Генеологияның мәліметтерін пайдалану. Қазақ тӛл ту-
ма мәдениетінде зерттеуге аса лайық болатындай ең керемет құ-
былыстың бірі, біршама уақыт бойы жалғасып келетін тарихи-
генеологиялық деректер болып табылады. Олар ӛмір тәліміне
қажетті тарихи әңгімелер, насихаттар, тәлім-тәсілдер, халықтың
идеяларынан құрылған. Осының барлығы ұмытылмай, ұжым-
ның немесе шежіресінің санасында жақсы сақталуына қайран
қалуға болады. Шоқан Шыңғысұлы «шежірелерде кӛрініс тап-
қан халықтың тарихи санасы, халық білімі мен тарихтағы қа-
дірлі атақты адамдар туралы деректердің ғылымға берері мол
екенін ескерте отырып, «қазақ халқының тарихи санасында, та-
рихи жат - зердесінде ұмытылған бірде бір маңызды оқиға, аты
ұмытылған бірде бір тарихи тұлға жоқ» - деп, жазды. Осы құбы-
лысқа қаншалықты кӛп таңдансақта, соншалықты оны кешенді
түрде қарастыруымыз қажет. Ауызша дәстүрді танып білу мәде-
ниет, идеология, қоғам, психология, ӛнер және тарихты зерт-
теуші мамандар үшін аса маңызды болуы тиіс. Міне, осы соңғы
жағдайға орай біз осы мәселені бұл жерде қорғамақшымыз.
Ауызша дәстүр әртүрлі тарихи деректердің ішінде ерекше орын
алады. Оларда тарихи дерек, ақпарат болып табылады, бірақ
негізгі сипаты жағынан хатқа түспеген, ешбір жерде жазылмаған
ауызша дерек түрі.
Шежіре дәстүрінің жалғасы нәтижесінде, ӛткен дәуірлер-
дің тарихи деректері заманнан-заманға ӛтіп, тіпті бүгінгі күні де
белгілі бір формада ӛз жалғасын табуда. Шежірелік дәстүр ауыз-
ша дәстүр ретінде тек тарихты айту, айтылу барысында ғана
жалғасып ӛзінің әлеуметтік - мәдени қызметін атқарады. Қалған
уақытта ауызша дәстүр аясында ӛмір сүре беретін тарихи дерек-
тер тек қана адамдардың санасында сақталып, тысқа шықпайды.
Сондықтан ауызша үрдіс ретіндегі шежірелік дәстүрлер үшін
адамның жады мен сана қызметінің аса жақсы жұмыс істеуі
шарт, ол дәстүр сақтаушыдан үнемі сана сергектігін талап етеді.
Ауызша мәдениет жағдайында ӛмір сүретін адамдардың
ақыл - ой қызметінің жинақы болуы тіршілік талабынан туында-
ған. Барлық білім мен тәжірибе мәліметтері тек ауызша дәстүр
аясында жалғасқандықтан, олар үнемі ӛмір контекстінде болуы
тиіс еді. Ӛйткені, тіршілік кеңістікте үнемі қозғалыста болатын-
241
дықтан, тек ауызша айтылған сӛз ғана, ауыз екі тарих айту үлгі-
лері ғана болды.
Генеологиялық білімнің дәстүрлі қоғамда қажеттілігі аса
зор екені белгілі және тарихи тәлім ӛмірлік тәжірибе ретінде де
кез-келген адам үшін сондай-ақ ӛз алдына қажетті. Сӛйтсе де,
адамның жадтық қабілеті еш қозғалыссыз күйде, мәліметті біле-
тін субъектінің санасында ғана қала береді. Яғни, сӛз - кӛшпелі,
жады - орнықты құбылыс болып табылады. Сондықтан да, мұн-
дай жағдайға душар болған қауымда, ауызша дәстүрге негіздел-
ген қоғамдарда адам санасының ой реттеу қызметі мен оның
жадтық қызметі жақсы болуына, оларды аса қолайлы қолдана
білуіде сана мен жадының сенімді мұрағат болу - болмауына
тікелей байланысты болды. Әдетте, ауызша мәдениет ортасында
ӛскен адам үшін оның жады әлбетте сенімді есте сақтау құралы
бола алатыны күмәнсіз. Адамның мұндай жеке реттеуші ой қыз-
меті мен сананың жетілу дәрежесінің арқасында ерекше тарихи
мұрағат ретінде ӛз жолында ұзақ тарихи дәуірлердің оқиғала-
ры, атақты тұлғалары мен олардың қажетті ӛмір тәжірибесі ту-
ралы деректер осындай дәстүрлі қоғамның ұжымдық тарихи са-
насында сақтала береді. Нақты айтқанда, адам санасы ӛткен за-
мандағы тарихи тұлғалардың ӛмір тәжірибесін, тарихи оқиға-
лардың тәлімін ой елегінен ӛткен мәліметтерден құралғандық-
тан, олар шежірешінің санасы ӛңдеген тарихи мағлұмат болып
табылады. Сондықтан шежірелер шежірешінің тәжірибесіне
«қария сӛз», айтушы қарияның ой елегінен ӛткендіктен, соның
ӛмір тәжірибесінің негізінде әр нәрсе туралы қалыптасқан түсі-
нік. Шежірешілер жеке ӛзінің тәжірибесіне ұзақ тарихи дәуірлер
бойы сақталып келген аса маңызды, әрі ӛзекті ұрпақтар тәжіри-
бесін қосып сақтаған субъектілер. Сӛйтіп, шежірелерде кӛрініс
табатын қариялардың тарихи санасы есте сақтаушы субъекті-
лердің тарихи жады арқылы әртүрлі мәдениет қағидаларында,
адамның ӛмірлік тарихи тәжірибесі мен білімінде ұрпақтан -
ұрпаққа жалғастырады. Осы орайда тарихи деректемелерде
тарихи факт және тарихи тәжірибе турасында айтуымызға
болады. Ауызша мәдениет жағдайында ӛмір сүретін тарихи сана
ӛткен дәуірлердің тарихи оқиғаларын олардың себептері мен
салдарын түзіп, бір сапқа тұрғызады. Шежірелердегі тарихи са-
242
на әр нәрсенің себеп - салдарын түсіндіреді. Сана қызметі ұлт
мәдениетіне адам жадының қызметі арқылы, яғни шежірелер
арқылы бір ұрпақтан келесі ұрпаққа сапалы түрде жалғастыруды
қамтамасыз етеді. Осы құбылыстың барлығы, әрине, адам зейін
- зердесінің, интеллекті қызметі арқылы, олардың ой толғамы
ерекшеліктерінің арқасында орын алады.
«Ауызша дәстүр» деген ұғым ең алдымен ауызша тарих
айтудың ӛзін, сондай-ақ тарих айту барысында жасалған ой -
түйінді білдіру үшін қатар қолданылады. Демек, «ауызша дәс-
түрдің ӛнімі» дегеніміз – ауызша деректер болса, осы тұрғыда
шежірелердегі қария сӛздерден, шежірелердің ӛзі де ауызша та-
рих айту дәстүрінің жемісі болып табылады. Олар осыған дейін
айтылған ауызша деректерге негізделген. Шежірелік қасиеттер-
дің ӛзі қариялардың жадында сақталған тарихи білім-тәжірибе
деректерін ауыз екі күйінде беруі. Шежірелік дәстүр қариялар-
дың айтуыменен, ең болмағанда аға буын ұрпақ тарапынан ай-
тылған тарихи-генеологиялық мазмұндағы әңгімелеумен жалға-
сады. Демек, кез-келген ауызша дәстүр, шежірелік дәстүр - бар
болғаны бір уақыт мерзімі ішінде айтылып қалған бір сӛз. Сӛй-
тіп ауызша дерек бір рет қана пайда болады. Содан кейінгі ше-
жірелерді айту үрдісі одан әрі жалғасу барысында молайып,
оның мазмұнындағы деректер, белгілі дәрежеде ӛңделе түседі
де, алғашқы қалпынан кӛрі біраз ӛзгере түседі. Яғни, әрбір баян-
дау үрдісі барысында айтылған ауызша мәлімет объективті жағ-
дайға орай ӛзгертулерге ұшырайды. Тарихи шежірелерді баян-
дау үрдісінде белгілі ӛзгертулер болдырмау мақсатында, шежі-
релерді сақтаушы субъект ӛзі таңдаған әртүрлі мнемо құралдар-
ды қалыптастырады: әлқисса қара сӛзді қара ӛлімге айналды-
рып, дастан, тарихи немесе батырлық жырға айналдырып баян-
дау тәсілі қоданады. Ӛлең мен жыр қалпына айналдырылған
мәтіндердің арасында әлқисса қара сӛз сақталсада ол мейлінше
қарапайым сӛз үлгісіне немесе белгілі нұсқадағы формула ма-
ғынасындағы ауызша сӛзге айналдырады.
Шежірелік үрдісті тарихи дерек кӛзі ретінде зерттеуден
бұрын ең алдымен бұл құбылыстың сыртқы пішінін құрайтын
негізгі сипаттарында анықтап алу керек.
243
Шежірелік болмыс, сӛз ӛнерінің әртүрлі үлгілерін қолда-
нумен ғана жүзеге асырылады, ал кӛшпелі тұрмыс жағдайдың
ортасындағы қалыптасқан қазақтағы ауызша мәдениеті сӛз
үлгілерінің әр-алуан түрлерінде туындаған. Қазақтың сӛз мәде-
ниетінің әртүрлі ішкі принциптері қалыптасқан:анық тақырыпта
сӛйлеу; астарлап сӛйлеу; мысал қып сӛйлеу; ертегі қып сӛйлеу;
баяндап сӛйлеу; мезгеп сӛйлеу; жұмбақтап сӛйлеу; әзілдеп сӛй-
леу; жоқтап сӛйлеу; салыстырып сӛйлеу; мадақтап сӛйлеу; наси-
хат қып сӛйлеу.
Осындай сӛз үлгілерінің барлығы ауызша дәстүр аясында
жалғаса береді. Сондықтан шежірелердегі қария сӛз ӛзінің ішкі
мазмұны жағынан қоғамда орын алған әртүрлі тарихи-генео-
логиялық жағдаяттардан хабар береді. Сондай-ақ қария сӛзбен
қатар шежірелерде насихат сӛз, мақал-мәтел, мифтік әңгіме, тұ-
рыс жағдайлар айтылады. Шежірелердегі қария сӛз, ӛлең сӛз,
мақал-мәтел, шешендік сӛз және тағы басқадай осы қалыптағы
ауыз екі ӛз нұсқалары сӛздің ең жетілген үлгілері болып табы-
лады. Жалпы қазақта -қара сӛз, қара ӛлең, жоқтау, мадақ ӛлең
әртүрлі дамыған. Мәшһүр Жүсіп «орта жүз,арғын, тӛртуыл,
қаржас Алтынторыдан шыққан Қалқаман батырдың баласы
Бұқар жырау атанған қария 93 жасында Абылайханның алдына
жыр толғаған. Ӛз заманындағы жандар бұл кісіні кӛмекей әулие
деседі екен. «Бір жәй сӛз білмейді тек сӛйлесе кӛмекейі бүлкіл-
деп жырлай бастайды екен» дейді.
Шежірелік дәстүрдегі негізгі мазмұн ой, сезім тәжірибесін
сақтау. Бұл тәжірибе негізінде белгілі бір тарихи оқиғаның тә-
лімі немесе қоғамдық ортада қалыптасқан әдеп үлгісі әңгіме
етіледі.
Форма тұрғысынан шежірелердегі сӛз үлгілері сан қилы
болып табылады. Белгілі дәрежеде бұл сӛздердің астарында эмо-
циялық сезім күштері де аңғарылады. Ауызша тарих айтушы-
лардың деректері негізіне кӛбіне заманында орын алған әртүрлі
оқиғалармен жағдайлар туралы айтылып қалған естеліктер мен
әрқилы айтылған сӛз үлгілері және оған дейін баяндалған тари-
хи хабарлар арқау болды. [М.Алпысбес«Шежірелік деректердің
Достарыңызбен бөлісу: |