Канцерогендік заттар өте әртүрлі – қарапайым төрт хлорлы көміртегінен, өте күрделі, мысалы, метилхолантерен немесе бензантрацен секілді құрылымдарға дейін. Канцерогендік заттар жеке ісік лкеткаларының өсуін және бөлінуін қолдайтын заттар-канцерогенездің промоторлары деп аталатын заттар қосылады. Канцерогендіе заттар (промоторлармен қоса) көптеген адам ісіктерінің себебі болады, мысалы, анилин баяу өндірістегі жұмысшылардың қуық рагын, темекі – өкпе рагын туғызады
Ісік туғызатын вирустар. Олар құрамында ДНҚ бар вирустар немесе РНҚ-сы бар ретро вирустар болуы мүмкін. Олардың бәрінің клетка-иесінің геномымен үйлесе алатын бірегей қабілеттері бар. Ісік вирустарының бұл ғажайып ерекшеліктерін ресейлік вирусолог Л.А.Зильбер болжап айтқан.
Алғашқы ісік тудыратын вирустарды тауықтарда 1910 ж. П.Раус ашқан. Саркомадан алынған клеткасыз сүзбені еккенде жаңа ісіктер пайда болады. Жұқтыратын агент РНҚ-сы бар ретровирус (Раус саркомасының вирусы), яғни оның тұқым қуатын молекуласындағы РНҚ-дан кері транскриптаза көмегімен ДНҚ синтезделеді де клетка-иесінің геномынан орын алады.
Генотиптің рөлі. Көптеген ісіктердің шығу негізі генетикалық себептер: геномның қайта құрылуы және әртүрлі мутациялардың пайда болуы әсер етеді. Кейде бұл сұрыптаудың нәтижесінен болады. Мысалы, тышқандарда сұрыптау таза линиялар (аталық ізі) алынған, оларда залалды ісіктердің белгілі бір түрлерінің - лейкоздар, сүт бездерінің және өкпе рагының пайда болуы 100%-ға дейін жеткен. Алғашқы екі түрінде жануарлардың генотипімен вирустың, ал тұқым қуатын өкпе рагында канцерогендік және жануардың геномына байланысты әсері байқалады. Көптеген басқа жағдайларда ісіктің шығу тегі, клеткалардың қалыпты бөлінуін қадағалайтын гендер мутациясының салдарынан болады. Тегі ісік сатыларының өршуі және метастаздық процестер генетикалық бақылауда болатын секілді.
Алғашқы онкогендер ашылғаннан кейін, көп кешікпей белсенділігін жоғалтқан немесе белсенділігі тежелген гендердің, ісіктердің пайда болуына әсер ететіні жөнінде мағлұматтар түсе бастады. Басқаша айтқанда, бұл гендердің белоктық өнімдері клетканың ракқа айналмауына қажет екені баяндалды. Бұл гендер антионкогендер немесе ісіктердің супрессорлық гендері (ІСГ) деп аталады.белгілі ІСГ-дің саны да өсіп келеді, дегенмен ашылған онкогендердің санынан азырақ.
Ісік ауруымен қаупі жас ұлғайған сайын арта түседі: мысалы, егер 40 жаста ракпен алғашқы ауыру 100000 адамға 8 болса (Англия мен Уэльс әйелдерінің көрсеткіші), 60 жаста – 60 жуық, ал 70-те – 120. Бұның себебі, көптеген ісіктердің қалыптасу процесі көп сатылы, бір қатар гендердің мутацияларының шоғырлануынан болады.
Біріншіден, ісіктің ішінде қан тамырларының өсуі көптеген гендердің бақылауында. Одан кейін, ісік клеткалары бастапқы ісік массасынан бөлінетін қабілетке ие болып және метастаз түзетін болса, кадхерин-катенин гендерінің мутациялары жүруі тиіс. Бұл гендердің өнімдері эпителий (грек. «эпи» - үстіңгі, «теле» - емшек, үстіңгі қабырға клеткалар деген мағынада) клеткалардың барлығын бір жүйеге қатты байлайды.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Рекомбинантты ДНК түсінігі ?
-
Қандай канцерогенді заттарды білесіз ?
-
Ісік аурулардың қандай түрлері болады?
Әдебиеттер: 1-7( негізгі), 8- 16 (қосымша)
№ 15 дәріс тақырыбы. Аппоптоз. Программаланған жасуша өлімі жайлы жалпы көзқарас. Аппоптоз регуляциясы
Жалпы сұрақтары: Жасушаның программаланған генетикалық өлімі.Аппоптоз сигналының трансдукциясы.Аппоптоз регуляциясының молекулярлық механизмі.
