Бірінші қадам.
Ақпараттар жинау
(алаңдық кезең):
-
статистикалық деректер;
-
есеп беру деректерінде бейнеленген көрсеткіштер;
-
сауалнама сұрақтарына жауап беруші-лердің жауаптары;
-
сұхбат нәтижелері;
-
зерттеу жүргізу үшін қажетті басқада ақпараттар түрлері, олардың мақсаттары мен міндеттері.
Далалық кезең болып қаржыгерлер көзқарасы бойынша еңбекқор және шығынды және уақытты қатысушылар табылады.
Келесі талдау үшін ақпараттің сапалы болып таңдалуы өте маңызды. Ол үшін төмендегілер қажет:
-
«дала» басшысымен өткізілетін ақпарат жинаушылардың қызметіне оперативті түрде бақылау жасау;
-
толтырылған құжаттарды қабылдау (жауап балу беттері немесе сауалнама), олардың әрқайсысын мұқият тексеру - тазалығы;
-
алынған ақпараттарды көшірмелеу;
-
алдын-ала дайындалған «үлгіге» деректерді «толтыру» (барлық жиналған деректерден тұратын бірыңғай файл, және талдаудың әр түрлерімен қолданылады).
Деректер көзінің анық болуы өте маңызды, және ақпарат әр түрлі деррек көздерімен дәлелденуі керек.
Қажетті мағлұматтарды келесі деректер көздерінен ала аласың:
-
нормативтік актілер, заңдар қоры, оның ішінде заңдар, стандарттар, бағдарламалар, және т.б.;
-
мәселер, әлеуметтік құбылыстар сипаты туралы мағлұматтар;
-
осы сұрақтармен айналысатын ұйымдардың есеп беру деректері, өткен зерттеулер деректері;
-
жеке пікірлер, әр түрлі категориялы елді мекендердің сын-пікірлері;
-
жеке пікір, саған қатысы бар сұрақтарға қызығушылығын білдірген мамандардың сын-пікірлері;
-
БАҚ деректері;
-
Интернет ресурстары;
-
сәйкес ресми құжаттарда бейнеленетін статистикалық көрсеткіштер.
Басына оралайық, онда сұхбат жүргізушілер мен сауалнама жүргізушілердің нұсқамалықтары туралы айтқан едік, және ескере кететін жайт, далалық жұмыстарды өткізуге дайындалу барысында ақпараттар жинақтаушыларға, яғни сұхбат жүргізушілерге, сауалнама жүргізушілерге, бақылаушыларға және т.б. жеткілікті мөлшерде уақыт бөлу қажет. Осы адамдардың тек жұмыс сапаларынан сенің зерттеуінің сапасы тәуелді болады. Егер саған толық емес ақпарат «әкеп берген» болса, онда сен дұрыс емес шешімдер жасайсың. Дұрыс емес шешімдер негізінде жасалған ұсынылымдар пайдасыз болып табылады, тіпті болмағанда кесірін тигізуі мүмкін. Осы адамдардың жұмыс сапасыны ғана сенің зерттеуіңнің сапасы тәуелді болады.
Ақпараттар жинау үшін іріктеліп алынған мамандар міндетті түрде нұсқаулықтан, кеңестер алудан өтеді, арнайы әзірленген жаднамалар мен нұсқаулар алады. Мысал ретінде сұхбат жүргізушіге арналған нұсқаулықты келтірейік.
Сұхбат жүргізушіге арналған нұсқаулар
Құрметті сұхбат жүргізуші!
Сіз «_____________» тақырыбындағы әлеуметтік зерттеудің қатысушысы болып табыласыз.
Осы зерттеудің мақсаты болып _______________.табылады.
Сұхбат өткізу кезінде те Сіз – сұхбат жүргізуші – жұмыстың негңзгң орындаушысы болып табыласыз және Сіздің ұқыптылығыңызбен жауаптылығыңызға байланысты зерттеудің соңғы нәтижесін қамтамасыз ететіз.
Ақпараттар жинау әдісі болып мекенжайы (мекені) және жұмысы (сарапшылар) бойынша алынған жеке сұхбат табылады.
Таңдау талаптарын қатаң сақтау қажет!
Сауанаманы толтыру ережелері:
-
Сауалнамаға жауап беруші таңдаған жауапты анықтау үшін жауап нөмірін дөңгелектеп шығыңыз.
-
Жақша ішіндегі нұсқауларға мұқият болыңыз, жауап беруші қанша жауап нұсқаларын таңдай алатындығын қараңыз.
-
Егер Сіз қателескен болсаңыз, дұрыс емес белгіленген нұсқаны бір сызыұпен сызып тастаңыз және дұрыс жауапты дөңгелектеп шығыңыз. Жанына өз қолыңызды қойыңыз.
-
Кестелік сұрақтарды толтырғанда абай болыңыз. Жақшадағы нұсқауларған қараңыз: әрбір жолға немесе әрбір бағанаға жауап беріңіз.
-
Егер жауап берушіні ұсынылған жауаптардың ешқайсысы ұнамаған болса, онда «басқа» графасына оның пікірін жазыңыз.
-
Жауаптар нұсқасындағы «білмеймін», «жауап беруге қиналамын» нұсқаларын ЕШҚАШАН белгілемеңіз.
-
Өтінеміз, сұрақ қалдырып кетпеңіз.
Сауалнамаға жауап беруші сауалнаманы толтыру үдерісі кезінде өзі ғана толтырғанын қадағалаңыз, топпен жұмыс жасап кетпесін, басқа біреулердің жауап беруіне жол бермеңіз.
Ешбір сұрақ қалып қалмауы тиіс, кестелік сұрақтардың мұқият толтырылғанын және сауалнамаға жауап беруші туралы мағлұматтардың толтырылуын қадағалаңыз. Егер шектен тыс жауаптар нұсқалары белгіленген жағдайда артығын сызып тастаңыз (мысалы, үшеудің орнына төртеу).
Егер сауалнамада түзетілулер болса, жанына өз қолыңызды қойыңыз. Егер сауалнамада бестен артық түзетілімдер болса, онда ол жарамсыз болып танылады және қайта толтырылады, бірақ басқа сұхбат жүргізушімен.
Әрбір сауалнамада сұхбат өткен дата мен өз аты-жөніңізді, қолыңызды қойыңыз.
Сұхбат өткізудің алдында сауалнаманың қажеттң саны мен қаламдардың жеткіліктілігін тексеріп алыңыз.
Барлық сұрақтар бойынша ______ телефонына хабарласыңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Сіздің сапалы жұмысыңыздың нәтижесіне барлық зерттеулер нәтижелері байланысты болады!
Екінші қадам.
Алынған ақпараттарды өңдеу
Сен барлық қажетті мәліметтер алғаннан кейін оларды өңдеу қажет және келсі талдауға жіберу үшін көрсеткіштер жүйесіне аудару қажет. Мұнда саған әр түрлі бағдарламалық жасақтамалар көмектеседі, оның ішінде статистикалық мәліметтерді өңдеуге арналған дайын бағдарламалық өнімдер бар, мысалы, SPSS.
SPSS Statistics бағдарламасының қысқаша сипаттамасы
SPSS Statistics ( «Statistical Package for the Social Sciences» ағл. аударылған - әлеуметтік ғылымдар үшін арналған статистикалық десте) – әлеуметтік ғылымдардағы қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін арналған коммерциялық статистикалық өнімдер облысы нарығындағы көшбасшылардің бірі болып саналады, статистикалық мәліметтерді өңдеуге арналған компьютерлік бағдарлама.
1 сурет. SPSS бағдарламасының интерфейсі
Бұл бағдарлама келесі мүмкіндіктерге ие (ең төменгі десте).
-
Мәліметтерді енгізу жіне сақтау.
-
Әр түрлі типті айнамалыларды қолдану мүмкіндігі.
-
Белгілер, кестелер, графиктер, ұштасқан кестелер, диаграммалар жиілігі.
-
Алғашқы сипаттау статистикасы.
-
Маркетингтік зерттеулер.
-
Маркетингтік зерттеулердің мәліметтерін талдау.
2 сурет. SPSS бағдарламасында диаграмма тұрғызу
Егер сен SPSS бағдарламасымен жұмыс істей алмайтын болсаң, бірақ зерттеулер нәтижесін қандай жолмен болса да өңдеу қажет болса, онда далалық кезең барысында алынған мәліметтерді «енгізу» үшін, оны арықарай диаграммалар және кестелер түрінде өңдеу қажет болса, онда бағдарлама әзірлеу қажет.
Сауалнаманы Excel пішімінде өңдеу
Сауалнамаға жауап беру кезінде алынған мәліметтерді өңдеудің ең қолжетімді тәсілі болып Excel пішімі табылады. Ол сауалнама мәліметтерін енгізуге, диаграммалар мен кестелер салуға мүмкіндік береді.
Орналастыру
Бағдарламаның бос терезесіне көлденеңінен сауалнама сұрақтар нөмірі мен олардың астына сауалнамаға жауап берушілер жауаптарының нұсқаларын орналастырамыз, тігінен сауалнаманың нөмірлерін қоямыз (3 сурет).
3 сурет
Бір жауап берушінің жауаптарын санау қолайлы болу үшін бір бірлікті аламыз – 1, егер сұрақ тек бір ғана жауапты көрсетіп тұрса, онда жауап берушілердің жауаптарын жауаптың белгіленген нөміріне сәйкес енгізуге болады (мысалы,
№1 сұрақ, №4 жауап) (4 сурет).
4 сурет
Жауаптарды санау
Барлық сауалнамалар «толтырылғаннан» кейін сұрақтағы жауаптардың әрбір нұсқалары бойынша «дауыстарды санауды» жүргіземіз. Одан кейін оларды пайызға көшіреміз. Ол үшін келесі формуланы қолданамыз:
Жауаптағы бірліктер саны
|
* 100
|
Жауап берушілердің жалпы саны
|
Мысалы: 65 жауап/250 жауап беруші*100 = 26%
Нәтижені жылдам алу үшін «Сүзгі» функциясын қолдануға болады (құралдар тақтасынан «Деректер» - «Сүзгі» - «Автосүзгі» ашамыз).
Ол үшін жауаптар нұсқаларын мәтіндік нұсқада ерекшелейміз, осыдан кейін «Автосүзгі» басамыз және осы жолда ұяшықтың оң жақ бұрышында жалау-
шалар пайда болады (5 сурет). Жалауша бірнеше командалардан тұрады, бірақ
біз біреуіне ғана тоқталамыз – тек сол ұяшықты ғана ерекшелеу мүмкін болады, бұл ұяшық жауап берушінің жауабы туралы ақпараттан тұрады, яғни бірлік, немесе жауап мәтіні, егер сұрақ ашық түрде немес жауап беруші өз нұсқасын жазған болса.
5 сурет
Сонымен, жауаптың осы нұсқадағы жалпы сомасын есептеуіміз қажет. Ол үшін жалаушаға басамыз, айналмадан 1 цифрын таңдаймыз және басамыз
(6 сурет).
6 сурет
Алдымызға тек жауаптың нұсқасы бірлік көрсетілген бет ашылды (7 сурет).
7 сурет
Осыдан кейін, бірліктер сомасын «қолмен» есептеу қажет немесе терезенің сол жақ бұрышындағы көмекті пайдалануға болады, мұнда бағдарлама автоматты түрде жауаптардың жалпы санынан бірліктер сомасын көрсетеді.
Диаграмма тұрғызу
Диаграмма тұрғызу үшін әрбір сұрақтар бойынша жеке кестелер қажет болады. Ағымдағы терезеде жаңа бет ашамыз және осында кесте саламыз. Көлденеңінен жауаптар нұсқаларын жазамыз, олардың астынан жауап берушінің жауаптар санын пайыздық көрсеткішпен жазамыз (8 сурет). Енді құралдар тақтасынан «Диаграмма шебері» батырмасын табамыз (немесе «Диаграммалар» - «Диаграммалар типі» командасын орындаймыз).
8 сурет
Енді өзіңнің қалауың бойынша диаграмманың түрін таңдау қажет, ол ағымдық сұрақ туралы ақпаратты толығымен диаграммаға енгізеді. Әдетте тәжірибеде дқңгелектң (8 сурет) немесе бағаналы (9 сурет) диаграммалар қолданылады.
Рисунок 9
«Көпөлшемдер» тұрғызу
Егер талдау үдерісі кезінде «нақты» жоспардағы ақпарат қажет болған жағдайда (мысалы, жауап берушілер санынан қандай жас аралықтарындағы топтар қажет), қатысушылардың жасы мен сізді қызықтыратын жауап нұсқасын енгізі жеткілікті. «Сүзгілеу» - сұхбаткерлердің жасы орналасқан ұяшықтағы жалаушаға басамыз және қажетті жасты таңдаймыз, бекітеміз. Осыдан кейін бізді қызықтыратын жауапты сұраққа өтеміз және осындай тәсілмен «сүзгілейміз». Өзімізбен берілген категорияда қажетті жауаптар санын аламыз (10 сурет).
10 сурет
Сауалнамаға жауап берушілердің жауаптарын пайызға айналдыру қажет. Мұндағы есептеуге арналған формула келесі түрде болады: жауап бергендер саны/осы жас категориясындағы жауап берушілердің жалпы саны * 100.
Мысалы, 10 жауаптар 18-24 жас аралығындағы жауап берушілер / 18-24 жас аралығындағы жауап берушілердің жалпы саны 77 * 100 = 12,9%.
Алынған мәліметтерді диаграмма түрінде де, кесте түрінде де рәсімдеуге болады, ағымдағы уақытта қандай форманың толық және ақпаратты қажетті түрде беретіндігін ескеруіміз қажет. Кестелік нұсқада, әдетте, сұхбаткерлердің жастары тігінен, жауаптар нұсқалары көлденеңінен орналастырылады.
Өңдеудің нәтижелері салыстырмалы түрде зерттеудің өткізілу мағынасын бейнелейтін кестелер, диаграммалар, графиктер түрінде болуыға тиісті. Ең маңыздысы жауап беруге қатысушылардығ барлық ұсыныстармен, комментарийлер, сұхбаттар тізімін енгізі қажет, егер олар сауалнамалар мен жауап алу беттерінде қарастырылған болса. Соңғы құжатты талдау үшін жоғары дәрежеде тиімді түрде жасау майызды.
Мұнда ешқандай қиындықтар туындамауы тиіс. Мәліметтерді өңдеу бойынша жасалған жұмыс өте мұқияттылықты талап ететіндіктен сізге тек ұқыптылық пен сабырлылық қажет.
Үшінші қадам. Алынған ақпаратты талдау
Бұл қадам салыстырмалы түрде алынған, бар факторлармен талдана отырып жасалған, алынған мәліметтерді интерпретациялауды жүзеге асырады.
Бұнда толығырақ қарастырамыз, талдау әдістері өте көп болғандықтан және жас зерттеушілерде осы талдаумен байланысты қиындықтар туындайтындықтан, жұмыстың талдау кезеңінің орындалуы сапалы түрде жүзеге асуынан барлық зерттеудің нәтижесі байланысты болады.
Ескере кететін жайт, қадамдардың тізбектеле орындалуына қарамастан, жасалған шешімдер мен қорытындыларды негіздеу үшін жеткіліксіздерді тәжірибеде бірінші кезеңге оралып, қосымша ақпараттарды, нақты деректерді, мағлұматтарды, іздеуге тура келеді.
Бірінші кезеңде ақпараттар жинау және оларды интерпретациялау барысында тыңғылықты жұмыс атқарған болсаң, шешімдер қалыптастыруда, ұсынылымдар жіне мүмкін басқару шешімдерін ұсынуда саған өте оңай болады.
МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ1
Алынған мәліметтер
Деректер, куәліктер, эмпирикалық
нәтижелер, біз білетін.
Интерпретация (түсіндіру)
Алынған мәліметтерді,
олардың арасындағы өзара байланыстарды
түсіндіру, себептерін түсіндіру.
Шешімдер (қорытынды, тұжырымдар)
Алынған мәліметтердің мәндері –
Жаман ба әлде жақсы ма, аз ба көп пе,
Жағымда ма жағымсыз ба,
Қалаулы ма қалаусыз бағытта ма.
Ұсыныстар/Қабылданған шешімдер
Әрекеттердің ұсынылатын бағыттары, бағдарламада ұсынылатын өзгерістер, нені өзгертсекте барлық мүдделі тараптарға айтылатын кеңестер алынған мәліметтерге, интерпретацияларға және шешімдерген негізделген.
Саған алынған мәлiметтер және айғақтардың интерпретациясының маңыздылығына ықылас аудару керек. Зерттеушi сияқты сенiң тәуелсiздiгiң және объективтiк ең алдымен бұл жерде айқындалуы керек. Әсiресе жеке көзқарастан еш уақытта жақындауға болмайды. Сен талтау есеп беруінде көрсеткен жағдайдың жалпы «суреті» жекелеген айғақтардың арасындағы байланыстардың барлық әр түрлiлiгi қамтып көрсетуге тиiстiсің.
Зерттеу сипатына байланысты (оқылытын мәлiметтердiң түрi, олардың саны, сипаттамалары), сен талдау әдістерінің кез келгенін таңдай аласың:
-
кластерлік талдау;
-
факторлық талдау;
-
«мәселелер тармағы» және «шешімдер тармағы»;
-
кемімелдік талдау;
-
дискриминантты талдау;
-
корреляциялық талдау және басқалары.
Біз талдаудың негізгі әдістеріне кішкене тоқтала кетейік, ал толығырақ ақпаратты сен басқа деректер көзінен, Интернет желісінде орналасқан басқада блоктардан өз бетіңмен іздей аласың.
Талдау сұрағы айтарлықтай күрделі, зерттеудің сандық талдауы үшін де, сапалы көрсеткіштерін талдау үшін де әдістер өте көп және оларды қарастыру тұрғылары да әр түрлі.
Кластерлік талдау iрiктелген объектердің (жағдайдың) кластерлер деп аталатын ішкі жиындарға бөлінуін болжайды, әрбір кластер ұқсас объекттерден, ал объектер бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетін әр түрлі кластерлерден тұрады
Кластерлеудің міндеті мәліметтерді статистикалық өңдеуге жатады. Кластерлік талдау – бұл мәліметтерді жинаумен айналысатын, объектерді іріктеу туралы ақпараттардан тұратын және объектерді біртекті топтармен (кластерлер) (Q-кластерлеу, немесе Q-өзіндік кластерлі талдаудан тұратын техника) салыстыра отырып реттейтін көпөлшемді статистикалық рәсім. Кластерлік талдауды қолдану спектрі өте кең: оны археологияда, медицинада, психологияда, химияда, биологияда, мемлекеттік басқармаларда, филологияда, антропологияда, маркетингте, әлеуметтануда және басқа да пәндерде қолданады. Зерттеу тақырыбы Жаңа Гвинеядағы мумификациялалған кемiргiштер морфологиясын талдаудан АҚШ-тағы сенаторлар сайлауының нәтижесін оқып-меңгеруге дейін, қатырылған тарақандармен жүргізілген функциялар барысында оларды жібіте отырып талдаудан Саскачеванадағы айырлар түрлерінің географикалық үлестірілуін зерттеуге дейін өзгеріп отырады. Алайда, кластерлік талдаудың қолданылу әмбебаптылығы сәйкес емес терминдер, әдістер және тұрғылардың үлкен сандарына, бірмәнді қолдануда қиындыққа, қайшылықсыз интерпретацияға әкеп соқты.
Бұл құралда талдау түрлерін толық және мұқият сипаттауды мақсатқа қоймаймыз. Бұл ақпаратты сен басқа қол жетімді оқу құралдарынан таба аласың. Біз үшін қолданылу мүмкіндігі қөзқарасы бойынша оның әр түрлеріне мәнді сипаттамалар беру маңыздырақ болып табылады.
Факторлық талдау – айнымалылар мәндері арасындағы өзара байланыстарды зерттеу үшін қолданылатын көп өлшемді статистикалық әдіс. Факторлық талдау зерттеудің екі маңызды мәселелерін шешуге мүмкіндік береді: өлшеу нысанын жан-жақты және ықшамды түрде сипаттау. Факторлық талдаудың көмегімен бақыланатын айнамалылар арасындағы сызықты статистикалық байланыстарға жауап беретін факторлардың жасырын айнымалыларын айқындауға болады.
Мысалы, бірнеше шкалалар бойынша алынған бағаларды талдай отырып, зерттеуші олардың өзара ұқсас екендігін және корреляцияның жоғары коэффициентіне ие болғанын байқайды, ол қандайда бір латенттік айнымалының бар екендігін болжайды, оның көмегімен алынған бағалардың бақыланатын ұқсастығын түсіндіреді. Мұндай латенттік айнымалыны фактор деп атайды. Бұл фактор басқа айнымалылардың көпсандық көрсеткіштеріне әсер етеді.
Осылайшы, факторлық талдаудың екі мақсатын ерекшелеуге болады:
-
айнымалылармен, олардың жіктелулері арасындағы өзара байланыстарды анықтау, яғни «объективті R-жіктелу»;
-
сайнымалылар санының қысқартылуы.
Өте мағыналы факторлардың, факторлық құрылымдардың айқындалуы үшiн басты компоненттер әдiсiн (БКӘ) қолданылады. Осы әдiстiң мағынасы түзетіл-
мейтін факторлардың түзетiлетін компоненттерiн алмастырудан тұрады. Әдістің басқа маңызды сипаттамасы болып ақпараттық бас компоненттермен шектелу мен нәтижелерді интерпретациялауды жеңілдететін қалған компоненттерді талдаудан шығару мүмкіндіктері болып табылады. БКӘ жетістігі – факторлық талдаудың жалғыз математикалық қисынды әдісі болып табылады.
Факторлық талдау:
1) барлау – факторлар саны мен олардың жүктелуі туралы болжамдарсыз жасырын факторлы құрылымды зерттеу барысында жүзеге асырылады;
2) конфирматорлы деп аталады, егер факторлар саны мен олардың жүктелуі туралы болжамдарды тексеру үшін арналған болса.
Факторлық талдауды тәжірибелік түрде орындау оның шарттарын тексерумен басталады. Факторлық талдаудың міндетті шарттарыне келесілер енеді:
-
барлық белгілер сандық болуы тиіс;
-
белгілер саны айнымалылар санынан екі есе болуы тиіс;
-
іріктеу біртекті болуы қажет;
-
бастапқы айнымалылар симметриялы түрде үлестірілген болуы тиіс;
-
факторлық талдау түзетілетін айнамалылармен жүзеге асырылады.
Талдау барысында бір факторға өзарақатынасты айнымалылар біріктіріледі, компоненттер арасында дисперсияның таратылуы жүргізіледі және факторлардың қарапайым және көрнекі құрылымы алынады. Арақатынастылықпен біріктірілгеннен кейін әрбір фактор ішіндегі компонент бір-бірінен жоғары тұрады. Бұл үдеріс сонымен қатар латенттік айнымалыларды ерекшелеуге мүмкіндік береді, олар әлеуметтік ұстанымдар мен құндылықтарды талдау барысында ерекше маңызға ие.
«Балық сүйегі» әдісі. Әдістің басқа аты: «Себепті-тергеу диаграммасы» («балық қаңқасы»). Әдіс авторы: К. Исикава (Жапония), 1952 ж.
Исикава диаграммасы – мәселенің туындауының фактілік себептерін анықтауға бағытталған жүйелік тұрғыны қамтамасыз ету құралы.
Әдіс мақсаты – қарастырылылатын мәселенің тиімді шешілуі үшін нақты себептерді іздеу технологияларын оқып-меңгеру, бейнелеу және қамтамасыз ету.
Себепті-тергеу диаграммасы – пайда болатын мәселелерді шешудің кілті болып табылады.
Диаграмма қарастырылатын мәселенің барлық потенциалды себептерін қарапайым және қолжетімді формада жүйелеуге мүмкіндік береді.
Әрекет ету жоспары
Паретоның танымал ұстанымдарына сәйкес, көптеген потенциалды себептер арасында (Исикава бойынша себепті факторлар) туындаушы мәселелер бар, осылардың тек 2-3 ғана аса мәнді болып табылады, оларды іздеу ұйымдастырылған болуы тиіс. Ол үшін келесілер жүзеге асырылады:
-
зерттелетін мәселеге тікелей және жанама әсер ететін барлық себептерді жинау және жүйелеу;
-
мағынасына және себепті-тергеу блогы бойынша осы себептерді топтастыру;
-
олардың әрбір блок ішінде саралануы;
-
алынған нәтижені талдау.
Себепті-тергеу диаграммасы («балық қаңқасы»)
Диаграмманы тұрғызудың жалпы ережелері
1. Диаграмманы тұрғызбастан бұрын барлық қатысушылар мәселені қалыптастыруға қатысты бірыңғай пікірге келуі тиіс.
2. Зерттелінетін мәселе таза парақтың оң жағына жазылады және шиекке алынады, сол жақтан оған негізгі горизонтальды бағыттауыш келеді - «омыртқа» (сыртқы түріне қарап Исикава диаграммасын «балық қаңқасы» деп атайды).
3. Басты себептер жазылады (1 деңгей себептері), мәселеге әсер ететіндер - «үлкен сүйектер». Олар шектеулермен қоршалады және «омыртқалы» иілгіш бағыттауыштармен біріктіріледі.
4. Бастапқы себептерге әсер ететін («үлкен сүйектер») екінші себептер салынады (2 деңгей себептері), ал қалғандары екінші себептердің салдары болып табылады. Екінші себептер жазылады және «үлкен сүйектермен» тұйықталатын «орташа сүйектер» түрінде орналасады. 2 деңгей себептеріне әсер ететін 3 деңгей себептері «орташа сүйектермен» тұйықталатын «ұсақ сүйектер» түрінде орналасады және т.б. Егер диаграммада барлық себептер көрсетілмеген болса, онда бағыттауыш бос қалады.
5. Талдау барысында барлық факторлар анықталауы және тиянақталуы тиіс, сызбаның мақсаты – ең дұрыс жолды іздеу жіне мәселені шешудің тиімді тәсілі.
6. Себептер (факторлар) олардың мәнділігі бойынша бағаланады және сараланады, сапа көрсеткіштеріне оң әсер ететін маңызды факторлар ерекшеленеді.
7. Диаграммаға барлық қажетті ақпараттар енгізіледі; қатысушылардың аттары; күні т.с.
Қосымша ақпарат:
-
анықтау үдерісі, себепті сараптау және саралау, түзету әрекеттеріне өтудегі мәселені құрылымдаудың кілті болып табылады;
-
әрбір себепті саралау барысында «неге?» сұрағын қоя отырып, мәселенің бастапқы себебін анықтауға болады (функционалды-құндылық сараптамасында әр элементтік бастапқы функциясын анықтай отырып өзара ұқсастығы бойынша);
-
«неге» сұрағының туындау логикасын саралау әдісі, сапа мәселесіне ықпал ететін, себеп факторларының өзара байланысын ілгерілей барлық тізбегін ашу үдерісі түрінде қарау болып табылады.
Әдістің қасиеті
Исикава диаграммасының мүмкіншілігі:
-
Сараптама жұмысына қатысушылардың шығармашылық ой-өрісін ынталандыруға;
-
Себеттердің өзара байланысуына мүмкіншілік бере отырып олардың салыстырмалы мәніне ықпал етуге.
Әдістің кемшіліктері:
-
Бастапқы себепке жетелейтін себептер тізбесін логикалық тексеру қарастырылмаған, яғни бастапқы себептен нәтиже бойынша кері бағыттағы тексеру ережесі жоқ;
-
Күрделі және құрылымды диаграмма қорытындысын анық, дұрыс жасай алмайды.
Әдіс, дегенмен қажетті басқару шешімдерін алуға мүмкіншілік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |