11-
ТАРАУ.
G-
КОДТЫҢ ҚҰПИЯСЫН АШАМЫЗ
Менен: «Бэббидж мырза, айтыңызшы, егер сіз машинаға бұрыс сандарды енгізсеңіз бұрыс
жауаптар шығады ма ?» деп екі рет сұрады. Мен осындай сұраққа алып келетін ойлардың
жаңылысуын дұрыс түсінетін жағдайда емеспін.
ЧАРЛЬЗ БЭББИДЖ
Қалай десеңіз де, білдекті қолмен айналдырған кез, мен осы кітапта бірнеше рет айтып
кеткен саптамалар мен иінтіректерді бұрау динозаврлар мен Додж де Сотодан да көнелеу.
Әрине, мен 1 және 2-бөлімдерде айтып кеткен қол жону білдектері
мен консоль жоңғылау
білдектерінің көбі әлі де бар. Шын мәнінде, олардың біршама саны негізінен аспаптық цехтар
мен әуесқой цехтарда пайдаланылып, жыл сайын жасалып сатылуда. Оларға сұраныстың
азайғанын осы салада жүргендерден ешкім де жоққа шығара алмас әрі оларды кері қайтару
мүмкіндігі тираннозавр Рексті клондаудан да (немесе
жаңа жылтыраған Де Сотоның
конвейерден шығып келе жатқанын көруден де) азырақ.
Мұның орнына сандық бағдарламалық басқаруы бар (СББ) білдек жабдығы (және
олардың үйренуші інілері ‒ жартылай СББ) барынша қолжетімді болды және пайдалануда
қарапайым болғаны соншалықты, қол жабдығының анағұрлым төмен тиімділігіне келісудің еш
себебі қалмай отыр. Осыны ескере отырып, СББ құралдарын жұмыс істететін нәрсені білген
артық болмас еді, бұл оларды бағдарламалау тілі болып табылады.
СББ бағдарламалау тақырыбын бір тарауда қамту үшін ол тым терең және күрделі.
Дегенмен мен кейбір G- мен M-кодтардың ең маңыздыларына, «режимдер» мен
«жылжытулар» дегеніміздің не екеніне көбірек тоқталып
кетемін және жалпы СББ
бағдарламалау мәселесін қарастырамын. Әзірше сізге осы да жеткілікті болуы тиіс.
Сіз оқиын деп отырғаныңыздың бәрі «FANUC»-қа және тағы да «FANUC»-
қа ‒ үйлесімді басқару элементтеріне жатады (олардың көбі). Мұның себебі
СББ басқаруға арналаған «FANUC» дербес компьютерлер үшін Майкрософт
секілді (бұл растау болып табылмайды). «FANUC»-қа мүлдем бет түземеген
білдек өндірушілердің өзі («Mazak» және басқа да диалогтық режимде
басқарылатындар) әдеттегідей G-кодты оқу үшін «ISO/EIA» нұсқасын
ұсынады. Дегенмен білдек өндірушілердің және басқару жүйелерінің
арасында
G-code деп аталатын СББ әмбебап дерлік
бағдарламалау тілін
түсіндірудің көптеген нұсқалары бар. Осы орайда бәріне скептик көзімен
қарау керек және үнемі соңғы пікір үшін операторға арналған Нұсқаулықты
қараған жөн.
ОСЫ ТААРУДА:
1.
G, M,
S және T әріптерімен
мәлімдеме жасау
2.
Бағдарламамен
танысу:
ішкі
бағдарламалар, макростар, кескіштің
өтемі және тағы да басқалар
3.
Қайталым: тиянақталған және көп
рет қайталанған қайталымдар
4.
Заттардың
координаттардың
декарттық жүйесі арқылы бейнеленуі
ЕСКЕРТУ