Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет71/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

мәнісі мен түрлері»// ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану серияcы. 
2007-№3]. 


244 
Кез-келген жағдайда адамдардың сӛйлесу нәтижесінде бір 
сӛз үлгісі пайда болады. Олардың ішінде кейбір сӛз мазмұны 
маңызына қарай басқа орындарда қайталанып айтылуы мүмкін, 
сӛйтіп сӛз қайта айтылу арқылы одан әрі жалғасып бірден бірге 
берілуге себеп болады. Олардың ішінен кейбір айтылғандар 
маңызды мәлімет болып, кейін тарихи дерек негізіне айналуы 
әбден мүмкін. Алайда осы қайталанған ауызша сӛздердің ішінде 
тарих баяндаушы тек екі түрлі сӛз үлгісі ғана қажетті болып та-
былады, егер оның бірі - тарихқа жаңалық болар бір дерек бол-
са, ал екіншісі белгілі тарихи оқиғаға орай айтылған түсіндіру 
сӛз болғанда. 
Генеология деректерінің тҥрі. Қазақ шежірелерінің зерт-
телуі халықтың ауызша тарих айту дәстүрін қарастырудан 
басталуы тиіс. Ӛйткені дәстүрлі қоғам тұсында ерекше дамыған 
ауызекі тарихи дәстүр деректерін сол замандардағы кӛшпелі 
әлеуметтің ӛнімі ретінде қабылдау қажет. Сондықтан, ауызша 
тарих айту дәстүрінің қалыптасуы жолдарын зерделеу - ұлттың 
қайталанбас феномені болып табылатын шежірелік дерек қорын 
талдауға жол ашады. Ӛйткені тарихи-шежірелік дәстүр мен 
ауызша дәстүрдің ӛзара тығыз шектесетін тұстары кӛп. Бұл дәс-
түр қалың бұқара ортасында дамып, оның тұтынушы тыңдарма-
ны жалпы халықтың ӛзі болғанымен, сол дәуірлердің ӛзінде де 
тарих айтушы нақты субъект болғаны анық. Сол деректердің 
негізін салған ауызша тарих айтушы субъекттің жасаған еңбегі 
де қайталанбас феномен ретінде қабылдануы тиіс. Қазақ шежі-
релері тұрақты тарихи жәдігер ретінде тек қана сол ескі заман-
нан қалыптасып жалғасқан ауызша дәстүр тӛңірегінде ӛзін сақ-
таған. Мұның ӛзі есте сақталған тарихи оқиға туралы тұрақты 
білім қоғамның қажеттіліктерін ӛтеп, кӛшпелі қауым тарапынан 
кең қолданылғанын кӛрсетеді. Ауызша тарих айту дәстүрі басқа 
да әртүрлі әлеуметтік-мәдени құбылыстарменен байланысты 
болған және соған орай дәстүр репертуары да әрқилы. Мысалы, 
шежіре дәстүрінің діни дәстүрлері мен ӛзара байланысты болу 
себебінен кеңес ӛкіметі тұсында шежіре, жыр сақтаушылар, 
қасиет біткен, дін оқуын оқыған қайраткерлер, қазақ ұлтының 
мұқтажын ойлап жүрген батырлар есімі алдымен қуғын-сүргінге 
ілікті деп білеміз. Репрессияға ұшырағандар тізімі үлкен. Ӛте 


245 
қысқа айтсақ оған әйгілі қазақтың жырауы Тұрмағанбет Ізтілеу-
ұлының қамаудағы ӛлімі, Шәкәрімнің атылауы, іске аспаған 
Машһүр Жүсіпті тұтқындау әрекеті, Үкілі Ыбырайдың атылуы, 
айдалуы, қазақтың оқыған шын үлгілерін құрайды. Жадыға то-
қылатын ауызша дәстүрдегі сӛздердің мазмұнында ӛзіндік ерек-
шелік сипаты бар сӛз үлгілері болады. Тарихи фактінің крите-
риі тұрғысынан сӛз үлгілері (әңгімелер, естеліктер) екі түрлі 
топқа бӛлінеді, оның бірінің айғағы болса, демек шындығы мен 
қоспасы кӛрсетілген болса, екіншісі тек нақты қиялдан туған 
кӛркем сӛз. Айғақты дәстүр негізінде қалыптасқан үлгілердің ӛзі 
"шындыққа жақын", "әлде-қайда шын" дегендей бағалануы мүм-
кін. Қиял үлгілері ретінде әртүрлі тәмсіл әңгімелер айтылады. 
Әрине, осының арасын нақты жік-жігімен айыру үшін "шын-
дық" пен "ақиқат" деген ұғымдардың критериі ӛз алдына жаса-
луы қажет. Әртүрлі мәдениетте "ақиқат" ұғымының ӛзі әрқилы 
қабылдануы мүмкін. 
Қазақ тӛлтума мәдениетінде зерттеуге аса лайық болатын-
дай ең керемет құбылыстың бірі біршама уақыт бойы жалғасып 
келетін тарихи-генеалогиялық деректер болып табылады. Олар 
ӛмір тәліміне қажетті тарихи әңгімелер, насихаттар, тәлім-тәсіл-
дер, халықтың идеяларынан құралған. Осының барлығы ұмы-
тылмай, ұжымның немесе шежірешінің санасында жақсы сақта-
луына қайран қалуға болады. Шоқан Шыңғысұлы "шежірелерде 
кӛрініс тапқан халықтың тарихи санасы, халық білімі мен тарих-
тағы қадірлі атақты адамдар туралы деректердің ғылымға берері 
мол екенін ескерте отырып, «қазақ халқының тарихи санасында, 
тарихи жад - зердесінде ұмытылған бірде-бір маңызды оқиға, 
аты ұмытылған бірде-бір әйгілі тарихи тұлға жоқ» - деп жазды. 
Осы құбылысқа қаншалықты кӛп таңдансақ та, соншалықты оны 
кешенді түрде қарастырумыз қажет. Ауызша дәстүрді танып 
білу мәдениет, идеология, қоғам, психология, ӛнер және тарих-
ты зерттеуші мамандар үшін аса маңызды болу тиіс. Міне, осы 
соңғы жағдайға орай біз осы мәселені бұл жерде қозғамақшы-
мыз. Ауызша дәстүр әртүрлі тарихи деректердің ішінде ерекше 
орын алады. Олар да тарихи дерек, ақпарат болып табылады, бі-
рақ негізгі сипаты жағынан хатқа түспеген, ешбір жерде жазыл-
маған ауызша дерек түрі.


246 
Шежіре дәстүрінің жалғастығы нәтижесінде ӛткен дәуір-
лердің тарихи деректері заманнан-заманға ӛтіп, тіпті бүгінгі күні 
де белгілі бір формада ӛз жалғасын табуда. Шежірелік дәстүр 
ауызша дәстүр ретінде тек тарихты айту, айтылу барысында ға-
на жалғасып, ӛзінің әлеуметтік-мәдени қызметін атқарады. Қал-
ған уақытта ауызша дәстүр аясындағы ӛмір суретін беретін та-
рихи деректер тек қана адамдардың санасында сақталып, тысқа 
шықпайды. Сондықтан ауызша үрдіс ретіндегі шежірелік дәстүр-
лер үшін адамның жады мен сана қызметінің. аса жақсы жұмыс 
істеуі шарт, ол дәстүр сақтаушыдан үнемі сана сергектігін талап 
етеді. Ауызша мәдениет жағдайында ӛмір сүретін адамдардың 
ақыл-ой қызметінің жинақы болуы тіршілік талабынан туында-
ған. Барлық білім мен тәжірибе мәліметтері тек ауызша дәстүр 
аясында жалғасқандықтан, олар үнемі ӛмір контекстінде болуы 
тиіс еді. Ӛйткені тіршілік кеңістікте үнемі қозғалыста болатын-
дықтан тек ауызша айтылған сӛз ғана, ауызекі тарих айту үлгі-
лері ғана болды. 
Генеалогиялық білімнің дәстүрлі қоғамда қажеттілігі аса 
зор екені белгілі және тарихи тәлім ӛмірлік тәжірибе ретінде де 
кез келген адам үшін сондай-ақ ӛз алдына ӛте қажетті. Сӛйтсе де 
адамның жадтық қабілеті еш қозғалыссыз күйде, мәліметті біле-
тін субъектінің санасында ғана қала береді. Яғни сӛз - кӛшпелі, 
жады - орнықты құбылыс болып табылады. Сондықтан да, мұн-
дай жағдайға душар болған қауымда, ауызша дәстүрге негіздел-
ген қоғамдарда адам санасының ой реттеу қызметі мен оның 
жадтық қызметі жақсы болуынан, оларды аса қолайлы қолдана 
білуі де сана мен жадының сенімді мұрағат болу-болмауына 
тікелей байланысты болды. Әдетте ауызша мәдениет ортасында 
ӛскен адам үшін оның жады әлбетте сенімді есте сақтау құралы 
бола алатыны күмәнсіз. Адамның мұндай жеке реттеуші ой 
қызметі мен сананың жетілу дәрежесінің арқасында ерекше та-
рихи мұрағат ретінде ӛз жадында ұзақ тарихи дәуірлердің оқиға-
лары, атақты тұлғалары мен олардың қажетті ӛмір тәжірибесі 
туралы тарихи деректер осындай дәстүрлі қоғамның ұжымдық 
тарихи санасында сақтала береді. Нақты айтқанда, адам санасы 
ӛткен замандағы тарихи тұлғалардың ӛмір тәжірибесін, тарихи 
оқиғалардың тәлімін ой елегінен ӛткізеді, сақтайды. Шежірелер 


247 
болса осындай адам ойы елегінен ӛткен мәліметтерден құралған-
дықтан, олар шежірешінің санасы ӛңдеген тарихи мағлұмат 
болып табылады. Сондықтан шежірелер шежірешінің тәжірбие-
сіне "қария сӛз" айтушы қарияның ой елегінен ӛткендіктен, со-
ның ӛмір тәжірибесінің негізінде әр нәрсе туралы қалыптасқан 
түсінік. Шежірешілер жеке ӛзінің тәжірибесіне ұзақ тарихи дә-
уірлер бойы сақталып келген аса маңызды, әрі ӛзекті ұрпақтар 
тәжірибесін қосып сақтаған субъектілер. Сӛйтіп шежірелерде 
кӛрініс табатын қариялардың тарихи санасы есте сақтаушы 
субъектілердің тарихи жады арқылы дәстүрлі мәдениет қағида-
ларын да, адамның ӛмірлік тарихи тәжирибесі мен білімін де 
ұрпақтан -ұрпаққа жалғастырады. 
Осы орайда тарихи деректемелерде тарихи факт және та-
рихи тәжірибе турасында айтуымызға болады. Ауызша мәде-
ниет жағдайында ӛмір сүретін тарихи сана ӛткен дәуірлердің 
тарихи оқиғаларын олардың себептері мен салдарын түзіп, бір 
сапқа тұрғызады. Шежірелердегі тарихи сана әр нәрсенің себеп-
салдарын түсіндіреді. Сана қызметі ұлт мәдениетіне адам 
жадының қызметі арқылы, яғни шежірелер арқылы бір ұрпақтан 
келесі ұрпаққа сапалы түрде жалғастыруды қамтамасыз етеді. 
Осы құбылыстың барлығы, әрине, адам зейін-зердесінің, интел-
лекті қызметі арқылы, олардың ой-толғамы ерекшеліктерінің 
арқасында орын алады. 
"Ауызша дәстүр" деген ұғым ең алдымен ауызша тарих 
айтудың ӛзін, сондай-ақ тарих айту барысында жасалған ой-тү-
йінді білдіру үшін қатар қолданылады. Демек, "ауызша дәстүр-
дің ӛнімі" дегеніміз - ауызша деректер болса, осы тұрғыда шежі-
релердегі қария сӛздерден, шежірелердің ӛзі де ауызша тарих 
айту дәстүрінің жемісі болып табылады. Олар осыған дейін ай-
тылған ауызша деректерге негізделген. Шежірелік қасиеттің ӛзі 
қариялардың жадында сақталған тарихи білім-тәжірибе деректе-
рін ауызекі күйінде беруі. Шежірелік дәстүр қариялардың ай-
туыменен, ең болмағанда аға буын ұрпақ тарапынан айтылған 
тарихи-генеалогиялық мазмұндағы ауызша әңгімелеумен жалға-
сады. Демек, кез-келген ауызша дәстүр,шежірелік дәстүр - бар 
болғаны бір уақыт мерзімі ішінде ғана айтылып қалған бір сӛз. 
Сӛйтіп ауызша тарихи дерек бір рет қана пайда болады. Содан 


248 
кейінгі шежірелерді айту үрдісі одан әрі жалғасу барысында мо-
лайып, оның мазмұнындағы деректер, белгілі дәрежеде ӛңделе 
түседі де, алғашқы қалпынан кӛрі біраз ӛзгере де түседі. Яғни 
әрбір баяндау үрдісі барысында айтылған ауызша мәлімет, 
объективті жағдайға орай ӛзгерулерге ұшырайды. Тарихи ше-
жірелерді баяндау үрдісінде белгілі ӛзгерулер болдырмау мақса-
тында, шежірелерді сақтаушы субъект, ӛзі таңдаған әртүрлі 
мнемо құралдарды қалыптастырады: әлқисса қара сӛзді қара 
ӛлеңге айналдырып, дастан, тарихи немесе батырлық жырға ай-
налдырып, баяндау тәсілін қолданады.
Ӛлең мен жыр қалпына айналдырылған мәтіндердің ара-
сында әлқисса қара сӛз сақталса да, оны мейілінше қарапайым 
сӛз үлгісіне немесе белгілі нұсқадағы формула мағынасындағы 
ауызша сӛзге айналдырады. 
Шежірелік үрдісті тарихи дерек кӛзі ретінде зерттеуден 
бұрын ең алдымен бұл құбылыстың сыртқы пішінін құрайтын 
негізгі сипаттарын да анықтап алу керек. Шежірешілдік болмыс, 
сӛз ӛнерінің әртүрлі үлгілерін қолданумен ғана жүзеге асады, ал 
кӛшпелі тұрмыс жағдайдың ортасында қалыптасқан қазақтағы 
ауызша мәдениеті сӛз үлгілерінің әр-алуан түрлерінен келіп 
туындаған. Қазақтың сӛз мәдениетінің әртүрлі ішкі принциптері 
қалыптасқан, мысалы: анық тақырыпқа сӛйлеу; астарлап сӛйлеу; 
мысал қып сӛйлеу; ертегі қып сӛйлеу; баяндап сӛйлеу; меңзеп 
сӛйлеу; жұмбақтап сӛйлеу; әзілдеп сӛйлеу; жоқтап сӛйлеу; са-
лыстырып сӛйлеу; мадақтап сӛйлеу; насихат қып сӛйлеу деген-
дей. Осындай сӛз үлгілерінің барлығы ауызша дәстүр аясында 
жалғаса береді. Сондықтан шежірелердегі қария сӛзі ӛзінің ішкі 
мазмұны жағынан қоғамда орын алған әртүрлі тарихи-генеало-
гиялық жағдаяттардан хабар береді. Сондай-ақ қария сӛзбен 
қатар шежірелерде насихат сӛз, мақал-мәтел, ескіден келген 
мифтік әңгіме, тұрыс жағдайлар айтылады. Шежірелердегі қа-
рия сӛз, ӛлең сӛз, мақал, мәтел, шешендік сӛз және тағы басқа-
дай осы қалыптағы ауызекі сӛз нұсқалары сӛздің ең жетілген 
үлгілері болып табылады. Жалпы, қазақта - қара сӛз, қара ӛлең, 
жоқтау, билер сӛзі, мадақ ӛлең әртүрлі дамыған. Мәшһүр-Жүсіп: 
"Орта жүз арғын тӛртуыл-қаржас Алтынторыдан шыққан 
Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау атанған қария тоқсан 


249 
үш жасында Абылай ханның алдында жыр толғаған. Ӛз зама-
нындағы жандар бұл кісіні "кӛмекей әулие" деседі екен. Бір жәй 
сӛз білмейді, тек сӛйлесе кемекейі бұлкілдеп жырлай бастайды 
екен" - дейді. 
Шежірелік дәстүрдегі сӛздердің негізгі мазмұны адамның 
ой, сезім тәжірибесін сақтау. Бұл тәжірибе негізінде белгілі бір 
тарихи оқиғаның тәлімі немесе қоғамдық ортада қалыптасқан 
әдеп үлгісі ретінде әңгіме етіледі. Форма тұрғысынан, шежіре-
лердегі сӛз үлгілері сан-қилы болып табылады. Белгілі дәрежеде 
бұл сӛздердің астарында эмоциялық сезім күші де аңғарылады. 
Ауызша тарих айтушылардың деректері, негізіне кӛбіне зама-
нында орын алған әртүрлі оқиғалар мен жағдайлар туралы айты-
лып қалған естеліктер мен әрқилы айтылған сӛз үлгілері және 
оған дейін баяндалған тарихи хабарлар арқау болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет