Тұрақтар
|
Орналасқан жері
|
Ерекшеліктері
|
Уст-Нарым
|
Шығыс Қазақстан
|
Ұзақ уақыт тұрақты өмір сүрген қоныстары, бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан, құрал-саймандарға өте бай, құрамалы құралдар табылды
|
Пеньки
|
Солтүстік Қазақстанда
|
Тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар кездеседі ондағы адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған.
|
Сексеуіл
|
Қызылорда облысында
|
Оның маңында су қоймасы болған және онда көп мал қалдықтары табылған. Демек Сексеуіл тұрағының тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған.
|
1.ХІV – ХV ғғ. Қазақстандағы мал шаруашылығы мен егіншілік.
ХІV-ХV ғ.ғ. шаруашылықтың басты саласы мал шаруашылығы ілгері басып дами түсті. Мал шаруашылығының үш типі: 1) отырықшы, 2) көшпелі, 3) жартылай көшпелі типі болды. Отырықшы типтегі мал шаруашылығымен айналысқандар негізінен оңтүстікте Сырдария мен Қаратаудың күңгей бетінде болды. Мұндағы шаруашылықтың негізгі түрі егіншілік ішінара мал және балық шаруашылығы болды. Арал маңын мекендегендер көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Орталық, батыс солтүстік Шығыс, Оңтүстік Шығыс аудандарды мекендегендер жартылай мал шаруашылығымен айналысты. Олар мал бағумен қатар жартылай егіншілік кәсібімен де айналысты. Негізінен мал шаруашылығы ХІV-ХV ғ.ғ. Қазақстанның негізгі шаруашылығы болып қала берді. Шаруашылықтың жылқы мен қой өсіру басты орын алды. Сонымен қатар басқа да мал түрлері көптеп өсірілді. Халықтың негізгі азық өнімдері – етті, сүтті, майды, қымызды мал шаруашылығынан алып отырды. Сондай-ақ киім-кешек, ер тұрман, үй заттары, киіз, текемет, қайыс, ыдыс-аяқ (саба, мес) дайындалатын шикізат тері, жүн, сүйектен алынған. ХІV-ХV ғ.ғ. мал шаруашылығымен бірге егіншілікпен айналысу да барған сайын дами түсті. ХІV ғасырда Сырдарияның Орта ағсындағы сығанақтың төңірегіндегі қыстақтардың халқы суармалы егіншілікпен айналысты. Суармалы жерде бау-бақша, жеміс-жидек, көптеген дәнді дақылдар егілді. Суармалы жерді сумен қамтамасыз етіп отыру үшін каналдар пайдаланды. Мысалы, осы кезде Сығанақ қаласын сумен қамтамасыз еткен төменарық каналын айтуға болады. Осы кездегі егіншіліктің үлкен бір орталығы Яссы қаласының маңы болған. Бұл өңірде астық пен ауылшаруашылығының басқа өнімдерімен тек өздерін ғана қамтамасыз етіп қоймай, басы артық өнімдерін базарға шығарып сататын болған. Отырар, Сайран, Сауран қалаларының маңында да егіншіліктің ірі орталықтары болды. Сонымен қатар астық өндіру, жер шаруашылығының басқа да өнімдері Жетісу өңірінде де жақсы дами бастады. Ірі егіншіліктің дамыған жері Тараз, Аспара, маңында және Талас, Шу, Іле, Лепсі т.б. жерлерде бидай, арпа басқа да дәнді-дақылдар егілгендігі, бау-бақша, жеміс-жидектер өндірілгендігі белгілі. ХV ғасырда қазба жұмыстарының көрсеткеніндей Қазақстанда жоғарыда атап өткен аймақтарында қоймасы, ұрасы бар тұрғын үйлердің болғаны егіншілікпен мал шаруашылығының жақсы жолға қойылғандығын растайды.
2.Тәуелсіз Қазақстан республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қазақстанның білім беру жүйесінің негізін қалаған екі іргелі стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім беру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еді.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді айқындап берді.Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педогогтык білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.Үшіншіден, біліктіліуті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев [1, 1].Еліміз дамуының жаңа кезеңі барлық салалардың инновациялық-индустриялық дамуына көшуді қарастыратын жаңа міндеттерді алға қойды. Бұл жаңа талаптарға сәйкес білім беру жүйесінің барабар өзгерістерін талап етті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін 2011 жылы Мемлекет басшысы Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласының ұйымдастыру негізі қаланды. Сонымен бірге тиімді адами капиталды құру, инновациялық жобаларды іске асыру үшін жоғары білікті кадрларды тәрбиелеу және жаңа технологияларды құруға ерекше назар аударылды.Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтой жылы білім беруді дамытуды іске асырудың алғашқы жылымен тұспа-тұс келуі жай емес. Бұл жыл білім және ғылым жүйесіне терең және маңызды өзгертулер әкелді деп айтуға болады. Биылғы жылдың басты жетістіктерінің бірі – одан арғы жұмыстың құқықтық негізін қалаған «Білім туралы» және «Ғылым туралы» екі Заңның бекітілуі болып табылады. Оларды іске асыру үшін 2011 жылғы бірінші жартыжылдықта 83-тен астам нормативтік құқықтық актілер бекітілді, 48 акт әзірлену үстінде [2, 1].Білім беру үдерісіне оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы ең басты міндеттердің бірі ретінде алға тартты. Сонымен қатар, педогогикалық құрамның сапа-деңгейін арттыру мәселесі де маңызды шаралар қатарынан орын алды. Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары мен біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту бойынша көптеген ұйымдастыру шаралары қолға алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын тәуелсіз мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз. Қысқаша айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған ЖОО-дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс деп ойлаймын.Елбасы Н.Назарбаев белгілеген Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жалпы алғанда, ұлттық білім беру жүйесінің, оның ішінде жоғары мектептің ілгері дамуы Президент қойған міндеттердің табысты түрде жүзеге асырылып жатқандығының дәлелі болып табылады. 2010 жылы Қазақстанның Болонья декларациясына қосылуы еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болып, отандық жоғары оқу орындарын еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы серіктесі етті. Мұндай серіктестік белгіленген өлшемдерді ұстануға міндеттейді. Аккредиттеу арқылы білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету осылардың ішіндегі басым бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орны үшін аккредиттеуден өту, оқу орнының жұмыс жасауы мен заңды түрде қызмет етуінің міндетті шарттарының бірі болып отыр. Еуропалық академиялық қауымдастық аккредиттеуді ұйымдастыру мен өткізу мәселесіне өте мұқият қарайды. Себебі, аккредиттеуден өту арқылы жоғары оқу орны өзі тәріздес оқу орындары арасында беделінің жоғары екендігін дәлелдейді және бұл оның «сапа белгісі» болып табылады. Жетекші еуропалық елдердің аккредиттеу агенттіктері (олардың ішінде EQAR, ENQA) жүйелерінің салыстырмалы стандарттары білім беру бағдарламаларының жоғары сапасына кепілдік және жоғары оқу орнына жұмыс берушілер мен білім беру қауымдастығы ортасында танылуына мүмкіндік береді. Еуропалық жоғары оқу орындарында ұлттық және халықаралық аккредиттеуді өткізу тек сапа кепілдігі ұйымдарының еуропалық тізіміндегі арнайы агенттіктерге ғана сеніп тапсырылады. Отандық жоғары мектеп осыған ұқсас жолмен келе жатыр: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарына өз қызметін тәуелсіз бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аккредиттеу мен саралаудың ұлттық үлгісін құрды. Бүгінгі таңда жиырмадан астам отандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуге ие болды. Ал, бұл халықаралық аккредиттеуден өтудің міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық тұрғыда танылуға деген ұмтылысы қазіргі кезде қоғамдық-кәсіби аккредиттеуді дамытуға байланысты болуда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы елімізде тәуелсіз аккредиттеу құрылымын дамыту бойынша шарттарды құруды қарастырады [3, 3].Президент білім беру жүйесін жаңғырту бағытында алдымызға ұлан-ғайыр міндеттер қойды. Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті. Сонда ғана қазақстандық білім беру жүйесі одан әрі өркендеп, халықаралық стандарттарға теңесетін болады. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында оқу үдерісіне осы заманғы әдістеме мен ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін атап көрсетті. Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз көзге елестетудің өзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың интерактивті технологиясын енгізу, оның ішінде, бейнеконтентпен қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту, электронды оқу залдарының санын көбейту, ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру кеңінен жалғасып келеді.Қазақстандықтарды жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату жоғары білім беру жүйесіндегі жаңашылдықсыз іске аспайтынын қазір екінің бірі түсінеді. Академиялық ұтқырлық орталығы осы мақсатпен құрылған. Ол, екінші жағынан, академиялық ұтқырлық дамуының орталықтандырылған жобасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындаған болатын. Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Болон декларациясының бір қағидаты осылайша жүзеге асып отыр [4, 2].Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат. Олай болса еліміздің болашағы болып табылатын жас мамандарға білім беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту заман талабы, - деп айтуымызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |