Қашықтан білім беру дамуының 2-кезеңі.1894 жылы Гульельмо Маркони электр импульстары мен сигналдарын таратуда және аппаратурада жетілдіруде қадам жасап, радиоқұрылғы үшін алғашқы патент алған кезде қашықтан оқыту жаңа серпін алды (Alfred, Chandler: 2001: 336).
Қашықтан оқыту барынша көп білім алушыларды қамту мақсатында жаңа коммуникациялық технологияларды зерттеуге бет бұрды.
1906 жылы Висконсин штатының Университетіқашықтан оқыту ұйымы ретінде құрылды. 1919 жылы Висконсин университетінің профессорлары әуесқой сымсыз станцияны құрды, кейінірек ол WHA – алғашқы федералды лицензияланған радиостанция ретінде белгілі болды (Flinders, Moroye, 2015: 319).
Сонымен, радио ойлап табумен қашықтан оқытуды дамыту үрдісі жеделдетілді, білім алушылармен жұмыстың жаңа формалары қол жетімді болды. Радиодәрістер кейбір кезде адиториялық дәрістерге қатысумен және баспасөзде оқу материалдарын жариялаумен толықтырылды. Демек радиодәрістермен қатар корреспонденттік оқыту жолдарын қолдану да өз жалғасын тапты.
Аудиожазба соқырларға және барлық оқушыларға арналған нұсқауларда пайдаланылды. Зертханалық жинақтар электроника және радиотехника сияқты салаларда қолданылды. Қашықтан оқытудың барлық ірі масштабты ұйымдары жеке сырттай мектептер болды. АҚШ-та электрондық коммуникация технологиялары саласындағы жетістіктер қашықтан оқытудың басым ортасын анықтауға көмектесті.
1922 жылы радионы оқытуға енгізген алғашқы жоғары оқу орны Пенсильвания мемлекеттік университеті болды деп саналады. Осыдан кейін көп ұзамай, 1925 жылы Айова мемлекеттік университеті бес радиохабар курстарын оқыту үшін, білім беру кредиттерін ұсына бастады. Ал 1934 жылы осы университет әлемдегі алғашқы білім беру арнасын іске қосты, ол әлі күнге дейін қызмет көрсетіп келеді. (Петькова, 2015: 199-204).
1922 жылы жетпіс үш білім беру мекемесі хабар таратуға әдеттегі лицензия алды, бірақ лицензия алғандардың жартысында ғана эфирге шығатын станциялар болды (Television in the Schools: Instructional Television and Educational Media Resources at the National Public Broadcasting Archives, 2008: 59-65). 1920 жылдардың соңына қарай 176 оқу орнында радио хабар тарату үшін лицензиялары болды.
1920 жылдардың басы білім беру хабарын таратудың бастапқы кезеңі ретінде қарастырылады. Алайда колледждер мен университеттер оқу материалдарын беру шеңберінен тыс лезде шығып, ұйымдардағы спорттық іс-шаралар, концерттер, драмалар мен қонақ дәрістер туралы хабарлар тарата бастады (Buckland, Dye, 1991:11).
Радиохабар таратудың артуына қарамастан, жергілікті жерлердегі станциялардың қоғамдық хабар таратуын реттейтін ешқандай да реттеуші заң болған жоқ. 1912 радио туралы заң бұл мәселені шешуге ұмтылып, мемлекетаралық немесе шетелдік коммерция үшін станциялардың барлық операторларын және таратушы құрылғыларын лицензиялауды талап етті. (Radio Communication Laws of the United States, 1914). Дегенмен Радио туралы заң радиохабардың мүддесін тиісті деңгейде қорғай алмады, сөйтіп 1922 жылға қарай жаңа радиостанциялардың көптігі радиохабарлар үшін қол жетімді жиіліктердің шектеулі санын барлығын қамтып қойды.
1929 жылы Ұлы Депрессияның басындаға жағдаяттар білім беру мекемелері мен білім беру радиохабарларына айтарлықтай әсер етті. Сол кезде оқу орындарындағы 176 радиостанцияның ішінен тек отыз бесі ғана қызмет етуді жалғастырды (Buckland, Dye, 1991: 11). Өз қызметін одан әрі жалғастыру үшін кейбір мекемелер ғылым, әдебиет, тарих және музыка туралы күнделікті бағдарламаларды ұсынатын «Эфир мектебі» атты жобаны бастады.
Радио кейбір елдерде тәрбие беру және ақпараттандырудың тамаша құралына айналды. Радио хабар тарату өте арзан болды және шапшаң ақпарат таратты, оның мазмұнын өзгерту, манипуляциялау мүмкін болды, сонымен қатар ол қоғамның басым бөлігін қамтуға жағдай туғызды.
1700-ші жылдары басталған қашықтықтан білім берудегі инновациялар жаңа технологиялардың пайда болуына қарай арта берді. Радиохабарлар енгізілгеннен кейін көп ұзамай, телевизиялық экранда теле жүргізушіні көру адамдар үшін технологиялық ілгерілеу қамтамасыз еткен феноменге айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |