4- график. Ұсыныс қисығының жылжуы
Р
S
Р1 A
B
Р2
Q2 Q1 Q
|
Р S1
S0
S2
Q
|
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді.
|
Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы).
|
Нарықтық тепе-теңдік - өзара байланысты экономикалық үдерістердің теңдестірілуі (мысалы, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі) және үйлестірілуі, экономикалық агенттер мен жалпы нарықтарды орын алып отырған жағдайды өзгертуге итермелейтін себептердің жоқтығы; сұраным мен ұсынымның экономикалық заңға баламалы ара салмағы; тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраным көлемі мен құрылымынын және олардың ұсыным көлемі мен құрылымының ара салмағы.
Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
Достарыңызбен бөлісу: |