Сыртқы (айқын емес) шығындар – кәсіпорынның өзіне тиесілі ресурстарын (меншігін) тиімді пайдалану тәсілі арқылы фирманың табатын мүмкін табыстары жатады. Сыртқы шығынды щаруашылық субъектілері таңдау мәселесі пайда болған кезде пайдаланады. Кәсіпорынның бір бөлігін өндіріс мұқтаждығына пайдаланбай оны жалға беру арқылы түсетін пайдасын ескеру.
Шығындар уақыт мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді.
¥зақ мерзімді кезенде өндіріс факторларының барлығы өзгермелі яғни кәсіпкер үшін оның көлемін өзгертуге уакыт жеткілікті болады. Сондықтан ұзак мерзімді кезеңде шығындардың барлығы өзгермелі болады.
Қысқа мерзімді кезең деп өндіріс факторларының кем дегенде біреуі тұрақты болатын, фирмалар саланы не тастап кете алмайтын, не салаға кіре алмайтын кезеңді атайды. Қыска мерзімде шығындар тұракты және өзгермелі болып екі үлкен категорияға бөлінеді.
Тұрақты шығындар (ТFC). Өндіріс көлемінің өзгеруінен (ұлғаюынан) тәуелсіз бір қалыпты деңгейде тұратын шығындар. Ол өнім өндіру процесі басталмастан бұрын пайда болады және де фирма еш нәрсе өндірмеген жағдайда да төленуі керек. Оған арендалық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясына бөлінетін қаржылар, сақтандыру, қамсыздандыру жарналары және жылжымайтын мүлікке төленетін салықтар жатады. Тұрақты шығын қисығы өнім саны абциссасына параллель болады.
Достарыңызбен бөлісу: |