Ж ұ мысба ғ дарламас ы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2207 Мамандық: 051103 «Фармация»



бет111/120
Дата07.02.2024
өлшемі1.48 Mb.
#491120
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   120
Микробиология-Фармация-2-курс-каз (2)

Морфологиясы. Туляремия қоздырғышы өте майда /0,3-0,5 мкм/ полиморфты, ГР- таяқша, спора түзбейді, қозғалмайды, капсула түзуі мүмкін.
Дақылдылық қасиеті. Факультативті анаэроб. Әдеттегі қоректік ортада өспейді. Сары –уыз қосылған қоректік ортада қан және цистеин қосылған қоректік ортасында жақсы өседі. Оптимальды температура 37-38 С,РН-6,8-7,4. Тауық эмбрионында, сарыуыз қапшығында жақсы өседі. Жасанды қоректік ортада бактерия аттенуациясы байқалады S – формадан R – формаға өтеді.
Б/Х- қасиеті өте төмен, мальтоза глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады.
Антиген құрылымы –О антиген, беткейлі VI-антиген түзеді. Бруцелламен антигендік туыстығы бар. R – формалы түрі VI – антигенді, вируленттілік ж/е иммуногендік қасиетін жоғалтады .
Патогендік факторы. S- формалы колониясы вирулентті. Патогендік қасиеті қабықты антигендік комплекспен және эндотоксинмен байланысты. Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз шошқасы, ақ тышқандар өте жоғары сезімтал.
Аурудың патогенезінде қоздырғыштың лимфа жолымен таралуының маңызы өте жоғары. Микроб және оның токсині қанға өтіп бактеремияға алып келеді.
Иммунитет. Аурудан кейін ұзақ уақытқа кейде ағзаның антигенге аллергизациясы байқалады.
Клиникасы. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 3 аптаға дейін, 3-7 күн. Ауру жедел басталады кенеттен 38-39 С, қалтырау, бас ауру, ағзаның улануы байқалады.
Бубонды, жарақат-бубонды, көз-бубонды, абдоминальды, өкпелі, септикалы түрдегі клиникалық түрлері бар 6% өлімге алып келеді.
Микробиологиялық диагностикасы. Тексерілетін материал қан, бубон пунктанты, жарақаттан жұғынды, көз коньюктивасынан бөлінген сұйықтық, қақырық.
Бактериологиялық, биологиялық, бактериоскопиялық әдістерді қолданамыз. Романовский –Гимзе әдісімен боялады. Серологиялық әдіс ТГАР, КБР, РИФ.
Аллергиялық әдіс. Тері ішіне, тері үстіне, екі енгізу түрінде де аллерген концентрациясы әр түрлі. Нәтижесі 24-36-48 сағ кейін тексеріледі. Оң нәтиже бергенде инфильтрат диаметрі 5 мм дейін болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   120




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет