1. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.
Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады: Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады.
Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады.
Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді.
Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды.
Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.
2. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.