Пайдаланатың құралдар: проектор, слайдтар
Апоптоз ( грек apoptosis- жапырақ тастау ) физиологиялық жоспарлы өлу. Апоптоз түрлі дерттану , ұрық дамуы , жетілген ұлпаларда байқалады. Ол жасушалардың қалыпты жетілуі , қызметтік белсенділігін қолдайтын реттеу әсерлері теңгеріші бұзылғанда себепшарттар гормон өсу кейбір цитокиндер жетіспегенде басқа жасушалар ,жасуша аралық заттар құрамбөліктері ,басқалар мен жанасу жоғалғанда, жасушаның: қалыпты тозуы өзгерістерінде : физиологлық демегіштер әсерінен қатерлі ісіктердің өлі еттену себепшартарынан және басқаларда көрінеді.
Жасуша өлінуінің екі түрі болады: апоптоз және некроз.
Апоптоз және некроздың морфологиясы: 1) хроматин конденсациясы және клеткалардың сығыуы( цитоплазма, конденсациясы салдарынан ) хроматин ядроның іштерде тығыз гамегенді масса түрінде орналасады . Цитоплазма көлемі азаяды клетка өзінің түрін өзгертеді; 2) ядро мен цитоплазма фрагментациясы ( үзілістері). Апоптоз денешіктері пайда болды.
Клеткаларда терең өсінділер пайда болады ,олар біртіндеп үзіледі оларды апоптоз денелері деп те атайды.
Апоптоз бағдарламасы келесі жағдаймен жіберілуі мүмкін 1) іштей апоптоз клетканың халі нашарлағанда; 2)сырттай апоптоз клетка рецепторлар арқылы беріледі апоптоз командасы бойынша
Іштей апоптоз: 1) хромасоманың әртүрлі зақымдануы ( ДНҚ үзілулері); 2) липидтердің асқын тотығуы нәтежесінде , мембраналық клетканың зақымдануы; 3) зақымдану сырттай факторлардан пайда болады.
Сырттай апоптоз: 1) жәндіктердің метаморфоз қуршақ клеткассының жоюлуы ; 2) эмбрагенездегі хорданың басталуы ; 3) уылдырық шашқаннан кейін горбушка мүшелерінің жылдам өлумен аяқталады.
Апоптоздың пайда болу себепшарттары: токсин, ишемия, сауленену, оксидант, гипоксия, гиподермия, гипертермия.
Апоптоздың денешіктерде түзілуі және алмасуы.
Ішінде құрлысы сақталған фрагменті бар.Өскіндер пайда болады.Олар жасушадан бөлініп шығады да меибраннамен қоршалған үлкен көлемді дөңгелек немесе сопақша пішінді апоптоз денешіктеріне айналады . Апоптоз денешіктерінің пайда болуы актинді микрофиламентерге тәуелді.
Физикалық химиялық қарқыны орташа себепшарттар олардың қарқындылығын жоғарылатса, онда ол өлі еттенуге жеткізеді .
Әдетте апоптоз бұзылуының себебіне
қалыпқа келмейтін ДНҚ зат алмасуының күрт ығысуы жатады . Апоптоздың пайда болуы кейбір жұқпалы ауру ларға ,әсіресе, олардың
вирустарына байланысты болады.
Апоптоз -ұлпаның гамеостоздың фундаментальды универсальды биологияның механизмі болғандықтан
Ол ұлпалардың қаалыпты және патолгиясындағы тіршіліктің барлық белгілеріне байланысты оның маңызы келесіпроцестерде өте маңызды .
Апоптоз кезіңдегі жасушаларда құрлымдық және қызметтік өзгерістері:
Жасушаның цитоплазмасында құрлымдық
Өзгерістер пайда болғанға дейін ұзақтығы 12сағат латенттік кезеңде жасушаның өлуіне керекті ферменттердің түзілуі жүреді. Бұл сатты өлетін жасушаларда көбөтеді,өйткені жасушаннің көбі ерекше “құтқарушы гендердің” көмегімен арнайы қорек-тік жұмыс істей бастауның нәтежесінде түгелмен сақталады.
Апоптоздың маңызы: 1) эмбрионалды дамуда; 2 ) жетілген ұлпалардан қартайған жасушаға алмастыруда; 3) жетілген ұлпалардың инволюциясында; 4) иммундық реакцияда; 5) дегенераттивті және инфекционды аурулардың дамуында; 6 ) қатерлі ісікте.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар:
-
Апоптоз дегеніміз не?
-
Апоптоздың қандай түрлері болады ?
-
Апоптозды қандай себепшарттар тудырады?
Әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 8- 16 (қосымша)
8.2. Тәжірібелік сабақтардың тақырыптары.
Тақырып 1. Молекулалық биологияның даму тарихы. Жасуша-өмір негізі.
Сабақтың мақсаты: 1. Жасушалардын түрлерін менгеру.
2. Жасушалық және жасушалық емес құрылымдардың құрылысы менгеру.
1 тапсырма. Прокариотты жасушаның құрылысын дәптерге салыныздар.
2 тапсырма. Прокариотты организмдердің жасуша құрылысымен танысу. Дәптерге салып алып, мына кестені толтыр:
1кесте
Прокариотты жасушалардың анықтамасы
Белгілері
|
Морфофункциональді белгілері
|
|
Бактериялар
|
Микоплазма
|
Қөк жасыл балдырлар
|
2 тапсырма. Эукаротты организмдердің жасуша құрылысымен танысу. Дәптерге салып алып, мына кестені толтыр:
2 кесте
Покариоттты және эукариотты жасушалардың салыстырмалы ерекшеліктері
Белгілері
|
Прокариоттар
|
Эукариоттар
|
3.тапсырма. Жасушасыз құрылымдардың түрлерін атау керек. Құрылысын дәптерге салыныздар
Жасуша аралық зат Симпласт Синцитий
Бақылау сұрақтары:
1. Эукариотты жасушаларға анықтама берініз
2 Прокариотты жасушаларға анықтама берініз
3. Жасушалардың қандай түрлері болады?
4. Жасушасыз құрылымдардың қандай түрлері болады?
Әдебиеттер: 1-7 (негізгі), 8- 16 (қосымша)
Тақырып 2. Молекулалық биологияның қазіргі заманғы әдістері. Жасушааралық қатынас және олардың тірі жүйелерді функционирлеудегі рөлі.
Сабақтың мақсаты:
1. Молекулалық биологияның қазіргі заманғы әдістерін менгеру
2. Жасушалық және жасушалық емес құрылымдардың құрылысын менгеру.
1 тапсырма. Микроскоп бөлшектерінің аттарын есте сақтап, гистологиялық препаратты зерделеу (бейнесін салу), ғылыми зерттеу (зерзаттарды өлшеу) үшін, олардың атқаратын жұмысын (жұмыс орнын ұйымдастыру, жарықты қою, ортаға дәл келтіру, жарық сәулелерін жинақтау, жарық сүзгісін таңдау) білу.
-
тапсырма.Жасуша аралық байланыстарды дұрыс белгілеу қажет
3 тапсырма. Жасушашілік байланыстарда оқу
Бақылау сұрақтары:
1. Молекулалақ биологияда қандай әдістерді қолданады?
2. Жасуша аралық байланыстар дегеніміз не?
3. Жасушашілік байланыстар дегеніміз не?
Әдебиеттер:1-7 (негізгі), 8-16 (қосымша)
Тақырып 3. Ақуыздар құрылысы. Жасушаның молекулярлық құрылымы
Сабақтың мақсаты:
-
Ақуыздардың құрылымдық ұйымдасуың менгеру.
-
Аминқышқыл құрамын оқыту.
-
Жасушаның молекулярлық құрылымын меңгеру.
1 тапсырма. Дәптерге салып алып, мына кестені толтыр:
3 кесте
Ақуыздардың жіктелуі
күрделілік дәрежесіне қарай
|
молекула пішіиіне қарай
|
кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай
|
атқаратын қызметтеріне қарай
|
Қарапайым және күрделі. қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер құрамына белокты заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді
|
Шар тәрізді және жіп тәрізді
|
Суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер
|
Корға жиналатын белоктар, тірек қызметін атқаратын белоктар.
|
2 тапсырма. Дәптерге белоктардың құрылымын салыныз
1 — бірінші, 2 — екінші, 3 —үшінші, 4 — төртінші
3 тапсырма. Дәптерге салып алып, мына кестені толтыр:
4кесте
Ақуыздардың түрлері
Күрделі ақуыздар
|
Ерекшеліктері
|
Нуклеопротеидтер
|
Бұлар белоктан және нуклейн қышқылдарынан тұрады. Нуклеопротейндердің құрамына дизоксинуклейн немесе рибонуклейн қышқылдарының кіруіне байланысты екіге бөлінеді дизоксирибонуклеопротеидер және рибонуклеопротеиндер. Нуклеопротеиндердің құрамында көп мөлшерде фосфор қышқылының қалдығы болуына байланысты, олар әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Суда және сілтілік ертіндісінде жақсы ериді.
|
Хромопротеидтер
|
Белоктардың простетикалық бөлігі түрлі-түсті бояғыш заттардан тұрса, олар хромопротеиндер тобына жатады. Бояғыш заттар қатарына порфирин, флавин, аденин динуклеотид (ФАД)жатады. Хромопротейн өкілі ретіінде , қан гемоглобинін, хлорофил, миоглобин, цитохромы, флавиноферменты жатады.
|
Липопротейндер
|
Майларға ұқсас заттар. Липидтер құрайтын күрделі белоктар. Құрамында бейтарап және полюсті липидтер. Холестирин және оның эфирлері болады.
|
Гликопротеидтер
|
Простетикалық бөлігін көмірсулар құрайтын күрделі белоктар. Көмірсулардың комплекстеріне; маноза, фруктоза, галактоза, генсозаминдер т.б жатады. Глюккопротендердің биологиялық қызмееті өте зор, қорғаныштық, тіректік, дәнекерсіз қызмет, имундық қызмет. Қанның ұюына кедергі жасайды, тасымалдау, қоржинауға қатысады.
|
Металлопротеидтер
|
Белоктар мен металл иондарының тікелей қосылуынан түзілген комплекстер. Құрамында Cu, Fe, Zn, Mo, Mn, Ni, Se, Ca металл иондары кездеседі.
|
Фосфопротеидтер
|
Басты ерекшелігі олардың простетикалық топша бөлігіндегі ортофосфор қышқылының қалдығы белоктармен эфирлік байланыс түзеді. Белоктың бұл класына сүттің казейногенін жатқызамыз. Мұнда фосфор қышқылының мөлшері 1 процентке тең, Жұмыртқа сары уызында болады. Фосфопротеидтер өте үлкен мөлшері орталық жүйке жүйесінде кездеседі. Фосфопротеидтер энергетикалықжәне пластикалық материалдардың бағалы көзі болып табылады, организмнің дамуына әсер етеді.
|
Жай ақуыздар
|
Ерекшеліктері
|
Альбуминдер
|
Суда ериді, молекулалық салмақтары 15-70 мыңға жетеді, құрамында глициннің мөлшері-1%. Тұз ертіндісін 100% дейін қанықтырғанда ғана альбуминдер тұнбаға түседі.
|
Глобулиндер
|
Бейтарап тұздардың сұйытылған ертіндісіне еріммтал болады, таза суда ерімейді, глициннің мөлшері 3,5%. (NH4)2 SO4 амоний сульфатының 50% қаныққан ертіндісінің әсерінен глобулиндер тұнбаға түседі.
|
Гистондар
|
Салыстырмалы молекулалық массалары 1200. 30 мың сұйытылған қышқылдарда (2MHCL) ериді, амияк және спиртте тұнбаға түсетін белоктар.
|
Протаминдер
|
Салыстырмалы молекулалық массалары 1200 мың болатын негіздік қасиеті басым белоктар сұйытылған қышқылдарда ериді, қайнату барысында тұнбаға түспейді.
|
4 тапсырма. Дәптерге салып алып, мына кестені толтыр:
5 кесте Ақуыздардың қызметтері
Құрылымдық (пластикалық)
|
коллаген, фибрион
|
Катализаторлық
|
клеткалық катализаторлар
|
Реттеуші
|
гормондар
|
Жиырылғыштық
|
миозин
|
Транспорттық
|
гемоглобин, миоглобин
|
Қорғаушы
|
иммуноглобулин, интерферон
|
Энергетическалық
| -
г белоктан17,6 кДж энергия
|
5 тапсырма. Жасушаның молекулярлық құрылымын меңгеру.
6 кесте
Бейорганикалық заттар
|
Органиқалық заттар
|
Су 70-80%
|
Аққуыздар 10-20%
|
Минерал түздары
|
Көмірсүлар 0,2-2,0%
|
|
Майлар1-5%
|
|
Нуклеин қышқылдары (РНК, ДНК)
|
Бақылау сұрақтары:
1.Ақуыздар дегеніміз не?
2. Ақуыздардың жіктелуі?
3. Ақуыздардың қызметтері қандай?
Әдебиеттер:1-7 (негізгі), 8-16 (қосымша)
Тақырып 4. Генетикалық аппараттың молекулалық ұйымдасуы. Геномның құрылысы және ұйымдасуы
Сабақтың мақсаты:
-
Генетикалық аппараттың молекулалық ұйымдасуың менгеру.
-
Хромосома құрылысын, функциясын және типтерін айт.
1 тапсырма. ДНК хроматинің құрылысың менгеру. Дәптерге салып алып, мына кестені толтыр:
7 кесте
Фибрилла
|
Ұзындығының қысқаруы
|
Диаметр, нм
|
Алғашқы құрылысына қарай
|
ДНК молекуласына қарай
|
ДНК
|
1
|
1
|
1-2
|
Нуклеосомді жіп
|
7
|
7
|
10
|
Хроматинді фибрилла
|
6
|
42
|
20-30
|
Интерфазалық хромонема
|
40
|
1600
|
100-200
|
Метафазалық хроматида
|
5
|
8000
|
500-600
|
2. тапсырма. Хромасоманың құрылысың менгеру. Дәптерге мына сүретті сал: 1- хроматидтер, 2-центромера, 3- екінші тартылуы, 4- хромосоманың матриксі.
3 тапсырма. Хромосома түрлерің менгеру.
1-метацентрлік; 2-субметацетрлік; 3-акроцентрлік; 4- ядрошык түрлері
4 тапсырма. Хроматиндеге ДНҚ мен гистоның орналасуын дәптерге салыныз
Бақылау сұрақтары:
1.Хромосома дегеніміз не?
2. Қызметіне қарай хромосомалардың жіктелуі.
3. Хромосома қандай қызмет атқарады?
Әдебиеттер:1-7 (негізгі), 8-16 (қосымша)
Тақырып 5. ДНҚ-ның құрылысы және физико-химиялық құрамы және олардың тұқымқуалаушылық ақпаратты іске асырудағы мәні.
Сабақтың мақсаты: Нуклеин қышқылдарының генетикалық рөлі. ДНҚ құрылысы. Уотсон-Крик моделі. ДНҚ-ның екішиыршықты құрылысының дәлелі.
1 тапсырма. ДНҚ тізбегінің құрылысын жаз.
2 тапсырма. Схемадан ДНҚ құрылысын салып алып, мыналарды белгілеу керек:
3тапсырма. ДНК түрлерін түсіндір.
А- түрі В- түрі Z- түрі
4 тапсырма. ДНҚ мен РНҚ айырмашылығын дәптерге мына кестеден көшір:
7 кесте
ДНҚ
|
РНҚ
|
АТФ
|
НҚ-ның макромолекуласы екі полинуклеотидті тізбектен құралады. Олар кеңістікте қос оралма түзеді. ДНК жасушаның ядросында, митохондриде, хлоропластарда кездеседі. Нуклеотид үш құрылымды элементтен: органикалық қосылыстан, көмірсутегінен және фосфор қышқылынан құралған. ДНҚ организмдердің басым көпшілігінде тұқым қуудың материалдық негізі болып табылады.
|
Рибонуклеин қышқылдары рибосомалық (рРНҚ), ақпараттық (аРНҚ) және тасымалдаушы (тРНҚ) болып бөлінеді. Рибонуклеин қышқылы тізбегі бірнеше ондаған нуклеотидтерден бірнеше мыңдаған нуклеотидтерге дейін созылатын біржіпшелі полинуклеотидтерден тұрады.
аРНҚ ДНҚ жасаушысының нақты аумағындағы көшірмесі бола тұрып, бір белоктың алғашқы құрылымының ақпаратын сақтайды;
Белок синтезінде амин қышқылдарын рибосомаға жеткізетін РНҚ-ны тасымалдаушы деп атайды; Белоктар комплекісінде олар рибосома құрамына кіреді және белок биосинтезінде аминқышқылдар арасындағы пептидтік байланыс синтезін жүзеге асырады.
|
Химиялық құрамы бойынша нуклеотидтерге жатады. Ол үш құрылымды элементтен турады: фосфор қышқылынан, рибозадан,
органикалық қосылыстан (аденинен). АТФ жасушаны энергиямен қамтамасыз етіп турады.
|
Бақылау сұрақтары:
1.ДНҚ құрылысындығы ерекшеліктері қандай.
2. ДНҚ қандай түрлері болады
3. ДНҚ мен РНҚ- ның айырмашылығы неде?
Әдебиеттер:1-7 (негізгі), 8-16 (қосымша)
Тақырып 6. РНҚ құрылысы және физико-химиялық құрамы және олардың тұқымқуалаушылық ақпаратты іске асырудағы мәні.
Сабақтың мақсаты: РНҚ-ныі негізгі класстарының-аРНҚ,рРНҚ,тРНҚ, құрылысы мен құрамы. РНҚ қызметі және оның тұқымқуалаушылық ақпаратты іске асырудағы мәні, физико-химиялық құрамы.
-
РНҚ құрамын зерттеу
-
РНҚ қызметін және физико-химиялық құрамын зерттеу.
-
РНҚ-ныі негізгі класстарының-аРНҚ,рРНҚ,тРНҚ, құрылысы мен құрамы менгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |