Ж. А. Қараев педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ы. Алтынсарин атындағы Ұба бас ғылыми қызметкері


ОҮӘЖ технологиясын практикада қолданудың нәтижесі туралы



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата27.07.2023
өлшемі0.73 Mb.
#475842
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3 makala bauyrzhanga 090322 sokrashchenvariant ozht ot karaeva zha 3 kopiya

 
8. ОҮӘЖ технологиясын практикада қолданудың нәтижесі туралы 
ақпарат 
ОҮӘЖ технологтясын сынақтан өткізу бойынша эксперименттік жұмыс 
1995/1996 оқу жылынан бастап бес жыл бойы мектеп ұстаздарының п.ғ.д. 
Ж.Кобдикованың жетекшілігімен әзірленген оқу-әдістемелік құралдар мен 
тапсырмалар жинақтарын пайдалануымен келесі мектептерде жүргізілді:
Алматы қаласының № 4, 5, 30, 81, 139, 140, 173, 153, 53, 137; Астана қаласының 
№ 3, 38, 22, 23 мектептерінде; Тараз қаласының №5 және Шымкент қаласының 
№ 9 мектебінде.
Бүгінгі таңда ОҮӘЖТ-сын сынақтан өткізу және енгізу республиканың 
барлық облыстарының мектептерінде кеңінен таралуда, олардың ішіндегі ең 
белсенділері ретінде Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік 
Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарын атауға болады. 
ОҮӘЖТ-сының тиімділігі келесі дидактикалық көрсеткіштермен: 

белсенділік және ынталану (мотивация) деңгейі; 



оқыту сапасымен (оқыту сапасын бағалау квалиметриялық тәсіл
бойынша жүргізілді); 

барлық оқушының «білу» және «түсіну» деңгейін толық меңгеруімен


оқушылардың функционалдық сауаттылығының (оның ішінде 
эвристикалық және зерттеушілік дағдыларын) қалыптасуымен бағаланады. 
ОҮӘЖТ-сының практикалық маңыздылығы мен тиімділігін оны оқу 
процесіне енгізу барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін әртүрлі 
конкурстарда жүлделі орындарға ие болған мұғалімдердің жетістіктері де 
растайды: 
-
Алматы қаласының: №5 гимназиясының орыс тілі мұғалімі Подобед 
Н.Н. «Жыл мұғалімі-2000» атты республикалық байқауының жеңімпазы атанды;
№147 бастауыш мектебінің мұғалімі – Д.Сакелбаева «Жыл мұғалімі-2005» 
қалалық байқауының жүлдегері болды; №41 және №130 орта мектептерінің 
математика пәні мұғалімдері Г. Камзина және С.Ф. Имангалиева 2001 жылдың 
сәуір айында Алматы қаласында өткен «Мұғалімнің шығармашылық 
зертханасы» байқауының жүлдегерлері атанды;
-
Қостанай қаласында өткен «Жыл мұғалімі-2001» облыстық сайыста –
ОҮӘЖ технологиясын өз сабақтарында қолданып жүрген Қостанай облыстық 
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі – 
жүлделі орынға ие болды;
-
2002 жылдың көктемінде Атырау қаласында өткен «Алтын кілт» 
байқауында бірінші және үшінші жүлделі орындарды Алматы қаласының
математика пәнінің мұғалімдері Пластинин Ю.Я. (№22 ОМ) және Жұмаділдаева 
А. (№24 лицей) иеленді.
Пән мұғалімдерінің ОҮӘЖ технологиясын енгізудің бастапқы кезеңінде 
қолдану нәтижелері туралы оң пікірлері республикалық газеттер мен 
журналдарда жарияланды («Результаты оказались поразительными», «Учитель 
Казахстана» газеті, №-11-12, 2000 жыл; «Новые технологии в школы», 2001 
жылғы 14 маусымдағы «Вечерняя Астана» газеті және т.б.)
Ж. Кобдикованың ғылыми жетекшілігімен Алматы қ. № 9, 17, 30, 41, 8, 7, 
137, 136, 140 орта мектеп мұғалімдері өз пәндері бойынша деңгейлік 
тапсырмалар жиынтығын құрастырды: қазақ тілі, 8-сынып; математика, 1-6 
сыныптар; 7, 8, 9-сыныптар үшін алгебра және физика. Олар 2003 жылы ҚР Білім 
және ғылым министрлігімен балама оқу құралы ретінде бекітіліп, «Аруна» 
баспасынан жарық көрді және кезінде республика мектептерінде сәтті 
қолданылды. 
Сондай-ақ, Павлодар, Екібастұз, Шымкент, Семей және т.б. 
қалаларындағы мектеп мұғалімдері қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін 
биология, анатомия, зоология пәндері бойынша әртүрлі деңгейдегі 
тапсырмалары бар жұмыс дәптерлерін әзірледі.
Павлодар облыстық Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 
мұғалімі С.С.Баймаханова әзірлеген 9-сынып физикасы бойынша жұмыс дәптері 
Р.Башаровтың редакциясымен дайындалған физика 9-сыныпқа арналған жаңа 


буын оқулығына дидактикалық материал ретінде «Мектеп» баспасында жарық 
көрді;
Аталған 
оқу 
құралдары 
республиканың 
шағын 
жинақталған 
мектептерінде де қолданылып, өзінің тиімділігін көрсетті. Ауыл мектептерінің 
проблемаларына арналған Қостанай қаласында (2001 жылғы сәуір) өткізілген 
республикалық семинарда шағын жинақталған мектептердің мұғалімдері ОҮӘЖ 
технологияның біріктірілген сыныптары бар шағын жинақталған мектептер 
жағдайында оқыту сапасын арттыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Қазіргі уақытқа дейін ұстаздардың күшімен ОҮӘЖ технологиясының 
талаптары негізінде түрлі пәндерден ОӘҚ-дайындалуда. Семей қаласының № 15 
ОМ мұғалімі Г. Ахметқалиева 2005 жылы 8-сыныпқа арналған химия пәні 
бойынша әңгімелесуші-оқулық т.с.с. басқа да пәндерден ОӘҚ-дар әзірленуде.
2015 жылдан бастап «Арман-ПВ» баспасында Ж.Кобдикованың ғылыми 
жетекшілігімен бастауыш және жоғары сыныптарға арналған Математика, 
Информатика, Химия, Тарих, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндері 
бойынша ОӘҚ дайындалуда. Олардың біразы БжҒ министрлігі тарапынан 
бекітіліп, қолданысқа ұсынылды.
Шағын жинақталған мектеп жағдайында ОҮӘЖ технологиясының 
дидактикалық тиімділігін Жамбыл облысы Шу ауданы бойынша ШЖМ 
ресурстық орталығы болып табылатын Шу қаласының М.Мақатаев атындағы 
мектептің жұмыс нәтижелері де көрсетті. 2013 жылғы 3-4 мамырда аталған 
мектеп базасында өткізілген ШЖМ проблемаларына арналған республикалық 
семинарға қатысушы ұстаздар өз мектептерінде оқыту сапасының айтарлықтай 
өскенін атап өтіп, республиканың шағын және толық жинақталған мектептерінде 
ОҮӘЖ технологиясын кеңінен пайдалануды ұсынды. 
Қапшағай қаласындағы №3 гимназия базасында 2013 жылы ОҮӘЖ 
технологиясының дидактикалық мүмкіндіктеріне арналған республикалық 
семинар өткізілді. Оқыту процесінде аталған технологияны жүйелі қолданатын 
ғалымдар мен практик мұғалімдер оның оқыту сапасын арттырудағы, сондай-ақ 
жалпы білім беру жүйесін жаңғыртудағы инновациялық рөлін жоғары бағалады. 
2017 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Озерное орта мектебінің 
химия және биология пәнінің мұғалімі А.Исабеков Мәскеу қаласында өткен 
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «ОҮӘЖ технологиясын 
қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» атты әдістемелік жобасы 
үшін Абай Құнанбаев атындағы медальмен марапатталды. 
ОҮӘЖ технологиясы Республиканың ТжКБ және ЖОО жүйесіне де 
табысты енгізілуде. Алматы облысының экономикалық колледжі және Алматы 
электромеханикалық колледжі ТжКБ оқу процесіне ОҮӘЖТ-сының 
тұжырымдамасын енгізудің базалық оқу орындары болып табылады. 
2019 жылдың 14-15 қаңтарында Алматы электромеханикалық 
колледжінің базасында ОҮӘЖ технологиясын тәжірибеге енгізу мәселелеріне 
арналған Халықаралық семинар өткізілді. Семинардың ұйымдастырушысы 
Алматы қаласының ТжКББ қауымдастығы (Қауымдастық президенті, белгілі 


қоғам қайраткері Ж.Н.Азизханов). Семинарда ОҮӘЖ технологиясын қолдану 
арқылы бірнеше практикалық сабақтар көрсетілді, сондай-ақ алдыңғы оқу 
жылының қорытындысы бойынша оқытушылардың есептері тыңдалды. 
Технологияны қолдана отырып сабақтардың нәтижелерін талдау оның 
жоғары дидактикалық тиімділігін көрсетті, ол барлық студенттердің оқу 
материалын мемлекеттік стандарт талаптары деңгейінде кепілді меңгеруімен 
сипатталады. 
Республика мектептерінің оқу процесінде ОҮӘЖ технологиясын
қолдану нәтижелері соңғы 25 жыл ішінде оқушылардың оқуға деген 
қызығушылығының айтарлықтай өскенін, барлық оқушылардың «білу» және 
«түсіну» деңгейлерінде оқу материалын кепілді меңгергенін, оқу материалдарын 
неғұрлым жоғары деңгейде меңгерген оқушылар санының өсу динамикасын 
көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет