Талдау. Қашықтан оқытуды зерттеудің түп негіздері сонау XIX ғасырда бастау алады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық ғылымдар классиктері (Дюркгейм, 1996: 80), (Вебер, 1990: 736-770), (Дьюи, 2000: 384), (Мангейм, 2000: 162) әлеуметтік келісім мен әр түрлі қоғамдық таптар арасындағы игілікке қол жеткізуге бағытталған білім беру институтының қызмет ету сипаты мен механизмінің біртұтас тұжырымдамасын әзірледі. Сол арқылы қашықтан білім берудің гуманистік және демократиялық сипаты анықтала бастады.
Ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына байланысты XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап жоғары білім беру саласындағы әлеуметтік зерттеулердің жаңа кезеңінде Беккер Г. (Беккер, 2003: 86-104), Бовен Х. (Бовен, 1977: 514) сияқты ғалымдардың еңбектері өзекті болды.
Коулмен Дж. (Коулмен, 2001: 122-139), Минцер Дж. (Минцер, 1974: 167) зерттеулері «адами капитал» теориясы шеңберінде сапалы жаңа жұмыс күшін құру мәселелеріне бағытталған. Білім алудағы әлеуметтік теңсіздікті олар әлеуметтік топтардың тең емес мүмкіндіктерімен байланысты «адами капиталға» отбасылар мен жеке тұлғалар инвестицияларды әртүрлі көлемде құюды деп түсіндірді.
Ресей Федерациясында ғалымдар да қашықтан оқытуды зерттеуге үлес қосты. Ғылыми-білім беру кешендерін дамыту, ғылым мен білім беруді интеграциялау, қоғамның зияткерлік-білім беру әлеуеті, білім беруді кәсібилендіру, гуманизациялау және ізгілендіру үдерісіндегі білімнің рөлі, оқу-білім беру қызметіндегі ұлттық аспектілер, жастардың әлеуметтік қозғалысы Антошкина В.Н. (Антошкин, 1997: 142), Гилязитдинова Дж. М. (Гилязитдинова, 2001: 211), Егорышева C.B. (Егорышева, 2004: 21-24), Кабаковича Г.А. (Кабакович, 2009), Леготина Э.В. (Леготина, 2008: 173-179) сияқты ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды.
H.A. Аитов және оның мектебі білікті мамандарды даярлау мәселелерін зерделеуге және «артық білім» туралы мәселені зерттеді (Аитов, 1968: 187-196). В.Д. Попов білім беруде іс-әрекеттік тәсілді (Попов, 1981: 198), ал Е. Ю. Бикметов коммуникативтік тәсілді зерттеді (Бикметов, 2003: 101). Білім беру қызметі сервисінің даму тенденцияларын Е.В. Биндиченко зерттеді (Биндиченко, 2000).
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында «қашықтықтан оқыту» нысанын дамыту білім берудің ұлттық моделін жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл бағыттағы белсенді іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік тұжырымдамасы, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары, бастауыш және орта кәсіптік білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жүргізілуде. Қазақстан Республикасында жүргізілген «қашықтықтан оқыту» проблемаларына арналған зерттеулердің ішінде Джусубалиева Д.М. атап өту қажет (Джусубалиева Д.М. Теоретические основы формированияинформационной культуры студентов в условиях дистанционного обучения. Дисс. ... д.пед.наук. Алматы,: 130-145).
Сонымен қатар М.Ж. Журиновтың жұмыстарында қашықтан оқыту білім алушы мен оқытушының мақсатты бағытталған жанама немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы арқылы, олардың орналасқан жеріне және уақытына қарамастан педагогикалық ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар негізінде, ең алдымен телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын білім беру технологияларының жиынтығы ретінде белгіленіп отыр (Журинов, 1993: 5-13).
Г.К. Нұрғалиеваның ғылыми еңбектерінде қашықтан оқыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы жаңа жетістіктерді пайдалана отырып, қашықтан білім алу мүмкіндігі ретінде қарастырылады.
Бақтыбаев Ж.Ш. Тусубаева өз мақаласында Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері негізінде заманауи «қашықтықтан оқыту» саласындағы білім беру технологияларына сипаттама береді (Бактыбаев, Тусубаева, 2019: 228-235).
С.Г. Бондарева, Н.А. Завалко өз жұмысында әлемдік және Отандық «қашықтықтан білім» беру жүйесінің жай-күйін, үрдістерін, сондай-ақ дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін талдайды (Бондарева, Завалко, 2002: 87-89).
Достарыңызбен бөлісу: |