Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз



бет2/4
Дата02.09.2022
өлшемі112.31 Kb.
#460151
1   2   3   4
Ақбілек

Ахмет Байтұрсынұлы осы жы­лы сталиндік репрессияның жазықсыз құрбаны болады. Содан бергі жарты ғасырдан астам уақыт бойына оның есімі де, еңбектері де аталмай, атала қалса, ұлтшыл, кертартпа ақын-жазушылар санатында айтылып келді. Қазіргі шақта заман да, қоғам да өзгерді. Тәуелсіздік самалы тарихқа, өткен мәдениетке де жаңаша көзқарас әкелді. Соның арқасында қазақ халқы жазықсыз жау атанып, мезгілсіз құрбан болған Ахмет Байтұрсынұлы секілді аяулы азаматымен қайта қауышып отыр.

А.Байтұрсынұлының творчестволыққа бет бұруы оның ұстаздық қызметке араласкан кезеңінен басталады. Туған әдебиеттің тұнығынан сусындау, сондай-ақ, орыс әдебиетінен алған әсер-тағылымы да жас ұстазды өнер соқпағына әкелген. Ахметтің әдеби мұрасы сан салалы, әрі қомақты. Алайда оның творчестволық қалыптасуында айрықша мәнге ие екі жинағын атау ләзім. Оның бірі -1909 жылы Петербургте жарық көрген «Қырық мысал» да, екіншісі — «Маса» 1911 жинағы.

«Қырың мысал » Ахмет Байтұрсынұлын халыққа аудармашы ақын ретінде танытқан тұңғыш жинағы. Кітапқа оның орыстың әйгілі мысалшы ақыны И.А.Крыловтан аударған қырық мысалы енген. Жинақтың «Қырық мы­сал» аталуының мәнісі де осында.

Аудармашы орыс ақынының шығармаларынан суреттелетін құбылыстар мен жағдаяттары қазақ тіршілігіне неғұрлым жақындау келетінін, әрі ұғымға жеңіл үлгілерін
таңдап, іріктеп алған. Крылов мысалдарының негізгі мазмұнын сақтай отырып, оны қазақ оқырманының ерекшелігіне лайықтап еркін аударуды Ахмет негізгі принципі еткен. Әрбір аударма соңына мысалдың негізгі идеясын неғұрлым айқындай түсу үшін ол өз тарапынан бірер шумақ қосып, өзінше түйіндеп отырған. Мәселен, «Шымшық пен көгершін» мысалының аудармасын алып қарайық. Абайсызда торға шырмалған шымшықты көрген жас көгершін оған көмектесу орнына:

Талтүсте торды көрмей соқыр ма едің,
Есалаң, ақылың жоқ, күшік, — деді,
деп оны табалайды, мұнымен қоймай,
Мысалы мені алдап еш уақытта
Top түгіл түсіре алмассың онан зорға, —
деп өзін мақтап, астамшылық көрсетеді. Осылай күліп, табалап тұрып, аңдаусызда өзі де тұзаққа түсіп қалады.

1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса» – Ахмет Байтұрсынұлының төл өлеңдерінің топтамасы. Қазіргі өлшеммен қарағанда, көлемі шығындау бұл кітаптың XX ғасыр басындағы қазақтың қоғамдық өміріндегі үлкен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеріп, өз дәуірі үшін елеулі мәнге ие болғаны, қазақ қауымы ортасында салиқалы ой туғызғаны белгілі.

Жинақтың мақсаты оның «Маса» аталуынан да таны­лады. Ақын кіріспе өлеңінде масаны ызыңымен елді енжарлығынан, жалқаулығы мен ұйқысынан оятуға септігі тиетін бейне етіп алады.

Кітаптағы өлеңдердің тақырыптық-идеялық мазмұнынан автордың ағартушылық көзқарасы да жақсы танылады. Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген», «Жұртыма», т.б. өлеңдері – бұған дәлел.

«Қазақ салты» өлеңінде ақын қазақ қауымының әртүрлі өкілдерінің мақсаты мен өмір-тіршілігін сын көзімен саралай келіп, «ұмтылып талап ойлап талпынбаған» елінің енжар, жайбасар халіне күйініш білдіреді. Елінің бұл халіне оқыған азамат ретінде өзін де кінәлі санай отырып өлең аяғын:

Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға-мал, оқығанға шен мақсат боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан, —
деп азаматтық үлкен қиналыспен бітіреді.

… Ақаңның майданға алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері бәріміздің де есімізде. Кешегі күні оқушы болып, соның тәрбиесінде жүрген күндерімізді көз алдымызға елестетеді. Ақақның қазақ оқушысының ойы мен пікірін тәрбиелеген заманынан бір ай ұзағамыз жоқ. Кешегі күндерге шейін бәріміз де жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкіметтік әр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға сіңірген пікірі әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді.

«Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ақаңның бұл істеген қызметі — қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш — мәңгілік ескерткіш.
Қазақ жастарының ардақты тәрбиешісі Ақаң сөйлегенде менің есіме «Қазақ» газетінің әуендері түседі. Біз ол күнде мектеп ішінде жүрген бала едік. Бірақ патша саясаты темір бұғаудай мойынға батып, қазақ жұртын әлсіретіп, «кедейді шалапқа мас қылып, байды қымызға мас қылып», елдігін жоғалтып бара жатқанын туманды оймен сезуші едік.
Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. Ақаңа біздің айтатын сөзіміз: Ақаң — еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі — артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ақаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын. Жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ақаңды өзінің басшысы деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет