Ж. Б. Кундакбаева, Шағатай ұлысындағы моңғол хандарының саясатындағы екі


Білімді тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет31/63
Дата02.03.2024
өлшемі7.94 Mb.
#494029
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы 2-кітап

 
Білімді тексеруге арналған сұрақтар: 
1. Қазақ хандығының құрылуы мен оның тарихына қатысты жазба 
деректерді сыныптаудың түрлерін көрсетіп, оларға сипаттама беріңіз? 
2.Қазақ хандығының құрылуы барысын тікелей баяндайтын тарихи 
шығармаларға қандай еңбектер жатады? 
3. Қандай шығармалар Қазақ хандығының құрылуына қатысты жанама 
деректер деп аталады? 
4.Қазақ хандығы құрылуының тарихнамасын кезеңдерге бөліп көрсетіңдер. 
5. Қазақ хандығы құрылуының бірінші тарихнамалық кезеңіндегі 
тұжырымдарға талдау жасаңдар. 
6. Қазақ хандығы құрылуының қазіргі кезеңдегі тарихнамасына үлес қосқан 
тарихшыларды атап көрсетіңдер. 
 
§ 2 Керей мен Жәнібек – Қазақ хандығының негізін қалаушы хандар
Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Қазақ 
хандығының құрылуында жетекші роль атқарған екі тұлғаның – Керей мен 
Жәнібектің есімдері белгілі. Міне, осы кезден бастап Керей мен Жәнібек 
хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи рөлі анықталып, қазіргі 
күндерге дейін оны ешбір зерттеуші теріске шығармай, мойындап отыр.
Махмуд бен Уәлидің жазуы бойынша алғашқы қазақ ханы Керей хан болған. 
Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі - Гирей, 
Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі.
Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек, ол «Гарай» деген көне 
моңғол сөзінен шығады. Оның екі мағынасы бар, біріншісі – «биік», «еңселі», 
«алып» дегенді білдірсе, екіншісі – «ержүрек», «батыл», «еркін», «берік» деген 
мағынаны білдіреді. Араб тілінде бұл мағыналардың «хайдар», «ғайдар» деген 
сөздермен берілетінін ескере келе, монғол тіліндегі – «керей» сөзі мен араб 
тіліндегі – «хайдар» сөздерінің мағынасы ортақ, бірдей деп түсінеміз.


172 
Мұндай есім Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі 
шығармаларда кездеспейді және де тек қана осы дәуірден бастап қана Шыңғыс 
ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы әлеуметтік тобы арасында жиі кездесе 
бастайды.
Керей ханның шығу тегі Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен бастау 
алады. Жазба деректерде Орда Ежен, оның ұлы Сасы бұқа, оның ұлы Ерзен, оның 
ұлы Шымтай және оның ұлы Орыс хан болып жалғасады. Орыс ханнан Керейге 
дейінгі шежіре ортағасырлық деректерде жақсы сақталған. «Муизз ал-ансаб» атты 
шығарма мәліметінде «Орыс ханның 15 баласы: 8 ұл және 7 қызы болған делінеді 
де: «Бірінші ұл - Тоқтақия, ол хандық билікте болған. Оның үш қызы және үш ұлы 
болған. 1) Анике-Булад, 2) Бугучак, 3) Тенгриберди», - деп айтылады. Ал Анике-
Булад немесе Болатта бір ғана ұл болған, оның есімі - Керей-хан. Сөйтіп, Орыс 
ханнан бері қарай таратсақ, Орыс-хан, оның ұлы Тоқтақия, оның ұлы Анике Болат 
және оның ұлы – Керей хан болып жалғасады. 
Керей мен Жәнібек хандар ескерткіші 
1377 жылы Ақ Орда билеушісі Орыс хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның 
үлкен ұлы Тоқтақия, яғни Керейдің атасы келеді де, 2 ай ғана билік құрады. Ал 
Керейдің әкесі Анике-Болат немесе Болатқа келсек, ол – Тоқтақияның үш ұлының 
бірі. Оның есімі деректерде шежірелерге қатысты ғана айтылады. Басқа 
жағдайларда Анике-Болат туралы ешқандай мәліметтер айтылмайды.


173 
Керейдің қай жылы дүниеге келгендігін деректер айтпайды, бірақ оны 
салыстыру әдісі арқылы болжап, шамамен айтуға болады. Орыс ханның үлкен ұлы 
Тоқтақия да, кіші ұлы Қойыршақ, олардың жас арасын шамамен 15-20 жыл деуге 
болады. Тоқтақия ұлы Болат болса, Қойыршақтың ұлы – Барақ. Барақтың 1428 
жылы қайтыс болғаны белгілі. Барақтың үш ұлының үлкені Жәнібек хан. Ал 
Жәнібек хан мен Болаттың ұлы Керейдің бір тарихи кезеңде өмір сүргені және 
белгілі. Олардың да арасындағы жас айырмашылықтары 10-20 жыл деп санауға 
болады. Керейдің есімі ХV ғасырдың 60-шы жылдарының соңынан, ал Жәнібектің 
есімі ХV ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап жазба дерек 
мәліметтерінде кездеспейді. Соған қарап оларды 60-70 жыл өмір сүрген деп 
есептесек, онда олар XV ғасырдың басында дүниеге келген болып шығады. 
ХV ғасырдың 50-ші жылдарында, яғни Қазақ хандығының құрылар 
қарсаңында Орыс ханнан тараған Керей мен Жәнібек секілді шөберлерді 
санағанымызда, Темір Мәліктің ұрпақтарынсыз олардың саны 20-ға жуықтаған. 
Олардың ішінде жасы жағынан ең үлкені Керей болған. Сондай-ақ Орыс ханның 
үлкен ұлы – Тоқтақия, ал оның үлкен ұлы – Анике Болат, ал оның жалғыз ұлы 
Керей болғандықтан, ХV ғасыр ортасында Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда Ежен 
әулетінің, Орыс хан ұрпақтарының арасында ата жолы жағынан Керейдің 
мәртебесі жоғары болған.
Сол себепті Керей Әбілқайыр хандығынан бөлініп кеткенде жасы мен 
жолына қарай хан болып сайланды. Ол он шақты жылдай хан болып, Қазақ 
хандығының іргетасын қалаған хандардың қатарына жатады.
Керей ханның артында Бұрындық, Қожа Мұхаммед және Сұлтанәлі атты үш 
ұл қалады. Бұрындық - XV ғасырдың соңғы ширегі мен XVІ ғасырдың басында 
Қазақ хандығын 30 жылдан аса билейді. Бұрындық ханның Шайхим, 
Санжаржахан, Жаханбақты атты үш ұлы, Шайхимның Жармұхаммед атты ұлы 
болғандығы дерек мәліметінде атап көрсетіледі.
Жәнібек ханға келсек, тарихи деректерде оның есімі Керей ханға қарағанда 
жиі кездеседі. 1426 жылы жазылған «Муизз ал-ансаб» еңбегі мен ХVІ ғасырдың 
алғашқы жылдарында жазылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» оның есімі 
хандар шежіресіне байланысты кездессе, «Тарих-и Рашиди», «Фатх-наме», 
«Шайбани-наме» секілді тарихи шығармаларда Қазақ хандығын құрушылардың 
бірі ретінде жиі айтылады. Ал Әбілғазы, Қадырғали Жалайыри, Гаффари, Хайдар 
Разидің еңбектерінде Жәнібек хан есімі Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған 
әулеттің өкілі ретінде ұшырасады.
Жәнібек ханның есімі ортағасырлық деректерде жиі айтылса да, тарих 
ғылымында оның тарихи рөлін алғаш анықтап берген В.В. Вельяминов-Зернов 
болды. Ол Ораз Мұхаммед ханның шығу тегі мен ата-бабаларын анықтау 
барысында көптеген мұсылман деректерінің мәліметтерін ғылыми айналымға 
енгізе отыра, Жәнібекті Кереймен бірге Қазақ хандығының алғашқы 80 жылдық 
тарихындағы ірі тұлғалар деп жазады.


174 
Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына келсек, ол Керей ханның 
шөберелес туысы болғандықтан, олардың Орда Еженнен Орыс ханға дейінгі 
бабалары ортақ болып келеді. Дерек мәліметтерінде Жәнібек ханның ата-бабалары 
былайша беріледі: «Орыс ханның бірінші ұлы – Тоқтақия. Ол билік құрған... Орыс 
ханның сегізінші ұлы – Құйыршық. Оның Пайанде-сұлтан, Рукйиа деген екі қызы 
және Барақ атты бір ұлы болды. Барақ билік құрған. Барақта төрт бала: Саадат-бек 
деген қызы және Әбу Сайд, Мир Қасым, Мир Сайд деген үш ұлы болған». 
«Тауарих-и гузида-йи нусрат-намада» Әбу Сайд Барақ ханның үш ұлының кішісі 
және Жәнібек хан деген қосымша есіммен берілсе, Қадырғали Жалайыр ол туралы 
Барақтың ұлы «кіші Жәнібек хан», - деп дәлірек түсіндіреді. Осылайша, 
деректердегі Жәнібек хан туралы айтылатын шежірелік мәліметтерде оның шын 
есімі - Әбу Сайд, ал лақаб есімі – Жәнібек екендігін білеміз. Ал Қазақ 
хандығының құрылуы барысын баяндайтын мәліметтердің бәрінде оның есімі 
Керей ханның есімімен бірге Жәнібек хан деп кездеседі.
Бізге Әбу Сайдтің не себепті Жәнібек атанғаны белгісіз, ол жөнінде ешбір 
дерек айтпайды. Ал оның не себепті «кіші Жәнібек» атанғанын дерек мәліметтері 
айтпаса да, анықтауға болады. Т.И. Сұлтановтың пікірінше, Жошы Ұлысы мен 
Орта Азия тарихында бір уақытта хан титулы бірнеше сұлтанда болып, олар 
жөнінде жақсы хабардар болған дерек авторлары хандарды ажырату үшін өз 
мәліметтерінде «Ұлұғ хан» (Үлкен хан) және «Кішіг хан» (кіші хан) деген 
атауларды қолданған. Біздің ойымызша, «ұлұғ» және «кішіг» хандар жөніндегі 
мұндай түсіндірме дұрыс айтылған. Бұл түсіндірменің Алтын Ордада ХV 
ғасырдың бірінші жартысында хан болған Ұлығ Мұхамед хан мен Кішік 
Мұхаммед хандарға қатысты айтылып тұрғаны белгілі. Бұл екі ханның Алтын 
Орданың саяси тарихында терең із қалдырып, жазба дерек мәліметтеріне есімдері 
сол дәуірдің өзінде-ақ енген болатын. Ал Қазақ хандығындағы Барақтың ұлы Әбу 
Сайдты «кіші Жәнібек» десе, онда «үлкен» немесе «ұлығ» Жәнібек деген кім 
болған? ХІV-ХVІ ғғ. ортағасырлық мұсылман деректерінде Жәнібек есімді хан да, 
сұлтан да көптеп кездеседі, бірақта олардың ешқайсысы Ұлығ Жәнібек деп 
аталмайды. 
Мұны анықтау үшін дерек мәліметтеріне тереңірек назар салу керек сияқты. 
«Муизз ал-ансабта» Әбу Сайд Барақ ханның үш ұлының үлкені деп көрсетіледі, 
бірақ та оның лақаб есімі жөнінде ештеме айтылмайды. Соған қарағанда Жәнібек 
хан деген лақаб есім оған ресми түрде хандықты иеленгеннен кейін берілген. Ал 
ХVІ ғасырдың алғашқы жылдарында жазылған «Тауарих-и гузида-йи нусрат-
намеде» Әбу Сайд – Барақ ханның үш ұлының кішісі, яғни үшіншісі деп беріледі. 
Сондай-ақ онда Әбу Сайдтың лақаб есімі – Жәнібек хан екендігі қоса айтылады, 
бірақ «кіші» деген сөз кездеспейді. Әбілғазы дерегінде де дәл сондай. Жәнібек 
ханның «кіші Жәнібек хан» екендігі алғаш рет ХVІІ ғасырдың алғашқы жылдары 
жазылған Қадырғали Жалайыр еңбегінде бірінші рет кездеседі.
Жәнібек хан – Орыс ханның сегізінші ұлы Қойыршақтың немересі, Барақ 


175 
ханның ұлы. Жәнібек ханның атасы жазба деректерде – Койричак оғлан, Коюрчак, 
Курчук, Нузи-оғлан, Каруджак, Құйыршық, Құйыршақ, Койриджак деген 
есімдермен жиі кездеседі.
XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы* 
Қойыршақ туралы мәліметтер Шыңғыс хан ұрпақтарының шежіресінен 
басқа темірлік тарихшы Шараф ад-дин Йездидің «Зафар-наме» еңбегінде 
айтылады. 1395 жылы сәуірде Темір Терек өзені бойындағы шешуші шайқаста 
Тоқтамыс ханды жеңіліске ұшыратады да, түпкілікті талқандау үшін соңына 
түседі. Қойыршаққа қатысты онда мынадай мәлімет баяндалады: «Ол Еділ өзені 
арқылы өтетін Туратур өткеліне жетіп, жанындағы Орыс ханның ұлы Қойыршақ-
оғланға өз тобынан өзбек баһадүрлерін қосты да, алтын жіптен тігілген халат пен 
алтын белдік кигізіп, ханға лайықты заттар береді. Оған Еділ өзенінен өтіп, Жошы 
Ұлысының билігін өз қолына алуды тапсырады. Жошы ұрпағының сұлтаны 
бұйрыққа сай өзеннің арғы бетіне өтіп, шашырап кеткен әскерін жинастыруға 
кірісті». Тоқтамыс хан Темірдің көмегімен Ақ Орда тағын иеленгеннен кейін, 
өзіне қарсы келгендердің көзін құртып, ал билігін мойындағандарға рахымшылық 
жасаған. Ал Тоқтамыс хан Алтын Ордаға ие болып, Темірмен қайшылықты 
бастағанда, оның қарсыластары Темір жағында болатынын анықтау еш қиындық 
туғызбайды. Қойыршақтың Темірдің жанында жүруін біз, оның Тоқтамыс ханға 


176 
қарсы жүргізген күресінің бір түрі деп түсінеміз. 
Жәнібек ханның атасы Қойыршақ аз уақыт болса да Шығыс Дешті 
Қыпшақта билік құрып, онда ордаежендік әулеттің билігі мен ықпалын сақтап 
алады. Сөйтіп оның есімі Жошы ұлысында хан болғандардың қатарында 
айтылады. Ал Жәнібек ханның әкесі Барақ хан туралы ортағасырлық деректерде 
мәліметтер көп кездеседі. 
Бұған дейін айтып өткеніміздей, Барақ – Қойыршақ ханның жалғыз ұлы. 
Барақтан басқа Қойыршақтың Пайанде-сұлтан және Рукйиа атты екі қызы болған. 
Қадырғали Жалайыр Барақ хан туралы «оның өзі алып тұлғалы, ірі, нағыз ер, 
батыр еді. Тез арада әр тараптағы ұлыстарды өзіне бағындырды», - деп баяндайды. 
Барақ хан – Алтын Орданың ХV ғасырдың 20-шы жылдарының бірінші 
жартысындағы саяси өмірінде із қалдырған және тақ үшін талас-тартыстарда 
жеңіске жетіп, бірнеше жыл Алтын Орданы билеген адам. Абд ар-Разак 
Самарканди еңбегінде оның есімі алғаш рет 1419 жылғы оқиғаларға қатысты, ал 
орыс деректерінде 1422 жылдың 21 тамызынан бастап кездеседі. 
Барақ ханның қай жылы дүниеге келгені белгісіз, 1419 жылы Ұлығбектің 
тікелей көмегімен Шығыс Дешті Қыпшақтың билігін иеленеді; 1422 жылы 
қарсыласы Хұдайдат ханды, Ұлұғ Мұхаммед ханды жеңіп Алтын Орда тағына ие 
болады; 1422-1426 жылдары Барақ Алтын Орданың ханы; 1426 жылы Ұлұғ 
Мұхаммед ханнан жеңіліс тауып, Шығыс Дешті Қыпшаққа қайта оралады; 1427 
жылы Сырдың орта ағысы бойындағы қалалар мен жерлер үшін Ұлығбекпен 
соғысып жеңіске жетеді; 1428 жылы ол Кіші Мұхаммед ханның, Ғази мырза мен 
Наурыз мырзаның біріккен әскеріне қарсы шайқаста қаза табады.


177 
т.ғ.д., ҚР ҰҒА Б.Б.Карибаевтың қазақ хандарына арналған еңбектері 
1428 жылы Барақ хан қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орда 
Ежен әулетінің билігі уақытша бірнеше он жылға тоқтатылады. Сөйтіп, Барақ 
ханның қайтыс болуымен ортағасырлық Қазақстан тарихындағы Ақ Орда атты 
мемлекет те өмір сүруін тоқтатып, тарихтың еншісіне қалады.
Барақтың ұлы Жәнібек, Болаттың ұлы Керей және олардың інілері сол 
жылдарда жас болғандықтан ордаежендік әулеттің басын біріктіріп, күшейе 
бастаған шибанилық әулетке қарсы тұра алмайды. Керей мен Жәнібек бастаған 
әулет тобына Шығыс Дешті Қыпшақтағы ордаежендік әулеттің билігін қайта 
қалпына келтіру үшін 40 жылдан астам уақыт керек болады. 
Осылайша, Барақ хан қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақта 
Жошының бесінші ұлы Шибан ұрпақтарының билігі орнығып, ордаежендік әулет 
өкілдері биліктен уақытша шеттетіледі. ХV ғасырдың 50-ші жылдарында Керей 
мен Жәнібек сұлтандар бастаған әулет өкілдері ордаежендік әулеттің билігін 
қалпына келтіру үшін күрес жүргізеді де, күрес барысында өздеріне қарайтын ру-
тайпаларды бастап амалсыздан Моғолстанға көшеді. Көп ұзамай-ақ олар Шығыс 
Дешті Қыпшақ аумағына жаңа деңгейде қайта оралып, бұрынғы ордаежендік 
әулеттің билігін қайта қалпына келтіреді және жаңа – Қазақ хандары билігінің 
негізін қалайды. 


178 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет