Ответы
Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.Жібек жолы Таразда түйісіп , Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына жеткен. Бұл қалалар жеріміздегі сауданың орталықтары саналады. Оған дәлел -археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде қалыптасқан әр елдің тұтыну бұйымдары, теңгелер мен әшекей сәндік бұйымдар табылған. Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан . Отырардан шыққан бір жол-Шауғарға,екіншісі-Сырдария арқылы өтіп,Васидж қаласына барған. Жетісудағы Тарағ қаласы арқылы жол Испиджапқа келгеннен кейін басты екі тармаққа бөлінеді
1993 жылдың соңына қарай жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды. 10 мыңдаған қазақстандықтар жеке меншік шаруашылықтарын жүргізді. 1993 жылдың қазанында республикада 3,5 мыңнан астам кооператив, 15 мыңнан астам шағын кəсіпорын, 11 мың жеке кəсіпорын, 15 мыңға жуық фермерлік жəне шаруа қожалықтары құрылды. 160 коммерциялық банктер, 37 түрлі биржалар болды. 7 мың кəсіпорын жекешелендірілді. Оның 5 мыңға жуығы сауда жəне қызмет көрсету саласы болды.
1994 жылдың көктемінде жекешелендірудің екінші кезеңі басталып, тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды. Азаматтар жан басына 100 купоннан алып, орта жəне ірі кəсіпорындардың иесіне айналу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мен кәсіпорындар арасында делдалдық қызмет көрсету үшін қаржы салымының қорлары құрылды. Азаматтардың жекешелендіру чектерінің сатып алған акциялары енді жыл сайын белгілі бір мөлшерде үлеспайда түсіріп тұруға тиіс болды. Жекешелендіру купондары қағаз күйінде қалып қойды.Ұлттық валютаның айналысқа енгізілуі мен жекешелендіру үдерісінің аяқталуы халықтың əлеуметтік-психологиялық бейнесін өзгертті. Халықтың тұрмысы мүлдем нашарлап кетті. Қазақстан əлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында 7-орында (1997 ж.). 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған. Білім алушылардың мөлшері 39%-ға азайған. Ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміп, 1995 жылы республика бұл көрсеткіш бойынша 129-орында болған.1997 жылдың соңына қарай республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте өмір сүрді. Тұрғындар арасында әлеуметтік аурулар меңдей бастады. Үлкен əлеуметтік келеңсіздіктердің бірі – жұмыссыздық. Осының бәрі бұқараның наразылығын туғызды. Наразылық түрлері: ереуілге, пикеттерге шығу, аштық жариялау. Наразылықтар Жаңатас, Кентау, Шымкент, Тараз қалаларында жиі қайталанды.1997 жылдың соңында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел өтеуге мүмкіндік алды. Жұмыссыздар үшін шағын несие бөлінді.Баға біршама тұрақтанып, құнсыздану ауыздықталды.1998 жылдың соңында экономиканың 90%-ы жеке сектордың қолында болды. 500 мыңға жуық кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды.1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап “ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң күшіне енді. Азаматтар еңбекақыларынан зейнетақы қорына қаражат аудару арқылы қартайған кезін қамтамасыз етуге тиіс болды.1991 жылдан Қазақстанда белсенді көші-қон (миграция) үдерістері басталды. “Көші-қон туралы” заң қабылданды. Көші-қон жəне демография жөніндегі агенттік құрылды.Көші-қон үдерісі екі бағытта жүрді. Республика аумағынан еріксіз кеткен жергілікті халықтың тарихи отанына қайтып оралуы. Екінші бағыт, Қазақстанда тұратын орыс, украин, беларусь, неміс диаспораларының өздерінің тарихи отандарына кетуі.Республика тұрғындарының жалпы саны кеми бастады. 5 жыл ішінде əр 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 19,1-ден 14,7-ге түсті.
1997 жылдың 1 шілдесінде жергілікті халық үлесі 50%-дан асты. Кеңес кезінде өз жерінде ұлттық азшылық жағдайында болған қазақ халқы қайтадан сандық және үлестік басымдыққа жетті.
1999 жылы ақпан, наурыз айларында әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1989 жылы тұрғындар саны 16 млн 199,2 мың болған еді.2009 жылы 25 ақпан – 6 наурыз аралығында кезекті халық санағы өтті. Халық саны 16 млн 402 мың адамға жеткен. Қазақтардың үлесі 67%-дан асқан.
2000 жылдан кейінгі кезеңде ел экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, ондаөрлеу нышандары байқала бастады. Павлодарда жобалық қуаты 250 мың т. алюминий құймасын шығаратын электролиз зауыты және жіксіз болат құбырларын шығаратын 10 мың жұмыс орны бар зауыт іске қосылды. Ақтөбеде қуаты 6 млрд текше метр газ өңдейтін Жаңажол зауыты салынды. 2008 жылы 70 млн т-ға жуық мұнай өндірілді.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысы басталғанға дейін Қазақстанда ішкі жиынтық өнім(ІЖӨ) жылына 9-10% өсім беріп тұрды. Соның нәтижесінде 2007 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда жылына 7000 АҚШ долларын құрады. Орташа номиналды еңбекақы 50800 теңгеге жетті.
Жас отбасылары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қол жететін бағамен ипотекалық несие арқылы пәтер алуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Үш жыл ішінде (2005-2007 жж.) 160 мың отбасы немесе жарты млн-нан астам қазақстандықтар жаңа пәтердің кілтін алды.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына қажетті жағдайлар жасалды.
3.
Архитектуралық құрылыстар
|
Архитектуралық құрылыстардың аты
|
Орналасқан жері
|
Ерекшеліктері
|
Мешіт
|
Отырар мешітіҚұмшық ата мешіті
|
|
3-4 күмбезді болған Түркістанда орналасқан
|
Кесене
|
Айша бибі-Бабаджа Қарахан кесенесі Қожа Ахмет Яссауи Көк кесене Алаша хан кесенесі Жошы хан кесенесі
|
Тараз Жамбыл Түркістан Сары өзен бойы Қарағанды обл Жезқазған обл
|
Атадан балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнек,әшекей бұйымдар көруге болады
|
Монша
|
Отырар Тараз Түркістан
|
Отырар Тараз Түркістан
|
Әйнек сырлы кірпіштермен безендірілген.
|
Достарыңызбен бөлісу: |