2. Өндіріс шығындары - тауар өндіру немесе қызмет көрсету процесінде қолданылатын экономикалық ресурстарды сатып алуға жұмсалатын шығындар.
Өндіріс шығындары экономикалық және бухғалтерлік болып жіктеледі.
Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.
Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.
Ішкі (айқын, ақшалай) шығындар – ішкі жабдықтаушылар арқылы өндіріс факторларына жұмсалған ақшалай төлемдер. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.Олар нақты ақша қозғалысын бейнелейді. Сондықтан оны бухгалтерлік шығындар деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |