8. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ТӘРБИЕЛЕУ бағыты бойынша Деф-19 оқу тобы «Дені саудың - жаны сау» атты пікірталас Деф-21 оқу тобы «Әдемілік - азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі» атты пікірталас жүргізді. Студенттер спорт және денсаулық туралы әңгіме айтып өзара талқылады.
Әр аптада тәлімгерлік сағаттары өткізілуде. Онда жалпы студенттердің оқу үлгерімі, оқу ақысының мерзімінде төленуі, деканат тарапынан болатын қоғамдық жұмыстарға атсалысуы, студент этикеті және т.б. мәселелер талқыланды. Жатақханада тұратың студенттердің тұрмыс жағдайы, тазалығы, тәртібі ай сайын қадағаланып тұрады. Жатаханадағы студенттердің жағдайы жақсы. Топ студенттерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп тұр. Оқу жылының басында бекітілген тәлімгерлік жоспар бойынша тәрбие жұмыстары жүйелі түрде орындалып келеді. Осылайша оқу топтары үнемі түрлі іс-шаралар мен қызықты сайыстарға белсенді түрде қатысып отырады.Әр апта сайын өткізілетін тәрбие жұмыстарына зер салып уақыттарын бөледі жәнеде әр апта соңында аудиторияға тазалық жұмысын жүргізіп отырады. Алдағы уақыттада іс-шараларға белсенді қатысады. Студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімдерін, оқу ақысын қадағалап, қажетінде ата-аналарымен хабарласып отырамыз. Бұдан басқа университет аясында өткізілген іс-шараларға топ студенттері белсенді түрде қатысты. Студенттер әлеуметтік көмек (проездной) алып тұрады. Топ студенттері оқу ақысын төлеп, қысқы сынақ-емтихандарын уақытылы тапсырып, жақсы нәтиже көрсетті.