3.ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ бағыты «Педагогика, дефектология» кафедрасының Деф-19 оқу тобының студенттері «Менің Отаным Қазақстан»өз топтарына тәрбие сағатын өткізді. 1-қыркүйек – Білім күні деп аталып өтілетіндігі студенттерге түсіндірілді. Топ тәлімгерлері студенттердің ҚР рәміздері туралы түснініктерін қалыптастырып, студенттерді отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге шақырды. Аталған бағыт бойынша білім алатын студенттер Тәуелсіздік мерекесіне байланысты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Тәрбие сағатының басты мақсаты студенттерге егемендігіміздің оңай келмегендігін жеткізу, тәуелсіздігімізді қастерлеп, ұлықтай білуге үйрету, студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Топ студенті тәрбие сағатына әртүрлі көрнекілік құралдарын пайдаланды, асқан жауапкершілікпен атсалысты. Іс-шараға барлық топ студенттері белсене араласты және кафедра оқытушыларының қатысуымен өткізілді.
4.ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ «Педагогика, дефектология» кафедрасының Деф-19 оқу тобының студенттері «Отбасым - шаттығым!» атты тәрбие сағаты бойынша пікірсайыстар, кездесулер атты отбасындағы әке мен ананың рөлі және отбасылық тәрбиені насихаттау жөнінде әңгімелесу өтті. Топ жетекшісі Бақытбайқызы Айнур тыңдап болғаннан кейін, студенттер өзара пікір таластырды. Онда жеке тұлғаның қалыптасуындағы отбасының, оның ішінде әкенің, ананың, бауырлардың ролі туралы сөз болды. Студенттердің ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас орнатудамыз. Сондай-ақ, студенттермен отбасылық құндылық төңірегінде жиі әңгіме өрбітіледі.
5. ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ бағыты бойынша ПП-19 оқу тобының студенттері «Еңбек, экономикалық және экологиялық» атты психологиялық тренинг жүргізді. ПП-21 оқу тобының студенттері «Еңек нарығындағы психолог ролі» атты психологиялық тренинг ұйымдастырды.
6. КӨПМӘДЕНИЕТТІ ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕбағыты бойынша ПП-21 оқу тобы «Таңғажайып жаңа жыл»! атты іс-шара ұйымдастырып барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке екені, кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі екені айтылып, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй болды.
7.ЗИЯТКЕРЛІК ТӘРБИЕ, АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ бағыты бойынша Деф-19 оқу тобы қыркүйек айында - «Білім күніне» арналған салтанатты жиын ұйымдастыруымен, студенттердің білімге деген ыстық махаббатын білдіру мақсатында тәрбие сағатын өткізді. Мемлекеттік білім беру бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады. Сол сияқты тәрбие тұжырымдамасында тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидаларында этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдениет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім жөнінде атап көрсеткен. Біз тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының бағыттарының ішінде мынадай бағыт айқындалғанын білеміз: Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруы тиіс.