«ШҚО жастары – 2011»
ШҚО Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша
«ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС
Оқшаулау: Шығыс-Қазақстан облысы
Таңдау: 14-ден 29 жас аралығындағы 988 сұхбаткерлер
Жастардың иманды және рухани дамуынсыз, қазақстандық жас буындарда патриоттылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді қалыптастырусыз, өткен ұрпақтардың әлеуметтік мәдениеттерін жастардың меңгеруінсіз әлеуметтік бағыттағы экономикалы демократиялық қоғамды құру мүмкін емес. Өзінің өмірлік жолын таңдауда, оның материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайынан тәуелсіз өзіндік сәттілікке қолжеткізу де жастардың мүмкіншіліктерін кеңейту үшін мемлекет сәйкес жағдайлар жасауға бағытталады. Шынында, қазіргі заманғы жастардың негізгі құндылықтары мен олардың көзқарастары бойынша өмірлік сәттіліктерін жасауға көмектесетін факторларды мақсатқа сай анықтау қажет. Осыған байланысты «Шығыс-Қазақстан облысының жастары – 2011» әлеуметтік зерттеуіне сұрақтардың пайда болуына бағытталған сұрақтар блогы қосылды.
Жауап беруге қатысушылардың құндылықты бағыттарын қарастыру үшін сауалнамаға «Сізге өмірде ең маңыздысы не?» деген сұрағы қосылған. Жұмыстың бар болуы сапалы білім мен мансаптық өсуге қарағанда құндырақ болып келеді екен. Ал, Отанға қызмет ету және әр түрлі идеалдар, сенім сияқты құндылықтар сұхбаткерлер үшін маңызды емес екенін келесі графиктен көруге болады.
1 график. Сұхбаткерлердің құндылықты бағыттары (%)
Толық алғанда сұраққа жауап берушілердің жастары әр түрлі болғандықтан, олардың жауап беру екпіндері де өзгеріп тұрады, мысалы 14-17 жас аралығындағы сұхбаткерлер үшін негізгі құндылықтардың бірі махаббат болып табылса, 25-29 жас аралығындағылар үшін негізгі құндылық жанұя болып табылады, ал сапалы білім алу жұмыстың бар болуы және мансаптық өсуге талпынумен алмастырылады. Үй аудандарының бар болу сұрағы да сұхбаткерлердің жасына байланысты болып келеді, яғни отбасын құрумен байланысты.
Адамның құндылықты бағыттары оның бос уақытын тиімді, сапалы пайдалануға айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Қазіргі заманғы жастар үшін бос уақыттарын өткізу формалары ақпараттық алмасуға үлкен дәрежеде негізделген (достарымен қатынасу (59,1%), Интернет арқылы сөйлесу (46,0%), туыстарымен қатынасу (38,3%)), сонымен қатар, музыка тыңдау (46,4%), теледидардан бағдарламалар көру (45,7%). Мәдени шаралар ең төменгі дәрежелерге ие, мысалы, мұрағаттарға, театрларға, көрмелерге бару (7,3%), кітапханаларға бару (5,9%). Сұраушылардың көпшілігі үшін өмірлерінің ең маңыздысы денсаулық болса да, олардың жартысынан азы ғана спортпен айналысады екен (36,4%), яғни, сұхбаткерлердің жасы жоғары болған сайын, бос уақыттарын өткізу формаларынан спортпен айналысу пунктін соғұрлым сирек белгілейді.
2 график. Бос уақытты өткізудің тәсілдері (%)
Бос уақыттарын тиімді өткізу тәсілдерін таңдау сұхбаткерлердің жасы мен олардың тұрып жатқан жерлеріне де байланысты. Сұхбаткерлердің жасы жоғары болған сайын, соғұрлым олар өз бос уақыттарын, Интернет арқылы сөйлесуді, компьютерлік ойындар ойнауды сирек өткізеді, бұларға қарағанда туыстарымен және балаларымен қатынасуға, көркем әдебиеттер оқуға, телебағдарламалар қарауға, табиғатта демалуға және ұйықтауға көп уақыт бөледі. Егер қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда музыка тыңдау, Интернетпен сөйлесу, уақытын дәмханада өткізу, табиғатта демалу, достарымен қатынасу сияқты істерді жиі орындайтын болса, ал ауылдық жерлердегі жастар қалалықтарға қарағанда спортпен жиі айналысады, теледидарды көбірек көреді, компьютерлік ойындар ойнайды және кітапханалар мен мұрағаттарға 1,5 рет артығырақ барып тұрады. Бос уақыттарында кітапхана бару қызығушылы кіші жас шамасындағы сұхбаткерлерге қарағанда жастарда жоғарырақ, яғни олар оқуға қажетті сұрақ-
тары бойынша кітапханаға бару қажеттіліктерімен түсіндіреді.
Жастардың жағымды әлеуметтік көңіл-күйлері көбінесе өмірге қанағаттануларымен, мысалы, өз қабілеттерін толыққанды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ие болулары мен мемлекетпен кепілдендірілген әлеуметтік құқықтарды пайдалана алуларымен байланысты болып келеді.
Қазіргі кезде, зерттеу нәтижелеріне сәйкес, шығысқазақстандық жастар өз халқының салттары мен дәстүрлерін сақтау (57,7%), сонымен қатар жақсы білім алу (55,0%) мүмкіндіктеріне айтарлықтай дәрежеде ие екендігін төмендегі графиктен көре аламыз.
3 график. ШҚО жастары қазіргі уақытта ... ала ма (%)
Аз дәрежеде, жауап алушылардың тұжырымдары бойынша олар өздерінің саяси көзқарастарын еркін және көпшіліктің алдында жеткізе алады (22,5%) және өз қалалары/аудан/ауылдарының өміріне қатысты шешімдер қабылдауға ықпал ете алады (18,1%). Мұндай пікірлерді облыстың басқа тұрғындарына қарағанда Бородулиха (7,1%) және Үржар (11,1%) аудандарының, сонымен қатар Риддер (11,8%) қаласының тұрғындар ұстанады. Тұрғылықты жерлерінің өміріне қатысты шешімдер қабылдауға ықпал ете алу мүмкіндіктерін Риддер (5,9%), Зайсан (7,7%) қалалары, Глубокий (8,7%) ауданы және Өскемен (9,0%) қаласында тұратын сұхбаткерлер басқаларына қарағанда төмен бағалады.
Ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда өз халқының салттары мен дәстүрлерін сақтау, жақсы білім алу, медициналық көмек алу, қаржылық тұрақтылыққа ие болу, тұрғылықты жерлеріне қатысты шешімдерге ықпал ету және өз пікірлерін білдіру бойынша өз мүмкіндіктерін бірнеше есе жоғары бағалаған.
Жастарды толғандыратын негізгі мәселелер келесі кестеде бейнеленге, сонымен қатар олар өзекті болып келетін аймақтарды да көруге болады.
1 кесте. Жастар өкілдерін толғандыратын
негізгі мәселелер
ШҚО бойынша нәтижелер
|
Осы мәселе өте өзекті аймақтар
|
Жұмысқа орналасу және жұмыссыз қалу қаупі мәселелері
|
47,2%
|
Көкпекті ауданы (100,0%)
|
Білім беру қызметтері құнының жоғарылығы
|
25,9%
|
Абай ауданы (90,0%)
|
Маскүнемдік, нашақорлық, ВЖА жұқтырушылар санының артуы
|
25,9%
|
Зайсан ауданы (46,2%)
|
Өмір сүру деңгейінің төмендігі
|
22,3%
|
Семей қаласы (41,2%)
|
Тұрғын үйдің жоқтығы/оны алудың мүмкін еместігі
|
16,2%
|
Риддер қаласы (35,3%)
|
Жаман экология
|
16,0%
|
Өскемен қаласы (45,0%)
|
Қылмыстық
|
13,8%
|
Курчатов қаласы (50,0%)
|
Алғашқы қажетті тауарлар мен азық-түліктер бағасының өсуі
|
12,8%
|
Риддер қаласы (29,4%)
|
Жастардың мәдени деңгейінің төмендігі
|
12,3%
|
Катон-Қарағай ауданы (28,6%)
|
Жастар орталығының, спорт клубтарының, демалыс орындарының жоқтығы
|
11,9%
|
Абай ауданы (50,0%)
|
Жалақының/жәрдемақының/шәкіртақының төменгі деңгейі
|
9,3%
|
Зырян ауданы (26,7%)
|
Мемлекет жағынан жастарды қолдау жоқ
|
8,3%
|
Көкпекті ауданы (46,2%)
|
Ұлтаралық келіспеушіліктер
|
6,7%
|
Өскемен (12,0%), Семей (12,7%) қалалары
|
Тұрғын үй коммуналды қызметтер тарифының жоғарылығы
|
5,7%
|
Бесқарағай ауданы (30,0%)
|
Жастар үшін кішігірім және орташа бизнесті әлеуметті несиелеудің жоқтығы
|
4,9%
|
Бесқарағай ауданы (20,0%)
|
Әскерге барушылар жасының ұлғаюы
|
4,0%
|
Курчатов қаласы (20,0%)
|
Елді мекендерді көркейтудің жеткіліксіздігі
|
2,8%
|
Күршім ауданы (15,4%)
|
Жастардың құқықтарына қысым жасау
|
2,6%
|
Катон-Қарағай ауданы (21,4%)
|
Мансаптық баспалдақ бойынша өсу мүмкіндігінің жоқтығы
|
2,6%
|
Зайсан ауданы (7,7%)
|
Оқытушалар құрамының жемқорлылығы
|
2,0%
|
Катон-Қарағай ауданы (14,3%)
|
Туыстармен өзара қатынас
|
1,6%
|
Үржар ауданы (3,7%)
|
Әріптестермен/жұмыстағы/оқудағы басшылықпен/достармен өзара қатынас
|
0,4%
|
Өскемен (1,0%), Семей (1,0%) қалалары
|
Электрмен, газбен, сумен жабдықтаудың үзiлiстiгі
|
0,4%
|
Тарбағатай ауданы (4,8%)
|
Ауылдық жерлермен салыстырғанда қалаларда маскүнемдік, нашақорлық, ВЖА жұқтырушылар санының артуы, қылмыстылық, ұлтаралық шиеленістер және нашар экология сияқты әлеуметтік мәселелер тым өзекті болып келеді.
Жұмыспен (жұмыссыз қалу қаупі, қызмет бабымен жоғарылау мүмкіндігінің жоқтығы, жалақы деңгейінің төмендігі), тұрғын үй және экологиямен байланысты мәселелер көбінесе 18 жастан жоғары сұхбаткерлерді толғандырады. Ал,
төмен жастағы сұраққа жауап берушілерді (14-тен 17-ге дейінгілер) білім беру құнының жоғарылығы, қылмыстық, сонымен қатар туыстарымен, достарымен, сыныптартарымен/топтарымен өзара қатынастары жиі толғандырады. Сұхбаткерлер жасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олар үшін өмір сүру деңгейінің төмендігі, коммуналды қызмет тарифтерінің жоғарылығы сияқты материалды жоспардағы факторлар өте өзекті болып келеді, ал ұлтаралық шиеленістер сияқты факторлар соншалықты толғандырмайды.
Басқа ұлт топтарының өкілдерін орыс және титул ұлттарының сұхбаткерлеріне қарағанда ұлтаралық шиеленістер мен жастар мәдениеті деңгейінің төмендігі жоғары дәрежеде толғандырады.
Сұхбаткерлер мемлекеттен ең алдымен білім беру қызметтері құнының жоғарылау мәселелерін шешу, жастар үшін жұмыс орындарының санын көбейту және мемлекеттік қызметкерлер емес жас отбасылар үшін тұрған үй алуға жеңілдіктер енгізу сияқты мәселелердің шешілуін күтеді.
Нашақорлар пен ВЖА-жұқтырушылар санының кең тарауы мәселелерді шешу үшін алғашқылар тізіміне енбейді. Расында, сұхбаткерлер бұл мәселенің маңыздылығын, оны өзі ғана шеше алмайтындығын түсіне отырып, оны кең ауқымдағы қоғамдық мәселе деп қабылдайды, ал жұмысқа орналасу, тұрғын үй алудың күрделілігі сияқты мәселелермен күнделікті ұшырасқаннан кейін оларды нақты түрде түсіне отырып шешу керек деп қабылдайды.
2 кесте. Жастардық мемлекеттік биліктен күтетіндері
Қолжетімді білім алу (көбірек гранттар бөлу, оқу бағасын төмендету)
|
40,3%
|
Жастар мен жас мамандар үшін жұмыс орындарының саны көбейту
|
35,8%
|
Мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын жас отбасылар үшін тұрғын үй алу жеңілдіктері
|
25,3%
|
Білім беру сапасын жоғарылату
|
23,5%
|
Шәкіртақы мөлшерін ұлғайту
|
17,6%
|
Жастар арасында қылмыстық, нашақорлық пен ВЖА жұқтырушылардың таралуымен күресуді күшейту
|
17,4%
|
Оқитын жастар үшін экономикалық жеңілдіктер (транспорттарда жүру жеңілдіктері, және т.б.)
|
12,6%
|
Қосымша бала-бақшалар мен балалар ауруханасын құру
|
11,1%
|
Бірігіп қалқылау және олардың мәселелерін шешу орындарында жастармен тұрақты қарым-қатынас ұстау
|
8,5%
|
Көшелердегі тәртіпті бақылайтын полиция отрядтарының санын көбейту
|
7,9%
|
Жастар ортасында ұлтаралық татулық пен келісімді насихаттауды белсенділігі
|
5,7%
|
Мектеп оқушылары үшін тегін жазғы демалыстарды қамтамасыз ету (жазғы лагерь)
|
5,7%
|
Спорт алаңдарының санын көбейту
|
5,5%
|
Балалар-ересектер клубтарын дамыту
|
5,3%
|
Достарыңызбен бөлісу: |