Осылайша 2030 стратегиясында белгіленген негізгі міндеттер орындалды, қалғандары орындалу үстінде. Сондықтан Елбасы Жолдауында негізделген еліміз дамуының жаңа стратегиясы «Қазақстан – 2030-дың» үйлесімді жалғасы болып табылады. «Қазақстан-2050» стратегиясы – бұл тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.
Президент бұл биікті бағындыру жолындағы бірінші дәрежедегі маңызды мақсат-міндеттерді айқындады:
Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.
Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.
Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.
Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.
Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.
Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.
Осынау өршіл мақсат-міндеттерді іс жүзіне асыру қай салада болсын қарбалас жұмыстарды талап ететіні даусыз. Оның ішінде білім беру саласының алдында тұрған міндет аса жауапты екені даусыз. Өз дамуының құбылмалы әлемдегі жаңа кезеңіне қадам басқан еліміздің қатаң бәсекелестікте жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуы – осы міндеттерді іске асыратын мамандардың біліктілігіне байланысты. Сондықтан Қазақстан дамуының жаңа стратегиясы жоғары мектептің алдына қоятын міндет аса жауапты: «Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді».
Жолдауда көрсетілген халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету міндеті техникалық білім ордасы – академик Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ұжымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Осыған орай университет алдында таяу болашақта жүзеге асырылуы тиіс міндет жүгі салмақты.
Ең алдымен, Жолдауда атап көрсетілгендей, жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм. Осы орайда басқару шешімдерінің тек қана экономикалық мақсаттылық және оқу орнының мүддесі тұрғысында қабылдануын қамтамасыз ету, конференциялар мен семинарлар өткізу, сондай-ақ іс-сапарларды университет есебінен қаржыландыруға тиым салу қажет деп есептеймін. Сонымен қатар оқу орнының жаңа кезеңдегі саясаты қызметінің тиімділіне қарай құрылымдық бөлімшелер санын қысқарта отырып, университеттің ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесін өзгертуді талап етеді. Осы орайда бюджеттік-қаржылық жоспарлау ісіне де, шығыстарды қысқарту мақсатында, өзгертулер енгізу қажеттігі сөзсіз.
Университеттің отандық және шетелдік жоғары технологиялы ірі кәсіпорындардың бизнес-әріптесі ретінде қалыптасуын негіздейтін ұсыныстарды дайындау, оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында университеттің жекеменшік-мемлекеттік әріптестікті дамыту бағдарламасы аясындағы белсенділігін арттыру – білім ордасының жаңа кезеңдегі қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге негіз болмақ.
Мемлекет басшысы Жолдауда негіздеген жаңа кадр саясатын жүзеге асыру мақсатында біз қосымша жұмыс істейтін оқытушылар санын кезең-кезеңімен қысқарту бағытындағы жұмысты жолға қойған дұрыс. Сондай-ақ институт директорлары, кафедра, лаборатория меңгерушілері жұмысын бағалаудың жұмысқа жастарды тарту және олардың кәсіби тұрғыда өсуіне жол ашу секілді жаңа бір өлшемін енгізу қажет. Жаңа идеяларды ұсынумен қатар, жүзеге асыруға да қабілетті, ізденімпаз, талапты жас қызметкерлер қатарынан университет қабырғасындағы түрлі деңгейдегі басшы кадрлар резервін дайындау керек. 30-49 жас аралығындағы оқытушылардың жетекші салалық кәсіпорындарда, ұлттық және шетелдік ғылыми орталықтарда, жетекші технопарктерде тәжірибеден өтуі маңызды болуы тиіс.
Университетке шетелдік, отандық ғылыми институттар мен өнеркәсіп орындарының мықты мамандарын келісім-шарт негізінде және тұрақты түрде жұмыс істеуге тарту да білім сапасына, білікті маман даярлау дәрежесіне ықпал ететін болады.
Әлеуметтік саясат саласында айқындалған міндеттерге сәйкес, университет қабырғасында студенттер мен оқытушы-қызметкерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлерін тек мұқтаждық дәрежесі ескеріле отырып кеңейту қарастырылуда. Сонымен қатар қызметкерлер еңбекақысының деңгейі біліктілік дәрежесі, атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы, қиындығына байланысты белгіленетін болады.
Елбасы білім беру саласында халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту міндетін алға қойды. Осы орайда инженерлік білім беру жүйесін дамыту аясында біздің университет базасында «Қазақстан жоғары техникалық оқу орындарының республикалық ассоциациясын» құру бағытындағы жұмыстар қолға алынбақшы.
Еліміздегі жетекші техникалық оқу ордасы ретінде біз білім беріп отырған мамандықтар сапасын сараптау негізінде үшінші индустриялық революция қажеттілігі мен сұраныстарына сәйкес жаңа мамандықтар ашу жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Сонымен қатар халықаралық үлгідегі куәліктер берудегі әлемдік тәжірибені зерттеу және ұсыныстар әзірлеу жөнінде жұмыс тобы құрылады. Осы ретте мамандар даярлаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа міндеттеріне орай оқу үдерісін ұйымдастыруды түбегейлі қайта құру бағдарламасын жасау, оқу-ғылыми жоспарларымызға өзгерістер енгізу, сонымен қатар қажетті құрал-жабдықтар сатып алу, жалпы университеттің материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет. Осы кезеңде университете жүзеге асырылып отырған техника және технология саласындағы білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредитация агенттіктерінде тіркеуден өткізілуін аяқтаймыз.
Жолдауда атап көрсетілген инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатына сәйкес, техникалық оқу орны ретінде университет алдында тұрған міндеттер ауқымды. Бұл бағыттағы міндеттерді жүзеге асыру қазіргі күнде қолға алынған университеттің ғылыми-инновациялық және технологиялық кешенін құрудан басталады. Кешен аясында қолданбалы және академиялық ғылым мен бизнес қауымдастық бірлескен зерттеулер жүргізеді, техника мен технологияның басым бағыттары бойынша тәжірибелік үлгілер жасалады. Мұнай-газ, таукен-металлургия, машинажасау салаларында жоғары технологиялы өндірісті құру жөніндегі сызба және технологиялық жұмыстарды атқаруға тиіс ғылыми-шығармашылық ұжымдар құрылады. Университет ғалымдарының халықаралық, оның ішінде Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясындағы ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді қатысуына мүмкіндік туады.
Елбасы Жолдауында біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі – жаңа қазақстандық патриотизм екендігі айтылды. Бұл ретте университет ұжымы алдында тұрған мақсат қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Сондықтан университет оқытушы-профессорлық құрамының қызметі ең алдымен жастарымыздың бойында елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялататын жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға, этностық немесе басқа да белгілер бойынша кемсітуге жол бермеуге бағытталады.
Соңғы уақытта халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрғаны белгілі. Бізде сенім бостандығы бар, бірақ соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек. Сондықтан біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістердің алдын-алу, дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс-әрекетіне тыйым салатын іс-шаралар жоспарын жасауымыз керек.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Жолдауда атап көрсетілген осы міндеттерге орай, университет ұжымы әлемдік білім және ғылым кеңістігіндегі ықпалдастық аясында техникалық ағылшын тілін тереңдеп меңгеру, алдағы әліпбиімізді латын қарпіне көшіру дайындығына кірісу шараларын қолға алады. Сонымен қатар, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру одан әрі жалғасын табады. Университет ұстаздары орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару жөніндегі терминдік комиссия құрылуына атсалысатын болады.
Қалыптасқан Қазақ мемлекетінің жаңа саяси бағытын айқындаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы жастарға қарата: «Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер.
Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда.
Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер.
Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар.
Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш», деді.
Елбасы алға қойған асқаралы міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуы жолында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті жоғары білікті инженер кадрларын даярлайтын жетекші орталық ретінде өзіне жүктелген жауапкершілік пен сенім үдесінен көріне біледі.
3.Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды.
8-билет
Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы Батыс елдерімен қарым-қатынасына талдау жасаңыз.
Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
Ответы
1. Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни(1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы(1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған
Құтты білік дастаны
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуің тілген. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.“Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.
"Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген
Ой өсиеті
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік"
2. Қазақстан – үлкен мемлекет. Соған қарай оның климаты мен табиғат жағдайы біркелкі емес. Климат жағдайларына байланысты шаруашылық жүргізу формалары, қолға ұстаған мал құрамы өзгеріп отырған.
Қазақстанның кең байтақ жерінде мал шаруашылығының 3 түрі дамыған. Мысалы Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.
Шығыс Қазақстанда Алтай мен Тянь-Шан тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды.
Ал Қазақстанның Оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы мал шаруашылығы болған. Олардың жанында егіндік жерлері де болған. Мұндай шаруашылықты отырықшы мал шаруашылығы деп те атауға болады.
Ата бабаларымыз амандасқанда «мал – жан аманба?» деп сұрайды. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ұғынуға болады. Малдың күші, сүті, жүні, еті, терісі халықтың тағамы, киімі, баспанасы. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз және жүн, теріден жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес.
Қазақтар негізінен 4 түлік малдың бәрін өсірген. Олар жылқы, сиыр, қой, түйе. 4 түлік олар үшін мінсе көлік, сойса - тамақ, ішсе - сусын, кисе – киім болған. Жылқы мінсе көлік ретінде, сондай – ақ түйе ыстық – суыққа, шөлге тізімді келеді. Ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі. Киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Қазақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.
Жылқы суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, оған арнайы қораның да қажеті жоқ. Жылқы шаруашылыққа көп пайда келтірді. Атқа мінген бақташы малды қоныстан ұзақтау жерге жаюға мүмкіндік алды.
Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды да іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Қойлар суық пен ыстыққа төзімді, тебіндеп жайылады.
Түйелер жүк көлігі ретінде пайдаланған. Түйе ауыр жүк көтере алады. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Сиыр тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға арнап жемшөп әзірлеу қажет болған.
Батыс Қазақстанда түйе көп ұсталған.
Еліміздің солтүстігінде сиырды көптеп өсірген. Ал елдің Оңтүстігі қой өсіруге тиімді болған екен.
Көшпенді шаруашылықтың негізгі ерекшелігі – мал жыл бойы жайылымда бағылады. Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру мәдниетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, күзде –күздеуге , қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге үзбей көшіп жүрген.
Көш. Көшке арнайы көшбасшы тағайындалып, сол басқарған. Көш басында жеңіл артылған атанға әшекейленген ақ текеметтен қоршау жасалып оған сәнді киінген қыз немесе келіншек мінеді.
Көктеу. Көктем шыға көшпелі қазақтар қыстаудан көктеуге келіп қонады. Көктеудегі маңызды шаруа – мал төлдету. Мал төлдегенде ауыл адамдары шаруаға түгел тартылады. Малдар төлдеп болғаннан кейін қозылар отығып көш соңына еруге жарағанда жайлауға көшу басталады.
Жайлау. Жайлауда шөп мол болғандықтан малды бағу жеңілдейді. Малшылардың қолы босап, жайлауда той – томалақтарын өткізіп бір сергиді. Бие байланып қымыз ашытылады.
Күздеу. Қыркүйектің ортасында жауын – шашын басталмай тұрып күздеуге көшу басталады. Күздеуде жаппай қысқа даярлық жұмыстары жүргізіледі. Жаңадан арқан есіледі, киіз басылады.
Қыстау. Күн суыта ауыл қыстауға келіп қоныстанады. Көшпелі қазақтар ерте 16 -17 ғ. қысты киіз үйде де өткізген. Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отырған баспанасы. Киіз үйді қазақ халқы қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйдің – құрайтын негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп аталады. Оларға шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық немесе есігі жатады. Олар туырлық, үзік, түндік.
Егіншілік Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария аңғарларында жақсы дамыған. Негізінен қазақтар бау – бақша өнімдерін, сонымен қатар бидай, арпа, жүгері сияқты яғни дәнді дақылдар да өсірген. Ортағасырлық Сығанақ қаласының төңірегінде Төменарық, Бозғыларық деген каналдардың болғандығына қарап осы қаланың аймағында суармалы егін шаруашылығының дамығандығын білеміз. Талхир қазіргі Талғар, Иасы қазіргі Түркістан қалаларына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде егіншілікке пайдаланылған көптеген құрал - жабдықтар табылған, мысалы : кетпен, соқа, тырма.
Қазақтар қосалқы шаруашылық түрімен де айналысқан. Оларға аң аулау және балық аулау жатады. Кедейлер Балқаш, Алакөл, Сырдария, Іле сияқты өзен көлдерден балық аулаған. Аң аулау кедейлер үшін тіршілік етудің бір түрі болса, ал байлар үшін сауық сайран құру болған екен.
Қалалар. Қазақстан жерінде Х-ХІ ғасыр отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейді. 6 – 9 ғ. Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, олардың саны 37 - ге дейін жеткен.
Қалалар санының өсуі, қала маңында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсерін тигізген.
Қалалар тек саны жағынан ғана емес көлемі экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен 3 топқа бөліп қарауға болады.
І – топқа 30 га асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалаларға Шынджаб, Отырар, Сауран жатады.
ІІ – топқа 10 га дан 30 га дейінгі қалалар жатады.
ІІІ – топқа көлемі 10 га жетпейтін қалалар жатады.
Х-ХІ ғ. қалалардағы басты жаңалық – мұсылман дінінің қазақ жеріне енуіне байланысты мешіттердің пайла болуы мешіт мұсылман дінінің әдет – ғұрып, салт дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының 2 жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Иасы қалаларынан да табылған. Моншаларға су қыш құбырлар мен тартылған. Осы іспеттес Шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында ХХ ғ. 60 жылдарына дейін жұмыс істеген. Монша қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанында. Ол қазір мұражайға айналдырылған.
Алматы қаласында Шығыс моншасының жобасымен салынған «Арасан» моншасы қазіргі кезде қала тұрғындарының демалып сауығатын орындарының біріне айналған.
Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең көне қалалардың бірі – Отырар. Ежелде Отырар қаласының орнында «Фараб» атты үлкен қоныс болған. Ол «сулы қоныс» дегенді білдіреді. Себебі қала Арыс және Сырдария өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Ежелгі Отырар қаласы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасқан. Отырар қаласында Аристотелден кейінгі 2 ұстаз атанған данышпан ойшыл ғалым Әбу Насыр әл Фараби дүниеге келген. Отырардың атын әлемге әйгілеген ең бай кітапхана, Отырар кітапханасы. Әбу Насыр әл Фараби осы кітапханадағы барлық кітапты оқып шыққан деседі. Отырарды бұл күндері басы бүтін қалған құрылыс –Арыстан баб кесенесі. Арыстан баб Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі.
Түркістан орта ғасырлардағы көне қала. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан. Түркістан – түріктер мекені деген сөз. Ерте кезде қала «Шабғар» деп аталған. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан.
Сарайшық ХІІІ ғ. Жайық өзенінің жағалауында негізі қаланған қала. Ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолының бойында орналасқан. Сарайшық қаласында Әз Жәнібек хан 1347 – 1350 ж. билік құрған кезде халық шалқыған дәурен кешіпті. Сол кезде халық арасында
Сарайшықтың саздары
Қаңқылдады қаздары
Су сұрасаң бал берген
Ноғайлының қыздары деген ән кең тараған.
Сарайшық қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым жерде Жайықтың жағасында орналасқан. Қазба жұмыстары кезінде қала орнынан әдемі қыш құмыралар, әшекей бұйымдар табылған. Бұлардан басқа қазақ жерінде Сұяб, Баласағұн, Сайран деген ортағасырлық қалаларда болған.
Қазіргі кезде қанша қала бар. Ірі қалалар жайлы да түсінік беріп қорытындылау. Қазақстанда 14 облыс 90 ға жуық қала, 200 – дей қала тектес кент, 150- ден астам аудан тіркелген.
Зергерлік бұйымдар.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз – келіншектердің ажарын ашып, сұлу етіп көрсететін, зергерлік әсемдік бұйымдар жасаған. Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі 6 түрге бөлінеді.
1) басқа 2) мойын және кеудеге 3) иыққа 4) белге 5) қолға 6) аяққа тағылатын бұйымдар.
Қазақ аруларының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын көрсетеді.
Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым. Ел ішінде кең тараған әндердің бірінде мынадай жолдар бар : «Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп тағасың күнде сырға»
Сырға неолит заманында сүйектен, мүйізден қола дәуірінде металдан жасалған. Б.з.б. ІІ ғасыр мен біздің заманымыздың ІІ ғасырында алтыннан, күмістен жасалған сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастады.
Алқа әйел адамдар мойнына, омырауына тағатын сәнді бұйым.. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылған, кейін оның түр сипаты өзгеріп тұмарша түрінде, әртүрлі салпыншақты кейіпке ауысқан. Алқа меруерт, маржан, асыл тастардан алтын, күмістен соғылған.
Саусаққа сәндік үшін киілетін зергерлік бұйым – жүзік. Кенен Әзірбаев атамыз «Көрінер ақ үй сұлу үзігімен
Көрінер келін сұлу жүзігімен»
деп жырлаған екен. Қазақтар бой жетіп келе жатқан қызына мұра ретінде өсиет сөз жазылған қымбат жүзіктер дайындаған.
Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина немесе жүзік болуы керек деп санаған. Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырмайды. Қазақта «Сақинаны сәнге салмайды ол -тазалыққа таразы», сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді.
Қазіргі кезде де жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында үйдің үлкендері енесі немесе абысыны «қолыңа сақина салып ал, ол тазалыққа тән болады» деп ескертіп отырады және де нәрестені 40 – нан шығарда оны шомылдыратын суға алтын немесе күміс сақина, немесе білезік салу дәстүрі оларды соған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.
Қорытындылай келгенде, халқымыздың мәдениеті ғасырлар бойы жалғасып, қоғамның дамуына байланысты дамып жетіліп отырған. Көшпелілердің өнері мен мәдениеті қазіргі адамдарды да таң қалдырады. Ол жалпы адамзат мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Көшпенділерге тән қасиеттер жауынгерлік, табиғат талқысына көнбістік, ойға тапқырлық деуге болады.
2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
3
Қарақытайлардың шапқыншылық жорықтары
.
Қарахан әскерлері мен салжұқтар
Хорезмге жорық жасап,жаулап алады.
Ауғанстан жеріне гурид тайпаларымен соғысады
Наймандар
9-билет
Оңтүстік Қазақстан- Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
1990 жылдарыҚазақстандағыжекешелендіруүрдісіжәнеоныңәлеуметтіксалдары.
Х-ХІІ ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |