27-билет
ХVІ – ХVІІ ғғ.қазақ халқының қолөнері.
Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
Кестені толтырып, Қаңлылардың басқа елдермен қарым-қатынасына түсінік беріңіз.
1.ХVІ – ХVІІ ғғ.қазақ халқының қолөнері.
Қазақ халқының қолөнері
Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері келе жатқан өнердің жалғасы болып табылады. Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Қазақ халқында үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамыды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды. Мәселен, ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың бәрін жасаған. Әсіресе тамақ ішуге және оны дайындауға қажетті ағаш тостағандарды әдемілеп оюлап, өрнектер салған. Домбыра,қобыз сияқты музыка аспаптарын жасаған. Ал тері илеу немесе етікшілік тәрізді т.б қолөнердің түрлерін басқа шеберлер меңгерген.
Қазақ халқының ішінде зергерлік іс өте жоғары бағаланды.Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина,сырға,білезік,шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты. Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукеле лердің құны бір үйір жылқымен бағаланған.
Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу,кілем,алаша тоқу,ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады.Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба,мес,торсық,көнек т.б жасаған. Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған. Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты.
Достарыңызбен бөлісу: |