Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет24/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

ХХ ғасырдың басында геральдика мен сфрагистика бо-
йынша жалпы жұмыстардың пайда болуы. ХХ ғасыр басында 
геральдика бойынша жалпы жұмыстар пайда болды. 
Ю.В.Арсеневтің геральдика курсын атап ӛту қажет. Бұл курс


78 
негізінен Батыс Еуропада елтаңбалардың пайда болу тарихына 
және теориялық геральдикаға арналған, яғни елтаңба жасау-
дың жолдарына кеңін тоқталып ӛткен.
Ю.В.Арсеньев геральдиканың басқа кӛмекші тарихи
пәндерге қатысын нақты баяндаған. Ол «геральдика генеоло-
гияның кӛмекші пәні» деп есептеді және оның тарихы үшін 
мәнін атап ӛтті. Ю.В.Арсеньевтің айтуы бойынша, геральдика, 
сфрагистика, нумизматика, дипломатия, полеография және ар-
хеология маңызды. 
19 ғасырдың екінші жартысы ХХғ. басында геральдика, 
әсіресе, дворяндық геральдикаға арналған зерттеулер мен ма-
қалалар саны артты. Осы кезде дворян ӛкілдерін геральдика-
мен және онымен тығыз байланысты генеологияның сұрақта-
рын зерттеуге тағы бір себеб – ӛзінің шығу тегінің ертеден келе
жатқандығын және ақсүйектерден екендігін дәлелдеу болды. 
Буржуаздық қоғамның құрылуы, дворяндық рӛлінің тӛмендеуі
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси ӛмірінде, бұл
себеб дворяндар үшін ерекше мағынаға ие болды, дворяндар-
дың ӛздерінің шығу тектеріне қызығу кӛбейді. Әсіресе, ХХ ға-
сырдың екінші он жылдығының басында елтаңба материал-
дарын жасауға және баспадан шығаруға қызығушылық артты, 
бұл В.К.Лукомскийдің атымен байланысты. Революцияға дейін-
гі кезеңде геральдика бойынша бірнеше жұмыстар жарық кӛрді, 
оларсыз қазіргі кезде геральдиканың ғылым ретінде қалыпта-
суын елестету мүмкін емес.
В.К.Лукомскийге жеке елтаңбалық бейнелердің жарық
кӛруі тиісілі және ол олардың сырын ашуға ұмтылыс жасады. 
Басқа елтаңба танушылармен бірге ол елтаңбаның кімге тиесілі 
екндігін анықтайтын анықтамалық ақпарат жасады. Және, со-
ңында, В.К.Лукомский орыс геральдикасы бойынша жалпы-
лаушы жұмыстар жазған. Олардың ішінен ең алдымен мы-
наларды атап ӛтуге болады: Бүкілресейлік империя дворянда-
рының және Польский патшалығының елтаңбалары дворян-
дық атағына ие адамдардың дворяндық дипломдары, елтаңба
ұрандарының кӛрсеткіштері. Елтаңбалардың кімге тиесілі
анықтау осы анықтамалық әдебиетті пайдаланбай мүмкін емес. 


79 
В.К.Лукомскийдің орыс мемлекеттік елтаңбасының тари-
хы бойынша жазған жұмысы ерекше қызығушылық тудыра-
ды. Бұл жұмыста ХVғ. соңынан бастап елтаңба тарихы және
ХVІІІ-ХІХғғ. жарлықтары бойынша мемлекеттік елтаңба ерек-
шеліктері қарастырылады. 
1911ж. В.К.Лукомскийдің «Ресейдегі гералдикалық ӛнер 
туралы» кітабы баспадан шықты (СПб, 1911). Кітап алғашқы
рет қолданылған баспадан шықпаған Герольдияархив мате-
риалдары негізінде жазылған және орыс геральдикасының
тарихи очеркін береді. Бұл жұмыста елтаңба жасау жұмыста-
рында қатысқан суретшілергеде кӛңіл бӛлінген. 
1913 ж. В.К.Лукомский, Н.А.Типольт және С.Н.Тройницкий 
«Гербовед» журналын шығарды. Бұл журналда елтаңбалар тарих-
тары бойынша, елтаңбалар суреттері жарық кӛрді, бұл елтаңбалар-
дың сырын ашуға әрекет жасады. Бұл баспаға енген материалдар-
дың негізгі бӛлігін В.К.Лукомский және С.Н.Тройницкий жазды. 
1915 жылда В.К.Лукомский, Н.А.Типольт «Орыс гераль-
дикасы» 
кітабын 
баспадан 
шығарды. 
Бұл 
жұмыс 
В.К.Лукомскийдің «Орыс елтаңбатануының дереккӛздері» және
Н.А.Типольттың «геральдика негіздері» деген ӛзіндік мақалала-
рын ӛз ішіне алады. Бірінші мақалада орыс геральдикасының 
пайда болуы және дамуының жалпы очеркі беріледі, екінші 
мақалада – елтаңбаларды жасауда қолданылған әдіс-тәсілдердің 
техникалық характеристикасы берілуі. 
В.К.Лукомский жұмыстары геральдика және генеология
мәліметтерін үйлесімділігі негізінде құрылған. Одан басқа, 
бірінші болып, елтаңбаны тарихи дереккӛз ретінде пайдалану-
ға болатындығын айтты. 
Басқа жұмыстар арасынан С.Н.Тройницкийдің 1912 жы-
лы жарық кӛрген «Анисим Титович Князевтің елтаңбалары» 
еңбегін атап ӛту қажет. Патша кеңесшісі А.Т.Князев 1785 жылы 
ресей дворяндарының жалпы елтаңбалар жинағын – 1785 ж.
дворяндар қолданған елтаңбалардың тізімі және бейнесін құрды. 
Геральдика не болмаса елтаңба тану- қосалқы тарихи дер-
бес пән, елтаңбаларды зерттеумен айналысатын пән. «Гераль-
дика» сӛзімен тағы елтаңбаларды қолдану дәстүрі және тәжі-
рибесі деп те атайды.


80 
Елтаңба эмблеманың жеке оқиғасы, құқықты лауазым 
қолданылуы және құрылымының ӛзі анықталған тарихи орна-
тылған қағидаларға сай келеді. Елтаңбалар XII ғасырда Батыс 
Еуропада батырды тану ретінде пайда болды және XIV- ғасырда 
шамамен барлық салаларда пайда болып қолданыла бастады. 
Бірте-бірте әртүрлі геральдикалық қағидалармен шектеулер 
пайда бола бастады. Негізінде, орта ғасырлық түрлі геальдистер 
түрлі шарттар ұсынған және ӛзге елдерде елтаңбалы тәжірибе 
ӛзгешелеу болған. Кейбір геральдикалық ережелер сол не басқа 
елдерде заңдылығын тапты. Бірақ, жазылған заңға сәйкес, ге-
ральдика пайда болған дәстүрмен басқарылған. 
Теориялық геральдика. Теориялық геральдика пәні ретін-
де заңдармен елтаңбаларды құрастыру және сипаттау тәсілдері-
нің бірегейлігі болып табылады. Осы қағидаларға сәйкестене 
келе елтаңба ӛзіне негізгі бӛлігін – қалқанды қосады. Қалқаннан 
басқа елтаңба ӛзге элементтерді де ӛзіне қосады, жаппай атау-
мен біріктірілген жақтаушалау: дулыға, дулыға үсті, тәжді, ша-
тыр, қалқан ұстаушылар, ұран, сырттан киетін плащ сияқты 
ұзын шапан. Осы элементтердің кӛпшілігі (итарқа кесенесі, 
сырттан киетін плащ сияқты шапан, қалқан ұстаушылар, белгілі 
тәж түрлері) барлығына бірдей қолжетерлі болмаған. Оларға 
елтаңба иемденушілер белгілі лауазымдылар ғана иелік еткен.
Елтаңба үлгісі ретінде оның сӛздік сипаттауы «блазон» 
саналған.
Геральдикалық түстер, Елтаңба түстері атты жинақталған 
тарихи шығуы алтындатылған немесе күмістетілген эмалдық 
қабат және сәндік терілермен қағазда не жарғақта (қолжазба) 
елтаңбалы түстер мен бейнелер, әрбір елтаңбалы түсте ӛз бо-
яулары бекітілетін ол солай аталатын. Елтаңбалар кӛбінесе иелік 
белгісі ретінде ӛз мӛрлерінде және әртүрлі тұрмыстық заттарда 
болғандықтан оларды шектеу қажеттілігі туды. Осыған байла-
нысты түстердің графикалық бейнеленуіне белгілі қағидалар 
тағайындалынады.
Дәстүрлі түрде геральдикалық түстердің тоғыз түрі ерек-
шеленеді: 2 «металл» (алтын және күміс, олар бояуда сары және 
ақ болып бейнеленеді, ал графикалық тұрғыда алтын, ақ алаңға 
қара нүктелермен беріледі, ал күміс болса ақпен, штрихталмаған 


81 
аумақпен суреттерін кӛреміз. Бес «финифтей» (эмальдардың) 
червлен не болмаса қызыл түс, графикалық тұрғыда тік штрих-
термен бейнеленеді. Кӛкшіл бояуларды немесе аспан кӛк болып 
бейнеленеді, графикалық тұрғыда - түзу штриховкамен, жасыл 
графикалық тұрғыдан оңнан солға диагональды штриховкамен 
беріледі. Қызыл күрең күлгін түсті, жұпар гүл түсті, не қызғылт 
болып беріледі, ал графикалық тұрғыда – солдан оңға диаго-
нальды штриховка болып; (қара бояуларда да графикалық тұр-
ғыдан да қара түспен беріледі), екі «терілі (ақкіс бояуларда да 
және графикалық тұрғыда қара құйрықшалар ақ фонда секілді 
беріледі. немесе қара кішкентай «терілер», екеуі де бірдей ма-
ғыналы; ақ тиын күміс түсті және кӛкшілді кӛпбұрыштармен 
бейнеленеді, ӛзімен бірге сәнді «баулар». Елтаңбада адамды 
бейнелегенде адами түсті қолдануы мүмкін. Одан басқа ӛзге де 
түстер қолданылған: металл секілді (жез – әсіресе елтаңбалы 
дулығаларда), және финифтийлер «қосымша финифтийлер ӛте 
кӛп: қызғылт сарыны, қоңырды, күл түсті, темір түсті, су түсті, 
қан түсті, жер түсті және бірқатар ӛзге де түстерді кездестіреміз) 
және де терілер (ақкіс емес, ақтиін емес түстер). Бұл түстерде 
графикалық бейнеленуінде ӛз қағидалары бар. 
Ескерген жайт, кӛптеген геральдикалық түстер бояуларда 
бейнеленуінде түрліше кӛрінеді (кӛкшіл-кӛк не болмаса аспан 
кӛк, қызыл күрең- таңқурайлыдан күлгінге дейін), бір елтаңбада 
бір геральдикалық түсті түрлі мүсіндердің түрлі кӛрініспен 
бейнеленуі мүмкін емес, бірақ дамасцирлеуге рұқсат – мүсінді 
ӛзге кӛрініспен сол геральдикалық түспен безендіру, кӛлеңке-
лерді ӛзге кӛрініспен сол түспен бейнелеуге рұқсат етілді.
Геральдиканың заңына сәйкес металл үстіне металл фи-
нифтийдің үстіне финифтий, яғни матадан жасалған мүсінге ме-
таллдан жасалған алға, ал финифтті – финифтіге салуға бол-
майды. Бұл қағида да кӛптеген ӛзгелер сияқты кейде бұзылады. 
Оған қоса ол құрылымды мүсіндер (металло-финифтті) және мү-
сіндердің ӛзіне бірнеше елтаңбалы алаңдарға аралас орналас-
пайды. Кӛлеңкелі түсте қағида бұзылуына жатпайды (әйтсе де 
Ресей геральдикасына сай келмейді) - егер де мүсін түстері мен 
елтаңба алаң түстері сай келсе де, мүсін тек пішінмен ғана бел-
гіленген, ал оның алдында фон кӛрінеді. Әйтсе де, екі немес 


82 
одан кӛп алаңды алатын мүсіндер, құбылмалы бояу фон негізгі 
қағидасына жауап бере алады (яғни бұзбайды), яғни металды 
алда орналасқан мүсін бӛлігі, финифтті түсті болады, ал фи-
нифтті алда тұрған бӛлік – металды.
Қалқан - елтаңбаның негізгі элементі, дәл осы қалқанда 
елтаңбалы алаңдарда (аясында) елтаңбалы мүсіндер орналасады. 
Алғашқыда қалқан нағыз әскери сайысты қалқанға ұстаған. 
Бірнеше Еуропа елдерінде жиі таралған қалқан түрі дәстүрлі 
түрде аталады. Француздық- тӛрт бұрышты тӛменгі және ортасы 
үшкірленген түрде; Испандық-тӛменгі жағы бірқалыпты дӛң-
гелетілген. Вареждық-үшбұрышты, бүйірлері бірқалыпты иіл-
ген. Итальяндық- шеңбер тәрізді. Неміс- оюлы, кесілген түрінде. 
Есте сақтаған жӛн, яғни бұл атаулар сол елде солармен қолда-
нылғандығына да сай келмейді және бұл дәстүрлі атауларды 
қолдану да барлығына бірдей болмайды, әйтседе Ресейде мықты 
бекітілді. Кӛбінесе қалқан тік тұрғыда кӛрсетілген, бірақ иілген 
тұрғыда болуы мүмкін. Қалқан түрі және оның бағдары кеңес-
тікте блазонирленбейді және елтаңба ретінде қабылданбайды, 
әртүрлі елтаңба жасағанда әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ бір 
форма бар, оны таңдауы еркіндік заты болмайды-ромб тәрізді; 
осы түрдегі қалқан тек әлем елтаңбаларда қолданылады.
Қалқандағы телімдерінің ӛз атаулары бар: басы (қалқан-
ның үсті), ақыры (қалқанның тӛменгі жағы), жүрегі (қалқан 
ортасы), тӛрт бұрышы, сол және оң жүрек бүйірлері (бүйірлер-
дің ортасы). Қалқанның оң жағы алдыңғы деп аталады. Жауын-
гер (рыцар) қалқанмен сол бүйірін бекіткен. Сол себепті оң 
жағы, басы сияқты, құрметтелетін орындар болып табылады, 
сол жақпен аяқ жағына қарағанда ең қадірлі бірінші бұрыш – 
жоғарғы оң. 
Қалқан әртүрлі басқада тәсілдермен бӛлінген, мысалы, 
осып тілінген, қиылысып, оңға не солға иілген, тӛртке (крестке) 
бӛлінген (оң және солдан бірдей иілген). Қалқан тӛрт бӛлікті 
болуы мүмкін. Әдетте қалқан түзу сызықпен бӛлінеді, бірақ 
ӛзгеде бӛлінулер болады: саты тәрізді, тіс тәрізді, толқын тәрізді 
т.с.с. Егерде ӛзгесі ескерілген болмаса, тең бӛліктерге бӛліну 
айтылады. Кейде қалқан ортасында ақ кішкентай қалқан орна-


83 
ласады, оны қалқанша деп атайды. Бұлар қалқанды бӛлудің ең 
кӛп тараған түрі, бірақ басқасыда кӛптеп кездеседі. 
Елтаңбалы мүсіндер арасында абстрактілі сызықша гео-
метриялық ӛзгешеленеді, олар геральдикалық деген есімдік, не 
қасиетті мүсіндер. 
Қалқан бӛлінуі. Қалқанға кӛп мӛлшерде мүсіндер орна-
ластыруға және оларды ыңғайлы орнату үшін қалқан үшке бӛ-
лінеді. Ол болуы мүмкін:
– кесілген: бір рет, екі рет немесе бірнеше рет; 
– қиылысқан: бір рет немесе бірнеше рет;
– қиылған: оңнан, солдан, оңнан екі рет қиылған. 
Онымен бірге біздің есте сақтау керектігіміз, яғни қалқан-
ның оң және сол беттерді геральдикада бетпен ажырату керек-
тігі қабылданған, қалқан ұстаушы секілді, яғни кӛрерменге теріс 
болады. 
Кӛрсетілген маңызды бӛлулер ӛзара әртүрліше болуы 
мүмкін, мысалға: қалқан кесілген және қиылысқан, екі рет қиы-
лысқан немесе тӛртбӛлікті; екі рет кесілген және қиылысқан, екі 
рет қиылысқан және кесілген, кесілген және жартылай қиылыс-
қан, оңнан және солдан қиылған немесе тӛртбӛлікті. Бӛлгіштер 
түзу сызық қана болмай, сызық және ӛзгеше болуы мүмкін. 
Кӛбіне келесі бӛлгіштер кездеседі: 
Сатылы: мысалыға қалқан сатылы қиылысқан, үш саты-
мен қиылған, екі қиылыспайтын сатылармен қиылысқан. 
Тіс тәрізді: мысалыға, тістермен қиылысқан, саты тәрізді 
тістермен қиылған, крест тәрізді тістермен қиылысқан, үшкір-
ленген тістермен кесілген, дӛңгелектенген тістермен кесілген.
Ӛзінше екі жартылай ораудың үстімен бірігуімен пайда 
болған мүсін айыр тәрізді крест деп аталады, ал аударылып бей-
неленуі де мүмкін. Крестер айқастырылған да болуы мүмкін, 
геральдикалық крест қысқартылған. Крест тӛрт ұшты ғана емес, 
бес ұшты, алты ұшты, орыстың кресті жеті ұшты, сегіз ұшты, 
мысалыға, провословиелік, кӛне үшқұлақты, Иерусалимдік деп 
аталады. Кресттер кресттерменен қосақталуыда мүмкін, мыса-
лыға қысқартылған крестке бірігуі мүмкін, мысалыға тӛрт құ-
лақты оюланған крест, тӛрт күрделі құлақты крестке бірігуі 
мүмкін. Крестің ұштары әр түрлі болады және олардың түрлері 


84 
келесідей аттарды алып жүреді: атқыш кресті, зәкірлі, екібасты 
жыланды, бұйралы үш құлақты, ай тәрізді, шарлармен безенді-
рілген, шеге тәрізді. Лала гүлдермен безендірілген, оюлы, мал-
тиялық, тұмсық тәрізді кейде крест аударылып бейнеленуі мүм-
кін; яғни мугеникалық немесе әулие Павел кресті деп аталады. 
Екінші геральдикалық мүсіндер. 

Қима, қима ішкі болуы мүмкін; 

Тӛртбұрыш, қалқан тӛртбұрыштарға бӛлінуі мүмкін 
(әдетте алты, жетіге), онда шахматты деп аталады; 

Еркін бӛлік, қалқанның тӛрт бӛлігінің бірінде орналаса-
ды, мысалыға, оң еркін бӛлік; 

Сына, еркін бӛлік туралы айтылғандардың барлығы да 
осы мүсінгеде тиесілі; 

Ұшы (жүз), ол бүйірлі болуы мүмкін, аударылған және 
иілген ұштың мүсіні қалқанда бейнеленуі мүмкін, мысалыға, екі 
аударылған ұш. Қалқан ұштармен бейнеленуі мүмкін. Соңында, 
қалқан бірқатар ұштармен жабылуы мүмкін; 

пана (брусок) – тік бұрышты фигура, оның биіктігі ені-
нен кіші, әдетте қалқанда олар бірнешеу, егер қалқан паналар-
мен қапталған болса, онда тігісі бар қабырғалы деп аталады; 

гонттік бұрышты фигура, оның биіктігі енінен үлкен, 
мысалыға, үш гонт: 2 Қалқан гонттармен бӛлінген; 

ромб-қалқан ромбтармен бӛлінуі мүмкін; 

ұршық. Қалқан ұршықпен не белбеумен бӛлінуі мүмкін; 

шеңбер. Егер шеңбер металдан жасалған болса, онда ол 
тиын деп аталады. Қалқанша немесе қалқанның жүрегі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет