Жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияларға сүйеніп қашықтан оқыту қоғамның қажеттіліктерін өтеуге және алдағы уақыттағы көптеген мәселелерді шешу үшін өте икемді және тиімді



бет5/6
Дата20.05.2022
өлшемі51.52 Kb.
#458107
1   2   3   4   5   6
1 болим алем елдериндеги КО ОРА - проверенный (1)

Аудиовизуалды құрылғылар арқылы оқыту.Технологияның қол жетімділігіне қарамастан, білім беру үшін телевизиялық хабар тарату 1932 және 1937 жылдар аралығында Айова университетінде басталды (Koenig, Hill, 1967: 5).
Тіпті бұл білім беру мақсатында теледидарды қолдану тек тәжірибе жүзінде ғана болды. Білім беру үшін телевизиялық хабар таратушы ETV болып анықталып, білім беру, ақпарат, қоғамдық істер, мәдениет, көңіл көтеру телебағдарламаларын тарататын орта ретінде қызмет ете бастады (Koenig, Hill, 1967: 14). Әскери даярлықта аудиовизуалды құралдарды кеңінен қолдану білім берудегі оның тиімділігін көрсетті, осылайша білім беру ұйымдарында да видеобейнені пайдалану кең таралған феноменге айнала бастады. Дегенмен, бұл қашықтан оқыту үшін теледидарды кең қолдануға әкелмеді.
Білім беру теледидарының пионерлері және білім беру теледидарының әлеуетін ерте аңғарғандар Айова университеті, Айова штаты, Канзас Мемлекеттік Университеті, Мичиган Университеті және Америка Университеті (Koenig, Hill, 1967: 14) болды. Оқыту ортасында технологиялар мен бейнелерді пайдалану дамығанына қарамастан, қашықтықтан оқыту үшін теледидарды пайдалану әлі де көптеген кедергілерге тап болды. 1948 жылы Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) лицензияға өтінімдер беру ажиотажының нәтижесінде туындаған олқылықтар мен бөлу проблемаларына байланысты жаңа теледидар лицензияларын беруге тыйым салды (Federal Communications Commission, “Visionary Period, 1880’s Through 1920’s”: 2005).
1960-шы жылдары әзірленген және 1980-ші жылдарда рентабельді бола бастаған спутниктер технологиясы оқу телеарналарын тез таратуға мүмкіндік берді. АҚШ пен Канадада федеративті деңгейде қаржыландырылған Аппалач білім беру спутнигі (1974-1975 жылдары) эксперименттер кезінде спутниктік трансляция арқылы білім беруге мүмкін екендігін көрсетті. Дегенмен, бұл эксперименттер нашар жоспарланғаны үшін қатты сынға алынды. Алайда қашықтан оқытудың кейінгі әрекеттері табысты болды.
1960-шы жылдары қашықтан оқыту халықаралық деңгейде мойындалып, ЮНЕСКО-ның қолдауымен белсенді дами бастады. 1963 жылы Англияның премьер-министрі Г.Вильсон қашықтан оқытуды пайдаланатын барлық оқу орындарын біріктіруді көздеген «эфирлік университет» құрылғаны туралы жариялады.
1969 жылы Англияда Ашық университет (Open University) құрылды. Бұл жоғары оқу орны бастапқыда жұмыс істейтін ересек адамдардың жоғары білімге ие болу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін құрылды. Англиядағы Ашық университет қашықтықтан білім берудің кешенді оқыту тәсілін жүзеге асырды. Оқу құралдары, радио және телехабарлар студенттермен бір жақты қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Ал екі жақты қарым – қатынас кеңес беру және қысқа мерзімді курстар арқылы жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда бұл университет үлкен танымалдылыққа ие, онда әр түрлі бағыттар бойынша әртүрлі елдерден 200 000-нан астам студент білім алады, әрі 1969 жылдан бері 3 млн астам түлегі бар.
Осындай үлгідегі оқу орындары сол кезеңде басқа да Еуропа елдерінде ашыла бастады.
1960-шы жылдардың соңында және 1970-ші жылдардың басында білім беруде радио мен теледидарды пайдалану арта берді, бірақ қашықтықтан оқыту тұрғысынан емес. Мұғалімдер теледидарды сыныпта ғылыми тұжырымдамаларды көрсету және түсіндіру құралы ретінде пайдаланды және отбасылар үйлерде кабельдік теледидар арқылы білім беру бағдарламаларын қосу үшін әрекет жасады (Қоғамдық хабар тарату қызметі және ұлттық қоғамдық радио). Дегенмен, қашықтан оқытуда теледидарды пайдалану, яғни оқытушы мен студент арасында асинхронды сабақ беру төмендей берді (Verduin, Clark, 1991). Оның ең негізгі себебі қашықтан оқытудың теледидар курстары нашар дайындалды. Бұл теледидар курстарында оқытушы әдетте жай ғана дәріс оқып, сол себепті көрермендердің назарын ұзаққа дейін ұстай алмады. 1970 жылдардың ортасынан соңына дейін бұл жағдай өзгерді. Британдық телерадиокомпания (BBC) американдық теледидар курстарын әзірлеушілер үшін стандарттарды орнатты (Verduin, Clark, 1991). Бұл кезеңде оқыту құралы ретінде компьютерлерді пайдалану жүзеге асырыла басталды, бірақ педагогтар бұл технологияны қабылдауға және қолдануға әлі дайын болмады.
Басқа да әлемнің ірі қашықтан оқыту орталықтарына (мегауниверситеттерге) Оңтүстік Африка университеті (1946 жыл), Түркиядағы Анатолий университеті (1958 жыл), Канадада Атабаска университеті (1970 жыл), Хагендегі ашық университет (Германия, 1974 жыл), Сукхотхай Тхамматхират Ашық университеті (1978 жыл, Тайланд), И.Ганди атындағы Ұлттық Ашық университет (1985 жыл, Үндістан). 1980 жылдардың басынан бері Жапонияда «Эфирде Университеті» жұмыс істей бастады.
АҚШ-та 1989 жылы әр түрлі елдерден 1 миллионнан астам студенттерді біріктіретін қоғамдық телехабар тарату жүйесі құрылды. Қашықтан оқыту бойынша Пенсильван университетінің жұмыс тәжірибесін ЮНЕСКО виртуалды университетті ұйымдастыруда пайдаланған.
Алайда халықтың білім деңгейі салыстырмалы төмен және білім беру үрдісінің неғұрлым артта қалған және техникалық жарақтандырылуы жеткіліксіз Таяу Шығыс және Орталық Америка, дамушы Азия және Африка елдерінде қашықтан оқытудың дамуы айтарлықтай артта қалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет