«Жақсы қасиеттерін тап»
Мақсаты: Мұғалімдер бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазып, табу.
Барысы: Мұғалімдердің есімдері жазылған парақшалар мұғалімдерге таратып беріледі. Кімге қай мұғалімнің аты түссе сол параққа сол мұғалімдердің жақсы қасиеттерін жазып айтады. Ал басқалар кімді айтқанын табу керек.
«Дос-досымен» жаттығуы
Мақсаты: Мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайту.
Уақыты-15минут
Барысы: Топ ішіндегілер бір-бірімен араласып жүреді. Жүргізуші:
«Дос-досымен» дегенде ойыншылар досын ұстап екеу болып тұрады. Жүргізуші тағыда «шаш-шашымен» дегенде шаштарын тигізеді; арқа-арқамен дегенде арқаларын тақайды; т.с.с. бет-бетімен; қол-қолымен; саусақ-саусақпен; табан-табанмен; бас-басымен; тізе-тіземен; иық-иықпен; деген сияқты бірнеше сөздер айтылса, соларды орындау керек. Жүргізуші арасында бірнеше рет «дос-досымен» дегенде қатысушылар басқа досты таңдап достасады. Достасып қойған достар қайтадан достасып қалса, ойыннан шығады.
«Ха» дем шығару жаттығуы
Мақсаты: Мұғалімдердің эмоциялық күйін, жұмысқа деген қабілеті және дем шығаруын жақсартады.
Барысы: Денеңізді бос ұстап тұрыңыз. Екі аяғыңыз екі егіздің деңгейіне сәйкес келуі керек. Қолыңыз денеңізді бойлап, төмен тұрады, деміңізді жайлап ішке қарай тарта бастайсыз. Деміңізді тартқан сайын көтере беріңіз. Төбеңізге қолыңыз жеткен кезде,деміңізді бір сәт ұстайсыз да алға қарай денеңізбен еңкейіп, қолыңызды салбырата отырып, «Ха» деп дем шығарасыз. Бұл жаттығу 2-3 рет қайталанады. «Ха-Ха-Ха» деп
«Сілку» жаттығуы
Мақсаты:Адам бойындағы жағымсыз ойлардан жеңіл жолмен қалпына келтіреді.
Барысы: Бұл жаттығу сізді қарапайым және жеңіл жолмен қалпыңызға келтіреді және бойыңыздағы жағымсыз ойлардан арылтады. Айналаңызда кеңістік қалатындай етіп еркін тұрыңыз. Екі қолыңыздан бастап, сілки
бастаңыз, енді шынтағыңызды екі иығыңызды сілкіңіз. Енді еңкейіп, екі аяғыңыздан бастап екі қолыңызды сілкіңіз. Суда жүзіп жүрген қаздың үстінен түскен судай сіздің бойыңыздағы жағымсыз энергиялар түсіп қалады. Бетіңіздіде сілкіңіз жақсы болады. Енді міне менің бойымдағы ауыртпалықтардың барлығы бойымнан шығып кетті деп елестетіңіз.
«Сеніп құлау»
Мақсаты: Сенімділікті және топтың тұтастығын арттырады.
Барысы: Жаттығу топ ішінде жасалынады. Бір адам құлайды,қалғандары тосып қалады.Құлаған адам өзін еркін ұстай отырып, екі көзін жұмып, артқа шалқая құлайды, қалғандары оны ұстап тосып қалады. Жаттығу ары қарай қүрделене береді. Енді қалғандары орындықтан үстелден құлайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін, алған әсерлеріңізді бөлісіңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |