуына, кетуіне байланысты, оның ішінде осы Қағиданың 39-тармағына сәйкес салыстырып тексеру нәтижелерінің деректері бойынша қажеттілік сомаларын азаю жағына қарай түзету жөніндегі негіздемелер, іс-әрекеттер белгіленген ұстап қалу сомалары туралы күн сайын жазба жасайды.
      43. Артық есептелген (төленген) ай сайынғы төлемдер сомаларын қайтару ай сайынғы төлемдерді алушының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Көрсетілген сомаларды қайтарудан бас тартқан жағдайда Орталықтың филиалдары ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның сенімхаты бойынша сот органдарына жүгінеді.
      44. Орталықтың ай сайынғы төлемдерді қате есептегені, нұсқауды қате кері қайтарғаны немесе қате тоқтатқаны анықталған жағдайда Орталық ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзгеше белгілемесе, Орталық пен ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымның арасындағы шартта белгіленген нысан мен тәсіл бойынша, қате нұсқау не нұсқауды кері қайтару немесе орындалуын тоқтата тұру туралы ақпарат жібереді.
      Қате нұсқау туралы не кері қайтару немесе орындауды тоқтата тұру туралы ақпарат негізінде ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым ақшаны Орталыққа қайтаруды жүзеге асырады не «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңында белгіленген тәртіппен нұсқаудың орындалуын тоқтата тұрады.
      45. Ай сайынғы төлемдерді алушылар бойынша деректер негізінде Орталық ай сайынғы төлемдерді төлеуге бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және төлеу айының алдындағы айдың 25-і күні әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
      46. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган Орталықтан ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға қажеттілік туралы өтінімді алғаннан кейін ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға қаржыландыруды жүргізеді.
      47. Орталық әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан бюджет қаражатын алғаннан кейін ай сайынғы төлемдерді төлеуге төлем тапсырыстарын, сондай-ақ ай сайынғы төлемдерден ұстап қалуларды қалыптастырады.
      48. Орталық ай сайынғы төлемдерді төлеуді Орталықтың бөлімшелері басып шығаратын және ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға ұсынатын, осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес 7Д нысанындағы тізім-ведомостардың негізінде банктік шоттарға есептеу немесе алушылардың үйіне апарып беру арқылы жүргізеді.
      49. 7Д нысанындағы тізім-ведомостар екі данада басылады және ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен Орталық бөлімшесінің қолымен және мөрімен расталады әрі олардың әрқайсысында бір-бір данадан сақталады.
      50. Ай сайынғы төлемдерді үйге апарып беруді ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сексен жасқа жеткен зейнетақы алушыларға, бірінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ бөгде адамның күтіміне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға жүргізеді.
      51. Ай сайынғы төлемді беру жеке басын куәландыратын құжатын ұсынғанда, ай сайынғы төлемдерді алушылардың банк шоттарына есептелген сомалар шегінде, сондай-ақ 7Д нысанындағы тізім-ведомостар бойынша жүргізіледі.
      52. Ай сайынғы төлемдердің төленген сомалары бойынша Орталық пен ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актісі жасалады.
      53. Ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу Орталық пен ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымның арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарттың негізінде жүргізіледі.
      54. Бөлінген қаражат бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган мен Орталық арасында ай сайын салыстырып тексеру актісі жасалады.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына


келтірілген зиянды өтеу жөніндегі  
төлемдерді капиталдандыру кезеңі  
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан 
Республикасының азаматтарына ай сайынғы 
төлемдерді жүзеге асыру қағидасына 
1-қосымша            

Ауданның коды ___________


Қазақстан Республикасы

__________________ облысы бойынша


Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті

Өтініш

Азамат (ша) _____________________________________


                  (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

Туған күні « ___ » 19__ж.,


__________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын

Банктегі шот № ___ Банк филиалының № ____ Байланыс бөлімшесі № _____


Менің (СТН) ___________________________ ӘЖК _________________________
ЖСН ____________________________________
Жеке куәлігінің (төлқұжаттың) деректері № ___________________________
Кім берген ___________________ Берілген күні ________________________

      Маған бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеу үшін берілген біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайын төлем тағайындауыңызды сұраймын.


      Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын. Төленетін ай сайынғы төлем мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің өзгеруі, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан шығу, сауалнама деректерінің, банк деректемесінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 15 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Берілген күні ________________ Өтініш иесінің қолы _________________
Азамат ___________________________________________ өтініші
      (өтініштің құжаттармен қоса қабылданған күні)
20_____ ж. « _____ » №______________ қабылданды

Құжаттарды қабылдаған адамның Т. А. Ә., лауазымы және қолы _________


Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 


________________________________________________________________
                        (қию сызығы)
Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші
№ _____ тіркелді
Құжаттар қабылданған күн ________
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы: __________

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына


келтірілген зиянды өтеу жөніндегі  
төлемдерді капиталдандыру кезеңі 
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді жүзеге асыру қағидасына
2-қосымша          

Ай сайынғы төлемдерді тағайындау
туралы өтініштерді тіркеу және есепке алу
журналы

Басталған уақыты __________________________


Аяқталған уақыты __________________________

Р/с


Өтініш берілген күн

Өтініш берушінің Т. А. Ә.

Өтініш берушінің туған күні

Мекен-жайы

Тағайындау күні

Ай сайынғы төлем мөлшері

Кәсіптік еңбек ету қабілеті нен айырылу дәрежесі

Департаменттің шешімді бекіткен немесе бекітуден бас тартқан күні және хабарламаның №

Ескертпе





























































Журналда _____________________ парақ нөмірленді және тігілді
       (сандармен және жазбаша)
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы __________________________
                                        (Т.А.Ә.)

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына


келтірілген зиянды өтеу жөніндегі 
төлемдерді капиталдандыру кезеңі 
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді жүзеге асыру қағидасына
3-қосымша         

Код __________


Облыс (қала) ____________

________________________________________ облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің
20____ ж.« ____ » __________ № _____ шешімі

ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тоқтата тұру,
тағайындаудан бас тарту) туралы

Өтініш беруші ____________________________


Туған күні ______________________________
Өтініш берген күні 20____ ж. « __ » ______
Капиталдандырылған төлемдер сомасы _________
Капиталдандыру кезеңі ________________________
Тағайындалған күні _________________________
Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі ________ %-бен
Кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу ____ мерзімге дейін белгіленді

1. Ай сайынғы төлемдер 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабы 4-тармағына сәйкес _____________________________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын.


            (сомасы жазбаша)
1-1. Ай сайынғы төлем _____ бастап Қағиданың 41-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрсын.
2. Ұстап қалу жүргізіледі ___________________________________________
____________________________________________________________________
(ұстап қалу түрі, шегерілген сома, ай сайынғы төлем мөлшеріне % арақатынасы)

Ай сайынғы төлем сомасынан ұстап қалғаннан кейінгі төленетін төлем мөлшері ____________________________ теңге сомада


            (сомасы жазбаша түрде)
Ұстау 20_____ « _____ » бастап 20___ « ____ » ________ дейін

3. Ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан: _____________


__________________________________________________________
______________________________________________________ бас тартылсын
            (бас тарту негіздемесі)

Департамент директоры ____________________    _______________________


                              (Т. А. Ә.)               (қолы)
Департамент басқармасының ________________    _______________________
(бөлім бастығы)            (Т. А. Ә.)                  (қолы)

Департаменттің тағайындау


жөніндегі маманы _________________________     ______________________
                       (Т. А. Ә.)                      (қолы)

Шешім жобасын дайындаған


ЗТМО филиалының директоры _________________      ____________________
                            (Т. А. Ә.)                 (қолы)

ЗТМО филиалының маманы ___________________      _____________________


                              (Т. А. Ә.)                 (қолы)

ЗТМО бөлімшесінің бастығы __________________      ___________________


                           (Т. А. Ә.)                   (қолы)

ЗТМО бөлімшесінің маманы __________________      ____________________


                           (Т. А. Ә.)                   (қолы)

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына


келтірілген зиянды өтеу жөніндегі 
төлемдерді капиталдандыру кезеңі  
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді жүзеге асыру қағидасына 
4-қосымша               

Электронды хабарлама
20__ ж "____________" ______ № _____________

Орталықтың _______________ филиалының __________ бөлімшесі төменде көрсетілген азаматтардың электронды іс макеттерін қарауға жолдайды



Р/с


Іс №

Т.А. Ә

Парақтар саны

Ай сайынғы төлемнің мөлшері

Қарау туралы белгі

Қарау деңгейі (электронды іс макетінің мәртебесі)

бекітілді (шешімнің күні мен нөмірі)

қайта ресімдеу үшін қайтарылды (бас тарту, құжаттардың дұрыстығын тексеру)

қайтару себебі




























Барлығы _________________________ электронды іс макеті қоса беріледі
Барлығы _________________________ электронды іс макеті бекітілді
_________________________________ электронды іс макеті қайтарылды

20___ « ___ » шығыс № ____
(Филиалға жіберген күн)

20____ « ____ » кіріс № _____ (Филиалға келіп түскен күн)
20____ « ____ » шығыс № _____ (Департаменттен жіберген күн)

20___ « ___ » кіріс № _____
(Филиалдан келіп түскен күн)
20___ « ___ » шығыс № _____
(Департаменттен жіберген күн)




20___ « ____ » кіріс №  ___
(Департаменттен филиалға келіп түскен күн)
20____ « ____ » шығыс № ___
(Орталықтың бөлімшесіне жіберген күн)

20____ « ____ » кіріс № _____(Филиалдан келіп түскен күн)

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына
келтірілген зиянды өтеу жөніндегі 
төлемдерді капиталдандыру кезеңі 
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді жүзеге асыру қағидасына
5-қосымша             

Ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы шешімдерді
электронды тіркеу журналы

Р/с


Істің


Өтініш берушінің Т. А. Ә.

Шешім №

Тіркелген күні
















Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына 
келтірілген зиянды өтеу жөніндегі   
төлемдерді капиталдандыру кезеңі  
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді жүзеге асыру қағидасына  
6-қосымша             

Ай сайынғы төлем ісіне нөмір берудің электронды журналы

Р/с


Істің


Өтініш берушінің Т.А. Ә.

Өтініш берушінің туған күні

Тұрғылықты мекенжайы
















Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына 
келтірілген зиянды өтеу жөніндегі  
төлемдерді капиталдандыру кезеңі  
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді жүзеге асыру қағидасына  
7-қосымша             

____ АНЫҚТАМА-АТТЕСТАТ



20____ ж.____ ________

Азамат (ша) ______________________ Орталықтың _______________________


_______________ бөлімшесінде ай сайынғы төлемді алып отырды
1. Ай сайынғы төлем 20__ ж.______ дейін теңге ____ мөлшерінде төленді

Қосымша: ____________________________________________________________


      Төлем тоқтатылды және Орталық бөлімшесінің есебінен алынды
_____________________________________________________________________
            (маманның Т.А.Ә., қызмет телефоны №)
М.О.
Орталық бөлімшесінің бастығы ____________________
Төлем бөлімінің бастығы (маман) ___________________

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына 


келтірілген зиянды өтеу жөніндегі 
төлемдерді капиталдандыру кезеңі 
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді жүзеге асыру қағидасына 
8-қосымша             

Код _____


Облыс (қала)

________________________ облысы (қаласы) бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің
20____ ж. « ________ » ___________ № _________ шешімі

Істің № __________________


Ай сайынғы төлемнің мөлшерін арттыру туралы
Азамат ______________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты)
Туған күні « _____ » ______________ 20______ ж.
Тағайындалған күні « ________ » ________ 20_____ ж.
Ай сайынғы төлемнің мөлшері « ___ » ____ 20___ ж. дейін _______ теңге
_____________________________________________________________________
                        (сомасы жазбаша)
_________________________ сәйкес ай сайынғы төлем мөлшері ұлғайтылсын
(нормативтік құқықтық актінің аты, нөмірі және күні)

20___ ж.________ бастап ай сайынғы төлемнің мөлшері ___________ теңге


                                                 (сомасы жазбаша)

Департамент директоры ____________________    _______________________


                              (Т. А. Ә.)             (қолы)
Департамент басқармасының ________________    _______________________
(бөлім бастығы)            (Т. А. Ә.)                (қолы)

Департаменттің тағайындау


жөніндегі маманы _________________________     ______________________
                       (Т. А. Ә.)                     (қолы)

Шешім жобасын дайындаған


ЗТМО бөлімшесінің бастығы _________________      __________________
                            (Т. А. Ә.)                 (қолы)

ЗТМО бөлімшесінің маманы ___________________      ___________________                              (Т. А. Ә.)                  (қолы)

ЗТМО филиалының директоры __________________      ___________________
                           (Т. А. Ә.)                   (қолы)

ЗТМО филиалының маманы __________________        ____________________


                           (Т. А. Ә.)                  (қолы)

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына


келтірілген зиянды өтеу жөніндегі 
төлемдерді капиталдандыру кезеңі 
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді жүзеге асыру қағидасына 
9-қосымша             

7 Д Нысаны



___________________________ (төлем түрі) бойынша
_______(айына) қолма-қол ақшамен төлеуге
_______ облысы _____ ауданы _______(ауылы) алушыларының
№ _____ тізім-ведомосы

Банк филиалының № _____



Р/с


Алушының Т.А.Ә

ЖСН

Алушының мекенжайы

Істің нөмірі

Төлеуге жататын сома

Алушының қолы

Алушының банк шоты

Банк шотына есептелетін сома

Банк шотына есептелген күн

Ағымдағы уақыт үшін

Өткен уақыт үшін

Төленетін жиыны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12





















































































































































































Орталық бөлімшесінің бастығы ___________________
Орталық бөлімшесінің маманы ____________________

М. О.


Банк филиалының басқарушысы ____________________
Қаржы бақылаушысы ______________________________

М. О.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет