Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазақ хандығы құрылуының этникалық маңызын көрсетіңдер.
2. Қазақ хандығы құрылуының «қазақ» этнонимінің пайда болуына әсерін
көрсетіңдер.
3. Қазақ хандығы құрылуының бұрынғы мемлекеттік дәстүрді қалпына
келтірудегі маңызына талдау жасаңдар.
4. Қазақ хандығы құрылуының Қазақ тарихын кезеңдеудегі маңызын
көрсетіңдер.
196
5. Қазақ хандығы құрылуының «Қазақстан» терминінің қалыптасуына әсері
қандай?
6. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы неде?
§ 5 Қазақ жүздері туралы
XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстан тарихында әлі күнге дейін толық
шешімін таппаған күрделі мәселелер бар. Солардың біріне - қазақ жүздеріне
қатысты мәселелер жатады. Бұл мәселеде кем дегенде екі-үш мынадай сұрақтарға
жауап беру керек: бірінші - «жүз» деген сөз қандай мағына береді? екінші– «жүз»
терминінің мәні нені білдіреді? үшінші – «жүз» сөзі қазақ тарихына қатысты қай
кезден бастап қолданыла бастаған?
Н.А. Аристов, Г.Н. Потанин және Н.И. Гродеков секілді зерттеушілердің
пікірлері бойынша қазақтың үш жүзі бір адамның үш баласынан тараған.
Н.И. Гродеков «Алаштың Байшора, Жаншора атты ұлдарынан Ұлы, Орта және
Кіші жүздерді» таратады
53
, Г.Н. Потанин «Қотан деген кісінің – Юсун, Болат және
Алшын атты үш ұлын жүздердің негізі ретінде көрсетеді
54
, ал Н.А. Аристов
«Қазақтарда жүздер XVIII ғасырдың басында пайда болды» деп жазады
55
. Келесі
пікірлер тобына В.В. Вельяминов-Зерновтың, М.Красовскийдің тұжырымдары
бойынша қазақ жүздері XV-ХVI ғасырлар шегінде Қазақ хандығының іргетасын
қалаған үш ұлыстың негізінде пайда болған
56
. Ш.Уәлиханов жүздердің шығуын
Алтын Ордадағы «аласапыран» кезеңімен байланыстырса
57
, В.В. Бартольд бұл
құрылымды географиялық ерекшеліктерге сай көшпелі мал шаруашылығының
жағдайынан туындаған салдар деп түсіндіреді
58
. М.Вяткин жүздердің пайда
болуына экономикалық ерекшеліктер мен саяси жағдайлар әсер еткен десе,
59
.
Т.И. Сұлтанов қазақ жүздері шамамен XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыстық
жүйенің орнына келген деген болжам пікір айтады
60
.
С.А. Аманжолов пен Х.М. Әділгереевтің пікірлері бойынша үш жүздің
қалыптасуы ерте түрік дәуірінен бастау алады да, шамамен, Х-ХІІ ғасырларда
аяқталады.
61
«Жүз» сөзінің анықтамасы жөнінде зерттеушілер арасында онша талас-
тартыс жоқ, керісінше ортақ пікір бар. «Жүз» сөзі – арабтың «джуз» сөзінен
шыққан, ол - «бөлік», «бұтақ», «бөлшек» деген мағынаны білдіреді. «Жүз» деп –
53
Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы... 2 б.
54
Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. -53-56 бб.
55
Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности.
СПб., 1897. -76 б.
56
Вельяминов-Зернов В.В. Исследования о Касимовских царях и царевичах.Ч.2.СПб., 1864. -382-383 бб.;
Красовский М. Материалы для географии и статистики России. Область Сибирских киргизов. СПб., 1868. ч.2.
57
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. -А., 1961. т.1 -205 б.
58
Бартольд В.В. История изучения Востока в Европе и России. -Л., 1925. -217 б.
59
Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. -М., 1941. -97-102 бб.
60
Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. -М., 1982.-84-85 бб.
61
Аманжолов С.А. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. -А., 1959. -112-113 бб.; Адильгерев Х.М. К
истории образования казахского народа. – Қаз ССР ҒА Хабаршысы, 1951. №1 (70). -85-86 бб.
197
«XV-XVI ғасырларда Қазақ хандығының аймақтық әкімшілік бөлігі ретінде
қалыптасқан тайпалық-рулық бірлестіктерді», «тайпалар одағын» немесе
«этникалық-территориялық бірлестіктерді» атаған
62
.
«Жүз» сөзінің анықтамасы оның мағынасын дұрыс түсінуге жол ашады.
Жүз – тайпалар одағы, немесе ру-тайпалар бірлестігі болса, онда олар біріккен
тұтастықты көрсетеді. Қазақ халқының бір бөлігі белгілі бір территориядағы
тайпалар одағын құраған болса, онда, «жүз» сөзі – «бөлік», «бөлшек» деген
мағынада қазақ халқының бір бөлігіне қатысты қолданылған.
Қазақ жүздерінің қалыптасуы XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының саяси
тарихымен байланысты.
XV ғасырдың ортасында дүниеге келген Қазақ хандығы XVI ғасырдың
бірінші ширегінде атақты Қасым хан тұсында күшейіп алды, осыған сәйкес қазақ
халқының этникалық территориясы толығымен айқындала түсті, халықтың саны 1
миллионға дейін өсті. Ал батыс пен шығыстағы шекаралар Еділ мен Ертіс
өзендері арқылы өтетін болды. Өкінішке орай, «Қасым ханның қасқа жолы» деген
атқа ие болған сол кезеңдегі заңдар топтамасы бізге дейін жетпесе де, сол
заңдарда елдің әкімшілік-басқару құрылымына қатысты мәселелер көтерілген деп
айтамыз. Өйткені, Қазақ хандығы алғаш рет қазақ халқының территориясын
біріктіріп, қазақ ру-тайпаларының басын қосқандықтан, оны тиімді түрді басқару
үшін әкімшілік жүйенің қажет екендігі өзінен-өзі түсінікті еді. Қазақ хандығына
дейінгі мемлекеттік құрылымдар: Алтын Ордада, Ақ Ордада, Әбілқайыр
хандығында әкімшілік басқарудың ұлыстық жүйесі болғаны белгілі. Бұл
мемлекеттер әлі де таза ұлттық мемлекет деңгейіне көтеріле қоймағандықтан
монғолдар билігі тұсында қалыптасқан әкімшілік құрылым бұларда негізінен
сақталып қалды. Ал Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болғандықтан,
мұнда бұрынғы ХІІI-ХV ғасырлардағы көптеген жүйелер өзгерістерге ұшырайды.
Мысалы, хан тағын мұралану дәстүрі өзгеріп, Қазақ хандығы құрылғанынан
бастап ол әкеден ініге не немере бауырға өте бастады. Ал оған дейін монғолдық
дәстүр бойынша тақ әкеден балаға ғана тиесілі болатын. Осындай өзгеріске түскен
дәстүрдің біріне – жаңа әкімшілік басқару жүйесін, оның жаңаша атауы жатады.
ХІІІ ғасырдан бері Жошы Ұлысында оң қанат, сол қанат және орта деген
атаулармен әкімшілік жүйесінің таралғаны белгілі. Кейінірек ол «ұлыс» деп
аталады да, Қазақ хандығы кезінде тақ мұралану тәртібінің өзгергендігі секілді,
әкімшілік жүйенің жаңа атауы «жүз» деп атала бастайды.
Жүздердің жеке әкімшілік бірліктен саяси бірлік ретінде көрініс бере
бастауы орталық биліктің әлсіреуімен байланысты. XVI ғасырдың 20-30-шы
жылдарындағы хандықтың «уақытша әлсіреу» кезеңінде орталық биліктің
әлсіреуіне байланысты, шамамен, 1533-1538 жылдары Қазақ жерінде үш хан пайда
болады. Хандықтың батыс бөлігінде Ахмет хан (Қожа Ахмет хан), орталық
62
Арғынбаев Х.Л., Мұқанов М.С., Востров В.В. Қазақ шежіресі хақында. -А., -15 б.; Қазақстан Ұлттық
Энциклопеддия. Т.4. -Алматы, 2002. -86 б.
198
бөлігінде Тоғым хан және оңтүстік-шығыста Бұйдаш хан билік етеді. Аталған үш
бөліктің әрқайсысының аумағы Ұлы, Орта және Кіші жүздер аймақтарына сәйкес
келеді. 1537-1538 жылдары үш бөліктегі хандар бірінен соң бірі қайтыс болады да,
көп ұзамай Қасым ханның кіші ұлы Хақназар таққа отырады. Біздің ойымызша,
Қазақ хандығының XVI ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы хандықтың «уақытша
әлсіреуі» кезеңінде пайда болған бөліктер болашақ Жүздерге негіз қалай бастаған.
Қазақ жүздерінің қалыптаса бастауы XVI ғасырдың 30 жылдары байқалса,
жүйе ХҮІІ ғасыр басында қазақ қоғамында орнығып үлгереді.
Алайда «жүз» ұғымы Дешті Қыпшаққа, Қазақ хандығы территориясына
біртіндеп таралады және біртіндеп орнығады.
Бұрыннан Ұлыстарға, үлкенді-кішілі Ордаларға бөлініп әдеттенген Қазақ
хандығының территориясын жүздік әкімшілік құрылым негізінде басқару ісі 1598
жылы Тәуекелдің орнына таққа отырған Есім хан тұсында жүзеге асты деуге
болады. Тәуекел ханның қайтыс болуы этникалық аумағы қалыптасып болған
қазақ қоғамын басқару үшін жаңа заңдар қабылдауға мүмкіндік бермейді. Оны
таққа келген Есім хан жүзеге асырады. «Есім ханның ескі жолы» атты заңдар
жинағында жаңа әкімшілік-басқару жүйе көрініс тапса керек. “Туған ағасы
Тәуекел-бахадұр-ханның ақ өлімінен соң ел билігін қолына алған Еңсегей бойлы
Ер Есім хан ата тағына да, асқаралы жұртына да лайықты тұлға болатын.
Тәжірибелі қолбасы ғана емес, білікті саясатшы. 1598 жылы күзде Бұқар
әміршілерімен арада жасалған тиімді бітім шартынан соң Есім хан Қазақ
Ордасының сыртқы шекарасын бекітумен қатар, оның ішкі жағдайын да әбден
орнықтырады. “Есім ханның ескі жолы” аталатын атақты заң желісі осы кезеңде
қабылданған сияқты”
63
.
Жүз (орда) атауының жазба деректерде алғаш рет XVII ғасырдың басында
кездеседі, бұл біздің ойымыздың дұрыс екенін көрсетеді. В.П. Юдин
«Қазақтардың үлкен ордасы» (Ұлы жүз) туралы мәліметтің алғаш рет 1616 жылы
орыс деректерінде айтылатынын атап көрсеткен болатын
64
.
Ал енді Қазақ хандығының жаңа құрылымына біртіндеп қабылдануларына
байланысты қазақ жүздері “Ұлы”, “Орта”, “Кіші” атауларын алды деуге негіз бар.
Біріншіден, С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов Қазақ жүздерінің ішінен алғаш
Ұлы жүз Жетісуда құрылып, бұл жүйе біртіндеп батысқа жылжыса керек деген
болжамды айтып отыр; Екіншіден, Қазақ жүздерінің атауы “қазақ хандары
билігінің Қазақстан территориясында біртіндеп таралуынан” туындауы мүмкін
деген пікірді кезінде В.П. Юдин айтып кеткен еді
65
. Дәл осы пікірді В.А. Мойсеев
те қолдайды
66
. Қазақ жүздерінің пайда болуын қазақтардың көшпелі
63
Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. -58 б.
64
Материалы по истории казахских ханств ХҮ-ХҮІІІ веков (алда – МИКХ). –Алма-Ата: «Наука» , 1969.
- 242-243 бб.
65
Юдин В.П. [Рецензия] //Известия АН КазССР. Сер. обществ. наук. 1965. №2. С. 82. Рец. на кн.: Мугинов А.М.
Описание уйгурских рукописей Института народов Азии АН СССР. -М., 1962.
66
Мойсеев В.А. Джунгарское ханство и казахи (XVI-XVIII вв.). –Алма-Ата: Гылым, 1991. -42 б.
199
қауымдастығымен байланыстырған М.Вяткин Ұлы жүздің осылай аталуының екі
түрлі себептері болуы мүмкіндігін атап көрсетеді: оның ойынша, Жетісу өңірі
“алғашқы көшпелі қазақ қауымдастығының орны болғандықтан, сондай-ақ, оның
құрамына кірген тайпалар (үйсіндер, қаңлылар, дулаттар, жалайырлар) Қазақстан
аумағындағы ежелгілер болғандықтан Үлкен Орда (Ұлы жүз) атанса керек”
67
.
Мұнан байқайтынымыз М.Вяткин қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан
басты-басты
тұрақты
жайылымдық
аудандарының
біртіндеп
саяси-
шаруашылықтық маңызға ие болып, алғаш Ордаларға, онан соң Жүздерге
ұласқанын атап көрсетеді.
Қазақ хандығының Жетісу өңірін Үлкен Орда немесе Ұлы жүз ретінде
мойындауларының саяси алғышарты М.Вяткиннің ойынша, бұл “аудандағы қазақ
қоныстарының саяси жағынан Моғолстанға ауытқуға бейімділігінен”. Ол былай
деп жазды: Сондықтан да “Хақназардың өзі де ХҮІ ғ. 60-шы жылдарында-ақ осы
ежелгі қазақ қоныстарын өзіне қосып алуға әрекеттер жасады”
68
. Ғалым бұрын
Хақназар, кейіннен Тәуекел билік жүргізген отырықшы аймақта – Сарысу өзені
бойында және Сырдарияның төменгі ағыстарында біртіндеп қазақ қоныстарының
екінші орталығы – Орта Орда (Жүз) айқындала түскенін, ал ХҮІІ ғасырға қарай
осы өңірден келесі – Кіші Орданың (Жүздің) бөлініп шыққанын нақты
фактілермен дәлелдеп жазды. М.Вяткин сондай-ақ, Кіші жүздің қалыптасуы тек
Ноғай Ордасының ыдырауының нәтижесінде ғана мүмкін болғанын ескертеді
69
.
Енді қазақ жүздерінің аумағы мен ол аумақтарда қоныстанған ру-тайпаларға
тоқталалық.
Қазақ халқының Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзге енген ру-тайпалардан
тұратыны белгілі. Ұлы жүз аумағына негізінен Қазақстанның оңтүстік-шығыс
бөлігі, Орта жүзге Орталық Қазақстан мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір
бөлегі, Кіші жүз аумағына Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі бойы, Арал
теңізі жағалауы және Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлегі енген.
Халық аңызына сәйкес әр жүзде өмір сүретін тайпалардың бәрінің ортақ
жиынтық атауы болған. Жиынтық атау түп-аталардың есімдерімен байланысты.
Кіші жүздің тайпалары – Алшын, Орта жүз – Болат, Ұлы жүз – Үйсін деп аталған.
Алғашында Кіші жүз әлімұлы мен байұлы деп аталатын екі бөліктен тұрып,
кейіннен оларға жетіру тайпалары қосылады. Сөйтіп Кіші жүз үш үлкен тайпалар
бірлестігінен тұрған. Ондағы тайпалар саны - 25. Байұлы одағы -12 тайпадан
тұрады. Олар мыналар – адай, алаша, байбақты, беріш, ысық, жаппас, масқар, таз,
есентемір, шеркеш, тана, қызылқұрт. Әлімұлы тайпалары - 6, олар – қарасақал,
қаракесек, кете, шөмекей, шекті мен төртқара. Жетіру бірлестігіне – кердері,
жағалбайлы, тама, табын, рамадан, керейіт, телеу атты жеті тайпа енеді. Аңыз
67
Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. Т. 1. –Алма-Ата, 1941. -100 б.
68
Сонда. –99 б.
69
Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. Т. 1. –Алма-Ата, 1941. -101-102 бб.
200
бойынша жетіру бірлестігінің құрылуы Тәуке ханның тұсында, яғни XVII
ғасырдың соңы - XVIIІ ғасырдың басында жүзеге асқан.
Орта жүзге енген ірі тайпалар саны – 6, олар – қыпшақтар, арғындар,
наймандар, қоңыраттар, керейлер және уақтар.
Ұлы жүздің тайпалары – 12, олар – қаңлы, жалайыр, шанышқылы, шақшам,
сіргелі, сары үйсін, ысты, ошақты, шапырашты, албан, суан және дулат тайпалары.
XIX ғ. алғашқы жылдарындағы орыс деректері үш жүздің құрамындағы ру-
тайпалардың саны жөнінде мәліметтер береді. Г.Волконскийдің толық емес
мәліметтеріне қарағанда осы жылдары Үлкен ордада (Ұлы жүзде) - 133 000
шаңырақ, Орта жүзде - 159 000 шаңырақ, ал Кіші жүзде - 165 700 шаңырақ
болған. Барлығы үш жүздегі шаңырақ саны - 458 100-ге жеткен. Егерде қазақтың
әр отбасындағы адам санын орта есеппен 5-6 адам деп есептесек, онда XIX ғ.
басында қазақ халқының саны -2,3-2,7 млн. адам болады.
Осылайша, қазақ жүздерінің қалыптасуы туралы жоғарыда айтылғандарды
түйіндей келе, мынадай тұжырымдар жасауға болады.
1. Жүздік бірлестіктер бұрынғы ұлыстық басқару жүйесінің жаңа этно-саяси
ахуал жағдайында күрделі өзгеріске ұшыраған жаңа әкімшілік үлгілері. Бұл
көптеген ру-тайпаларды біріктірген қазақ халқының қалыптасуынан және оның
ішкі, сыртқы саяси жағдайға сәйкес туындаған этно-әкімшілік, саяси мәселелердің
тікелей ықпалы етуімен туындаған мемлекеттің әкімшілік құрылым жүйесін
көрсетеді.
2. Қазақ тіліндегі «жүз» сөзі арабтың «джуз» сөзінен алынған, аудармасы
«бөлшек», «бөлік» деген мағына береді. Әрбір қазақ жүзі тұтас халықтың «үлкен»,
«орта», «кіші» бөліктерін, бейнесін, түрін көрсетті. Бұлар тұтас этностың бөліктері
еді.
3. Жүздер бұрынғы Ордалар тәрізді қазақ рулары мен тайпаларының басты-
басты үш көшу аудандарында, орталықтарда топтасып өмірге келді. Бұл көшпелі
шаруашылық жағдайында әбден табиғи нәрсе еді. Алайда жүздердің құрылуына
экономикалық-шаруашылықтық факторлардан гөрі ХҮІ ғ. соңындағы – ХҮІІ
ғасыр басындағы ішкі-сыртқы саяси, тіптен әскери-соғыстық факторлар басым
әсер етті. Жаңа әкімшілік жүйе этнос ретінде қазақ халқы қалыптасып үлгерген
мерзімде орын алғандықтан халқымызды іштен ажыратушы, ірітуші емес, қайта ел
ретінде ұйыстырушы, топтастырушы рөл атқарды.
4. Қазақты құраған рулар мен тайпалар сандаған ғасырлардан бері нақты
көшу аудандарында шоғырлана көшіп жүргендіктен, шаруашылықтық-
территориялық мүдделер ортақ болғандықтан жоғарыдан қазақ хандары жасаған
жүздік басқару құрылымын түсіністікпен қабылдады және алғашқы күндерден
бастап-ақ өздерін осы жүздік құрылымның табиғи заңды мүшелері ретінде сезінді.
5. Жүздік басқару құрылымы Есім ханның ел басқаруының алғашқы
жылдарында орнықты деп айтуға негіз бар. Бұл жаңа жүйенің негізгі қағидалары
201
бұрынғы ұлыстық (Ордалық) басқару ережелерін жаңа этно-саяси ахуалға икемдеп
негіздеген «Есімханның ескі жолында» көрініс тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |