2. Тауарлы шаруашылық деп - өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты:
нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
жекеменшіктің болуы;
тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.
Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады, бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды.
Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.
Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.
Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.
Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.
Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |