Жаңа сабақ: Компьютерлік желі дегеніміз


HTML пішініндегі мәтіндік құжаттар



бет4/5
Дата10.10.2022
өлшемі21 Kb.
#462311
түріСабақ
1   2   3   4   5
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер. Интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта

HTML пішініндегі мәтіндік құжаттар. Компьютерлік желіде тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып пішімдеуге арналған арнайы тіл. Электрондық түрде тасымалданатын Web – құжаттар басуға шығаруға емес, тек экранда көруге арналған.
HTML – алдын – ала мүмкіндіктері белгісіз құрылғылар арқылы қарауға арналған экрандық құжаттарды безендіруге арналған арнайы тіл. HTML тілінде құжат құру программалауға ұқсас болып келеді. Құжаттың авторы әдеттегі мәтін қаріптеріне арнайы кодтарды енгізеді. Оларды тег деп атайд. Құжатты оқыған кезде оның мәтіні жазылған қаріп түрі мен мен оқытылатын терезенің мөлшерінен тәуелсіз түрде азатжол терезенің ортасына ығыстырылып тураланады.
Гипермәтіндік сілтемелер HTML тегтері құжат таралуға, экран фоны, яғни реңі мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік береді. Тегтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі сурет енгізіп, олардың айналасына сөз жазу, сондай – ақ парақтарды безендіруге болады. Осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды әрі тартымды Web – құжаты құру мүмкіндігі бар.
HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа Web – құжаттардың желілік адресімен байланысып ерекшеленетін бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар сөз тіркестері олардың астын сызу немесе басқа түске бояу арқылы ерекшеленіп тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды алып барса, оның түрі өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып маустың сол жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрлықта орналасқан компьютердегі Web – параққа жылдам ауысу жүзеге асады.
Web – парақтар адрестері. Әрбір Web – парақтың өзі жеке Web – құжат болып табылады. Бұл Web – парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі өзгешелеу болады және олардың атауы HTМ деген жалғаумен жазылады. Сондай – ақ әрбір Жер шарындағы компьютерде орналасқан файлдың адресін оны іздеу жолы немесе электрондық адресі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет