кодтар модальды немесе модальды емес бола алады. Егер модальды болса,
олар өзгертілгенге дейін солай болып қала беретін, білдекте нақты бір шарттарды
орната алады (мысалы, [G20] дюймдер [G21]) милиметрлерге қарсы). Модальды
емес кодтар білдекке «G04» интервалды пәрменімен қозғалысты уақытша тоқтату
секілді арнайы, біржолғы әрекетті орындауды білдіреді.
М-кодтар ауыстырып-қосқыштар ретінде. Оларды Сіз күнде кешке қарай лампаны
кітап оқу үшін қосатын қабырғалық ауыстырып-қосқыштардан немесе таңертеңгі
жаңалықтарды көру үшін қосатын қашықтықтан басқару пультіндегіден еш
айырмашылығы жоқ. Салқындатқыш сұйықтық қажет пе? «М08»-ді пайдаланыңыз.
Білікті іске қосқыңыз келеді ме? Мұны «М03» жасайды. Бағдарламаны аяқтағыңыз
келеді ме? Әдетте ол «М30»-дың көмегімен жасалады, солай емес пе? Әдеттегідей
бағдарлама жолында тек бір М-кодты беруге болады, ал олай болмаған жағдайда
қателік туралы мәлімдеме алатын боласыз.
S-
кодтар білік жылдамдығын білдіреді. Олар білікті іске қосу пәрменімен бірге
пайдаланылуы тиіс: «M03 S4000» минутына 4000 айналыммен сағат тілімен айналатын
көп мақсатты білдекті алады. Есіңізде болсын, біліктің жылдамдығы көптеген жону
операциялары үшін үстіңгі қабаттың тұрақты жылдамдығын немесе бұрғылау және
бұранда кесуге арналған үздіксіз айналу жылдамдығын пайдаланатын жону білдегі
үшін басқа нәрсені білдіруі мүмкін.
Шиеленіскен болып көрінгеніне қарамастан, бағдарламалау, шын мәнінде, соншалықты
күрделі нәрсе емес. Сіз ғаламтордан G- және M-кодының анықтамалық кескінінен (олар кез
келген жерде бар) жүктеп алудан бастауыңызға болады. Дұрысы, сіздің СББ білдегіңізбен
бірге жеткізілетін нұсқаулықтар, кодтарды жазуға барынша жақсы көмектеседі, ал қолмен
бағдарламалауға құлшынысыңыз болмаса (ондайды ұсынбаған болар едім), онда сіздің
ӨБАЖ бәрібір барлық кодтарды қамтиды. Көп жағдайларда сіздің жалғыз міндетіңіз білдектің
нені және не үшін жасайтынын түсіну үшін, сондай-ақ егер туындаған мәселені жою қажет
болса. нұсқаулықтың қайда жатқанын (немесе кімге қоңырау шалу қажеттігін) білу болып
табылады.
Кері қайтып, кодтың мысалдарына бір минут бойы қараңыз. Басында және
аяғында берілген пайыз белгілерін көріп тұрсыз ба? Біріншісі басқару
апаратына:«Әй, біз сендерге қайсыбір ақпаратты жібергелі жатырмыз» дейді.
Осыдан кейін бағдарлама аяқталған соң: «Дәп қазір біз істі аяқтадық, осылай
жалғастыра беріңіз және аздап тынығып алыңыз» дейді. Екеуі де бізді
басқару жүйесі қазіргіге қарағанда азырақ ақылды болған қағаз таспаның
кезеңіне алып келеді, алайда олардан құтылу туралы ойланбай-ақ қойыңыз.
Әйтпесе білдек жұмыс істемейтін болады. Ал бұл «00001» ме? Бұл ‒ тағы бір
білдекті басқарудың міндетті пәрмені болып табылатын бағдарламаның
нөмірі.
Достарыңызбен бөлісу: |