Кәсіпорын қаржысы – бұл өндірістік қорларды қалыптастыру, өндіру мен өткізу, қаржылық ресурстардың меншік пайда болуы, қаржыландырудың ішкі көздерін тарту, оларды пайдалану мен бөлу процестерінде туындаған экономикалық қатынастар.
Қаржы – бұл иелік етуші субъекті мен мемлекет қызметіндегі функцияларды орындауға арналған ақша қаражаттары қорларын пайдалану мен қалыптастырумен байланысты ақша қатынастары.
Фирма қаржысын (бизнес) түрлі белгілер бойынша топтастыруға болады:
- ұйымдық-құқықтық түрлер бойынша – толық серіктестік қаржысы; сенімді серіктестік қаржысы; ашық және жабық акционерлік қоғам қаржысы;жауапкершілігі шектеулі қоғам қаржысы; жауапкершілігі қосымша қоғам қаржысы; өндірістік кооперативтер қаржысы;
- салалық қажеттіліктер бойынша –кәсіпорын қаржысы құрылыстық, саудалық, транспорттық, ауылшаруашылықтық, өнеркәсіптік және тағы басқа қызметтерді жүзеге асыратын халық шаруашылығын өзөімен қосады;
- субъектінің меншік құқығының тәуелділігі коммерциялық ұйымдар қаржысы, Қазақстанның заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігі болып табылатын мүліктер, мемлекеттік білім, шетелдік азамат және бірлескен меншіктілік.
Фирма қаржысы (бизнес) иелік ететін субъектілерге келесідей функцияларды орындауға міндеттейді: үлестірілім және бақылау.
Үлестірілім функциясы қаржы ресурстарындағы қалыптастырылған жалпы соманы үлестіру мен қайта бөлу арқылы жүзеге асырылады. Оның қорытындысы ақша қаражаттарының мақсатты қорын пайдалану мен қалыптастыру, капиталдың тиімді құрылымын қолдау болып табылады (бастапқы капиталдың қалыптастырылуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстары мен кірістерді үлестіру пропорциясының негіздемесін құру, мемлекет, тұтынушы, өндіріс қызықтарын үйлестіру).
Бақылау функциясы фирма (бизнес) қызметіндегі қаржылық бақылауды, сондай-ақ, оперативтік және ағымдағы жоспарға сәйкес қаржы ресурстарын пайдалану мен тарату, қалыптастыру процесін жүзеге асырудан тұрады. Фирмадағы қаржылық бақылаудың екі түрі бар: қаржылық көрсеткіштерді өзгерту, қаржыландыру стратегиясын өткізу мен есептеу және төлем жағдайы.
Фирманың қаржысын ұйымдастыру анықталған қағидалардан құралады: жеке меншіктілік, кәсіпкерлік пентаңдау еркіндігі, жеке қызығушылық, бәсеке, баға жүйесінің тірегі немесе нарықтық жүйе, үкіметтің шектелген ролі.
2. Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
Нарықтық экономикада қаржы жайын ойластыру кәсіпорын іс-әрекетінің бастапқы бастау шегі мен соңғы нәтижесі болып табылады. Әрбір шаруашылық шеңдігі оны іске асыруға қажетті қаржы ресурсын тартудан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |