Ж. Б. Аширбекова


Теңгенің айналымға ену тарихы



Pdf көрінісі
бет19/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Теңгенің айналымға ену тарихы. 1993 жылы 12 қараша-
да ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «ҚР Ұлттық валютасын ен-
гізу туралы» жарлығы шықты. 15 қараша күні тәуелсіз еліміздің 
жаңа ұлттық валютасы айналымға енді. Теңгенің алғаш рет 
айналымға енген күні «Ұлттық валюта – теңге күні» болып 
жарияланды. Қазақстан бұрынғы КСРО мемлекеттерінің ара-
сында соңғыларының бірі болып ӛзінің ұлттық валютасын ен-
гізді. Кӛрші қырғыздар 1993 жылы 15 мамырда тӛл валютала-
рын, қырғыз сомын алақандарына салды. Түркменнің манаты 
теңгеден екі апта алдын, 1 қарашада айналымға енді. 
Әзірбайжан монаты 1992 жылы 15 тамызда, Ресей рублі
1991 жылы қыркүйекте, Белорусь рублі 1992 жылы 1 маусымда 
айналымға енді.
Теңгені жасау тарихы 1991 жылдан басталды. Ол кезде 
теңгенің дизайнын жасау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. 
Жұмыс тобының құрамында Меңдібай Әлин, Тимур 
Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов және Хайролла Хабжалилов 
болды. Отандық дизайнерлерден бұрын англиялық дизайнерлер 
де болды. Олар: Пол Браммелл мен De La Rue компаниясының 
менеджері Крис Мэтьюс. 


72 
Теңгеміз 1993 жылдан бері талай ӛзгерістерге ұшырады. 
Алғаш кездегі банкноттарда (қағаз ақшаларда) қазақтың ұлы 
тұлғаларының бейнелері болатын. Мысалы, бір және екі жүз, 
бес жүз, мың теңгелерде Әл-Фараби, үш теңгеде Сүйінбай 
Аронұлы, бес теңгеде Құрманғазы Сағырбайұлы, он теңгеде 
Шоқан Уәлиханов, жиырма теңгеде Абай Құнанбайұлы, елу 
теңгеде Әбілхайыр хан, жүз теңгеде Абылай хан.
2006 жылдан бастап қағаз ақша ретінде 200 теңгеден бас-
тап 10 000 теңгеге дейінгі банкноттар ғана қалды. Жүз теңгелік 
қағаз ақша тиынға айналды. 
Қазіргі банкноттар: 200 теңге, 1000 теңге, 2000 теңге, 5000 
теңге, 10000 теңге. Тиындар (монеталар): 1 теңге, 2 теңге, 5 тең-
ге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге. 
1995 жылы 19 мамырда Қазақстанда банкноттарды басып 
шығаратын фабрика ашылды. Оған дейін алғашқы банкноттар 
Англияда, тиындар Германияда жасалды. Англияда 2,2 млрд. 
теңге басылып шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет