Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет187/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

М-кодпен іске қосу 
Мен осы бөлімнің басында айтып кеткендей, М-кодтарды сіз гараждың есігін ашу үшін 
басатын бастырмадан айырмашылығы жоқ ауыстырып-қосқыш ретінде қарастыруға болады. 
Шын мәнінде, көптеген білдектерде М-код тек осы үшін, роботтың немесе тұғырықты 
алмастырудың автоматты қондырғысының бар-жоғына қарамастан қажетті опциясы болып 
табылатын есікті ашу үшін бар болады. М-кодтар G-кодтарға қарағанда әлдеқайда көбірек
білдектің бір маркасынан екінші маркасына өзгеріп отыратын үрдіске ие, бірақ көбі әмбебап 
болып табылады. Төменде кеңінен таралғанының бірнешеуі келтірілген.
Мына М-кодтар машинаны тоқтатудың түрлі тәсілдерін қамтыған:
M00
: бұл көше қиылысындағы бағдаршамға тоқтаған секілді абсолютті үзіліс болып 
табылады. Әдетте ол бөлшекті сілкіп алғыңыз келсе, саңылауды өлшегіңіз келсе 
немесе бұранда кесуді бастамас бұрын бұрғының сынып қалмағанын тексергіңіз келсе 
пайдаланылады. Іске қосу қайталымын басыңыз, сонда білдек өзінің көңілді сапарын 
ары қарай жалғастырады.
M01
: бұл ‒ шартты тоқтау. Сіздің білдегіңіздің басқару панеліндегі осы ауыстырып-
қосқыш «OPT STOP» (OPT ‒ опционалдық дегеннің қысқартылған түрі) деп аталады 
және ол «М01»-ді көрген кезде білдекке тоқтау туралы мәлімдейді. Бұл сізге 
тығындалып қалған жоңқаның бар-жоғын тексеруге немесе біртүрлі дыбыс көзінің 
қайда екенін зерттеуге мүмкіндік береді. «OPT STOP»-ты өшірілген күйінде 
қалдырыңыз, сонда білдек «М01»-дің жанынан, іске қосылмаған машинаның жанынан
құйындай ұшып өтетін болады.
M02
: «M02» «бағдарламаның соңы» дегенді білдіреді. Бұрын перфотаспалар сәнді
болған кезде «М02» бағдарламаның аяқталғанын көрсететін, осыдан соң білдек тамақ 
күтіп отырған ит секілді тыныш отыратын. Егер таспалардың ұшы үздіксіз ілмекті құрап, 
біріктірілген болса (ақылды цехтар таспаны орау барысында тозуды болдырмау үшін 
солай ететін), оператор тек қайталымды іске қосуда басатын, ал бағдарлама басынан 
басталатын. Кері жағдайда операторға таспаны қайталымның басында қолмен орауға 
тура келетін.
M30
: «M30» «соңы және қайтадан орау» дегенді білдіреді. Әр түрлі пікірлер болуы 
мүмкін, алайда көптеген цехтар осы пәрменді «М02»-нің орнына өздерінің СББ 
бағдарламасын аяқтау үшін пайдаланады. «М30» барлық ағымдағы режимдерді 
болдырмай тастап, үнсіз келісім бойынша олар үшін мәндерді анықтайды, барлық 
макроауыспалыларды тазартады, фрезаға түзетуді және белсенді құралды 
жылжытуды болдырмайды әрі әлі де қолданылатын болса, перфотаспаны жояды (мен 
сізде бірнешеуі қалды деп ойлаймын), автоматты түрде таспаны басына қайта орайды.
Мына М-кодтар сүмбіні басқарады: 
M03
: сіздің сымсыз бұрғыңыздағы іске қосу батырмасынан еш өзгешелігі жоқ «М03» 
коды сүмбіні іске қосады. Сіз кез келген жылдамдық үшін «S-код»-ты пайдалануыңыз 


188 
тиіс, ал жону білдегінде үстіңгі қабаттың тұрақты жылдамдығы үшін «G96»-ны немесе 
минутына айналымдар үшін «G97»-ні көрсетуіңіз тиіс.
M04
: көптеген адамдар осыған сенсе, ал кейбіреулері оның маңызды еместігін айтады, 
бірақ жону білдегінде сол жақты кесу құралдарын пайдалану және сүмбіні артқы 
жүріспен іске қосу (М04) үлкен қаттылықты қамтамасыз етеді деп есептеледі, себебі 
кесу күші жүктемені көтеретін төмендегі жону білдегінің үстіңгі қабатына бағытталған.
M05
: M05 сүмбіні тоқтатады. «М05» -ке «G91 G28 Z0» пәрмені секілді сүмбіні сол жолда 
тоқтату туралы пәрмен бере отырып, осылайша көп мақсатты білдектегі құрал 
алмастыруды аздап жылдамдатады. Кері жағдайда «М05» сирек қолданылады, себебі 
« M00», «M01», «M02», «M06» және «M30» ‒ барлығы (былайша айтқанда) дәл соны 
жасайды.
M41
: анағұрлым үлкенірек машиналарда көбіне жылдамдықтар қорапшасы бар 
айналдырғы қыспағы пайдаланылады және олардың көбі «М41»-ді төмен диапазонға 
арналған пәрмен ретінде таниды. Айқын нәрсені растай отырып, сүмбінің тоқтап 
қалуын болдырмау үшін оны үлкен және/немесе ауыр фрезалар, бөлшектер үшін 
пайдаланыңыз. 
M42
: дәл осы жылдамдықтар қорапшасы бар айналдырғы қыспақтары бар білдектерге 
де қатысты, «М42» әдетте үлкен диапазонды білдіреді. Мүмкін мен қартайған
шығармын, алайда мен сүмбіні «М05»-тің көмегімен тоқтатуды немесе кем дегенде
берілімдерді ауыстырып қосудан бұрын оны айтарлықтай баяулатуды ұсынамын. 
Өзіңіздің өндіруші зауытыңыздан оның нені ұсынатынын біліңіз.
Сіздің басқару қондырғыңыздағы іске қосылып тұрған «BLOCK SKIP» 
батырмасы (ол әр түрлі оқуы мүмкін) бағдарламаға қисық сызықшадан (/) 
басталатын кез келген жолды ескермеуді хабарлайды. Бұл роботтармен 
жабдықталған, үздіксіз жұмыс істеуі тиіс жону білдектері мен көп мақсатты
білдектер үшін пайдалы, «/»белгісін бағдарламаның соңыңда «М30» 
пәрменінің алдына орналастыра отырып, машина қайталымның басына
қайта оралады және қайталымды іске қосу батырмасын баспастан бәрін 
қайтадан бастайды. 
Мына М-кодтар басқа бағдарламаларды шақырады: 
 
М98: ішкі бағдарламалар бұл кітапқа енгізілмеген, бірақ одан әрі зерттеу үшін олар 
туралы айтып кетуге тұрарлық. Басқару элементі «М98» пәрменін көрген кезде бұл 
оның екінші ішкі бағдарламаға өтуіне арналған дабыл болып табылады. Басқа 
бағдарлама әдетте бағдарламаның нөмірі үшін «Р» әрпімен және оның қанша рет 
орындалуы қажеттігі үшін «L» әрпімен белгіленеді. Ішкі бағдарламалар көп жағдайда 
қолданылады: өңдеу сұлбасын қайталау, мысалы, «Z» білігі бойынша әрбір 
бағдарлама шақырудың арасында немесе құралды алмастырудың алдында, не содан 
кейін «қауіпсіз іске қосу» жолында жиі аталып өтетін модальдық жағдайларды (G40 G90 
G00 G17) баптау үшін.
M99
: барлық ішкі бағдарламалар «М99»-ға бітеді. Егер «L» мәні алдыңғы «М98» 
пәрменінде пайдаланылған 1-ге қарағанда үлкенірек болса, онда ішкі бағдарлама мән 
нөлге тең болғанға дейін қайталана береді. Кері жағдайда «М99» басқару элементіне
негізгі бағдарламаны «М98» пәрменінен кейін бірден жаңарту қажеттігін хабарлайды.
МАҢЫЗДЫ 
БӨЛШЕКТЕР 


189 
Басқару элементтерінің көбі М-кодтарын пайдаланушы анықтаған 
жиынтықпен бірге жүреді. Егер сіз зерек болсаңыз (ал білдекші-
операторлардың көбі сондай), оларды есіктерді ашудың қол қондырғысының 
релесін баптау үшін, ауа қысқышына немесе гидравликалық қысқышқа, 
қайталым аяқталған соң шарғылы шарға не қиялыңыздың жеткен жерінің 
барлығына пайдалануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет