Тарихи құжаттар
|
Кезең
|
Оқиға
|
Тарихи маңызы
|
1
|
Азияны бағындырып және барлық Шығысты өзіне қаратқан Кир скифтерге соғысқа аттанды.
Помпей Трог
|
Б.з.б. 530 жылы
|
Парсы-сақ соғысы.
|
Падиша Томирис «Іздегенің қан еді, ал іш, ендеше!» деп Кирдің басын қан толтырылған меске батырады.Парсылар сақтардың еркіндік үшін өз өмірін қиюға əзір екенін түсініп, басқыншылық жорықтарын тоқтатады.
|
2
|
Сібір бұратаналары жөнінде жаңа заң дайындалуы мен қатар Сперанский Сібір қырғыздарын басқару туралы заңға айрықша мән берді. Белгісіз Сібір жерлерін картаға түсіру үшін ерекше ұсыныс жасады
Фатеев А.
|
1822 жылы
|
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» шықты
|
Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды:
әкімшілік ауыл 50-70 түтіннен
болыс 10-12 ауылдан
округ 15-20 болыстықтан тұрды.
|
1.ХV – ХVІ ғғ. қазақ халқының музыка өнері.
2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ)(2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ)) 1969жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан.
Қазақстанның ИҚҰ шеңберіндегі ынтымақтастығы
Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.
ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзірбайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында.
Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.
Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.
ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.
Достарыңызбен бөлісу: |