Ж. Т. Матакова жоғарғы категориялы «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы



бет76/221
Дата03.01.2022
өлшемі260.75 Kb.
#451716
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   221
Книга стандарт каз-1-1

Гастростоманы күту
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейнгі жағдай.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  3. Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.

  4. Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептіріңіз.

  5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағыңыз.

  6. Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

  7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).

  8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.

  9. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  10. Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  11. Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   221




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет