3. Математикалық фокустар:
а) Туған айдың реттік номерін 21-ге арттыр, шыққан санды 16-ға кеміт, шыққан санды 5-ке кеміт. Нәтежиесі бойынша туған айды айтуға болады. Мысал : туған ай қыркүйек болса, онда реті 9-ды 21-ге арттыру керек.
(9 + 21 =30), оны 16-ға кеміту (30-16 =14) керек. Алынған нәтежиені 5-ке кемітіп, ( 14-5 = 9), яғни қыркүйек айы екенін айтып беру керек.
ә) Туған күнге 20-ны қосып, шыққан санна 17-ні азайту керек. Алынған нәтежиені 3-ке кемітсе, туған күн шығады. Мысалы, 27 наурыз, 27+20 = 47,
47-17=30, 30-3 =27
б) Бір сан ойла. Оған 15-ті қосып, шыққан санды 13-ке кеміт. Нәтежиесін айтқызып, оны 2-ге кеміт. Шыққан сан ойлаған сан болады. Мысалы:
6+15 = 21, 21-13 = 8, 8 – 2 = 6
ШЖБМ жағдайында компьютерлік технологияны қолдану
Компьютерлік технология – мамандардың өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік технологияның негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік туғызады. Компьютерлік оқыту технологиясы жағдайында компьютер жұмыс құралы ретінде: мәтінді дайындау және есте сақтау құралы; мәтіндік редактор; сызба, кесте құралы; графиктік редактор; есептегіш машина; модельдеу құралы сияқты қызметтерді атқарады.
«Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында»: «республика мектептерін Интернетке қосу; қазiргi заманғы электрондық оқулық басылымдарын әзiрлеу және оқу үдерiне енгізу, жалпы бiлiм беретiн мектептiң негізгі пәндерi бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлi оқыту құралдарымен кiрiктірудi жүзеге асыру...» міндеттері қойылып, «2010 жылдың соңына қарай мектептердегi компьютерлердiң саны 20 оқушыға 1 компьютерден келетiн арақатынасқа жеткiзiлетiн болатыны» айтылғаны белгілі. Сонымен бірге, жалпы білім беретін мектептер 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін болса, бастауыш буында «Информатика» пәні екінші сыныптан бастап оқытылатыны жоспарланып отыр. Осыған орай, университет қабырғасында болашақ мамандарға математика сабақтарында компьютерді қолдануға үйрету – қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Компьютер мектептегі оқу-тәрбие үдерісін түрлендіруге мүмкін болатын тиімді техникалық құрал болып табылады.
Компьютерлік оқыту технологияларының негізгі формалары мыналар.
компьютерлік сауаттылық.
компьютерді оқу-тәрбие үдерісінде қолдану.
модельдеу.
компьютерлік оқыту бағдарламалары.
қашықтан оқыту. (Internet желісі).
Компьютерлік сауаттылық дегеніміз болашақ маманның компьютердің құрылысы, компьютерге қосылатын құралдар (тышқан, дискодод, монитор, қатты дискілер, принтер, модемдер мен факс-модемдер, мультимедия құралдары) мен олардың қызметтерін білуін және компьютерге арналған бағдарламалар (қолданбалы, жүйелі, инструменталды) жайлы түсініктерінің болуын және компьютермен жұмыс жасай алуын айтамыз. Компьютер оқыту үдерісінің кез келген кезеңінде, атап айтсақ, жаңа материалды өтуге дайындық, жаңа материалмен таныстыру, материалды қайталау, бекіту, сондай-ақ оқушылардың математикалық білім, білік және дағдыларын тексеру кезінде қолдануға болатынын білуі тиіс. Компьютерге арналған бағдарламалардың ішіндегі қолданбалы бағдарламаның өте жиі қолданылатын түрлері ретінде мыналарды атауға болады:
мәтіндік редактормен жұмыс жасау;
кестемен жұмыс жасау;
типографиялық құжаттарды дайындау – баспа жүйесі;
мәліметтер базасын басқару жүйесі – ақпараттарды өңдеу;
презентацияларды дайындау (слайд-шоу);
экономикалық мақсаттағы бағдарламалар (бухгалтерлік бағдарламалар, қаржылық талдау бағдарламалары, құқықтық мәліметтер базасы);
суреттер салуға, анимациялық және видеофильмдер дайындауға арналған бағдарламалар;
автоматтандырылған жобалар жүйесі (әртүрлі затар мен механизмдерді сызу және жобалау бағдарламалары);
мәліметтерді статистикалық тұрғыдан талдауға арналған бағдарламалар;
компьютерлік ойындар, оқыту бағдарламалары, электронды сөздіктер, электронды оқулықтар.
Мамандардың компьютерді оқу-тәрбие үдерісінде қолдана алуы жоғарыда аталған қолданбалы бағдарламалардың кейбір түрлерін орындай алудан тұрады. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде қолданылатын жұмыс түрінің бірі – мәтіндік редактормен жұмыс жасай алу. Маман математика сабақтарына қажетті күнтізбелік және күнделікті сабақ жоспарларын, бақылау жұмысының және тест тапсырмаларының мәтінін жаза алуы, ШЖБМ ерекшелігіне орай сабақ кестесін құрастыру, ол үшін Word-та жұмыс жасай алуы қажет. Осы бағдарлама бойынша аспаптар панеліндегі әрбір әйнектердің нені білдіретіндігін, мәтінді теру, ондағы қателерді түзету, сөздердің не сөйлемдердің, сандардың не өрнектердің орындарын ауыстырып қою, өшіру және сақтау операцияларын орындай алулары қажет. Мысалы студент біріктірілген екі (1 және 3-сыныптарға) сыныпқа арналған тест тапсырмаларын ұсынуы мүмкін:
3 пен 3-тің қосындысының мәні нешеге тең?
А) 5 Ә) 4 Б) 6
7 мен 4-нің айырмасының мәні нешеге тең?
3 пен 3-тің көбейтіндісінің мәні нешеге тең?
12 мен 4-тің бөліндісінің мәні нешеге тең?
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында кестені қолдану да негізгі жұмыстардың біріне жатады. Мұнда болашақ мамандарға кестені Word-та да және Eхsel-де де салуға болатыны айтылады. Eхsel-де жұмыс жасаудың бір артықшылығы – математикалық есептеулер автоматты түрде орындалатыны. Сонымен бірге, оқушылардың білімдерін мониторингілеу кезінде әр түрлі диаграммалар тұрғызуға да үйренеді. Мысалы кестеде біріктірілген үш сыныпқа арналған арифметикалық амалдарды орындау дағдыларын тексеруге арналған тапсырмалар келтірілген.
3-сынып
|
1-сынып
|
2-сынып
|
64:8
77:11
6·4
10·3
50:10
15:3
42:6
|
3+2
4-2
10-5
7+1
4+4
5+5
2+4
|
20+10
6+6
13-5
8+3
20-1
14-7
8+4
|
Мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарын (реферат, баяндама дайындау), курс және диплом жұмыстарын, баспасөз беттерінде не жинақтарда басып шығаруға мақалалар дайындау жұмыстарын орындайды. Материалдарды дайындау барысында белгілі бір жұмыс түрін редакциялай алулары, мәтінге кестені, суретті, диаграмманы не көшірмелерді дұрыс орналастыруы қажет.
Математика сабақтарының қызықты өтілуі немесе оқушылардың пәнге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын арттыруда презентациялар дайындау және оларды орынды қолдану маңызды болып табылады. Сабақтың бір кезеңінде ғана қолдануға болатын бір-екі слайд түрін немесе бір сабаққа жоспарланған барлық тапсырмалар бойынша бірнеше слайдтар дайындауға болады. Ол PowerPoint бағдарламасы бойынша жүргізіледі және де болашақ мамандар слайдтар дайындау, олардағы суреттер не жазулардың дизайнін жасау, слайдтардың ретін өзгерту, слайдтардың тақырыбы мен мәтінін теру мен сақтауға үйренеді. Презентация автордың түсіндіруі арқылы үлкен экранда ұсынылатын материалдарының негізгі бөлімдері немесе негізгі мәселелерін, қозғалыстағы немесе қозғалмайтын заттарды (суреттер, видеофильмдер, мультипликациялар) көрсету болып табылады.
Үшінші сынып оқушыларының нөл мен бірдің қасиеттері жөніндегі білімдерін бекіте түсуге арналған сабақтың тапсырмаларын толығымен презентациялап алып, өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |