Ж. К. Ахметова, Н. А. Бисембаева психология пәні бойынша тест сұРАҚтар жинағы павлодар 2009



бет25/101
Дата30.12.2022
өлшемі338.91 Kb.
#468059
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101
Æ. Ê. Àõìåòîâà, Í. À. Áèñåìáàåâà ïñèõîëîãèÿ ï?í³ áîéûíøà òåñò ñ?

Үйреншікті зейінадамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамайақ, қажеті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.
Флегматик – темперамент типі, эмоциялық қозуы әлсіз, тез қызып желікпейтін, көңіл-күйі байсалды, орнықты, қозғалысы өте баяу, мінезі ауыр адам.
Фрустрация - жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, істің жүзеге аспай адамның көңілінің бұзылуы, бойы ашу-ызаға кернеп, қайғыруы.
Холерик – темперамент типі, жүйке процестері күшті, қозуы тежелуінен басым, қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, күйгелек, тез әсерленгіш, жұмыс істеу қабілеті күшті адам.
Хроноскоп - психикалық процестің пайда болу шапшаңдығын өлшейтін аспап.
Шағын топ - сан бойынша көп емес әр түрлі іс-әрекетте жалпы біріккен және тікелей қарым-қатынаста болатын адамдар бірлестігі.
Шартты топ – адамдардың тек қағаз жүзінде ғана ұйымдасқан қауымдастығы.
Іс-әрекет - адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі.
Эгоцентризм - айналасында болып жатқан оқиғаларды елемеумен баланысты, адамның тек өз-өзіне ғана назарын аударып, барлық санасын тұрақтатуы.
Эргограф - эксперименттік лабораторияда денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін қолданылатын аспап.
Эйдетикалық ес - бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстарды объекті көзден таса жағдайда да көріп тұрғандай қабылдайтын ерекше психологиялық құбылыс.
Эмоция - қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Көңіл - адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Эмоция жағымды, ұнамды, жағымсыз, ұнамсыз, қарапайым, күрделі болып келеді. Эмоциялық процестердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты.
Эмпатия - адамның басқа адамдардың жан дүниесіннің сыры мен күйзелісін білу және оған жанашырлық білдіру қабілеттілігі. Эмпатияны алғаш американ психологі Э.Титченер ашып көрсетті.
Эстетикалық сезім - адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркем-өнердегі, әсіресе, өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет