Ж ж Бейнеу ауданы «Күш бірлікте» тимбилдинг мақсаты



бет3/7
Дата21.11.2022
өлшемі78.55 Kb.
#465366
1   2   3   4   5   6   7
МҰҒАЛІМДЕРГЕ ТРЕНИНГ

Жаттығуды талқылау: Жаттығу сәтті орындалды ма? Жаттығу барысында команда болу үшін қандай әрекет қажет болды? Команда бола алдық па? Сәтті команда болу үшін қандай қасиет қажет деп ойлайсыздар? Қолдауды сезіне алдыңыздар ма?
Қажетті материалдар: мата, шеңбер


«Жылдамырақ» жаттығуы
Шарты: Үш командаға да доп беріледі, команда мүшелері қатарға тізіліп тұрып, допты ең алдымен басынан асырып жалғастырады, одан кейін оң қапталдан, одан соң сол қапталдан жалғастырады. Доп ең алдыңғы шептегі адамға жеткенде допты жоғары көтеріп белгі береді.
«Айналым» жаттығуы
Шарты: Командаларға шарлар беріледі, олар шарды шеңбер болып айналып, арқа тұстарына сепочка болып, жерге түсірмей үш айналым жасауы қажет.

«Тапқырлар» жаттығуы


Шарты: Команда мүшелері теріс қарап бір қатарда тұрады, ең бірінші тұрған қатысушыға бір жануар немесе іс әрекет жасырылған сөз беріледі, ол жанында теріс қарап тұрған көршісіне сол сөзді іс әрекетпен түсіндіріп, қимылмен көрсетеді.Соңғы адамға жеткенде барып бірінші адамның қолындағы сөз оқылады.
«Әріптер сөйлейді» жаттығуы
Шарты: Қатысушыларға бір бірден әріптер беріледі, олар сол әріптерден жаңа сөз ойлап табулары керек.
І топқа І ,К, Л, Р, І, Б
ІІ топқа Р, А, Қ, Т,Ы, П
ІІІ топқа С, А, Қ, М, Т, А
«ПАЗЛЫ» жаттығуы
Үш топқа үш түрлі бейнедегі суретті құрастыру арқылы суреттің бейнесін дұрыс тауып, сол шыққан бейнеге байланысты бүгінгі күнді байланыстырып, тілек айту
Қорытынды. Құрметті әріптестер бүгінгі біздің тренинг-тимбилдинг өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Әр күн сайын жанымызды жадыратар, көңіл-күйімізді көтеретін жылы сөздер айтып жүрсек, жағымсыз энергиядан, нашар көңіл-күйден құтыламыз. Сол себепті әрқашанда бір-бірімізді жақсы көрейік. Бүгінгі күнге сәттілік тілеймін.


«Атамекен жалпы білім беретін мектеп» КММ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет