Ж. Баласағұни ғұлама ақын. ХІV ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы



бет5/44
Дата08.12.2022
өлшемі484.06 Kb.
#466883
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
5-d0bdd2b1d181d29bd0b0

Жаңа басқару жүйесі
Сол жылы генерал-губернатор Игельстром патшалық билік орындарына Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа жобасын ұсынды. Ол жоба бойынша, хандық билік жойылып, қазақтарды басқару патша шенеуніктері мен қазақ ақсүйектерінің өкілдерінен тұратын Шекаралық сотқа берілу керек еді.
Шекаралық сот генерал-губернаторға бағынышты болып, Орынборда орналасты. Ал қазақ арасында, яғни жеке рулар үшін ерекше өкімшілік орындарын (расправалар) құру белгіленді. Рубасыларынан құралған мұндай билік өз ретінде Шекаралық сотка бағынуға тиіс еді. Жаңа басқару жүйесі қазақ қоғамын басқаруды жеңілдетіп, патшалық билік ықпалының арта түсуіне жол ашуға тиіс болды.
Ресей үкіметі Игельстром ұсынысын қабыл алып, 1786 жылы Орынборда Шекаралық сот ашылып, 1787 жылы Кіші жүздің негізгі руларын қамтыған төменгі сот орындары (расправалар) ұйымдастырылатын болды. Шын мәнінде, жаңа билік жүйесі өзін ақтаған жоқ. Хандық билік жойылды, ал төменгі билік құрылмай қалды. Шынайы билік ресейлік билік орындарынан тәуелсіз рубасыларының қолына көшті.
Үкімет жергілікті әкімшілік орындарына толық тәуелді билік жүйесін құра алмады. Қоғамның ішкі өміріне ықпал жасау мүмкіндігінен айырылған үкімет дәстүрлі хандық басқару жүйесіне оралуға мәжбүр болды. 1791 жылы өмірден қайтқан Нұралы ханның орнына оның інісі Ералы хан сайланды.
Бірақ ел арасында жеккөрінішті сұлтанның таққа отыруы хандық биліктің беделін көтере алған жоқ. Патша үкіметі 1795 жылы Нұралының ұлы Есімді хан етіп бекітті. Есім хан тұсында хандық билік пен рубасылары арасындағы егес тереңдей түсті. Соның салдарынан 1797 жылы наурызда Есім хан Сырым батырдың жақтастарының қолынан қаза табады.
Бұл жағдай да үкіметтің хандық билікке көзқарасына өзгеріс енгізе алған жоқ, отаршыл өкімшілік хандық таққа ел арасында беделсіз, өз пікірі жоқ сұлтандардың отырғанын жөн көрді. 1797 жылы күзде жаңа хан тағайындалды. Ол — әлжуаз, патшалық биліктің айтқанынан шыға алмайтын қарт Айшуақ сұлтан еді.
Патшалық биліктің тұрақты қолдауына сүйеніп, қазақ қоғамының орыс билігіне тәуелділігін күшейте түскен сұлтандар партиясын Сырым батыр бастаған азаттық қозғалыс жолында тұрғандар жеңе алған жоқ. Батыр Хиуа хандығы тарапына ығысуға мәжбүр болып, сонда ылы опат болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет