Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды


Дәріс 8. Кәсіпкерлік қызметтегі жоспарлау



бет80/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Дәріс 8. Кәсіпкерлік қызметтегі жоспарлау
Аннотация. Дәрісті тыңдау нәтижесінде студентер кәсіпкерліктегі жоспарлау функциясы түсінігі, жоспарлаудың құраушы элементтері, жоспарлауға қойылатын талаптар туралы, бизнес – жоспарлаудың ерекшеліктері туралы мағлұмат алатын болады.
Кілт сөздер: Кәсіпкерліктегі жоспарлау, бизнес-жоспарлау.
Жоспары:

1. Кәсіпкерліктегі жоспарлау функциясы түсінігі

2. Жоспарлаудың құраушы элементтері

3. Жоспарлауға қойылатын талаптар

4. Бизнес – жоспарлау, оның негізгі бөлімдері
Дәріс тезистері:

1. Жоспарлау - кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі: өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекелестер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын тусінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарлы жүйе принциптерінен бас тартылса, егер меншік штюрализмі (дүниенің негізі бірімен-бірі байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден тұрады деп санайтын ғылымға жат философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жосларлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады.

Жалпы экономика кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәніне, міндеттері, мақсаттары мен кезеңдеріне көзқарастарының бір тұтастығы әзірше жоқ. Сондықтан оны жүзеге асырудың жалпы қабылданған негізгі элеметтеріне тоқтаймыз.

2. Жоспарлау бұл – белгілі бір болашақта кәсіпкерліктің мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетіспеушіліктерге жету әдістерін талдау процесі. Ол стратегиялық, яғни ұзақ мерзімді және ағымдағы қысқа мерзімді жоспарлау болып бөлінеді. Оның негізгі мына элементтер кіреді:

· Болжам жасау, мемлекеттік деңгейде жасалған ұлттық экономиканың және оның жекелеген аймақтарының даму болжамдарына сүйене отырып, кәсіпорын өзінің болашақта дамуын зерттеуді қарастырады.

· Жалпы міндеттерді қалыптастыру – бұл кәсіпорынның даму болжамдарының негізінде оның орындалу мен ресурстардың қамтамасыз етілуінің белгілі уақытымен жүзеге асады.

· Кәсіпорынның әрбір бөлімшесімен жоспарды нақты орындау, бағдарламаларын жасау, мұнда өндіріс сатылатын шикізат, материалды дер кезінде жеткізуді, өндірістік және өткізу операцияларын есепке ала отырып байланыстыру.

· Кәсіпорын бөлімшесінің арасында ресурстарды бөлу. Кәсіпорынның ақшалай табыстары мен шығындар балансын құру бағдарламасын жасау, онда шикізат, матермалдар, еңбек ақы, күрделі құрылыс шығындарының көрінісі орын алады. Осының негізінде кәсіпорынның әрбір бөлімшесінің функциялары, оларды орындаушылардың және бөлек процестермен операцияларды орындайтын жауапты адамдар анықталады.

· Аяқтаушы кезең – кәсіпорынның төменгі буындарына шешімдерді тарату және нақты тапсырмаларды жасау, осыдан жоспарды көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру басталады.

3. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көзқарас, жоспарлауды ұйымдастырудың екі кестесі бар. Бірінші, жоғарыдан төменге жоспарлау. Осы кесте бойынша жұмыс жоғарыдан басталады. Кәсіпорын басшылығы пайда бойынша жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Содан кейін осы көрсеткіштер бөлшек нысанда кәсіпорынның ең төменгі құрылымдарына және бөлімшелеріне жеткізіледі, олар бөлімшелер жоспарына енгізіледі. Екінші, төменнен жоғарыға қарай жоспарлау. Жоспарлаудың осы кестесін қолданғанда кәсіпорынның төменгі бөлімшелері жоспарлық есептерді бастайды. Осыдан кейін осы көрсеткіштер алдағы уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің біртұтас жоспарына енеді. Жоспарлаудың кез келген кестесін қолданғанда кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жоспарлары өндірістік және өткеру операцияларының жалпы үлесімен сәйкестігі қажет.

Жоспарлау – менеджмент міндеттерінің бірі және кәсіпорын қызметінің болашағын болжамдауды, яғни келесі мәселелерді шешуді білдіреді: фирма қандай бағытта дамиды; қандай қарқынмен; қойылған мақсатқа қалай жетуге болады; тұрлаусыздық және тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеу керек. Тиімді жоспарлау – ол тек мақсаттарды анықтау процесі ғана емес, сондай-ақ сол арқылы жетістікке жету жолдарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорынды құру кезінде де және оның әрі қарай даму кезеңдерінде де қажет.

4. Бизнес-жоспар жоспарлау процесі нәтижелерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспар – бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігін сипаттайтын құжат және менеджерлер командасының кәсіпорынды қандай түрде ұйымдастырайын деп жатқанын анықтайды. Толық бизнес-жоспар әдетте айтарлықтай көлемге ие, бірақ барлық кезде толығырақ жоспар жасаудың алғашқы варианты ретінде шағын бизнес-жоспарлар пайдаланылады. Бизнес-жоспар – өнімге қарағанда процеске көбірек жақын және бизнес-жоспарлаудың нәтижесі өзгеріссіз болып табылмайды. Сондықтан фирма қызметі алғашқы белгіленген нәтижелерден ауытқыған жағдайда бизнес-жоспарды түзетудің күттірмейтін қажеттілігі бар.

Бизнес-жоспарды дайындауға әсер ететін негізгі факторларды қарастырайық:

· Бизнестің күрделілігі. Шағын шаруа қожалығының бизнес-жоспары үлкен көлемде өнім шығаратын, күрделі құрал-жабдықтары және есебі бар ірі кәсіпорынның бизнес-жоспарынан айтарлықтай айрықшаланады.

· Бәсекелестік деңгейі. Егер кәсіпорын күшті бәсекелестік күрес жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол бәсекелестер тарапынан күшті қысымды сезбейтіндерге қарағанда бизнес-жоспарды дайындауда жинақы да ұқыпты болуы керек.

· Тұрлаусыздық деңгейі. Кейбір кәсіпорындар тез өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс істейді, ол жоспарлау процесін қиындатады және керісінше, тұрақты жағдайларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға болашақтағы қызметті болжамдау айтарлықтай оңай.

· Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы. Бизнес-жоспар кәсіпкердің қабілеттілігіне және оның командасының бизнестің ішкі және сыртқы ортасындағы қарым-қатынасты пайдалануына, кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын дұрыс тұжырымдау ептілігіне байланысты.

Бизнес-жоспар өндіріс және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторларды іздеу кезінде міндетті. Бизнес-жоспар негізінде инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарлаған мақсаттарды, оның ішінде кәсіби деңгейі жоғары менеджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс-әрекеттерді орындауға сай мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес-жоспар мақұлданса, ол кәсіпкер мен оның командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критерийі болуы керек.

Өзінің жеке ісін ұйымдастыруда, кәсіпкерлік ұйымның жұмыс кезеңдерінде кәсіпкерлік іс әрекеттердегі аса маңыздысы белгілі мерзімде орындалуы тиіс іс-шаралар жоспарын дайындау болып табылады. Онан кейінгі көздеген мақсатқа жету жолының бірі – қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік жоспарлар.

Бизнес - жоспарлау процесінің негізгісі – кәсіпкерлік жобаның бизнес - жоспарын және ұйымның даму бизнес-жоспары.

Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар бұрқыраған теңізден кемені еш шығынсыз алып шығатын кәсіпкердің қолындағы компас іспетті.

Ұйымның даму жоспарын дайындау кезінде кәсіпкер бизнес-жоспардың айтарлықтай ерекшеліктерін білуі тиіс.


  • кәсіпкерлер өзінің ісін жоспарлау кезінде шаруашылық жүргізу ережелерінің өзгерістерін , экономиканың дамуының бірқалыпты болмайтынын ескеруі қажет.

  • Кәсіпкерлікке сыртқы ортаның аса жоғары ықпалы, бизнес жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істерде аныталмаған жайттар көп кездесетінін ескеруді талап етеді.

  • Бизнес-жоспар дайындау кезінде барлық сыртқы факторларды ескере отырып , бизнес-жоспардың бөлімдеріне сан жағынан (мөлшеріне) әсерін анықтау қажет.

  • Қазақстандық кәсіпкерлер бизнес-жоспардың сандық көрсеткіштерін, әріптестердің бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өздері есептеулері тиіс.

  • Қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік билік органдарының шешім қабылдаудағы кейбір ерекшеліктеріне байланысты өзіндік қасиеттері мен мүмкіндіктерін асыра бағаламауы тиіс.

Бизнес-жоспар кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жолында меншік және несиеге алынған қаржыларды, материалдық, кадрлық мүмкіндіктерді, түрлі тәуекелдік жағдайды ескере отырып, нарықтық бәсеке жағдайында ұйымның негізгі бөлімдерінің даму барысын сипаттайтын құжат.

Ғылыми негізде дайындалған бизнес-жоспар сан және сапа жөнінен кәспкер үшін де несие беретіндер мен әріптестер үшін де бағдар –сүйеніш болуы тиіс.

Яғни бизнес-жоспар–жоспарланған істердің нақтылығын көрсететін, экономикалық негізделген маңызды құжат. Сонымен бірге бизнес-жоспар инвесторлар мен әріптестер үшін жарнама құралы болып табылады. Сондықтан бизнес-жоспар қаржыгерлерге, бизнес бойынша әріптестер мен банк қызметкерлеріне іскерлік түсінікті тілде жазылып , дайындалуы тиіс.

Мәліметтер бизнес-жоспар бөлімдеріндегі мәселелерді анық дәл көрсетуі тиіс. Бизнес-жоспардың көлемі жобаланған мақсатқа байланысты, ең бастысы – көзделген мақсаттың нақты нәтижесі бизнес-жоспарда көрсетілуі тиіс.

Бизнес-жоспардың көлемі мақсатқа байланысты, жоспардың нәтижесі мақсатқа жету болып табылады. Жалпы ереже бойынша бизнес-жоспар бірнеше жылға (3-5 жылға) жасалады, ал бірінші жылдың жоспары нақты жоспардың құжаты ретінде маңызды.

Кәсіпкерлік тәжірибе бойынша да, ғылыми әдебиеттерде де бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұнына біртекті нұсқаулар жоқ, себебі әрбір бизнес-жоспардың мақсаты, кәсіпкердің таңдап алатын өндіріс саласы, ұйымның даму стратегиясы әртүрлі, әрқайсысының өз ерекшеліктері болады.

Кәсіпкер жеке өзінің ісіне бизнес-жоспар дайындау кезінде мынандай бөлімдерді қарастыру керек:


  1. Ұйымның жалпы сипаттамасы (Резюме).

Бұл бөлім барлық басқа бөлімдерді дайындап болғанан кейін дайындалады. Негізгі бағыт – анықталған мақсат және стратегияға жету жолдары.

  1. Тауардың сипаттамасы. Бұл ұйымның ең маңызды іс-әрекеттерінің нәтижесі. Жұмысқа кірісер алдында кәсіпкер өндіретін тауары мен көрсететін қызметтері туралы тұтынушыларға анық, жан-жақты толық сипаттма беруі керек.

  2. Тауар өткізу нарығы.

Кәсіпкерлік ұйым тұтынушалар үшін жұмыс істейтін, сондықтан сатып алушыларды анықтап, нарықты талдауы, өндірілген тауары мен қызметтері нарықтан “шығып қалмауы” жағдайын алдын-ала қарастыру керек. Әдетте ереже бойынша нарықты зерттеу 4 кезеңге бөлінетінін естен шығармау керек.

  1. Өткізу нарығындағы бәсеке.

Нарық сатушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынасын көрсететін күрделі механизм. Сатушы ретінде көптеген коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Сондықтан бәсекелес кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін алдын ала зерттеп, талдау қажет. Бұл бөлімде нарықтық конъюктураны талдау, нарықтық стратегия мен тактика , бәсекелестердің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.

  1. Маркетингтік жоспар.

Бұл бөлімде кәсіпкер әріптестеріне және инвесторларға маркетинг жоспарын, оның негізгі элементтерін түсіндіруі тиіс. Әрбір тауар түріне арнайы жоспар болуы керек, сонымен бірге тауарларға байланысты нарықтық өзгерістер, жаңа тауар өндірісін дамыту мәселелері қарастырылып , осылардың барлық жиынтығы маркетингтік жоспар деп аталады.

  1. Өндірістік жоспар.

Бұл тек қана өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлер үшін қажет . Басты міндет Әріптестерге қажетті тауарды тиісті мөлшерде талап етілген сапада мезгілінде өндіретінін дәлелдеу. Яғни қажетті тауарды өндіру процесін, өндірісті ұйымдастыру. Бұл бөлімнің мәліметтері 2-3 жылға жоспарланады, ал ірі кәсіпорындар үшін 4-5 жылға есептеледі.

Өндіріс барысында қалай жүргізетіні, схемасы, шикізат қайдан келетіні, қандай өнім өндіріліп, қайда қашан жіберілетіні туралы нақты мәліметтер көрсетіледі. Сыртқы эксперттер нарық талабына сай технологиялық схеманы, еңбекшығынының азаю деңгейін, өнімдер ассортименті өзгерісіне баса көңіл аударады. Сондықтан өндірістік жоспарда өнім өндіру үшін өндірісті дамыту мәселелері толық көрсетілуі тиіс.



  1. Ұйымдастырушылық жоспары.

Бұл бизнес жоспардың бұл бөлімінде ұйымды басқару деңгейі, кәсіпкер мен ұйым мүшелерінің білімі, тәжірибесі, кәсіби мамандану деңгейлері көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлікте әрбір маманның ролі мамандық деңгейі өте маңызды, сондықтан қызметкерлердің әлсіз және күшті жақтарын анықтап, нақты сипаттама берген дұрыс.

  1. Кәсіпкерліктегі тәуекелділік.

Бұл бөлімде кәсіпкерлік іс-әрекеттердегі мүмкін болатын қауіптерге тәуекелділік жағдайлары сипатталады, әртүрлі сыртқы және ішкі қауіпті жағдайлар мен оның зардаптарын жою жолдарын немесе алдын алу мәселелері қаралады.

Бизнес–жоспар дайындау кезінде кәсіпкерлік істердегі тәуекелділік жағдайларын басқару мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуі тиіс.



  1. Қаржылық жоспар.

Бұл бөлім ең қорытынды кәсіпорын іс-әрекеттерінің нәтижесін көрсететін бөлім болып табылады. Қаржы бөлімінде кәсіпкерлік іс-әрекеттердің даму стратегиясы, қаншалықты жүзеге асырылғаны көрінеді.

  1. Қосымшалар.

Қосымшаларда бизнес-жоспардың кейбір бөлімдерін нақтылай түсетін мәліметтер болады. Олардың құрамы мен мөлшері көздеген мақсатқа, бизнес ісінің мазмұнына байланысты.

Бизнес-жоспардың сыртқы бетінде бизнес-жоспардағы мәліметтердің кәсіпкерлік құпия екенін, сол істің иесіне ғана арналғанын көрсетуді ұмытпаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет