20-билет
1. ХV – ХVІІ ғғ. қазақ халқының ауыз әдебиеті.
2. Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
3. Әмір Темір жорықтары туралы кестені толтырыңыз.
Жауабы:
1. ХV – ХVІІ ғғ. қазақ халқының ауыз әдебиеті.
Қазақ халқының жан дүниесі,ой-арманы,тұрмыс тіршілігі мазмұны терең,көркемдігі жоғары,құнарлы қазына-ауыз адебиетімен кең өрістеді. XV-XVII ғасырларда қазақ ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған халық арасынан шыққан талантты адамдар – ақындар мен сал серілер болғаны белгілі:
Жыраулар мемлекеттік,ұлттық мәселелер жөнінде,адамгершілік ар-намыс,адам өмірі туралы өлең тілінде ой толғады.
Сал-серілер суырып салма ақындығымен қатыр,ән шығарып,оны өзі орындайтынжезтаңдай әнші болды.
Серілердің әндері нәзік әндермен,өлең ұйқасының шебер үйлесуімен ерекшеленеді.
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.
Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.
XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз. Ақындар шығармашылығы Қазақ халқының XV-XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды.Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды. XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып,феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі (“Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.). XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардыңпоэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар:Доспамбет,Сыпыра,Қазтуған,Асан қайғы ,Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |