255
тарихи тығыз арақатынасын еуропацентристік тарихшылар дә-
лелдеуге тырысқан антогогенистік қарсылықты емес, керісінше
экономикалық ӛз еңбек ӛнімдерін алмас) қажеттілігінен туында-
ған мүдделілікті анық байқаймыз. Міне, осыған байланысты
кӛшпенділер жасаған рухани мәдениеттің ӛзінше тұйық, бейта-
рап емес, ылғи да әлемдік мәдени дамумен сабақтас байланыста
болғандығын түсіну қиынға соқпайды. Мәселені осы арнада қа-
рау кӛшпенділердің мәдени даму ерекшеліктерін тура түсінуге
және жалпы адамзаттық рухани
мәдениетке тән заңдылықтар-
дың олардың ӛмірінде де ез кӛрінісін тапқанын анықтауға кӛ-
мектеседі.
Екіншіден, табиғи-географиялық жағдайға байланысты
кӛшпелі тұрмыс пен отырықшы егіншілікті ұштастыра алып
жүрген, қазақ даласындағы қоғамдардың жасаған рухани мәде-
ниетін тек ауызша айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен әдебиет-
ке, шежіреге балау бүгінде ӛз мәнін
жоғалтқан пікір екендігін
біржола мойындау керек. Объективті себептерге байланыста ке-
мелденген ауызша айту дәстүрі бет-бағдарын айқындаған кӛш-
пенділер мәдениеті жазба дәстүрді де қатар дамытып отырды.
Шығысында Қытай қабырғасы мен батысында түрікмен дала-
ларына дейінгі аралықты қамтыған ежелгі түркі қоғамдарына
тән руникалық жазулар, ХІ ғасырда ӛмірге келген Махмұд
Қашғаридың «Диван лүғат ат-түркі» және Баласағұндық, Жүсіп-
тің «Құдатғу білігі», XVI-XVII ғасырларда
жазылған Әбілғазы
Баһадүрдің «Түрік шежіресі», Қадыр Әлі би Қосымұлының
«Жылнамалар жинағы» және басқа кӛптеген еңбектер түркілер-
де жазба мәдениетінің үзіліссіз жүріп отырғандығының айқын
кӛрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: