Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет1/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ 
 
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Ж.Б.АШИРБЕКОВА
 
ҚОСАЛҚЫ ТАРИХИ ПӘН
 
Оқу құралы
Алматы * 2010 



УДК 372.8 (075-8) 
ББК 74.26 
А 97
Баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық 
университетінің оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен 
 
Пікір жазғандар: Л.Т.Қожакеева – т.ғ.к., доцент;
А.Т.Қапаева – т.ғ.докторы 
А 97. Аширбекова Ж.Б. Қосалқы тарихи пән: Оқу құралы. 
/Аширбекова Ж.Б. – Алматы, ҚазМемҚызПУ. 2010. – 292 бет. 
ISBN 9965-837-33-3 
Кітап қосымша тарихи пәндердің әр қайсысының 
әдістеме-лік тәсілдерінің ерекшеліктері олардың зерттеу 
пәндерінің ерек-шеліктерімен анықталады, ал тәсілдердің 
тиімділігі кез келген пәннің теориялық сұрақтарының 
қалыптасуы деңгейіне тәуелді. Осылайша, қосымша тарихи 
пәндердің әр қайсысының жеке ӛзін-дік тәсілдері мен зерттеу 
объектісі болады. Алайда, олардың мақ-саты – зерттеушіге 
тарихи қайнар кӛзді жан-жақты зерттеуде кӛ-мек кӛрсету, оның 
шығу тегі жӛнінде толық ақпараттар беру.
Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы білім алатын сту-
денттеріне арналған.  
УДК 372.8 (075-8) 
ББК 74.26 
ISBN 9965-837-33-3 
© Ж.Б.Аширбекова, 2010 
© ҚазМемҚызПУ, 2010 



 
АЛҒЫ СӚЗ
 
Тарихи ғылым ӛзінің қорытындыларын тарихи қайнар 
кӛздердің материалдарының негізіне сүйене отырып жасайды. 
Тарихи қайнар кӛздер ұғымы адамдардың іс-әрекетімен байла-
нысты және адамзат қоғамының даму тарихы мен заңдылықта-
рын бейнелейтін ескінің барлық қалдықтарын білдіреді. Адам-
ның іс-әрекетінің жемісі мен іздері еңбек құралдарының, сәулет 
ғимаратының, тұрмыстық, тілдік, әдет-ғұрыптық заттардың қал-
дықтары ретінде бізге де жетіп отыр.
Қосымша тарихи пәндердің әрқайсысының әдістемелік тә-
сілдерінің ерекшеліктері олардың зерттеу пәндерінің ерекшелік-
терімен анықталады, ал тәсілдердің тиімділігі кез келген пәннің 
теориялық сұрақтарының қалыптасу деңгейіне тәуелді. Осылай-
ша, қосымша тарихи пәндердің әр қайсысының жеке ӛзіндік тә-
сілдері мен зерттеу объектісі болады. Алайда, олардың мақсаты 
– зерттеушіге тарихи қайнар кӛзді жан-жақты зерттеуде кӛмек 
кӛрсету, оның шығу тегі жӛнінде толық ақпараттар беру.
Мақсаттардың ортақ болуы қосымша тарихи пәндердің ортақ 
әдісті қолдануын талап етеді. Бұл әдістің мазмұны кез келген қо-
сымша тарихи пән ӛзінің бақылауларын басқа ұқсас пәндердің ба-
қылауларымен салыстырумен немесе ӛзара әрекет ете отырып да-
муымен ашылады. Мысалы, палеография хронологиямен ӛте тығыз 
байланыста. Палеографияны меңгеру сандардың әріптік белгілісін 
оқуға мүмкіндік береді, ал хаттың материалына, графика белгілері-
не жасалған палеографиялық бақылаулар мерзімнің нақтылығының 
жанама дәлелі бола алады. Палеографиялық машықсыз ескі монета-
дағы немесе мӛрдегі жазуларды оқу мүмкін емес, әріптердің графи-
касының ерекшеліктері олардың пайда болуы уақытын шамамен 
кӛрсете алады. Генеалогия хронологиямен тығыз байланысты, хро-
нологиялық мәліметтерсіз туыстық қатынастарды қарастыру мүм-
кін емес. Мӛрлердегі таңбалардың бейнеленуі сфрагистиканы ге-
ральдикамен жақындатады. Генеалогия ономастикамен тығыз бай-
ланысты, ақша-салмақ жүйесінің саласы – метрология нумизмати-
камен тығыз байланысты. Қосымша тарихи пәндер арасындағы 
байланыс олардың әдістерін кешенді пайдалану және олардың әр-
қайсысының қорытындыларын салыстыру қажеттілігін айтады.



Тарихи қайнар кӛздерді тану мен қосымша тарихи пәндердің 
міндеттері мен зерттеу әдістері ӛзара байланысқан. Қайнар кӛздің 
ішкі және сыртқы санының жан-жақты кешенді әдістемесін құрас-
тыратын және олардың жиынтығына талдау жасайтын қайнар кӛз-
дерді танудың кез келген қосымша тарихи пәндердің алдында ма-
ғынасы кең. Кез келген қосымша тарихи пәннің қорытындылары, 
жиынтықтала келе қайнар кӛздің шығу тегі мен мазмұнын анықтау 
үшін қайнар кӛздік талдау жасау барысында қолданылады.
Теориялық сұрақтарды тереңдету және олардың негізінде 
қосымша тарихи пәндердің әдістемесін тереңдету қайнар кӛздерді 
танудың дәстүрлі міндеттерін шешіп қана қоймай, әлеуметтік-эко-
номикалық, саяси және мәдени тарих саласындағы қорытындылар 
жасау үшін материалдар беруге дейін әкелді. Мысалы, палеогра-
фияда әріптердің графикасына бақылау жасау жазбашылықтың жә-
не мемлекеттік мекемелер жұмысының ерекшеліктерінің даму дең-
гейі туралы сұрақты шешуге кӛмегін тигізеді және палеографияда 
қағазды уақытпен белгілеу құралы ретінде қабылданған су белгіле-
рі қағаз ӛнеркәсібінің және мәдени байланыстар технологиясының 
кӛрсеткіштері ретінде қарастырылады. Құжаттардан оқшау сақтал-
ған мӛрлер мемлекеттік аппараттар мен ежелгі мемлекеттік инсти-
туттардың дамуы туралы қорытындыға келуге мүмкіндік береді. Ал 
монеталар тауар-ақша қатынастарының және нарықтық байланыс-
тардың деңгейін сипаттау үшін қолданылады. Метрологиялық бір-
ліктерді білу фискалды салулардың ауырлығын, ауыл шаруашылық 
ӛндірісінің кӛлемін анықтауға кӛмектеседі. Генеалогия экономика-
лық және саяси қатынастардың сипаты туралы қорытынды жасау-
да үлкен маңызға ие болады, ал оған кӛмекші әлеуметтік этикет жү-
йесі белгілі бір әлеуметтік қатынастарды ашып кӛрсетеді.
Қосымша тарихи пәндерді тәжірибе жүзінде пайдалану. Қо-
сымша тарихи пәндермен қалыптастырылған әдістер мен тәсілдерді 
меңгеру қайнар кӛздерді тану курсын белсенді қабылдаудың және 
тарихи қайнар кӛздерді: олардың шынайылығын, құрастырылу ор-
ны мен уақытын белгілеуді, авторын анықтауды сыннан ӛткізу ма-
шықтарын игерудің қажетті баспалдағы болып табылады. Бұл ма-
шықтардың, әсіресе, палеография, хронология, метрология, сфра-
гистика, және т.б. қосымша тарихи пәндердің әдістерімен және тех-
никалық тәсілдерімен міндетті түрде ӛңдеуді талап ететін мұрағат 
материалдарымен жұмыс жасауда маңызы арта түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет